Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Эозинофилдер мөлшерінің жоғарылау себептерін атап өтіңіз.
Эозинофилия: 114.Моноциттер мөлшерінің жоғарылау және төмендеу себептерін жазып беріңіз. Моноцитоз: Лейкоциттік формула анықтау қалай жүргізіледі және қандай аспаптар қолданылады? Иммуноферментті талдау әдісі дегеніміз не? Иммуноферментті талдаудың түрлерін жазыңыз. Иммунитеттің В-жүйесін бағалаудың әдістерін жазыңыз. Ртүрлі жас кезеңдеріндегі (иммундық адаптивті, балалық кезең, ересек адамдардың вакцинациясы) вакцинация түрлеріне анықтама беріңіз. Кесте бар соны оқы · Балаларға салынатын екпелер Егуді қандай да бір жасқа толуына байланысты жүргізу керектігіне қарамастан, емшектегі балаларды егу мерзімін сәбидің төтемелілік жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, емдеуші дәрігер анықтайды. Бала ағзасының «екпелік аурумен» жеңіл түрде ауырып тұруға, сөйтіп бөгдедене қорғаныс заттарын қалыптастыруға дайын болатын сәтін дөп басудың маңызы зор. Егер де балаға егуді белгіленген мерзімнен бұрын жүргізсе, оның төтемелілік жүйесі дұрыс «жауап бере» алмайды, ал кешіктірсе, осы уақыт ішінде баланың ауырып қалу қаупі бар. Балаларға арналған екпені отандық және шетелдік вакциналармен жүргізуге болады, бастысы, олар тіркеліп, Емдік дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың ұлттық сараптама орталығының сертификаты берілген болуы тиіс. Екпені медициналық мекемелердің арнаулы кабинеттерінде жүргізген абзал, өйткені вакциналар сақтаудың белгілі бір ережелерін талап етеді. Түрліше вакциналардың жанама әсерлері мен асқынулары әр түрлі болып келеді. Қызудың орташа деңгейде көтерілуі, инъекция орнының ауыруы секілді реакциялар айтарлықтай жиі кездеседі. Балалар ұзақ жылап, олардың тәбеті төмендеуі әбден мүмкін. Екпе жүргізілгеннен кейін баланың, айталық, тітір пайда болған жағдайда жылдам медициналық жәрдем алуы үшін, кемінде 30 минуттай бақылауда болғаны дұрыс. Көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы егу жүргізгеннен кейін баланың қызуы көтеріліп кетсе, алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл дәрінің әсер етіп жатқанын білдіреді. · Ересектерге арналған екпелер Екпелердің көптеген бөлігін бала кезде алу керектігі баршамызға мәлім. Егер белгілі бір себептермен 16 жасқа дейін егілмеген болсаңыз, оны қазір жасауға еш кедергі жоқ. Ересектерге көбіне-көп қызылшаға, паротитке, қызамыққа, А және В гепатиттеріне, дифтерияға, сіреспеге және полиемелитке қарсы вакциналану ұсынылады. Аталған кеселдерге қарсы егуді белгілі бір мерзімділікпен алу керек. Кейбір екпелерді басқаларымен бір күнде салғызуға болады. Егер де ағзаңызды вакциналауды ойлаған болсаңыз, онда ересектерге арнап кеңес етілген профилактикалық екпелер күнтізбесін қадағалап отырғаныңыз жөн. Бұған қоса, саяхатшылар мен қандай да бір жағдайларға байланысты жануарларға қатысы бар адамдарға басқа екпелер жасалуы керектігін айта кеткен орынды. Қосымша нақты қандай екпелер жасату керектігі туралы шешім дәрігермен бірге қабылданады. Материалды аяқтай келе, егу шараларының маңыздылығы жайлы мынадай статистика арқылы айтқымыз келеді: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, полиомиелитке, сіреспеге, дифтерияға, көкжөтелге, қызылшаға және эпидемиялық паротитке (шошқаборыққа) қарсы жоспарлы иммундау жыл сайын әлемдегі 3 миллион баланың өмірі мен денсаулығын құтқарады. Болжам бойынша, алдағы 5-10 жыл ішінде әзірленетін жаңа вакциналар көмегімен жылына тағы 8 миллион баланың өмірін құтқарып қалуға болады. Date: 2016-08-29; view: 596; Нарушение авторских прав |