Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Вакцинация кезіндегі асқынулар. Вакцинацияның тиімсіз болу себептерін түсіндіріңіз.





Егудің жанама әсер шақыратыны барлығымызға белгілі.

Полиомиелит,қызылша және қызамыққа қарсы аттенуацияланған вакциналарды көпшілік мойындады.Бірақ,олардың аз болса да асқынуларды шақыру қауіпі бар.Мәселен,қызылшаға қарсы иммунизация жүргізгенде энцефалит дамуы мүмкін.Сонымен қатар,қызылшамен табиғи ауырған кезде энцефалитпен ауру жиілігінің одан да жоғары екендігін естен шығармау керек.Тірі вирусты вакциналарды қолданған кезде вирустың нуклеин қышқылы иесінің геномына ену немесе вирулентті түрге реверсия қауіпі бар.

Сондай- ақ тірі вирусты вакциналарды енгізгеннен кейін дамитын кейбір жағымсыз салдарды вирусология мен микробиология саласында бүгінгі күні білімнің жеткіліксіз болуына байланысты жауап беру мүмкін емес.Мысалы,АИЖ вирусы сияқты РНҚ ретровирустарға қарсы тірі вирусты қолдану өте қауіпті.Себебі,біріншіден,белгілі бір генотипі бар адамдар үшін олардың патогендігі жоғары болуы мүмкін.Екіншіден,тірі ретровирусты вакциналарды және гепатитке (әсіресе В және С гепатиті) қарсы вакциналарды қолданғанда егу алушы ағзаның жасушаларына онкогендер енуі мүмкін.Бұл жағдайға қазіргі кезде адекватты жауап беру мүмкін емес.Нәтижесінде сол ағзада қатерлі ісіктермен ауру қатері біршама жоғарылайды.

Осыған байланысты ЖИТС ке гепатитке және қатерлі ісіктерге қарсы тірі вакциналарды қолдану өте күрделі.Жалпы, вакцинациядан кейін асқынудың даму қатері,сол аурудан дамитын асқынудан төмен болуы керек. Егер вакцинациядан кейін болатын асқынудың жиілігі жоғары болса,онда көпшілік вакцинациядан бас тартады.Бұл жағдайда жұқпалы ауру ошағында пассивті иммунопрофилактика шараларын жүргізу өте тиімді болуы мүмкін.

Иммундық жүйесінің жетіспеушіліктері бар адамдарда вакцинация күрделі асқынуларды шақыруы мүмкін екендігін ұмытпағаны дұрыс. Әсіресе,тірі вакцинаны енгізбес бұрын иммундық патологиялық жағдайлары бар балаларды анықтау өте маңызды.Себебі жасушалық жүйенің жетіспеушілігі бар балалар БЦЖ дан кейін ауырып қалуы немесе өліп кетуі мүмкін. Сонымен қатар кортикостероидтарды, иммунодепрессанттарды немесе радиотерапияны қабылдап жүрген науқастарға,сондай ақ лимфома немесе лейкозбен ауыратын науқастарға тірі вакциналарды енгізуге болмайды. Осы категорияға жүкті әйелдер де кіреді.

Кез-келген жедел жұқпадан кейін адамда әсіресе кішкентай балаларда транзиторлы иммундық жетіспеушілік дамитынын есте сақтау қажет.Оның ұзақтығы орта есеппен бір айға созылады.Сол себептен,бұрын ССРО-ның Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша кез келген жедел жұқпалы аурумен ауырған балаларға бір ай көлемінде вакцинация жүргізуге рұқсат берілмейтін.

Иммундық жетіспеушілік кезінде енгізілген вакцина антигендік жүктеменің жоғарылауына әкелуі мүмкін, нәтижесінде реттегіш механизмдердің бұзылу салдарынан гиперэргиялық серпілістердің (аллергиялардың)дамуы,немесе табиғи төзімділіктің бұзылу салдарынан аутоиммундық патологияның дамуы мүмкін.

Сондықтан екіншілік иммундық жүйесінің жетіспеушілігі бар адамдарға вакцинация жүргізуге болмайды.Сондай ақ созылмалы жұқпалар кезінде үнемі иммундық жетіспеушілік болатынын естен шығармау керек.Себебі,жұқпалы ауруды созылмалы түрде өтуінің өзі ағзада иммундық жетіспеушіліктің бар екендігін көрсететін белгі,ал бұл жағдай өз кезегінде иммундық жүйені әлсіретеді және иммундық жетіспеушілікті тереңдете түседі.


Жоғарыда келтірілгендердің барлығы ағзада созылмалы жұқпалы ошақ бар адамдарда вакцинацияны аса сақтықпен жасау керектігін дәлелдейді.Аутоиммундық патологиясы бар науқастарда иммунизацияны жүргізуге болмайды,себебі аутоиммундық үрдіс күшеюі мүмкін.Мұндай науқастраға иммунизацияны өте керек жағдайларда және максималды сақтық шараларын ескере отырып жүргізген дұрыс.

Кейбір жағдайларда вакцинациядан кейін пародоксалды серпілістер болуы мүмкін.Ол вакцинация нәтижесінде табиғи жұқпаның күшеюімен сипатталады.Ол ауруды жасырын кезеңінде жүргізілген вакцинациядан кейін болатын уақытша иммунды супрессия әсерінен болуы мүмкін.Бірақ пародоксалды серпілістер инъекциялар арасындағы үзіліс ұзақ болған жағдайда,әсіресе тыныс жолдары ауруларының қоздырғыштарына қарсы өлі вакциналарды қолданған жағдайда байқалады.Бұл құбылыстың тетігі әлі анықталмаған

Жаңа вакциналарды (жасанды тасымалдаушылар мен гаптендер; қазіргі поливалентті вакциналар; рекомбинантты, антиидиотиптік және ДНК-вакциналар, тағамдык вакциналар) дайындаудың принциптеріне сипаттама беріңіз







Date: 2016-08-29; view: 1034; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию