Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Антиидиотиптік вакциналар





Вирустарға қарсы вакциналарды дайындағанда кез келген түрдегі табиғи вирусты материалды қолдануға болмайды деген пікірлер айтылуда.Себебі,бұл жағдайда нуклеотидтер ретсіз орналасуы мүмкін.

Бұл қиындықтардан шығу үшін антиидиотиптік вакциналарды дайындау ұсынылған.Аталған вакцинаны дайындау барысында антигендік материал ретінде антигеннің кеңістіктегі құрылысы имитациялайтын антиидиотиптік антиденелер қолданады. Осындай принцип бойынша үлкен В гепатиіне қарсы вакцина дайындалады.Ол В вирусты гепатиті антигенінің бірқатар беткей эпитоптарына арналған моноклонды антиидиотипті антиденелер негізінде дайындалады.Аталған вакцинаны эксперименталды түрде шимпанзелерге қойғанда оның В гепатитінен қорғау тиімділігі жоғары екендігі анықталды.Қазіргі кезде паразитарлық жұқпаларға қарсы антиидиотиптік вакциналар дайындалуда.

124. Вакциналардың кері көрсеткіштерін атап өтіңіз.

Әртүрлі вакциналарға егуден кейінгі реакциялар

Егуден кейінгі (поствакциналық) реакцялар — бұл вакцинаға организмің қалыпты рекциялары және олар салдар қалдырмайды. Вакцинадан кейінгі реакция ұзаққа созылмайды (бірнеше сақаттан бірнеше тәулікке дейін). Тірі емес вакцина енгізілгеннен кейін 3 күнге дейін, ал тірі вакцина қолданғанда- орташа 3-5 күнге созылады.

v Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында (жергілікті поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін немесе жалпы ағзалық (жалпы поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін.+

v Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында қызарумен, тығыздалумен, ауырсынумен көрінуі мүмкін. Жергілікті реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:

· Әлсіз реакция – вакцина енгізілген орында гиперемия немесе диаметрі 2, 5 см-ге дейінгі инфильтрат гиперемиямен.

· Орташа реакция – инфильтрат диаметрі 2,6 см — 5,0 см лимфангоитпен немесе лимфангоитсіз.

· Күшті реакция – инфильтрат диаметрі 5,0 см — 8,0 см; лимфангоит және лимфаденит болуымен.

v Вакцинадан кейінгі жалпы реакциялар дене температурасың жоғарылауымен, әлсіздікпен немесе жылай берумен көрінуі мүмкін.

v Жалпы реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:+

v Әлсіз реакция – дене температурасы 37,5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары болмайды;

v Орташа реакция – дене температурасы 37,6˚С — 38, 5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары шамалы;

v Күшті реакция – дене температурасы 38,5˚С жоғары, бірақ интоксикация симптомдары қысқа.

v Тірі вациналарды еккенде табиғи инфекция әлсіреген түрде толықтай дерлік көрініс беруі мүмкін. Мысалы: қызылшалық моновакцина балалардың 5-15%-да 4-14 күн аралығында арнайы реакция береді. Ол дене температурасынын 37,5-38,50С жоғарылауымен, катаральді көріністермен (жөтел, аздаған конъюнктивит, ринит) және аз мөлшердегі бозғылт-қызғылт бөртпелер шығуымен сипатталады. Балалар бұл кезде қоршаған ортаға жұқпалы емес.+

v Тірі паротит моновакцинасын енгізгенде, кейбір балаларда вакцинациядан кейінгі 4- 12 күн аралығында дене температурасынын жоғарылауы және катаральды белгілер байқалады. Кей жағдайларда құлақ маңы безінің аздаған және қысқа уақытқа (1-2 күн) ұлғаюы байқалады.+

v Көбінесе вакцинадан кейінгі реакциялар АКДС вакцинасын енгізгеннен кейін байқалады. Кейбір балаларда екпеден кейінгі алғашқы 1-2 тәулікте дене температурасының 37,5-390С көтерілуі, мазасыздық, ұйқы бұзылысы, тәбетінің төмендеуі, кейде құсу түріндегі жалпы реакциялар және вакцина енгізген орында гиперемия және ісіну түріндегі жергілікті реакция болуы мүмкін.


v Сонымен қатар, аймақтық лимфа түйіндерінің 15-20 мм дейін ұлғаюмен жүретін жалпы қалыпты реакциясы болуы мүмкін. Ал лимфа түйіндерінің ұлғаюы 20 мм асса арнайы ем тағайындау қажет. Лимфадениттердің кері дамуы 6-9 ай бойы жүреді.+

v БЦЖ кейін жергілікті реакция алғаш вакцинация жүргізілген балаларда тек 4-6 аптадан кейін дамиды. Бастапқыда вакцина енгізілген жерде қызарған дақ, одан кейін диаметрі 5-9 мм болатын папула пайда болады. Кейіннен папула везикулаға, пустулаға одан қабыршаққа айналып, тыртық қалыптасады. Сипатталған реакциялар қалыпты жағдай болып табылады және ешқандай дәрілік заттармен өңделуді қажет етпейді.

v Сонымен қатар, таңғыш таңуға және көпіршік құрамын қысып шығаруға болмайды. Түзілген қабыршақты алып тастауға немесе жуынған кезде жөкемен ысуға болмайды, себебі, бұл жергілікті инфекциялық үрдістің ағымын бұзуы мүмкін. 5-6 ай өткеннен кейін балалардың 95-97% нәзік беткей тыртық қалыптасып, өзінің соңғы түріне тек екпеден 1 жыл өткен соң енеді. Тыртықтың пайда болуы екпенің дұрыс қалыптасқанын (жергілікті тері туберкулезі орын алғанын) және ағзаның туберкулез микобактериясына қарсы арнайы қорғанысының түзілгенін куәландырады. Тыртықтың диаметрі 5-8 мм болуы ең оңтайлы болып саналады







Date: 2016-08-29; view: 716; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию