Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орналасуы. Май сорабы мен сақтандыру клапаны қозғалтқыштың бос жағындағы қаптаманың оң жағында





Май сорабы мен сақтандыру клапаны қозғалтқыштың бос жағындағы қаптаманың оң жағында орналасады. Бұл оған тепловоздың сол жағынан («В») жақындау мүмкіндігін көрсетеді.

 

Ағымдық техникалық қызмет көрсету

1. Жай – күйін тексеру

Май сорабында ысыраптар мен сызаттардың бар-жоғын көзбе-көз тексеру керек. Сораптың жалғанған жерлеріне мысалы, сору және арынды май құбырларына аса назар аудару керек. Егер май құбырдың түйіскен жерлерінен ағатын болса, әуелі түйіспелерді қаттырақ тартуға тырысу керек. Егер ағу тоқтамаса, сорапты бөлшектеп, төсемдерін ауыстыру керек. Май сорабын бөлшектеу процедурасын ДЕПО ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТАН қараңыздар.

Сораптың әсер етуі мүмкін кез келген бөгде дыбыстарды тыңдау керек. Қажет болған жағдайда олардың туындау себебін жою керек. Егер жүйеде майдың төмен қысымды белгілері байқалса, қозғалтқыш ауызындағы түгендеу манометрімен (оны орнатуға арналған тестік келтеқұбыр май сүзгісінің шығару жағы мен қозғалтқыш ауызының аралығында май құбырында орналасқан) өлшеу керек. Контроллер «8» позициясында тұрғанда, жүйедегі қысым шамамен 80 фунт/кв. дюйм (552 кПа) құрауға тиіс. Егер жүйедегі қысым төмен болса, оның ең сенімді себебі май сүзгісінің немесе май салқындатқыштың бітеліп қалуы болып табылады.

Май сорабы мен сақтандыру клапанын қысым төмендеуінің мүмкін себептерінен шығару үшін, түгендеу манометрін сораптың аузына жақын орналасқан тестік келтеқұбырға орналастырып, қысымды өлшеу қажет. Контроллер «8» позициясында тұрғанда және майдың температурасы қалыпты немесе жоғары болса, қысым 110 фунт/ кв.дюйм (758 кПа) шамасында болуы тиіс.

Май сүзгісіндегі қысымның түсуін тексеру керек. Контоллер «8» позициясында болған кезде және жаңа сүзгі элементтері орнатылған жағдайда қысымның төмендеуі әдетте 5-9 фунт кв. дюйм (35-62 кПа) аспайды, ол бұрын пайдаланылған сүзгі элементтерімен жұмыс кезінде едәуір жоғары болады, бірақ кез келген жағдайда 25 фунт кв. дюйм (172 кПа) аспауы тиіс. Қажет болған жағдайда сүзгі элементтерін алмастыру керек.

Май салқындатқыштағы қысымның төмендеуін тексеру керек. Контроллер «8» позициясына орнатылған кезде, қысым 10-12 фунт/ кв. дюйм (69-152 кПа) аралығында болуы тиіс.

 

Май салқындатқыш







Date: 2015-07-01; view: 1119; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию