Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
КӘДІМГІ ТҮЙМЕШЕТЕН КҮРДЕЛІГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ
TANACETUM VULGARE L COMPOSITAE (ASTERACHAE) Сипаттама. Түймешетен туысына жататын, биіктігі 1-м-ге дейін жететін, көп жылдық өсімдік. Сабағы түзу, ұзына бойы созылған жаралары бар, жоғарғы жағында бұтақталып жайыла өседі. Сопақша келген жапырақтары жарыса кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді тілімделген. Шеттері ара тісті, жоғарғы жағынан қарағанда қою-жасыл түсті, төменгі жағынан қарағанда сұр-жасыл түсті болып келеді. Гүл тостағаншалары дөңгелек, сары, шатырша сияқтанып топталып тұрады. Гүлдері түтікше тәрізді, майда. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Таралуы. Өсімдік жолдардың жиегінде, егістік жерлерде, шабындықтарда, өзен жағаларында, тұрғын үйлердің маңында, далалы аймақтарда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Жалпы еліміздің Европалық бөлігінде, Кавказ, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірде, Монглоия, Қытай, Солтүстік Жапонияда таралған. Дайындалуы. Дәрілік мақсатта гүл тостағаншаларын /Flores Tanaceti vulgare/ өсімдік гүлдеген кезінде жинап алады. Кептірер алдында гүл тостағаншаларының 4 см-ден ұзындарын алып тастайды. Кептіргіштерде 400С температурада немесе көлеңкелі жерлерде аударыстырып кептіруге болады. Сыртқы белгілері. Гүл себеттері жеке жартылай шар тәрізді, гүл себеттерінің шеңбері 6-8 мм-ге дейін болады. Гүлдері сарғыш, гүл орамдары қоңырқай –жасыл. Иісі өзіне тән, дәмі ащылау. Сандық көрсеткіштері. Ылғалдылығы 13% -тен, 9% -тен, тарайтын себеттері 8% -тен, басқа бөліктер 7%-тен, органикалық, минералды қоспалары 1%-тен жоғары болмауы керек. Химиялық құрамы. Өсімдіктің гүлінде флавоноидты қосылыстар /3,5-4%/ кверцетин, кемпферол, цинарозид, лютеолин, аксиллярин, апигенин, изорамнетин, кверцимеритрин /эфир майы/ 0,9% оның құрамында камфора, альфа, бета туйон, туйол, борнеол, пинен бар. Қолданылуы. Ғылыми медицинада түймешетеннен жасалған дәрілерді ішек құрттарын түсіру үшін, ауыздың және бауыр, өт жолдарының ауруын, тоқ ішектің қабынуын емдеу үшін пайдаланады. Дәрі-дәрмектер. Танацехол, тұнба, қайнатпа. Өт айдайтын, күрт түсіретін қоспалардың құрамына енеді. Сақталу мерзімі 3 жыл.
Date: 2016-11-17; view: 1231; Нарушение авторских прав |