Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дизель блогы





Кіріспе:

1 – суретті қараңыз. Дизель блогы қозғалтқыштың барлық басқа түйіндері мен агрегаттары орнатылатын «блоктың» немесе қозғалтқыштың негізі қызметін атқарады. Дизель блогінің кейбір маңызды сипаттамалары төменде тізімделген:

Тұтас құйылған шойын блок

Май шығару арналары құйылған

Блоктың өзінде қозғалтқыштағы майдың ысырап болу тәуекелдігін азайту үшін орындалады. Дизель блогы салқындатылған судың, сорылған ауаның немесе шығарылатын газдың әсеріне тартылмайды. Зауыт нөмірі қозғалтқыштың оң жақтағы алдыңғы тірегінде көрсетілген. 7FDL тепловозы 16 цилиндрлі қозғалтқыштағы картерді тексеру үшін 16 люк (қолтесік). 7FDL 12 цилиндрлі қозғалтқыштағы картерді тексеру үшін 12 люк.

Түпкі мойын тіректері қақпағындағы зауыт нөмірі дизель қозғалтқышы блогына дұрыс орнату мақсатында көрсетілген.

Сурет.

Қозғалтқыштың иінді білігі

Кіріспе:

2 – суретті қараңыз. Иінді білік генераторды іске қосу үшін поршендармен мен шатундардың ілгерінді – кейінді қозғалысы орын алмастыруы нәтижесінде айналу қозғалысына келтіреді.

Иінді біліктің кейбір маңызды сипаттамасы төменде келтірілген:

түпкі мойындардың диаметрі 8 дюйм (203 мм), бұлғақты мойындардың диаметрі

7 – 7/16 дюйм (189 мм) болады. Түпкі мойындарының беріктігін жоғарлату үшін азотпен өңдейді. Ойықтардың радиусы үлкен болады. Иінді біліктің қарсысалмақтары ойықтарға қоса дәнекерленеді. Диоганалды бағытта тесілген арналар жағармайдың түпкі мойындардан шатун мойындарына берілуін қамтамасыз етеді. 7FDL тепловозы 16 цилиндрлі қозғалтқышының иінді білігінде тоғыз түпкі мойындары, ал 7FDL тепловозы 12 цилиндрлі қозғалтқышының иінді білігінде жеті түпкі мойындары болады.

Сурет.

Дірілге қарсылық (Антивибратор)

Кіріспе:

3–суретті қараңыз. Иінді біліктің бос жағына орналасқан дірілгеқарсылық әрбір жұмыс тактысында соғу энергиясының жиілеуін болдырмау қызметін атқарады. Дірілгеқарсылықсыз иінді біліктің бұзылуы мүмкін.

Дірілгеқарсылық болатпен қапталған сермерді елестетеді. Сермер орналасқан қуыс сермердің иінді білікке тәуелсіз айналуына мүмкіндік беретін қою силикон майымен толтырылады.

 

Сурет.

Резеңкелі жетекті жалғастырғыш

Кіріспе:

4 – суретті қараңыз. Резеңкелі жетекті жалғастырғыш иінді біліктің бос жағына орналастырылып, иінді білік пен көмекші тетіктер жетегінің тісті тегершіктері арасындағы үйкелісу құрылғысының қызметін атқарады. Егер май немесе су сорабына келетін тістегіштер тетігі сыналанып қалатын болса, жалғастырғыш қиылады, сол жерде иінді білікті сақтандыру қызметін қамтамсыз етеді. Жалғастырғыш туралы қосымша ақпарат төменде келтірілген. Резеңкелі жетекті жалғастырғыш иінді білікке қыздырып өңдеу арқылы жанышталатын күпшекке бұрандамен бекітіледі. Бұл шестерня су және май сорабын қозғалысқа келтіретін аралық шестерняны айналдырады.

 

Сурет.

Ажырайтын шестерня ( Разъемная шестерня )

Кіріспе:

5 – суретті қараңыз. Иінді білікке генератор жағынан орнатылған ажырайтын шестерня үлестіргіш біліктерді қозғалысқа келтіреді. Шестерня иінді білікке бөлінген екі бөлік түрінде орналастырылады. Мұндай құрылым шестерня иінді білікті бөлшектемей – ақ ауыстыруға мүмкіндік береді. Ажырайтын шестерняның кейбір қосымша ерекшеліктері төменде келтірілген:


Дұрыс дәл ортаға келтіру үшін ажырайтын шестерня иінді біліктің ойығындағы кілтекке орналастырылады.

Ажырайтын шестерняны орнату белгілері үлестіргіш біліктің шестернясының белгілермен үйлестіріледі.

Сурет.

Қозғалтқыштың мойынтіректері (Подшипники двигателя)

Кіріспе:

6 – суретті қараңыз. Иінді біліктің түпкі және шатунды мойындарында үш қабатты металл мойынтіректер прецизиондық қондырма әдісімен орнатылады. 5 – суретті қараңыз. Бұл мойынтіректер иінді біліктің айналуын жеңілдететін майлы кілегейдің қалыңдығын бақылауға арналған тіректі бетті қамтамасыз етеді. Мойынтіректердің қосымша ерекшеліктері:

Иінді біліктің түпкі мойынтірегінің төменгі жартысында май өткізгіш жырашықтардың болмауы (жүктеме мойынтірегі).

Басты шатун мойынтірегінің жоғарғы жартысында май өткізгіш жырашықтардың болмауы (жүктеме мойынтірегі).

Беттің үлкен аймағы, жақсартылған жүктемелік сипаттамалар.

Бет аумағының бірлігіне азайтылған жүктеме (көбейтілген қызмет мерзімі).

Болат қаңқа.

Мыс – қорғасын ұяқалып.

Тосқауылды никельді қабат.

Қорғасын – қалайылы жоғарғы қабат.

Сурет.

Шатундардың сәйкес орналастырылуы

Кіріспе

7 – суретті қараңыз. Цилиндрлердің әрбір жұбында бас (қозғалтқыштың сол жағында) және тіркелген (қозғалтқыштың оң жағында) шатундар болады.

 

Сурет.

 

Зауыт нөмірлері:

8 – суретті қараңыз. Бас шатунның зауыт нөмірі қозғалтқыштың оң жағында орналасады, оны картерді тексеруге арналған люктердің (қолтесіктердің) тиісті қақпақтары арқылы көруге болады. Түпкі мойынтірек қақпағы дұрыс орнатылған жағдайда зауыттық нөмірінің екеуі де қозғалтқыштың оң жағынан көрініп тұруға тиісті.

Сурет.

Болатпен өңделген поршень

Кіріспе

9 – суретті қараңыз. Поршень екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігі немесе поршеннің бастиегі жану камерасы тәрізді пішіндегі төменгі бөлігін немесе поршеннің етегін салқындатуға және майлауға арналған жырақшалар жасалған. Поршень бастиегінің ерекшеліктері:

Болаттан құйылған бастиек.

Бастиек аймағындағы жоғары беріктігі мен қызулыққа төзімділігі.


Құрағыштардың ішкі бетіндегі қою майдың жоғары жылдамдықта «сору қысымы» есебінен тиімді салқындатылуы.

Поршень сақиналары аймағындағы тозуды төмендету.

Қою май шығынын азайтуды қамтамасыз ететін ерекше құрылым.

Поршеннің алюминиймен құйылған етегі.

Массасы жоғары емес.

Поршень саусағының алмастыру төлкесі.

Беріктігі жоғары төрт бұрандамен орнатылған шекті құрастырма.

Поршень сақиналары:

Шойыннан құйылып жасалады және тозуға қарсы төзімділігін жоғарлату үшін қосымша хроммен өңделеді.

Сурет.

Қозғалтқыштың үлестіргіш білігі

Кіріспе

10 – суретті қараңыз.Үлестіргіш біліктер - енгізу және шығару клапандарын ашу және жабу, сондай-ақ жоғары қысымды жанармай сорабын прецизионды өңделген шығыңқылардың немесе эксцентриктердің көмегімен қозғалысқа келтіру қызметін атқарады.

Үлестіргіш біліктердің ерекшеліктері:

Секцияларға толық бөлінуі.

Бір секция бір цилиндрге сәйкес келеді.

Цилиндрлер блогының шегіндегі барлық секциялар ұқсас.

Иінді білікті тексеруге арналған люктер арқылы секцияларды алмастырудың қарапайымдылығы.

Жанармайды бүркудің электронды басқару жүйесі орналасқан қозғалтқыштардағы түпкі мойындары иінді біліктен оқшауландырылған.

Жұдырықшаның жұмыс шығыңқысы жоғары қысымды жанармай сорабын қозғалысқа келтіреді.

Жұдырықшаның сол жағындағы (қозғалтқышқа қарап тұрғанда) жұмыс шығыңқысының енгізу клапандарын қозғалысқа келтіреді.

 

Сурет.







Date: 2015-07-01; view: 1446; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию