Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тестолог: нильдибаева Ф. У.





70 жасар әйел адам 8 жылдай артериалдық қысымының жоғарылауын байқаған, соңғы жылдарда АҚ 180/110 мм.сын.бағ. дейін жоғарылаған. Дене салмағының индексі – 34 кг/м2. 2 жыл бұрын миокард инфарктісі болған. Науқаста артериалды гипертензияның кардиоваскулярлы асқынуларының қауіпі қандай?

- төменгі қауіп

- орташа қауіп

- жоғарғы қауіп

+ өте жоғарғы қауіп

- асқынулардың даму қауіпі жоқ

 

27 жасар ер адамда профилактикалық тексеріс кезінде АҚ 170/110 мм.сын.бағ. тіркелді. Қарау барысында жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, кіндіктің сол жағында систололық шу естіледі. Мүмкін болатын дұрыс диагноз?

- феохромацитома

- эссенциалды артериялды гипертензия

+ реноваскулярлы артериалды гипертензия

- қолғаның атеросклерозы

- қолқа қалпақшасының жетіспеушілігі

 

57 жасар ер адамды бір жылдан бері күштемелі стенокардияға тән ұстамалар мазалайды. 10 жыл бұрын темекі шегуді тастаған. Ішімдікті аптасына 1-2 рет 100-150 мл –ді қабылдайды. Объективті: қалыпты тамақтану. Дене салмағының индексі Кетле бойынша 27 кг/м2. Жүрек тоны әлсіз дыбысты, ырғағы дұрыс, қолқада ІІ тонның акценті естіледі. АҚ 140/80 мм.сын.бағ. Қандағы холестерин деңгейі 7,9 мммоль/л. Стенокардияның дамуының негізгі механизіміне сәйкес қауіп факторын атаңыз?

- аптасына 1-2 рет 100-150 мл ішімдік қабылдау

- АҚ 140/80 мм.сын.бағ.

- дене салмғының индексі Кетле 27 кг/м2

+ қандағы холестерин деңгейі 7,9 ммоль/л

- анамнезінде темекі шегуі

 

Барлық көрсетілген белгілер Принцметалды стенокардияға тән, тек мынадан басқасы:

- циклді сипатта

- ауырсыну түнгі уақытта тыныштық жағдайда пайда болады

- ұстама кезіндегі ST сегментінің изосызықтан жоғары болуы

+ жүктеме кезіндегі ауырсыну

- ауырсынудың үдеуі мен жойылуының ұзақтығына тең

 

56 жастағы науқас әйел адам, айқын ентігуге, тұтқыр қақырықты жөтелге, жүрек аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Ұзақ жылдар бойы өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен сырқат. Объективті қарағанда: мойын көктамырларының білеуленуі, аяқтардың ісінуі, жүрек шекараларының ұлғаюы. Аускультацияда шашыраған құрғақ сырылдар, өкпе артериясында екінші тон акценті. Жоғарыда сипатталған симптомның мүмкін болатын себебі?

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- миокард инфарктісі

+ созылмалы өкпелік жүрек

- миокардит

- перикардит

 

Тыныс алу жеткіліксіздігінің айқындығын анықтау үшін ең негізгісі:

- науқастың шағымдары мен анамнезі

- спирографиялық зерттеу

- рентгенологиялық зерттеу

- науқасты физикальды қарау

+ артериалды қанның газдық құрамын зерттеу

 

Науқас әйел адам 35 жаста, күндізгі уақытта 10-12 ретке дейін, түнгі уақытта– 6-8 ретке дейін болатын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы 45%, тәуліктік ауытқуы 35%. Мүмкін болатын диагноз?

- трахеобронхиальды дискинезия

- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, ауыр дәрежесі

- сол қарыншалық жеткіліксіздік

+ бронхтық демікпе, ауыр дәрежесі

- идиопатты фиброздаушы альвеолит

 

Қонақ үйдегі, пансионаттардағы кондиционерлерді, душты қолдану туралы анамнездік мәліметтерімен; айқын интоксикациямен фебрилді қызба, жөтел, диарея; лимфоцитопениямен лейкоцитоз - қандай пневмонияға тән:

- хламидиозды

+ легионеллезды

- микоплазмозды

- пневмококкты

- стафиллококты

 

43 жастағы нашақор ер адам, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсуға, ауыздағы ащы дәмге, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, кейде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауына, тері қышуына, қызыл иегінің қанауына, зәр түсінің қараюына, нәжісінің ағаруына шағымданады. Объективті қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, «декольтэ» аймағында телеангиэктазиялар. Мүмкін болатын диагноз?

+ созылмалы вирусты гепатит

- созылмалы холецистит

- созылмалы панкреатит

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- гемолитикалық анемия

 

25 жасар әйел адам күніне 5 ретке дейін ботқа тәріздес нәжіске, ішінің кебуіне, дефекациядан кейін басылатын ішінің ауырсынуына, ішкі діріл сезіміне, тынысын толық алалмау сезіміне шағымданады. Нәжісті бактериологиялық зерттеуі кезінде, ректороманоскопия, колоноскопия зерттеулерінде ешқандай өзгеріс анықталмады. Мүмкін болатын диагноз?

- тиреотоксикоз

- іш айдайтын препараттарды қабылдаудағы реакция

- Крон ауруы

- бейспецификалық ойық жаралы колит

+ тітіркенген ішек синдромы

 

30 жастағы ер адам, эпигастрия аймағындағы аш қарындағы кезеңдік ауырсынуға, қыжылдауға, лоқсуға, қышқылмен кекіруге шағымданады. Объективті қарағанда: пилородуоденальды аймақтағы жергілікті ауырсыну. ФГДС-та антральді бөліктің сілемей қабатының гиперемиясы мен ісінуі, қатпарлардың гиперплазиясы, антральді спазм анықталады. Зерттеудің қандай әдісі патологиялық үрдістің этиологиясын анықтауға көмектеседі?

- асқазанішілік рН-метрия

- қанның жалпы талдауы

+ уреазды сынама

- асқазан рентгенографиясы

- дуоденальді зондтау

 

Бейспецификалық аортоартериитте зақымдалады:

- ұсақ калибрлі артериялар

- орташа калибрлі артериялар

- көктамырлар

+ ірі және орташа калибрлі артериялар

- капиллярлар

 

Мерзімдік талмалар, көз көруінің нашарлауы, ұстамалы (қайталамалы) ақсау және пульстің болмауы қандай васкулитке тән::

- түйінді периартериитке

+ бейспецификалық аортоартериитке (Такаясу ауруына)

- геморрагиялық васкулитке

- Бехчет ауруына

- Бюргердің тромбангииттіне

 

30 жастағы ер адамда қол саусақтарының бас фалангылырының қысқарумен склеродактилия, буын маңындағы тіндерде көптеген кальциноз, рентгенологиялық зерттеуде өңештің дистальді бөлімінде моториканың бұзылысы және орта бөлімінің дилятациясы анықталған. Мүмкін болатын диагноз?

- жүйелі қызыл жегі

- дерматомиозит

+ жүйелі склеродермия

- ревматоидты артрит

- реактивті артрит

 

Фибриноидпен, гиалинді тромбтармен және ядролы патологиямен, «сым сияқты өрімдер» симптомымен нефриттің гистологиялық көрінісімен дәнекер тіннің диффузды зақымдалуымен негізделген, қызба қандай ауруға тән:

- висцеритпен ревматоидты артритке

- біріншілік склеродермиялық бүйрекке

- бүйректің зақымдалуымен түйіндік периартериитке

+ жүйелі қызыл жегіне (люпус нефритке)

- созылмалы гломерулонефритке

 

Дене салмағы жоғары 45 жасар әйел адамда, тексеру кезінде аш қарынға гликемия 10 ммоль/л, глюкозурия- 3% анықталды. Зәрде ацетон - теріс. Науқастың туған інісі қантты диабетпен ауырады. Мүмкін болатын диагноз?

- симптомды гипергликемия

- жастарда болатын 2 типті қантты диабет (МОDY)

- алғаш анықталған 1 типті қантты диабет

+ алғаш анықталған 2 типті қантты диабет

- метаболизм синдромы

 

16 жастағы қыз балада семіздік, «ай тәріздес» бет, кең қызыл стриялар, гипертрихоз, АҚ –ның жоғарылауы анықталды. Етеккір циклі бұзылған. Бас сүйегінің рентгенограммасында – түрік ершігінің көлемі ұлғайған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

- пубертатты кезеңнің гипоталамды синдромы

+ Иценко-Кушинг ауруы

- альдостерома

- андростерома

- экзогенді-конституциялық семіздік

 

32 жастағы науқас әйел адам беймаза көптеген артық қимылдар жасайды, психикалық қозған, нашар ұйықтайды, тәбеті жақсы болса да арықтаған, іш өтулер мазалайды. Объективті қарағанда: қол саусақтарының треморы, көз симптомдары оң. Жүрек үні қатты, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында систололық шу. АҚ – 150/70 мм сын.бағ., ЖЖЖ - 110 мин. Қалқанша без ұлғайған, жұтынғанда көрінеді. Жалпы қан талдауында: Нв – 100 г/л. лейкоциттер – 8,0 х109/л, ЭТЖ – 12мм/сағ. Қандағы глюкоза – 6,8 ммоль/л. Алғашқы диагнозыңыз?

- эндемиялық жемсау

+ жайылмалы уытты жемсау

- артериалды гипертония

- қантты диабет

- теміртапшылықты анемия

 

26 жастағы науқас екі жыл бойы кенеттен басталатын, бірнеше минутттан бірнеше сағатқа дейін созылатын, кенеттен төмендейтін АҚ –ның 260/180 мм сын. бағ. дейін жоғарылауын байқаған. Криздің соңында гиперсаливация, профузды тер бөліну, ашық түсті 3-5 литрдей зәр бөлінеді, әлсіздікті сезінеді. Аурудың аясында 5 кг салмақ жоғалтқан. Ортостатикалық гипотензия байқалады. Мүмкін болатын диагноз?

+ феохромоцитома

- эссенциальды АГ

- Конн синдромы

- Иценко-Кушинг ауруы

- Карциноидты синдром

 

32 жасар науқаста тұзды тағамға деген құштарлық, себепсіз жалпы шаршағыштық, 5 ай ішінде дене салмағының 7 кг - ға дейін жоғалтуы, улкен дәретінің қайталамалы босансуы байқалады. Дене салмағының индексі - 16 кг/м2, тері жамылғысының гиперпигментациясы. АҚ 90/60 мм.сын. бағ. Мүмкін болатын диагноз?

- жедел бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі

+ созылмалы бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі

- тітіркенген ішек синдромы

- жайылмалы уытты жемсау

- жүктілік

 

30 жастағы науқас әйел адамды бір ай бойы әлсіздік, геморрагиялық синдром мазалайды. Лимфотүйіндері ұлғайған. Дене температурасы – 38,50С. Тері жамылғасы бозарған, интоксикация. Жалпы қан талдауында: Нв 40 г/л, эритроциттер 2х1012/л, ликоциттер 18х109/л, тробоциттер 80х109/л, ЭТЖ – 41 мм/сағ, лейкоцитарлы формула: сегментядролы- 12%, лимфоциттер - 7%, моноциттер - 14%, бласты жасушалар - 67%. Мүмкін болатын диагноз?

- лейкемоидты реакция

- созылмалы лимфолейкоз

- апластикалық анемия

- созылмалы миелолейкоз

+ жедел лейкоз

 

Науқас 35 жаста, екі апта бойы жатырдан қанкетуге, себепсіз пайда болатын көгерулерге, қызыл иектің қанағыштығына шағымданады. Жалпы қарауда: аяқтарында петехиальді-дақты бөртпелер. Манжеттік сынама оң. Тұқымқуалаушылығы – ерекшеліксіз. Қанда гипохромды анемия, тромбоциттер - 5х109/л. Миелограмма - қалыпты. Гемостаздың қандай өзгерістері аурудың клиникалық көріністеріне сәйкес келеді?

+ қан ағудың ұзаруы

- фибриноген деңгейінің төмендеуі

- қан ұю уақытының төмендеуі

- протромбинді индекстің төмендеуі

- белсендірілген жартылай тромбинді уақыттың ұзаруы

 

Созылмалы бүйрек жеткіліксізідігі кезіндегі гипокальцемия дамуының себебі:

+ бүйректегі кальцитриол түзілуінің бұзылуы

- ішекте кальций сіңірілуінің жоғарылауы

- холекальциферолдың шамадан тыс болуы

- кальцитониннің жетіспеушілігі

- паратгормонның шамадан тыс болуы

 

Нефротикалық синдромға не тән?

+ массивті протеинурия 3,5 г/тәуліктен жоғары, диспротеинемия, ісінулер

- макрогематурия, протеинурия

- гиперпротеинемия, ісінулер

- лейкоцитурия, цилиндрурия, бактериурия

- лейкоцитурия, микрогематурия

 

Ер адам, 37 жаста, жалпы әлсіздікке, бас ауруына, тәбетінің төмендеуіне, арықтауға, аяқтарының ісінуіне шағымданады. 5 жыл бойы бүйрек ауруы мазалайды. Объективті құарағанда: салмағы төмендеген, терісі бозарған, сарғыш түстес. Беті домбыққан; аяқтарында ісінулер. Жалпы қан талдауында: Нв-70 г/л, эpитроциттер - 2,0х1012/л, лeйкоциттер -5,71х109/л, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Жалпы зәр талдауында: салыстырмалы тығыздығы - 1012, ақуыз - 2,0 г/л, лейкоциттер 4-5 көру аймағында, эритроциттер 5-6 көру аймағында. Науқасты тексерудегі келесі қадам?

+ бүйректің пункциялық биопсиясы

- бүйрек УДЗ

- экскреторлы урография

- радионуклеоидты ренография

- зәрді бактериологиялық зерттеу

 

Date: 2016-07-18; view: 369; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию