Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Интерферондардың түрлеріне, әсеріне, қызметтеріне, өндіруші жасушаларына сипаттама беріңіз.





Интерферон – қанның ядросы бар барлық жасушаларында және шырышты қабаттардың эпителиалды жасушаларында өндірілетін полипептид. Инфекцияға қарсы қорғаныстың негізгі тізбегі болып табылады. Интерферондар жергілікті өндіріліп, жасуша қасындағы кеңістікке бөлінеді. Негізінен жақын орналасқан жасушаларға әсер етеді. Қызметі;

• Вирусқа қарсы әсер

• Пролиферациялануға қарсы әсер (ісікке қарсы әсер)

• Иммуномодуляциялық әсер

• Бактерияға әсері

Интерферондардың негізгі 2 түрін ажыратады:І түрі – IFN-a,в, және ІІтүрі – IFN-ү.Лейкоцитарлық интерферондар - IFN-a және IFN.Фибробластық интерферон - IFN-в.Иммундық интерферон – IFN-ү.

IFN-а,в, І-ші түрлі инферондар деп ажыратылуы олардың жалпы аминқышқылдық тізбектерінің, рецепторларының гомологиялығына байланысты

Интерферондардың негізгі әсері α-интерферон β-интерферон γ-интерферон
Ісікке қарсы әсері күшті күшті орташа
Вирусқа қарсы белсенділігі күшті күшті әлсіз
Иммуномодуляциялық белсенділіг орташа орташа күшті
Индукторлары вирустар вирустар антигендер
Негзігі өндіруші жасушалар Лейкоциттер, макрофаг Эпителий, фибробласттар Т-хелпер, табиғи киллерлер

 

102.Хемокиндердің түрлеріне, қызметтеріне және өндіруші жасушаларына сипаттама беріңіз. Хемокиндер дегеніміз, цитокиндердің иммунды жүйенің жасушаларының жылжу қабілеті мен белсендірілуін реттейтін арнайы түрі.Соңғы жылдары 40 шақты хемокин табылды, олар цитокиндердің ішінде («хемокин» термині – «хемотаксис» пен «цитокин» терминдерінен туындаған) бөлек подкласқа біріктіріліп, 4 тұқымдастыққа жіктелген:

1. СХС (а-хемокиндері)

2. СС (в-хемокиндері)

3. С(ү-хемокиндері)

4. СХ3С (дельа-хемокиндері)

Хемокиндердің осылай бөлінуі олардың молекулаларының құрамындағы цистеин қалдықтарының салыстырмалы позициясына байланысты.Хемокиндердің молекулалық салмағы 8 ден 12 кДа дейін, ал амин қышқылдық қалдықтары бойынша гомология пайызы 20 дан 70% дейін.Структуралары бірдей молекулалар лейкоциттерді белсендіруге қатысады және қабынудың даму барысында сол жасушалардың жылжуын реттейді.

Соңғы жылдары хемокиндердің әр түрлі патофизиологялық процестерге- созылмалы және жедел қабынуға, жұқпалы ауруларға, антиогенезді реттеуге, ісіктердің өсуіне,гемопоэздің бағаналы жасушаларының көбеюіне белсенді қатысатыны дәлелденген.Қызықты ғылыми жаңалықтардың біреуі-хемокиндерге арналған рецепторлар адамның иммундық тапшылығының вирусына (АИВ- 1) ко-рецептор ретінде табылғаны. CD4 молекуласы АИВ-1-дің беткері гликопротеинімен байланысатын басты рецепторы екені белгілі.Бірақ, қазіргі таңда, жасушаны жұқпалау үшін жалғыз бұл байланыс жеткілікті емес екні айқындалды.АИВ-1 қосымша ко-рецепторларымен байланысуы қажет, осы ко-рецепторлар ретінде хемокиндерге арналған рецепторлар қызмет етеді.Солай, макрофагтардың бетінде ко-рецептор қызметін МІР-1а, МІР-1в және RANTES хемокиндері атқарады.

103.Т-хелпер жасушаларының түрлерін және олардың айырмашылығын сипаттаңыз.







Date: 2016-08-29; view: 550; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию