Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тестолог: серикова Г. Б.
1. 5 жастағы бала қанында келесі көрсеткіштердің қатынасы өзгереді A. Нейтрофил және моноцит B. Лейкоцит және эритроцит C. Лейкоцит және тромбоцит D. Нейтрофил және эозинофил E. + Нейтрофил және лимфоцит
2. Аталғандардың ішінде қайсысы темірдің жақсы сіңірілуіне септігін тигізеді A. Тұзсыз диета B. Бидай өнімді тағамдар C. + Кофе мен шайді шектеу D. Жеміс-жидектерді шектеу E. Сүтті және сү өнімді тағамдарды шектеу
3. Теміртапшылық анемиясын дәлелдейтін қан сарысуындағы темір деңгейі қандай A. 15,5 ммоль/л B. 20,9 ммоль/л C. 25,5 ммоль/л D. 30,8 ммоль/л E. + 10,0 ммоль/л және одан төмен
4. Фолий қышқылы жетіспеуі қандай анемияны тудырады A. сидеробластты B. гемолитикалық C. гипопластикалық D. + мегалобластикалық E. микроцитарлы гипохромды
5. Мегалобласты анемияға сипаттама беріңіз A. эритроциттердің мембранасының бұзылыстарына байланысты, эритроциттердің өмір сүру ұзақтығының қысқаруы B. + вит В12, фолий қышқылдарының дефициті салдарынан ДНК және РНК синтезінің бұзылуымен жүретін аурулар тобы C. гемобластоз белгілерінсіз айқын панцитопения және сүйек миында қан түзілуінің төмендеуімен жүретін жағдай D. эритроциттер ферменттері белсенділігінің дефициті әсерінен дамитын дерт E. гемоглобин құрылымы немесе синтезі өзгерісіне байланысты дамитын дерт
6. Аплазиялық анемияда қанталаудың типі A. аралас B. гематомды C. ангиоматозды D. + петехиалды – дақты E. васкулитті – пурпурлы
7. Тұқым қуалаушы микросфероцитоз (Минковский-Шоффар анемиясы) дамуының негізінде не жатады A. Гемоглобин синтезінің бұзылысы B. Гемоглобин құрылымының бұзылысы C. Ферменттер белсенділігінің бұзылысы D. + Эритроцит мембранасы белогының құрылымының бұзылысы E. Эритроцит мембранасы липидтерінің құрылымының бұзылысы
A. Жильбер синдромы B. Вирусты гепатит «А» C. Апластикалық анемия D. Темір тапшылық анемиясы E. + Тұқым қуалаушы микросфероцитоз
9. Талассемияның клиникалық көріністеріне жатады A. Сарғаю, ауырсыну синдромы, қызба B. Анемия, сарғаю, ауырсыну синдромы C. + Анемия, сарғаю, гепатоспленомегалия D. Бауырдың үлкеюі, қызба, ауырсыну синдромы E. Көкбауырдың үлкеюі, геморрагиялық дақтар, қызба
10. Иммундық гемолитикалық анемия жиі сәйкес келеді A. лейкоздармен B. + тромбоцитопениямен C. апластикалық анемиямен D. Темір жетіспеушілік анемиямен E. витаминжетіспеушілік анемиямен
11. Виллебранд ауруында гемостаз бұзылысы неге байланысты A. VІІ фактордың болмауына B. + Тромбоциттер төмендеуіне C. Фибриноген төмендеуіне D. Қан ағу уақытының қысқаруы E. VІІІ фактордың прокоагулянтты белсенділігінің болмауы
12. Науқас М., 8 жаста, бөлімшеге велосипедтен құлағаннан кейін пайда болған ауру сезіміне, оң жақ тізе буынының үлкеюі мен қызметінің бұзылуына шағымданып түсті. Пункция жасағанда буын қуысынан 15 мл ұйдысыз қан алынды. Ауру анамнезінен 3 жасында құлағаннан кейін сол жақ шынтақ буынына қан құйылу байқалғаны анықталды. Жарақаттан кейінгі қан кету 1 жасында пайда болған, ол ұзаққа созылған мұрыннан және тістің қызыл иегінен қан кетулермен, жайылмалы ауыратын тері асты гематомаларымен сипатталған. Ата-анасының денсаулықтары жақсы. Анасының ағасында гематомалар мен гемартроздар және мұрыннан қан кетулер байқалады. Лабораторлы көрсеткіштер: тромбоциттер саны 300х109/л, әртүрлі индуктарға тромбоциттердің агрегациясы бұзылмаған, Виллебранд факторы 160%, Дьюк бойынша қан кету уақыты 3 мин, қан ұйындысының ретракциясы 60%, АПТВ 1 мин, протромбиндік индекс 115%, фибриноген деңгейі 4 г/л. Сіздің диагнозыңыз A. + гемофилия B. Виллебранд ауруы C. Рендю-Ослер ауруы D. геморрагиялық васкулит E. идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
13. Гемофилия А-ның клиникалық көрінісі қай фактордың жетіспеушілігіне байланысты A. V фактор B. IX фактор C. XI фактор D. VII фактор E. + VIII фактор
14. 6 жасар ұл бала. Шағымдары: әлсіздік, бозғылдық, дене қызуы – 39о дейін, жұтынғанда тамағы ауырады. Жағдайы айқын геморрагиялық синдром есебінен ауыр. Ауыз қуысының кілегей қабығын қарағанда – афтозды стоматит. ЖҚА: анемия, лейкопения, тромбоциттер бірен-саран, лимфоцитоз. Миелограммада: эритроидты өскін тітіркенісі, гранулоцитарлық өскін қысыңқы, лимфоциттер-28,5%, миелокариоциттер – 25 000; мегакариоциттер табылған жоқ. Көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы бұл жағдайда болуы мүмкін A. Гистиоцитоз B. Жедел лимфобласттық лейкоз C. Жедел миелобласттық лейкоз D. + Тромбоцитопениялық пурпура E. Минковский-Шоффар анемиясы
15. 5 жастағы бала шағымдары терісінің сарғаюы, дене қызуының көтерілуі. Хал жағдайы ауыр, өте бозарып, сарғайып кеткен. Шеткері лимфа түйіндері үлкемеген. Бауыр қабырға доғасынан шығып тұр. Үлкен дәреті интенсивті сарғайған. Зәрі қызыл түсті. ЖҚА: гемоглобин 84 г/л, эритроциттер 1,8х1012/л, ретикулоцит 13%, СОЭ 35 мм/сағ, лейкоциттер – 12х109/л, формуланың солға жылжуы, Зәрде бос Нв. Осы аталған диагноздардың қайсысы науқаста болуы мүмкін A. апластикалық анемия B. + тамырішілік гемолиз C. гемолитикалық анемия D. геморрагиялық васкулит E. идиопатиялық тромбоцитопатиялық пурпура
16. «Қызғылт қызба» - бұл A. + Жылу беру жылу өңдіруден аз B. Жылу беру жылу өңдіруден жоғары C. Бұл дене қызуының анемия кезінде көтерілуі D. Сана-сезім бұзылуы, акроцианоз, аяқ-қолдың суық болуы E. Болжамы қолайсыз қызба түрі, жедел жәрдемді қажет етеді
17. 3 айлық бала. Бір жеті бойы коклюш тәрізді (көк) жөтел мазалайды. Тәбеті сақталған, бірақ салмағын қоспайды. Өкпесінде қысқартылған және тұйықталған перкуторлы дыбыс, аускультативті ылғалды әртүрлі және ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі иісті, жылтыр, түйіршікті қоймалжың, тәулігіне 8 ретке дейін болады. Гемограммада: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы байқалады. Кеудесінің R-графиясында өкпе түбірі қалыңдаған, өкпе суреті айқын көрінеді. Сіздің алғашқы диагнозыңыз A. жедел бронхит B. рецидивті бронхит C. ошақты пневмония D. обструктивті бронхит E. + муковисцидоз өкпелік-ішектік түрі
18. 1 жастағы балада II дәрежелі гипотрофия. Анамнезінен туғаннан бері ентігу, жөтел мазалайтыны анықталды. Өкпеде ылғалды сырылдар естіледі. Объективті: баланың іші ұлғайған, көп мөлшерде майлы дақты жағымсыз иісті нәжіс. Екі рет тік ішектің түсуі байқалды. Бұл баладағы гипотрофияның неғұрлым болжам себебі A. Сепсис B. Целиакия C. + Муковисцидоз D. Фенилкетонурия E. Ішек инфекциясы
19. 5 жастағы бала, жағдайы ІІ дәрежелі тыныс жетіспеушілігі, интоксикация есебінен ауыр күйінде ауруханаға жеткізілді. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, тыныс шығаруы қиындаған. Өкпесінде перкуторлы өкпе дыбысы қораптық реңмен, аускультативті шулы тыныс шығарумен әлсіреген тыныс, көп мөлшерде құрғақ ысқырықты және ылғалды орта көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз
A. Плеврит B. Жедел бронхит C. Жедел пневмония D. Жедел бронхиолит E. + Жедел обструктивті бронхит
20. 2 айлық бала. Анасының айтуы бойынша баланы жөтел мазалайды және тынышсыз. Қарау кезінде шулы тыныс алу, акроцианоз, жиі, құрғақ, қинайтын жөтел, эмфизематозды кеуде клеткасының ұлғаюы, әлсіреген тыныс, жайылған құрғақ «музыкалық» сырылдардың көп болуы анықталуда. Төмендегі аурулардың қайсысына тән A. Жедел бронхит B. Бронх демікпесі C. Жеделпневмония D. Обструктивті бронхит E. + Облитерлеуші бронхиолит
21.Пневмонияны бронхиолиттен ажырататын дифференциальдық рентгенологиялық белгі A. Диафрагма түсуі B. Өкпе суретінің күшеюі C. Өкпе суретінің төмендеуі D. Өкпенің желденуі жоғарылаған E. + Өкпеде инфильтративті көлеңкелер
22. 4 айлық бала, ауруханаға тыныс жетіспеушілігі салдарынан ауыр жағдайда келіп түсті, ТЖ-84 рет мин. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, эксикозбен токсикоз бар. Өкпе үстінде тимпаникалық дыбыс, аускультативті – ұзарған және қиындаған тыныс, өкпенің барлық аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Гемограммада: лейкоцитоз. Сіздің диагнозыңыз A. Плеврит B. Жедел бронхит C. Жедел пневмония D. + Жедел бронхиолит E. Обтруктивті синдроммен жедел бронхит
23. Ұл бала 2 жаста, 5 күн бойына қызбасы болған. Жағдайы ауыр, дене температурасы - 39 С, ылғалды жөтел, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, танаулары кернелген, көз асты көгерулер бар. Өкпесінде - оң жақта жауырын бұрышының астында өкпе дыбысының жергілікті қысқарғандығы, сол жерде әлсіреген тыныс фонында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз A. плеврит B. жедел бронхит C. жедел бронхиолит D. + жедел пневмония E. обструктивті синдроммен жедел бронхит
24. Бала 2 айлық. Қарағанда – жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 40С. Ылғалды жөтел. Айқын периоральды цианоз. Тері қабаттарының және көрінетін шырышты қабаттардың бозаруы. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ минутына 180. Оң жақ өкпеде тыныс әлсіреген, жауырын астында майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Іші ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 3,5 см шығып тұр. Нәжісі ботқа тәрізді. Кеуде клеткасы органдарының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті инфильтрациямен көптеген буллалар анықталады. Сіздің диагнозыңыз A. Крупозды пневмония B. Интерстициалды пневмония C. Оң жақты экссудативті плеврит D. Оң жақтық құрсақ ішілік пневмония E. + Оң жақты деструктивті пневмония
25. 11 айлық балада қызба, терісі бозғылт, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, аралас типте ентігу байқалды. Өкпесінде екі жақта төменгі аймақтарында әлсіреген тыныс, ұсақкөпіршікті сырылдар, жүрек үндері кереңделген, тахикардия. Алдын ала қоятын диагноз A. жедел бронхит B. обструктивті бронхит C. + екі жақты ошақты пневмония D. оң жақ төменгі бөліктік пневмония E. оң жақты сегментарлық пневмония
26. 1 жастағы бала айқын токсикозбен, аралас мінездегі ентігумен, дене температурасының 38 С көтерілуіне шағымданып стационарға келді. Өкпе перкуссиясында қораптық перкуторлық дыбыс. Сырылдар естіледі,оң жақ жауырын ұшында тұрақты майда көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің болжамды диагнозыныз A. Альвеолит B. Бронхиолит C. + Пневмония D. Бронхиальды астма E. Обструктивті бронхит
27. Пневмониясы бар 7 жасар бала, үш күн бұрын енжар болып қалды, тәбеті төмендеген, дене қызуы - 39,5ºС, терісі жер түстес, оң жақ бүйір бөлігінде ауырсыну, жөтелі көп мөлшерде қақырықпен. Оң жақ жауырын асты аймағында тимпаникалық тұйықталған ошақ, амфориялық тыныс, металлдық реңмен дауысты сырылдар. Алдын ала диагнозыңыз A. + өкпе абсцесі B. өкпе туберкулезі C. крупозды пневмония D.плевраның эмпиемасы E. жедел оң жақты бөліктік пневмония
28. Балада туылған R-граммасында жұқа қабырғалы ауалы қуыс анықталады. 3 күн бұрын температурасы көтерілген, ентігу, жөтел пайда болған, мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз A. Өкпе іріңдігі B. Көкет жарығы C. Өкпе булласы D. Пневмоторакс E. + Өкпенің іріңдеген кистасы
29. Сол жақтан бұғанасты венасын катетеризациялағаннан кейін науқастың жағдайы нашарлады. ТЖ симптомдары пайда болды. Перкуссияда сол жақта тимпанит. Төмендегі асқынулардың қайсысы науқаста болуы мүмкін A. Пиоторакс B. Пневмония C. Гидроторакс D. + Пневмоторакс E. Плевра қуысына қан құйылу
30. Балаға 9 ай. Жағдайы ауыр. Ылғалды жөтел, жайылған цианоз, қосымша бүлшық еттерінін қатысуымен ентігу. Өкпе үстінде-қорапты дыбыс. Аускультативті – екі жақтан ұсақ көпіршікті сырылдар. Рентгенограммада – өкпе алан мөлдірлігі күшейген. Диафрагма төмен орналаскан. Бронхиалды демікпе ұстамасын басу үшін қолданатын препараттын әсері қалай A. Айқын қабынуға қарсы әсер етеді B. Фосфодиэстеразаны ингибирлейді C. Муколициардық клиренсті жоғарлатады D. Бұлтты мембрананын клеткасын төтейді E. + Бета 2-адренорецептрлары бронхтарды тежейді 31. 9 жастағы бала, шағымдары іріңді қақырықпен жөтелу, әлсіздік. Объективті: өкпесінде перкуторлы – коробкалық рең, аускультативті – қатаң тыныс, барлық алаңда ылғалды әртүрлікалиберлі сырылдар. Бронхограммада – «кесілген ағаш» типінде бронхтар дистальдық бөліктерінің үзілуі. Сіздің диагноз A. бронх демікпесі B. жедел бронхиолит C. ошақты пневмония D. обструктивті бронхит E. + созылмалы бронхит
32. Бала 5 жаста, ауырғанына 3 күн болған – дене қызуы 39 град дейін жоғарлаған,жөтел.Бала әлсіз, жылайды,терісі бозғылт акроционозбен. Перкуторлы – оң жақ жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыс қысқарған,осы жерде тынысы әлсіреген.Терең тыныс алғанда –ошақты крепитация. Рентгенографияда – оң жақ төменгі өкпе бөлігінде кеңейген қараю,оң жақ синус жабық. 2 күннен кейін кеудесінде жедел ауырсыну пайда болған,терісі бозғылт. ТАЖ минутына 52рет. ЖСЖ 144 рет минутына. Жүрек шекарасы солға 2 см дейін ығысқан. Перкуторлы оң жақтан қораптық дыбыс. АҚҚ 95/65 мм.с.б. Науқас жағдайының нашарлау себебін көрсетіңіз: A. Пиопневмоторакс B. Тері асты эмфизема C. Экссудативті плеврит D. + Керілген пневмоторакс E. Жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі 33. Плевриті бар науқасқа пункция жасалған. Экссудаттың жасушалық құрамы лимфоциттер 80%, нейтрофилдер 15%, эритроциттер 5% қандай плевритке тән A. Іріңді B. + Серозды C. Геморрагиялық D. Жарақаттан кейінгі E. Серозды-геморрагиялық 34. 2 жастағы баланы қарау кезінді анықталды: гайморит, оң жақтық бронхоэктаз, ішкі ағзалардың айна тәрізді орналасуы. Алдын-ала диагнозыңыз A. Муковисцидоз B. Гудпасчер синдромы C. Хаммана-Рич синдром D. + Картагенер синдромы E. өкпенің идиопатиялық гемосидерозы
35. Рентгенограммада сол жақ өкпе алаңының анық шектелген гомогенді қараюы. Диафрагма контурланбаған, синустар анықталмаған, көкірекаралық оңға ығысқан. Сіздің диагнозыңыз A Крупозды пневмония B. + Экссудативті плеврит C.Сегментарлы пневмония D.Ошақты бронхопневмония E.Оң жақты орта бөлікті деструктивті пневмония
36. 10 жасар балада тізе және тобық буындарында ауырсыну мен томпаю байқалады,дене қызуы 38,00с. жүректің сол жақ шекарасы 2 см ұлғайған. жүрек тондары тұйықталған. 1 апта бұрын бала баспамен ауырған. сіздің болжамды диагнозыңыз A. Ревматоидты артрит B. + Ревматикалық қызба C. Ревматикалық емес кардит D. Вегетотамырлық дистония E. Тонзиллогенді кардиопатия
37. 7 жасар балада максимальді активтілікпен өршіген ревматикалық қызбаның клиникасы. бұл жағдайда ұлттық клиникалық протоколға сәйкес аталған дәрілік заттардың қайсысы қолданылуы тиіс A.Делагил B.Лейкеpан C. Пpеднизолон D. + D-пеницилламин E.Стероиды емес қабынуға қарсы препараттар
38. 7 жасар қыз балада буындардың патологиялық үрдіске ұшырауымен бірге ревматикалық кызба клиникасы өршуде. Бұл жағдайда буын зақымдануына не тән A. Артриттің "ұшпалы" сипаты B. Ұсақ буындардың зақымдалуы C.Буындардың тұрақты дефоpмациясы D.Буындардың симметриялы емес зақымдалуы E.+Таңертең буынның ауыруының күшеюі, таңертеңгілік құрысу
39.8 жасар балада бұлшық еттері ауырсынуы,әлсіздік,артралгия байқалады. ақ 160-120 мм.сын.бағ. көзінің көру қабілеті жылдам төмендеуде,дистрофия болуда. сіздің жорамал диагнозыңыз A. Дерматополимиозит B. Түйінді периартериит C. Жүйелі склеродермия D. Ревматикалық қызба E.+ Жүйелі қызыл ноқта
40. Қолдағы жоғары артериальдық қысым және аяқ тамырларындағы төмен артериальдық қысым келесі тума жүрек ақауына тән A. Фалло ауруы B. + Аорта коарктациясы C. Ашық артериальды өзек D. Құлақша аралық перденің дефекті E. Қарынша аралық перденің дефекті
41. Бала 4 жаста.Ата-аналары тыныштық кезіндегі ентігуге және жүрек соғуының жиіленуіне шағымданады.Объективті қараған кезде жүрек шекаралары 2 см-ге солға қарай ұлғайған.Тыныштық кезінде ЖСЖ 120 рет 1 минутта,ТАЖ 32 рет 1 минутта.Аускультацияда жүрек жағынан- 1 тонның әлсіреуі,жүрек ұшында систолалық шу.Өкпеде – артқы беткейінде төменгі бөлігінде екі жақтан ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.ЭхоКГ-да миокардтың гипертрофиясыз, жүрек қуыстарының айқын дилятациясы.Рентгенограммада жүрек шар тәрізді.Сіздің диагнозыңыз A. Ревматизм B. Пневмония C. +Миокардит D. Екіншілік кардиопатия E. Туа пайда болған жүрек ақауы
42. Баланың бетінің ұшы қызғылт-күңгірт түсте, пальпацияда кеуде клеткасының дірілі,жүрек ұшында серпімді I тон және диастолалық шу анықталды.Жүректің қандай зақымдалу туралы айтылған A. +Митральды тарылу B. Аортальды жетіспеушілік C. Митральды жетіспеушілік D. Қарынша аралық перденің дефектісі E. Митральды қақпақшаның пролапсы
43. Бала 5 жаста,клиникаға физикалық дамудың артта қалуы шағымдарымен түсті;бала нашар жүреді.Объективті: психика жағынан қалыспайды,иық белдеуінің шамадан тыс дамуы байқалады.Дененің төменгі бөлігі,аяқтары әлсіз, бұлшықеттік гипотония. Жүрек шекаралары солға қарай 2см-ге ұлғайған. Жүрек соққысы және 1 тон күшейген. Систолалық шу оң жақтан 2 қабырға аралықта. Бауыры ұлғаймаған.Аяқтағы пульс анықталмайды. Қолдағы артериальды қысым 150/90 мм сын.бағ.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек A. ЭКГ B. ФКГ C. + ЭхоКГ D. Компьютерлі томография E. Кеуде клеткасының рентгенографиясы
44. Бала 4,5 айда,нәресте кезіндегі анықтлған тума жүрек ақауының топикалық диагностикасы үшін кардиология бөліміне түсті. Ананың шағымдары дене массасын аз қосу, физикалық күш түсу кезінде күшейетін ентігу және көгеру. Баланың жағжайы аяқ астынан нашарлады: ентігу мен көгеру күшейді,мазасыздық пайда болды,систолалық шудың интенсивтілігі төмендеді.Сіздің диагнозыңыз A. Инфекцилық эндокардит B. Гипертрофиялық кардиомиопатия C. Қарыншааралық перденің дефектісі D. Құлақша аралық перденің дефектісі E. + Фалло ауруы, ентігу- көгеру ұстамасы
45. 12 жастағы балада баспадан кейін анықталды: субфебрилитет, әлсіздік, жүрек шекараларының ұлғаюы, жүрек ұшында I-тонның тұйықталуы,осы жерде де үрлемелі систолалық шу; тізе буынның артриті.Анамнезінде жиі баспалар.Қанда ревмофактор оң. Болжамалы диагноз A. Ревматикалық қызба B. Инфекционды эндокардит C. +Ювенильды ревматоидты артрит D. Митральды қақпақшаның тарылуы E. Қарынша аралық перденің дефектісі
46. Науқас 13жаста, бұлшықеттік атрофиямен ұсақ буындардың деформациясы, қатты таңдайда энантема, стоматита белгілері, шашының көптеп түсуі,ентігу, тұрақты құрғақ жөтел.Өкпеде – тынысы әлсіреген, төменгі бөліктерінде қатты емес ылғалды сырылдар.Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖҚА: ЭТЖ күрт жоғарлаған, лейкопения. Болжамалы диагноз A. ЮРА B. Дерматомиозит C. + Жүйелі қызыл жегі D. Түйінді периартериит E. Ревматикалық қызба, кардит, артрит
47. 5ж. ұл балада шаршағыштық, сол жақ қарынша пульсациясының күшеюі, екінші қабырғааралықта діріл, ЭКГ-да сол жақ қарыншаның жүктемесі, рентгенограммада - сол жақ қарыншаның ұлғаюы, кіші шеңбердің гиперволемиясы. Сіздің болжам диагнозыңыз A. Субаортальді стеноз B. +Ашық артериальді өзек C. Аортаның коарктациясы D. Өкпе артериясының стенозы E. Қарынша аралық перденің ақауы
48. 10 ж. Қыз балада жедел респираторлы ауруды өткергеннен кейін әлсіздік, бозару, физикалық жүктеме кезінде ентігу пайда болды. Обьективті: тахикардия - 120 минутына, жүрек шекаралары солға кеңейген, жайылмалы верх.т., галопа ырғағы. Өкпе үстінде төменгі бөліктерінде – ылғалды сырылдар. Қай мақсатпен балаға дигоксин тағайындалды A. Жүрек жұмысын азайту үшін
49. Аурухананың қабылдау бөліміне 3 жастағы ұл бала тәбеттің жоғалуы, құсу, іш өту, әлсіздік, тахикардия, ентігу шағымдарымен әкелінді. Анамнезіне бала бір ай бойы дигоксин қабылдағаны белгілі. ЭКГ-да ST сегменті тегене тәрізді формада, Т тісшесі теріс, P-Q интервалы ұзарған. Қандай препарат тағайындау қажет A. Жүрек гликозидтері B. +Калий препараттары C. Кальций препараттары D. Зәр айдағыш препараттар E. Антиаритмиялық препараттар
50. Қандай ауру кезінде өкпе жағынан R-логиялық “қарлы боран” көрінісі анықталады A. ревматизм B. дерматомиозит C. жүйелі қызыл жегі D. +түйінді периартериит E. жүйелі склеродермия
НЕВРОЛОГИЯ ТЕСТОВ Date: 2016-07-18; view: 673; Нарушение авторских прав |