Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Цилиндр гильзасы
15 –суретті қараңыз. Цилиндр гильзасының ерекшеліктері төмендегідей: Тұтас болаттан жасалған қалың қабырғалы гильза цилиндрдің клапан қорабына электронды – сәулелі пісіру арқылы дәнекерленеді. Электронды – сәулелі пісіру жоғарыда көрсетілген тетіктерді дәнекерлеу үшін қолданылады.
Сурет. Цилиндрдің клапанды қорабының ерекшеліктері төмендегідей: Жылу өткізгіштігі және беріктігін жоғарлату үшін тұтас болаттан жасалған. Клапандардың дәнерленген ершіктері тат баспайтын болаттан жасалған. Тиімді салқындату жұмысын клапанды қорабындағы су өткізу каналдарымен жүзеге асырады. Әр клапанды қорабта екі шығару және екі енгізу клапандары болады Енгізу клапандары сильхромады өңделген және бет жүзі хромдалған Бұру механизмдері барлық клапандардың ершікке бірқалыпты жанасуын және бірқалыпты тозуын қамтамасыз етеді.
Сурет. Жанармай жүйесі Кіріспе Жанармай жүйесінің тетіктері мен агрегаттары жаңа дизель жанармайының жану камерасына қысым арқылы берілуін қамтамасыз етеді. Жүйенің ерекшеліктері: төмен қысымды жүйесінің параллель қозғалысы Жеке сорабы және әр цилиндрдегі бүріккіш сопласы Құрамды алмастыру кезіндегі шығындардың азаюы Алмастырылуы тиіс бөлшегін ғана алмастыру қажет. Қорытындылар Төменде 7FDL тепловозы дизельді қозғалтқышының негізгі тораптары мен агрегаттары бойынша қорытындылар жасалған: . Дизельдің құйма блогы: беріктігі мен төзімділігі жоғары. . Иінді білік – қызмет етудің ұзақ мерзімін қамтамасыз ететін сенімді құрылғы. . Түпкі мойынтіректері - қызмет ету мерзімі жоғары, жүктеме сипаттамасы жақсартылған. . Көп секциялы үлестіргіш білік- қызмет көрсетуде тиімді және қолайлы. . Жинақтағы цилиндр- сенімді және жөндеуде пайдалы құрылым. . Болатпен өңделген поршень - беріктігі өте жоғары және қызмет ету мерзімі ұзақ. . Бұлғақтар мен мойынтіректер- меншікті жүктемесі мен тозу қарқыны төмен. . Шығару құбыры- көп секциялы сенімді құрылғы. . Трубокомпрессор - қарапайым, сенімді, тиімді. . Қозғалтқыш - техникалық жетілдірілген бұйым, сонымен қатар сенімді және тиімді, қызмет көрсетуде қарапайым.
Модуль 7FDL қозғалтқышының ағымдық техникалық қызмет көрсетуі және тарту моменттері Кіріспе Біз сіздермен 2 деңгейдің «7FDL қозғалтқышының ағымдық техникалық қызмет көрсетуі және тарту моменттері» модулін үйренуді бастаймыз. Бұл модулде DASH 9 және АС 4400 тепловоздарының техникалық қызмет көрсетуі барысында қолданылатын тарту моменттерінің сипаттамалары келтіріледі. Бөлімдер 1 бөлім: Бұрандарды сәйкестендіру 2 бөлім: Бұрандарды тарту моменттерінің мәндері 3 бөлім: Бұрандарды майлау 4 бөлім: Техникалық қызмет көрсету барысында қолданылатын бұрандарды тарту моменттерінің кестелерімен танысу 5 бөлім: Тарту үдерісі. Мақсаттары Аталған модульді үйреніп шыққанан кейін сіздер: - Әр түрлі кластар бойынша қолданылатын бұрандар арасындағы айырма- шылықты түсінуге. - DASH 9 және АС 4400 тепловоздарының әр түрлі жабдықтарының қызмет көрсетуі барысында қолданылатын бұрандарды тарту әдістерін дұрыс түсінуге. - Айналу моменттерінің шектелуі бойынша тегір кілттерді қалай пайдалану керектігін түсінуге тиіссіздер. Бұранданы сәйкестендіру Кіріспе Бұл бөлім сіздерді DASH 9 және АС 4400 тепловоздарының техникалық қызмет көрсетулерді орындау барысында пайдалануға тура келетін тарту моменттері жөніндегі деректер кестесімен таныстырылады. Тарту моменттерінің кейбір ағымдық мәндерін аталған бөлімнен табуға болғанмен, кез келген қажетті техникалық қызмет көрсетуді орындау кезінде сіздің тепловозыңызға арналған қолданыстағы техникалық құжаттаманы пайдалану қажет. General Electric тепловоздарында Көлік инженерлерінің қоғамы (SAE) белгіленген кластардың бұрандары қолданылады. General Electric тепловоздарының жұмысындағы ауыстырулар кезінде де сол кластың бұрандарын қолданған жөн. Сондай-ақ барлық жағдайда тиісті ұзындықтағы бұандарды пайдаланудың маңызы зор. Өте ұзын бұран орнату тесігінің түбіне тіреліп, нәтижесінде бұранның өзі немесе жабдықтың тиісті түйіндері мен агрегаттары зақымдалу мүмкін. Қысқа бұран бұранданың ұзына бойы ілінісуін қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Үнемі бұранда тесіктерін тазартып, бұранданың жақсы күйде болуын қамтамасыз ету керек. Бұран ойғышпен бұранданы қайта ою қажеттілігі туындауы мүмкін. Бұранда кластары Бұрандардың кластары мен идентификациялық таңбалануы төмендегідей: 1 – кесте.
Бұрандарды тартудың стандарттық мәндері Бұрандарды тартудың стандарттық моменттері Тепловоздарға техникалық қызмет көрсету кезінде барлық бекіту бөлшектерін талап етілген мөлшердегі моментпен тарту маңызды. Төменде келтірілген кестеде бұрандарды тартудың стандарты мәндері үлгі ретінде берілген. Сіздердің тепловоздарыңызға бұрандарды тарту моментінің нақты мәнін табу үшін « техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық» пен «жөндеу депосына арналған нұсқаулықтағы» «Техникалық деректер» бөлімін қараңыздар. Кестеде әр түрлі типтегі және мөлшердегі, сондай-ақ SAE кластарының бұрандарына арналған тарту моментінің мәндері келтірілген. Мәндер фунт к-пен Н.м-мен берілген. Ескерту! Тарту моменттерінің мәндері фунт к-пен (АҚШ-та қабылданған өлшем бірлігі) және Н.м.-мен берілген.
Сурет. Мәндерді қайта есептеу коэффициенттері Төменде келтірілген кестеде АҚШ – та қабылданған өлшем бірліктерінің мәндерін метрикалық жүйеде қабылданған өлшем бірліктеріне қайта есептеу кезіндегі пайдалану коэффициенттері берілген. Ескерту: Тарту моментінің шектелуі көрсетілген барлық кілттердің 2 межелігі бар: фунт.к. және Н.м. Алайда қайта есептеуді қажет ететін жағдайлар үшін төменде бір өлшем бірлігінің жүйесін ауысуға мүмкіндік беретін коэффициенттер кестесі келтіріледі. Ескерту: Өлшем бірліктерінің метрикалық жүйесі көрсетілген мәндерде бүтінді ондық бөлшектен айыру үшін нүктенің орнына үтір қойылады. Қайта есептеу кезінде тиісті орынға үтірдың орнына нүкте қойылған жөн. Төмендегі үлгіні қараңыздар.
Кесте Бұрандаларды майлау Date: 2015-07-01; view: 1177; Нарушение авторских прав |