Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жарақатты жазатын және тері ауруларына қарсы пайдаланылатын өсімдіктер. Зәр айдайтын өсімдіктер. Өт айдайтын өсімдіктер.
Жарақатты жазатындар және тері ауруларына қарсы пайдаланылатын өсімдіктер. Тері ауруларын және жарақаттарды емдейтін өсімдктердің көптеген түрлері ерте заманынан бастап белгілі. Солардын бірі, кең қолданылатын – шілтержапырақты немесе кәдімгі шайқурай Hypericum perforatum L. өсімдігі. Кәдімгі шәйқурайдан Hypericum perforatum L. жасалған дәріні дененің сыртына қолданса, жаралардың жарақаттардың, ірінді жаралардың жазылуына жақсы көмектеседі. Әсіресе ол іріндеп, жайыла беретін сасық иісті жараларды емдеуге пайдалы. Ол денеде болған күйікке, қабынған емшек безіне, емшектің ұшындағы жарыққа, кішене жарақаттарға және басқаларға қолданылады. Осындай сыртқы ауруларға ем ретінде ұсыну үшін жуырда жаңа, антибактериалдық дәрі «иманин» пайда болды. Бұл да шәйқурай шөбінен алынған, өзін өте күшті дәрі деп санайды. Шырғанақ (маймылжиде) Hippophae rhamnoides L. Жидегінен өндірілген майды жазылмай жүрген жараларды және күн сәулесі ауруынан болған тері жарақаттарын емдеуге қолданады. Шырғанақ жидегінде 2,8-ден 7,8 %-ға дейін май, 3 %-ға жуық қант, органикалық таза қышқылдар – алмалық, шараптық және басқалары 2,64 % болады, аздаған илік заттар (0,12 %) және бірқатар дәрумендер: С (150-200 мг %), Е (8,0 мг %), жасуша ядроларының нуклеин қышқылдарын жасау үшін ағзаға қажетті В дәрумені (фолий қышқылы) 0,7 мг %, каротин (1,1-10,9 мг %) және басқа дәрумендер болады. Былайша айтқанда, шырғанақ жидегі - өте бағалы полидәруменді шикізат. Итошаған Bidentis шөбі қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі ретінде қолданады, терлеткіш, несеп айдайтын және ас қорытуды жақсарту мақсатында, бұзылған зат айналымын реттейді. Сыртқа – диатезде, нейродермиттерде, бас терісі себореямен зақымданғанда қолданады. Зәр айдайтындар. Қызылжидек Vaccinium жапырақтары несеп айайтын, өт айдайтын, антисептикалық және бырыстырғыш зат ретінде бүйрек және қуық аурулары (пиелит, цистит, несепте тас пайда болған ауру) кезінде жиі қолданылады. Шәйқурай Hypericum perforatum L. шөбі, киікоты Ziziphora шөбі, жалбыз Mentha жапырақтары, далалық қырықбуын шөбі Equisetum arvense L., құс таран шөбі несеп айдайтын, қабынуға қарсы, жалпы денсаулықты нығайту үшін пиелонефрит (бүйрек ісіну), пилоцистит (қуықтың қабынып ауруы), созылмалы бүйректің және қуықтың ауруларына қолданады. Қызылтаспа Polygonum aviculare L. медицинада әртүрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Сонын ішінде бүйрек аурулары да. Дәрі жасау үшін медицинада оның жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Халық медицинасында қызылтаспаны бүйрек, бауыр, іш өту, қуықтың ескілікті қатарымен жарақатына пайдаланады. Сондай-ақ оны организмде заттар алмасуы бұзылғанда, өкпе туберкулезімен, бүйрек-тас ауруларымен, нефрит, нефроз, циститпен сырқаттанған жағдайда да жиі қолданады. Ал артериосклероз ауруымен ауырғандар қызылтаспаға уқырықбуынды, арыстан құйрықты, гүлшетені, ошағанды қосып пайдаланады. Қызылтаспамен қуық қатарының ескірген түрін де емдейді. Кейбір дәрігерлер қызылтаспаның гипрохромдық анемия мен өкпе туберкулезін емдеуге терапевтік тиімділігіне қатты ден қояды. Шығыс медицинасында қызылтаспа ыстықты төмендететін, несеп жүргізетін, қабынуларға қарсы қолданылатын, глист құрттарын шығаратын және жүйке әлсірегенде, аурудан және кәріліктен әлсіздегенде тонус көтеретін дәрі ретінде қолданылады. Сол сияқты терінің кейбір ауруларына жағатын май ретінде де пайдаланылады. Тропикалық безгекпен ауырғандар қызылтаспа шөбінен жасалған қайнатындыны ішеді. Қызылтаспа шөбін ыстық суға бөктіріп геморрой түйіндеріне, қабынған тік ішекке жапсырып басады. Көне заман фармакологтары бұл шөпті жараны жақсы жазатын дәрі қатарында санаған. Ғылыми медицинаның акушерлік-гинекологиялық тәжірибесінде қызылтаспа препараты әртүрлі жағдайларға байланысты жатырдан аққан қанды тоқтатып, оның қайтадан анатомиялық жағынан бастапқы қалпына келуі үшін қызмет атқарады. Экспериментті деректерге қарағанда бұл өсімдіктің шөбінен алынған препараттар қан тамырының қабілетін арттырып қысымын төмендетеді, демалыс қозғалыстарының амплитудасы мен өкпенің желдену көлемін арттырады, жатыр бұлшық етінің тонусын көтереді. Препаратта флавонол гликозидінің біраз мөлшерде кездесетіндігіне байланысты (диурез) несеп бөлуді жақсартады. Өт айдайтындар. Жалбыз Mentha ауырсынуды қойдыратын, өт айдайтын, спазмолитикалық зат ретінде қолданады. Асқазан-ішек жолдарының және бауырдың секрециясын қоздырады, жүрек қызметін қуаттадырады. Итмұрын Rosa поливитаминдік және өт айдайтын зат ретінде қолданады.
Бауыр мен бүйректегі тасты ерітетін өсімдіктер. Қақырық түсіретін өсімдіктер. Паразит құрттарды түсіретін өсімдіктер. Дәріс мақсаты:Бауыр мен бүйректегі тасты ерітетін өсімдіктер, қақырық түсіретін өсімдіктер, паразит құрттарды түсіретін өсімдіктермен таныстыру. Бауыр мен бүйректегі тасты ерітетін өсімдіктер. Денсаулық қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі вирусты аурулардың алдын алу болып табылады, солардың ішінде жұқпалы гепатит маңызды орын алады. Келесі тұқымдастар гепатиттен қорғайтын қасиеті бар өсімдік түрлеріне бай: Asteraceae, Apiaceae, Rosaceae, Scrophylariaceae, Fabaceae. Lamiaceae, Ranunculaceae, Solanaceae, Hypericaceae, Liliaceae, Asclepiaceae, Boraginaceae, Rhamnaceae тұқымдастарында гепатиттен қорғайтын қасиеті бар өсімдіктердің 3 - 4 түрі анықталды. Қақырық түсіретін өсімдіктер өте көп. Cephaelis ipecacuanha (Brot.) A. Rich. (Rubiaceae тұқымдасы), Lycoris radiata Herb. (Amarryllidaceae тұқымдасы), Ungernia sewerzowii (Regel) B. Fedtsch. (Amarryllidaceae тұқымдасы) өсімдіктердің құрамында қақырық түсіретін қасиеті бар әр түрлі алкалоидтар кездеседі. Үндістанда өсетін Adhatoda vasica Nees (Acanthaceae тұқымдасы) өсімдігінен бәрімізге танымал бромгексин препараты алынған. Thymus serpyllum L., T. vulgaris L. (Lamiaceae тұқымдасы) өсімдіктерінің жерүсті мүшелерінен алынған эфир майлары микстуралардың және келесі галендік препараттардың (петруссин, тимотуссин, тимосал) құрамына кіреді. Pinus sylvestris L. (Pinaceae тұқымдасы) ағашынан алынған терпентин майынан терпентингидрат препаратын дайындайды. Бұл препараттар ТМД елдерінде, Болгарияда, Германияда, т.б. мемлекеттерде құрғақ жөтелге, әсіресе көклюшке қарсы қолданылады. Қара андыз Inula helenium L. (Asteraceae тұқымдасы) өсімдігінің тамырлары мен тамырсабақтарынан әзірленген қайнатындыда қақырық түсіретін, жөтелге қарсы, бактерицидтік қасиеттері бар. Бронхит ауруы кезінде жөтелді жұмсарту үшін кәдімгі жұпаргүл Origanum vulgare L. (Lamiaceae тұқымдасы) өсімдігінің жерүсті бөлігінен дайындалған тұнба қолданылады. Дәл сол мақсатпен Pimpinella anisum L. Foenculum vulgare жемістерін пайдаланады. Жөтелді жұмсарту үшін пектусин препаратын қолданылады. Бұл дәрі-дәрмектін құрамында эвкалипттің Eucalyptus globulus эфир майы мен жалбыздың Mentha piperita ментолы бар. Iris germanica L., I. florentina L., Tropaeolum majus L., Drosera rotundifolia L., Gypsophila L., Saponaria officinalis L., Primula veris L., Polygala senega L., Viola odorata L., V.tricolor L., V.arvensis, Poligala sibirica L., P.tenuifolia, Hedera helix, Polemonium caeruleum L., Thermopsis lanceolata, Tilia cordata өсімдіктері тыныс жолдарының әр түрлі ауруларын емдеуге қолданылады. Қазақстанда кең таралған, тек қана медицина емес, өнеркәсіпте де қолданылатын өсімдік – мия Clycyrhiza - қақырық түсіруде жиі қолданылатын емдік құралдың бірі болып саналады. Дәрілік жалбызтікен Althaea officinalis L. тамырының емдік қасиеті ерте заманнан, яғни біздің жыл санаумыздың ІХ ғасырынан бастап белгілі болған.
Бақылау сұрақтары:
Бауыр мен бүйректегі тасты ерітетін өсімдіктер түрлері?.
Ресми түрде танылып отырған дәрілік өсімдіктердің қанша түрі бар?
Пайдаланылған әдебиеттер: Негізгі әдебиет: 1.Қажымұратов М. Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер. Алматы, 1975 2.Қожабеков М. Дәрілік өсімдіктер. Алматы, 1975 3.Қожабеков М., Қожабекова Г. Дәрілік өсімдіктер. – 2-ші толықт. өңд. қайта басылуы. Алматы, 1982 4.Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері/ Алматы, 1982 5.Әметов Ә.Ә., Ботаника, 2000. Қосымша әдебиет: 6. Флора Казахстана. В 9-ти томах, А., 1956-1966 7. Жуковский П.М. Ботаника. М., 1982. 8. Ордабеков С., Тәжбенов С. Денім сау болсын десеңіз...Алматы, 1982 9. Әлімқұлова Р.Ә., Тәртенова М.А. Өсімдік – табиғат қазынасы. Алматы, 1984ж. 10. Жақыпова Н.У. Өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары. Алматы, 1989.
Лекция 6 Date: 2016-11-17; view: 1104; Нарушение авторских прав |