Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау





1.Қазақстан өсімдіктері ресурстарының негізін қалаған ғалымдар

2. Өсімдіктерді тиімді пайдаланып, қорғап сақтаудың негізгі жолдары

 

 

Лекция

Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау, қорғау

 

1. Биогенетикалық ұқсастық, туыстық әдісі

2. Өсімдіктерді кептіру әдісі

Лекция

Дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық белсенділігіне байланысты классификация

Лекция № 4

Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар.

Жоспары:

1.Алкалоидтар.

2.Гликозидтер.

3.Эфир майлары.

4.Витаминдер.

 

Лекция мақсаты: Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Дәрілік өсімдіктер құрамында көптеген биологиялық әсерлі заттар болады. Осы өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланғанда сол заттар адам организміне еніп, әртүрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. Өсімдіктердің дәрілік қасиеті осы биологиялық әсерлі заттардың түрлері мен мөлшеріне байланысты. Дәрілік өсімдіктер құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың тобына алкалоидтар, гликозидтер, эфир майлары, сапониндер, илік заттар, витаминдер, органикалық қышқылдар тағы басқа да көптеген заттар кіреді.

Алкалоидтар – табиғаттағы күрделі азотты заттар. Бұлар өсімдіктерде тұздар немесе олардың негіз түрінде болады. Бұл заттың аты араб сөзі “алкали” - сілті және грек сөзі “ейдос” – сияқты деген екі сөзден тұрады. Бірінші рет алкалоид көкнәрден алынып, гректің ұйқы құдайы Морфейдің құрметіне морфи деп аталған. Содан кейін әртүрлі өсімдіктерден стрехнин, бруцин, никотин, атропин, хинин сияқты өте әсерлі алкалоидтар алына бастаған. Алкалоидтардың фармакологиялық касиеттері алуан түрлі және әсерлі. Сондықтан болу керек, алкалоидты препараттар мен емдеу көбіне нәтижелі аяқталды. Елімізде өсетін көптеген өсімдіктерден алынатын алколоид мөлшері өсімдіктер өсетін жердің табиғат жағдайына, оларды жинау мен кептіру мерзіміне байланысты. өсімдіктердегі алкалоидтар мөлшері 2-3 проценттен болады. Алкалоидтардың әсіресе, орталық нерв жүйесіне тигізетін физиологиялық әсері өте күшті. Оларды жоғары мөлшерде қолданғанда улану қаупі туады да, ал аз мөлшерде әсерлі емдік қасиеті болады.

Гликозидтер -молекулалары қанттан (гликон) және қантсыз (агликон), азотсыз заттардан тұратын топтарға жатады. Сақтау кезінде гликозидтер ферменттерінің және сыртқы әсерлерден бұзылысқа түседі. Сондықтан жиналған өсімдікті дереу кептіріп, ал сақталған уақытта дымқылданбағаны жөн. Өйткені ферменттер құрғақ өсімдікте өз әсерін жүргізе алмайды. Гликозидтердің бір тобы жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылады. Олар өте улы. Дегенмен жүрек ауруларын емдеуге бұл гликозидтердің аз мөлшерінен жасалған препараттар өте пайдалы. Гликозидтердің ащы түрлері асқазанның ас қорыту жұмысын жақсартуға қолданылады. Гликозидтердің бір түрі – сапониндер. Олар өсімдіктердің 70-тен астамтұқымдастарында кездеседі. Көбінесе қалампыр және примула тұқымдастарында сапониндер көп болады. Бұлар қақырық түсіруді жеңілдетуге, зәр, өт айдауға қоректік препараттарды дайындауға пайдаланылады. Соңғы жылдары флавоноидты гликозидтер бактерицидтік препараттар алуға және радиактивтік заттарды организмнен шығаруға қолданылып жүр.


Эфир майлары - өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесетін күшті иісті жеңіл, ұшатын зат. Өсімдіктердің жоғарыда аталған мүшелерінде ыстық су, болмаса бу арқылы айдалынып алынады. Эфир майы өсімдіктердің 2000 астам түрінде кездеседі. Бұл өсімдіктердегі эфир майының мөлшері сол өсімдіктердің биологиялық өсіп-өну кезеңіне және ауа-райының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Эфир майы, әсіресе әр түрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазан-ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғызады. Өсімдіктен алынатын илік заттары – таниндер тобына жататын көп атомды фенолдар. Оларды иләк заттар деп те атайды. Бұл илік заттары ішек, асқазан ауруларын емдеуге бактерицидтік препарат ретінде жиі колданылады. Танидтер денедегі жараны, күйікті емдеуге де пайдалы. Сонымен бірге алкалоидтармен, ауыр метал тұздарымен уланғанда қолданылады.

Химиялық құрамы жағынан эфир майына өте жақын, өсімдіктерде кездесетін заттардың бірі смолалар. Қою, қолға жабысатын аромат иісті, әр түрлі күрделі қосылыстардан тұратын зат. Смоланың ұзақ уақыт қатпайтын түрін бальзам деп атайды. Смоланың бактерицидтік қасиеті өте күшті.

Витаминдер - майда еритін витаминдердің – А, Д, Е суда еритін витаминдерден – С және В тобынан айырмасы бар, ал витамин К суда да, майда да ериді.

Витаминдерді қолдану әдісі тегінде витамин профилактикасына байланысты жасалынады. Айталык, тағамда витаминдердің жетіспеуі организмнің жұқпалы ауруларға, әртүрлі авитаминоздарға және баска да ауруларға қарсылық көрсетуінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі кезде кейде химиялық таза табиғи немесе синтетикалық дәрі – дәрмек қолданылады, бірақ витаминдерге бай қайсыбір өсімдіктерді (жас не кепкен күйінде) қолдану жақсы нәтиже беріп жүр, өйткені оларда витаминдер жиынтығы мен тұздардың болуы өзара әсер ету күшін ұлғайта түседі.

С - витамині (аскорбин қышқылы) өсімдіктерде өте көп кездеседі, ол өсімдіктің көп бөлігінде жинақталып, құралатындардың қатарына жатады. С витаминіне мыналар бай: тағамдық көктің барлық түрлері – көк пияз, аскөк, ақжелкен (петрушка), балдыркөк, салат, саумалдық, қымыздық; жидек пен жеміс дақылдары – итмұрын, шырғанақ, қара қарақат, бүлдірген, қарлыған, алма (пісіп жетпегені) және грек жаңғағының жапырақтары; көкөніс өсімдіктерінен – көкөніс қызыл бұрышымен қабықты бұрыш; сирек кездесетін жер асты жемістері – шомыр; ал жабайы өсімдіктердің ішінен қалақайды, ерменді (ащы сусан) атауға болады, бұларда да С витамині көп. С витамині консервіленгенде де жақсы сақталады, сондықтан қысты күні томат – пастаны, жасыл бұршақты, шпинатты, ішіне фарш салынған бұрышты пайдалануға болады. С витамині мұздатылған жидекте жақсы сақталады, бірақ оны мұзы ерігеннен кейін сол сәтте тамаққа салу керек. Бұл витаминінің жақсы сақталуына өніп -өсу жағдайының, өніп - өсу кезеңінің, сақтау тәсілі мен мерзімінің үлкен мәні бар. Мәселен, С витамині төмен температурада басқа витаминдерге қарағанда анағұрлым шапшаң қалыптасады, ал құрғақшылық жағдайда аскорбин қышқылының құрамы азаяды. Бұрышқа өсіп келе жатқан кезде жиі – жиі су құйса, онда С витаминінің көбірек жинақталатыны байқалады.


С витамині тканьдардың тыныс алу процесіне, қан тамырларының қоректенуіне қатысады, белок пен майдың сіңуін жақсартады. Ол организмнің дұрыс дамуына мүмкіндік береді, қоршаған ортаның қолайсыз әсер етуіне қарсылықты, жұқпалы ауруларға деген төзімділікті күшейтеді, жұмыс істеу қабілетін арттырып, шаршап – қажуды азайтады.

Р - витамині (“Pemeape деген латын сөзінен алынған) тек қана өсімдіктерден табылған.

Р витамині С витаминімен қосылғанда жақсы әсер етеді, оның бойға сіңімділігін арттырады, оны қышқылдандырудан алдын ала сақтандырады деген де ұғым бар. Р және С витаминдері зат алмасуының көптеген процестеріне қатысады да, әдетте сонда бас қосады. Сондықтан Р витамині аскорбин қышқылына бай өсімдіктерде (итмұрын, қара қарақат, қарлыған, бұрыш, капуста, көп қабатты пияз, кресс – салат, фенхель) көп болады. Соңғы кезде Р витамині сергек білінетін заттарды іздеудің арқасында флавондар, катехиндар, антонциандар, лейкоантоциандар болып табылатын қоспалардың көп топтарын анықтауға мүмкіндік туды.


В – тобының витаминдері. Бұл әртүрлі қоспалар бұлардығң әр қайсысы өзіндік қасиеттері бар, ерекше витаминдер.

В1 витамині (тиамин) көптеген өсімдіктерде, дәндерде (атап айтқанда, бұршақ тұқымдастарының ішінде – көк ұсақ бұршақтар), көкөніс дақылдарында (картоп пен сәбізде), татымды өсімдіктерде (пияздың кейбір түрлерінде – батунда, порейде, көп қабатты пиязда), бұрышта, балдыркөкте, салатта, аскөкте, фенхельде кездеседі. Оны С витаминімен бірге пайдалану керек. В1 витамині нерв жүйесінің қызметінде үлкен роль атқарады, жүрек бұлшық еттері мен ішек – қарын жолдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Мұның болмауы немесе жетімсіз болуы көміртегі мен алмасуын бұзады, нерв жүйесінің ауруларына шалдықтырады. Тәуліктік қажеттігі – 1 – 3 мг.

В2 витамині (рибофлавин) көкөніс өсімдіктерінде (сәбізде, жуада, кресс – салатта, ақжелкенде), фасоль мен жасымықта, жүгері дәнінде, сондай – ақ жеміс дақылдарында – алхорыда, шиеде, өрікте, итмұрында болады. В2 витаминінің шипалы болуы үшін В1 және В6 витаминдері қажет. Бұл витаминдердің қажеттігі суық түскен немесе күн көзі күшті сәуле шашқан кезде анағұрлым арта түседі.

В2 витаминнің жетімсіздігі ішек –қарын қызыметіне теріс әсерін тигізеді, көз ауырады, нерв жүйесі жұқарады, шаш ерте ағара бастайды. Тәуліктік қажеттігі – 3 мг.

В3 витамині (пантотен қышқылы) жидектерде (қара қарақатта, таңқурайда, бүлдіргенде), жемістерде (өрікте, шиеде), көкөністерде (көк бұршақта, картопта, түсті капутада, томатта, сәбізде), татымдыларда (ақжелкенде, пиязда) және салат өсімдіктерде (қояншөпте) болады. Ол метабализмнің – белоктық, көміртегілік және басқада көптеген процестеріне қатысады.Бұл витаминнің клиникалық жетімсіздігінен бойдың өсуі баяаулайды, тері бұзылады, шаш ағарады, ішек – қарын жолдарының, нерв жүйесінің қызыметі (ұйқы қашу) нашарлайды. Тәуліктік қажеттігі 2-3 мг.

В6 витамині (пиридоксин) көкөніс өсімдіктері ішінен картопта, жүгері дәнінде, алхоры, қарақат, шырғанақ жемістерінде, алмада болады. Оның организімде жетіспеуі анемия (қан аздық), дерматит (терінің қабынуы), тырысу ауруларына шалдықтырады.

В9 витамині немесе фолий қышқылы (антианемиялық фактор). Бұл витамин бірінші рет шпинат жапырақтарынан алынды (аты латыннның foliant –жапырақ деген сөзінен шыққан). Өсімдіктердің көк бөлігінде, сондай – ақ капустада, қарлығанда болады. Фолий қышқылы темірімен бірге қанның жасалу қызметін күшейтеді, анемияға шалдыққанда өте пайдалы. Тәуліктік қажеттігі –1 мг.

В12 витамині (кобаламин) молекуласында кобальт бар. Қан түзу мөлшеріне жақсы әсер етеді, бір қатар тері ауруларына, сәуле ауруларына пайдалы.

А витамині. Өсімдіктерде провитаминдер – ол құралатын заттар (каротин пигменттері мен каротинойдтар) ғана кездеседі, олар ферменттердің әсерімен А витаминіне айналады. Каротин (каротин сәбіздің түрлері жөніндегі carota деген латын сөзінен алынған). Қызғылтсары немесе қызыл түске боялып, жапырақтарының хлороқыртыстарында шашау шықпай жинақталады. Сәбіз, шпинат, асқабақ, жүгері дәні, ақжелкен, итмұрынның, шырғанақтың, өріктің жемістері, сондай – ақ бақбақ, шашыратқы, тырнақшагүл, қалақай гүлдері каротинге өте бай.

Бұл витаминнің жетіспеуінен көз ауруы пайда болады, көздің мөлдір қабығы құрғақтанады, бауырдың қызметі, холестерин алмасуы бұзылады, жұқпалы ауруларға қарсылық кемиді. Тәуліктік нормасы 4-5 мг.

В витамині (токоферол) тағамдық өсімдіктерде мол таралған, бақша дақылдары ішінен салатта, сәбізде, капустада, көк пиязда, бұршақтарда, картопта, жүгеріде, шырғанақтың, итмұрынның, өріктің жемістерінде, ал жабайы өсімдіктенрдің ішінен – қалақайда, жолжелкенде көп болады. Бұларды пісірген, не қайнатқан кезде, витаминнің қасиеті біраз кемиді.

Е витаминінің ұдайы өндіру процесі үшін үлкен маңызы бар. Ол жетіспегенкүнде, минералдың, белоктың, майдың, көміртегінің алмасуы бұзылады, сондай – ақ бактериялық, вирустік инфекцияларға төзімділік кемиді. Оның үстіне Е витамині А витаминін қышқылданудан сақтайды. Тәуліктік физиологиялық қажеттігі 20 –30 мг.

U витаминіжараға күшті әсер ете алатын қосынды. Бұл витаминнің ақ басты капустада бай көзі бар, ол сондай – ақ қызылшада, томаттарда, сәбізде және басқа көкөністерде кездеседі.

U - витамині асқазан қызметін қалыпқа түсіреді, оның шырышты қабығына жақсы әсер етеді. Сондай – ақ, ол склерозғада күшті әсер ете алады, өйткені көміртегінің, майдың алмасуына ықпал жасайды, майдың бауырда артық қорлануына кедергі болады. U витамині жылуды көтермиді, сондықтан көкөністерді езіп пісірмеген жөн. Жас күйінде мұздатқан және консервілеген көкөністе U витамині аса ұзақ уақыт сақталады.

К витамині (К – коагуляция деген сөздің алғашқы әріп) қанды ұйытуға себепші болады, мұның өзі қансыраған кезде, кесілген жарақат кезінде үлкен маңызы бар.

К - витаминіне бай өсімдіктерді қайнатпа күйінде және галендік дәрі – дәрмек ретінде, мәселен жүгері аналық аузын, қалақай жапырағын, жұмыршақты, қызыл тамырды, мың жапырақты пайдалынады. Бұл витамин көкөністердің ішінен: ақжелкенде, фенхельде, капустада, сәбізде мол болады. Организімде К витаминінің болмауынан болар – болмас жарақаттың өзі ұзақ уақыт бойы қанайды.

1. Флавоноидтар. Жіктелуі.

2. Құрамында флавоноидтары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Флавоноидтар – табиғи күрделі органикалық қосылыстар. Олардың жалпы формуласы С6С3С6. Флавоноидтардың молекуласында екі фенил радикалы, 3 көміртек атомымен байланысып тұрады. Флавоноидтар көбінесе, хромон және хромонның туындылары болып табылады. Арил радикалы олардың екінші, үшінші не төртінші көміртек атомында болады.

Сонымен флавоноидтар дегеніміз –фенилбензопиранның туындылары, құрылысында дифенилпропанның ядросы болатын органикалық заттар деп айтуға жөн:

Классификациясы. Осы кезде өсімдіктерден мыңнан астам флавоноидтар алынған. Олардың мынандай жағдайға байланысты 30-ға жуық түрлері белгілі. Олар пропан фрагментінің тотығу дәрежесіне, фенил қалдығының гидроксил тобының орналасуына, құрамындағы көмірсулардың соңына, тотығу циклінің көлем өлшеміне, агликон мен қанттардың байланысу жағдайына қарай бірнеше топқа бөлінеді: нағыз флавоноидтар /эуфлавоноидтар/ фенил бөлігі екінші көміртек атомына жалғасқан, изофлавоноидтар фенил радикалы СЗ орналасқан: неофлавоноидтар –4 арилхромонның туындылары және биофлавоноидтар.

Нағыз флавоноидтар /эуфлавоноидтар/. Бұл топқа флавандар, лейкоантоцианин, катехин, антоцианиндер, флавон, флавонол, флавонон, флавононол, халкон, дигидрохалкон және аурондар кіреді.

Аурондар басқа флавоноидтардан айырмашылығы олар 2-бензилиден-кумаранон /2-бензилиден 3-бензфуранона/ туындылары болып келеді.

Изофлавоноидтар. Бұл топқа пиронның 3-фенил немесе бензпиранның туындылары, бұған қоса ротеноидтар және гомоизофлавоноидтар мен т.б. жатады.

Неофлавоноидтар. Бұлар өсімдіктерде сирек кездесетін органикалық қосылыстар: 4-арилкумариндер, дальбергион, далбергинихинол, 4-арилхромондар. Олар диарилпропеннің туындылары болып есептеледі.

Неофлавоноидтар алғашқы рет дальбергин туындысына жататын өсімдіктерден алынған.

Бифлавоноидтар мен фуранфлаваноидтар. Өсімдіктерде мономерлік флавоноидтармен қоса полимерлік флавоноидтар ұшырасады. Олардың құрамында флавон, флавонон және изофлавондардың ядролары болады. Мәселен:

Бифлавоноидтардың молекуласында флавоноидты қосылыстар әртүрлі жағдайда орналасуы мүмкін.

Флавоноидты гликозидтер. Өсімдіктерде флавоноид қосылыстар, катехин және лейкоантоцианидиндерден басқа, бос күйінде сирек кездеседі. Көбінесе олар әртүрлі гликозидтер ретінде болады. Флавоноидтардың агликонның құрылысына бола моносахаридтер түрлі жағдайларда орналасады. Мәселен, флавоногликозидтерде қанттың бөліктері 7, 3, 4, көміртек атомдарында, өте сирек С5, С6, С8 жағдайларда кездеседі. Әдетте, флавонолгликозидтерде С3, С7 орнына қосылады. Гликозидтердің молекуласында мынадай моносахаридтер жиі кездеседі: Д-глюкоза, Д-галактоза, Д-ксилоза, Д-глюкурон қышқылы, сонымен қатар, L-рамноза, L-арабиноза т.б.

Агликонның немесе көмірсулардың құрылысында ацил қалдықтары болуы мүмкін. Ацилгликозидтердің бойында түрлі органикалық және минералдық қышқылдары /бензой, сірке, ферул, кофе, сынап, прокатех және пропион/ болуы мүмкін.

Қанттардың санына байланысты флаваоноидты гликозидтер бөлінеді: моно, ди, үшгликозидтерге бөлінеді.

Флавоноидтарды өткен ғасырдың аяғында ашып толық зерттелінген. Оған зор еңбек сіңірген оқымысты Констаневский. Ол бірталай флавоноидтардың қосындысын зерттеп, олардың құрылысын зерттеп, анықтап берді. Үндістан ғалымы Сешадри мен Американдық Робинсон да осы салада көптеген еңбектер жасады. Украинада дәрілік өсімдіктерді зерттеу институтының белгілі ғалымдары В.И. Литвиненконың, И.П. Максютинаның, н.Ф. Колесниковтың және Чернобай мен А.П. Прокопенконың басқаруымен көптеген өсімдіктердің флавоноидтардың, оның ішінде фенилпропан қосылыстардың құрамын, құрылысын егжей-тегжейлі зерттеді. Бүкіл Ресейдің дәрілік өсімдіктер зерттеу институтының оқымыстылары Глызин В.И. және тағы басқалары жүзден астамы олардың емдік қасиеті бар дәрілерді шығарды. /Ликвиритон, Танацехол, флакарбин, ликуразид, леспефлан /флакозид, келепин т.б.

Таралуы. Флавоноидтар өсімдіктер әлемінде кең таралған қосылыстар. Әсіресе, мына раушангүлділер /Rosaceae/, бұршақтар /Fabaceae/, қарамық тұқымдастар /Compositae/, шатыршагүлділер /Umbelliferde/ тұқымдастарында мол кездеседі.

Флавоноидтарды төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден сондай-ақ жәндіктер құрамында кездестіруге болады. Флавоноидтар өсімдіктердің күлтешесінде, жапырағында, жемісінде, қабығында және тамырындаұшырасады. Кей кездерде флавоноидтар кристалл түрінде жиналады. Бір өсімдікте кездесетін флавоноид басқа ешқандай өсімдікте кездеспейді деп айтуымызға болмайды. Мәселен, флавоноид байкалин тек бір өсімдік томағашөпте ғана болады, ал керісінше флавоноид кверцетин 50-ден астам өсімдіктердің құрамында бар. Флавоноидтардың бірнешеуі бірден бір өсімдікте де кездеспейді. Кей жағдайларда 30-флаваноид бір өсімдіктің құрамынан табылған. Өсімдікте орташа есеппен алғанда флавоноидтар 1-3%-ке дейін болады. Ал кейбіреулерінде /есекмияда/ флавоноидтың 25-сі жиналуы мүмкін. Әсіресе өсімдіктердің гүл жару кезінде флавоноидтардың проценті ұлғаяды, оңтүстікте және таулы мекендерде өсетін өсімдіктерде флавоноидтар көбірек болады. Флавоноидтардың құрамы өсімдіктердің өсу кезіне байланысты өзгеріп тұрады. Мысалы: Жапон софорада 20%рутин, ал гүлінде 5% піспеген жемісінде мүлдем ешқандай флавоноидтар болмаған.

Физиологиялық қасиеттері. Кейбір оқымыстылардың айтуына қарағанда флавоноидтар өсімдіктерге түрлі түстер беріп жәндіктерді өздеріне қызықтырады, сөйтіп осы арқылы өсімдіктер тозаңданады. Ал кейбір ғалымдар өсімдіктің тозаңдануына флавоноидтардың тікелей қатысы бар дейді. Шын мәнінде рутин тозаңдатқыштың өсіп жетілуіне көп септігін тигізеді. Рутин кездесетін өсімдіктерде жиі байқалады да, рутин жоқ өсімдіктерде бұл процесс болмайды. Совет ғалымдарының жобалауы бойынша кейбір өсімдіктер флавоноидтардың өзінен бөліп шығарады да басқа өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Флавоноидтар өсімдіктерде оттегіні таратады және тотығу-тотықсыздану процесіне қатысады. Өсімдіктердегі хлорофильді күн сәулесінен қорғайды.

Физика – химиялық қасиеттері. Флавоноидтар кристалды заттар балқу температурасы өте жоғары. Флавоноидтар, катехиндер, түссіз, сары ал халкондар, флавоноидтар, аурондар, флавондар сары, сары-күлгін болып келеді.

Флаваноидтардың химиялық қасиеті 3 – түрлі факторға байланысты: карбонил, фенолгидроксил топшаларына, ароматты сақинасына байланысты:

1. Карбонил тобының әсерінен жүретін реакциялар. Цианидиннік реакция.

Сары түсті комплекстердің түзілуіне карбонил тобының да әсері бар.







Date: 2016-11-17; view: 1604; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.018 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию