Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Дәрілік өсімдіктер пәні және оның мақсаттары. Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы





ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

Түркістан - 2016

 

Дәрістік сабақтардың әдістемелік нұсқаулары ҚР МЖМБС 3.08.16 - 2009 (23.01.2008, №26 бұйрығымен) және университеттің оқу - әдістемелік Кеңесінде №1, 28. 08.2013 ж талқыланған пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 

 

Дәрістік сабақтардың әдістемелік нұсқауларын дайындаған:

техн.ғ.к., аға оқытушы Турметова Г.Ж.

 

 

Дәрістік сабақтардың әдістемелік нұсқаулары кафедраның № 1, «01». «09».2016ж. мәжілісінде қаралды.

 

Кафедра меңгерушісі _______________ б.ғ.к., доцент м.а. А.М.Бостанова

 

Дәрістік сабақтардың әдістемелік нұсқаулары Жаратылыстану факультетінің №1 хаттама, 02. 09.2016 ж. оқу-әдістемелік Кеңесінде мақұлданды.

 

Жаратылыстану факультетінің Оқу- әдістемелік кеңес төрайымы:

 

________________ техн.ғ.к., доцент м.а. Э.Ибрагимова

 

 

 

Лекция 1,2

Кіріспе. Дәрілік өсімдіктер пәні және оның мақсаттары. Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы

Жоспары:

1.Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы.

2. Ғылыми және халық медицинасындағы өсімдіктер қорының мәні.

3. Фитотерапия.

4. Фармацевтика өндірісінде дәрілік өсімдіктер шикізат ретінде.

5. Дәрілік өсімдіктердің алғашқы қауымдық адамдардың өміріндегі дәрілік өсімдіктердің рөлі.

6.Авиценна, Парацельс, Диоскарид, Плиний, Гален, Гиппократтың еңбектері. Ортағасыр дәуіріндегі медицинаның дамуы.

7. Қазақ халқының халықтық медицинаның дамуындағы рөлі.

8. Қазақстан ғалымдарының дәрілік өсімдіктерді зерттеуде қосқан үлестері. Еліміздегі фармацевтика зауытының өнімдері.

9. Қазіргі уақыттағы дәрілік өсімдіктерді зерттеудің бағыттары.

 

Дәріс мақсаты: Дәрілік өсімдіктердің маңызы туралы түсінік қалыптастыру, қолдану тарихы мен жинау, сақтау ережелерімен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

  1. Дәрілік өсімдіктерді зерттеу және қолдану тарихы.
  2. Дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, сақтау ережелері.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Дәрілік өсімдіктерді зерттеу және қолдану тарихы.Ғалымдар. Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Шумер мемлекетінің емдеу туралы ілімі. Вавилондықтар мен ассириялықтардың жұмыстары. Мысыр елінің еңбектері.Греция дәрігерлері. Диоскорид еңбектері. Рим дәрігерлері: Үлкен Плиний, т.б. Оңтүстік Батыс Азия халықтары. Индия фармакологтары. Тибет дәрігерлері, Қытай, Жапон, Монғол елдерінің оқымыстылары. Ресей, Қазақстан ғалымдары.

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін ір түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн өзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған. Вавилондықтар мен ассириялықтар сол шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер олардан үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, мендуана, жалбыз т.б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп-өсірумен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырып отырған. Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық түсуін жеңілдететін топтарға бөлген. Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол “шипалы қойма” іспеттес. Оңтүстік қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000 –дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар.


Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т.б.

Басқа да дәрілік шөптер: итошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ – бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т.б.


Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз роль атқарған. Греция дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің “Дәрілік заттар” деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүз түрінің қолданылу жолдарын жазған. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі – 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келсе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.

Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим дәрігерлерінің емдік қасиеті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізетін әсері де өте зор. Үлкен Плинийдің айтуы бойынша, римдіктер дәрілік өсімдіктердің мыңнан астам түрлерін тапқан.

Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрлері өте көп.


Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.

Фармаколог Ли Ши-Чжень он алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған.

Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.

Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни “Китаб – ас - сайдана” деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық түрін жазған.

Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік өсімдіктерді пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға, керекті оқулықтар жазып шығаруға көп көңіл бөлінген. Петр 1 кезінде Петербург қаласында дәрілік бау-бақша ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жұмыстары қолға алынды. Арнайы экспедициялар құрылып, табиғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы уақытта жергілікті жерде өсетін көптеген өсімдіктерді (кенеден, адыраспан т.б) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.

Совет үкіметі құрылғаннан кейін, 1921 жылы “О сборе и культуре лекарственных растений” деген арнайы декрет жарияланып, дәрігерлік мекемелерге дәрілік өсімдіктер өндіру жұмысын жақсарту міндеттелді. Бұл жұмысты әрі қарай күшейту жұмысында 1925 жылы ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті дәрілік өсімдіктерді пайдалануға арналған Бүкілодақтың кеңес өткізген. 1931 жылы дәрілік өсімдіктерді пайдалануға ғылыми негіз беру үшін Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылған. Осындай маңызды шаралардың іске асырылуы арқасында дәрілік өсімдіктердің кең түрде денсаулық сақтау ісіне пайдаланылуы ғылыми тұрғыдан қаралып, дұрыс жолға қойыла бастады.

Қазіргі кезде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді жинаумен дәрі жасап шығару өндірісін толық қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін ескере отырып, шаруашылықтарда дәрілік өсімдіктер егілетін плантациялар құрылды. Украинада, Қазақстан мен Молдовада, Грузияда, Белорусияда, Латвия республикасында осындай совхоздар ұйымдастырылды.

Бұл шаруашлықтар елімізге керекті шикізаттың алпыс процентін ғана қамтамасыз етеді. Совхоздардағы плантацияларда дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау өте көлемді және қызу науқанмен жүргізілетін жұмыс. Мысалы, фармацевтік өндірістің бір жылына керекті сегіз жүз тонна жас гүл шоғын 2 апта ішінде жинап үлгеру керек. Өйткені, жинау мерзімі өтіп кетсе, ол қурап, пайдасыз болып қалады. Міне, осыншама мөлшерде және тығыз уақыт ішінде дәрілік өсімдіктерді жинап алу оңайға түспейді. Дегенмен, жұмыстың ауырлығына қарамастан, халыққа керекті препараттарды дайындау үшін 1950 жылы он алты мың тонна, 1960 жылы отыз мың тонна, 1970 жылы отыз мың тонна, 1980 жылы елу мың тоннадан астам дәрілік өсімдіктер жиналады. Бұл өсімдіктерден стрихнин, атропин, платифилин, резерпин, хинидин, аймалин, тағы басқа көптеген препараттар алынады. Жалпы қолданылып жүрген препараттардың 40 процентін осы дәрілік өсімдіктерден жасалған.

Дәрілік өсімдіктер. Өсімдіктердің бұл тобының емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, белок, углевод, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды соның тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Осы қасиетінің арқасында олар көптеген елдерде жалпы тағамның бір түрі болып есептеледі. Франция тұрғындары қайнаған ыссы суға қантты езіп, аюбалдырғанның уақталған жапырақ сабағының үстіне құйып тәтті тағамдар жасайды. Ал солтүстік жақтың тұрғындары аюбалдырғанның жас бұтақтарын уақтап салат жасайды немесе басқа тағамдарға қоспа ретінде пайдаланады. Оның әсіресе дәні мен екі жылдық тамыры хош иісті келеді. Сондықтан оларды ыстық тағамдарға дәмдеуіш ретінде, тағам толық пісуге 3-5 минут қалғанда қосады. Жаңа жиналған тамырынан тосап, цукат жасайды. Кептірілген тамыр ұнтағын жұпар иіс беру үшін нан илегенде ұнға араластырады. Тамыр ұнтағын қуырған етке салуға, шай демдегенде қосуға болады.

Витаминдерге өте бай өсімдіктердің бірі – қалақай. Бұл өсімдіктің жас жапырағынан щи, салат жасайды. Кавказ елінің тұрғындары оның жас жапырағын тұздап, шайға, етке қосып пісіреді. Ал Грузия жерінде қалақайдың жас жапырақтарын уақтап кесіп, үстіне сірке қышқылын және май қосып, тұз, бұрыш салып салат жасайды. Кептірілген жапырақтарын ұнтақтап нан илейтін ұнға қосады. Бұл жағдайда, 400 грамм ұнға 100 грамм қалақай жапырағының ұнтағын қосу керек.

Міне, өсімдіктердің осындай пайдасын, әсіресе қалалық жерлерде толық кәдеге жарату жүйелі түрде жүргізілгені дұрыс. Өсімдіктердің қала тұрғындарының денсаулығын сақтауға тигізетін пайдасы архитектуралық жоспарлау кезінде ескеріліп, қалалық жерлерде парк, сквер, бульвар санының көбеюіне болашақта да көңіл бөлінуі керек.

Өсімдіктер атмосферадағы зиянды газдарды сіңіруде де айтарлықтай роль атқарады. Негізінде улы газдар завод, рудник тағы басқа өндіріс орындары бар және көшелерімен үнемі автотранспорт жүретін қалаларда өте көп болады.

Адам денсаулығын сақтау жолындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Оның негізгі тұтқасы - өзіміз тіршілік етіп отырған ауа. Ол әр түрлі зиянды қосылыстардан таза болса ғана халықтың дені сау болатынын естен шығармауымыз керек. осыған байланысты ауа кеңістігін таза ұстаудың нақты жолдарының ең негізгісі- өсімдік дүниесі екенін білген орынды. Сондықтан жасыл желектің көптеген отырғызылуы, оларды қорғау халық игілігіне керекті бүкіл адамзат алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Бұл әсіресе, қазіргі өндірістің сала-сала болып дамыған шағында бүкіл ел болып, бірге жүргізетін жұмысы.

Дәрілік өсімдіктер адам өмірі мен денсаулығының маңызды көзі болған және болады да, сондықтан оған деген қажеттілік денсаулықты сақтау мақсаттарына жыл сайын өсуде. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныстың өсуіне байланысты, оларды табиғи әсерлерде дайандау өсті, бірақ оның өзі қазіргі уақытта өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге қабілетсіз. Көптеген дәрілік өсімдіктер регенерациялық қабілеттілігінің төменділігімен сипатталады, олардың жер астының бөлімі орташа есеппен 3-8 жылда қалпына келеді.

Ыстық жаздың жағдайлары және егудің, өңдеудің агротехникалық шарттарын құру Оңтүстік Қазақстанда тропикалық және субтропикалық өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік жасайды, сондықтан дәрілік өсімдіктерді культурада интродукциялау мен өсіру олардың қолданылу аумағының кеңеюіне жол алады.

Культурада егілген дәрілік өсімдіктерді қолданудың жабайы өсетін шикізат жинақтарына қарағанда бірқатар артықшылықтары бар, өйткені табиғи ресурстардың әлсіздеу қауіптілігі төмендейді және өңделуге жоғары сапалы шикізатының едәуір бірқалыпты партия өсіру қадағалауымен қамтылған.

Оңтүстік Қазақстан ТОО “Химфармға”, сонымен қатар түгелдей республикадағы болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан Республикамыздың төрттен жоғары ауданын алып жатады, ол жерлік – климаттық жағдайларының әртүрлілігімен сипатталады. Ауданның Оңтүстігі мен Шығысы Тянь-Шань тайлы жүйесімен көмкерілген. Таулардағы климат түзілудің маңызды факторы биіктіктерге қатысты өзгеретін рельф болып табылады. сондықтан, әсіресе Оңтүстік Қазақстаның климаттық контрастылары үлкен, ондағы қуатты таулы бөктер (Джунгар, Займискалық, Қырғыздық, Таластық және Теріскей алатау т.б.) ауа бағытын өзгертеді. Осының барлығы формирлену үшін әртүрлі экономикалық шарттар мен экожүйелерді құрады.

Әсіресе Қаратаудағыны атап өтуге болады, онда көптеген эндемикалық және ирек кездесетін өсімдіктер өседі. Мұнда дәрілік препараттардың көзі ретінде перспективті болып табылатын көптеген өсімдіктер бар, сонымен қатар қыстың суығына тұрақты және құрғақшылыққа төзімді культуралды өсімдіктердің сорттарын селекциялауда үлкен қызығушылық тудыратын өсімдіктер кездеседі. Тек Оңтүстік Қазақстанда ғана бағалы, пайдалы өсімдіктердің өндірістік мәні бар тоғайлар кездеседі, мысалы, Северцев унгериясы, костянковая проролеясы және т.б. мұнда негізгі өндірістік егістер, ең атақты дәрілік өсімдік – қырықбуын эфедрасы орналасқан.

Төтенше әртүрлі физико-географиялық жағдайлары осы аймақтың байлығын, өзіндік нұсқалылығын, тіпті флора мен өсімдік ресурстарының уникалдығын анықтауды, жергілікті (Artemisia cina Berg, Helichrusium maracandicium M.Pop) және бөтен аймақтық өсімдіктерді (Solanium avicula forst, Cassia acutigolia Del., Catharanthus roseus т.б.) культивирлеуге мүмкіндік берді.

Дерменені культураға енгізудің алғашқы тәжірибелері ВИЛАР – дың қызметкері С.А.Суетинмен Оңтүстік Қазақстанда жүргізілді және зерттеулері оңды нәтижелер берді.

Т.Н.Джанабаев Шымкент облысы шарттарында үшкір жапырақты кассийдің биологиялық ерекшеліктерін оқып білу мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізді және эффективті әдістерін өңдеді, кейін “Дармин” совхозына енгізуді көздеуі Оңтүстік Қазақстандағы қызмет катарантустың биологиялық ерекшеліктері мен өнімділігін А.М.Маралбаев зерттеді.

Бұл шаруашылықтарда осы культуралардың айтарлықтай жоғары өнімді және шикізатты дайындауды жүргізуге мүмкіндік туғызды. Осының негізінде зауыт формацияға саласодин, антросенин, глауцин, мукалтин және т.б. сияқты бағалы жартылай фабрикаттарды шығарды.

Қазақстанның оңтүстік – шығыс, оңтүстіктің аридтік шарттарында самарқанд өлмес гүлді өсімдігінің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, жасау әдістері зерттелді. Самарқанд өлмес гүлді өсімдігінің культурасы өндірістік плантацияларда өндірістік зерттеулерден өтті.

Сонымен, Оңтүстік Қазақстанда әртүрлі флоралық аймақтардың дәрілік өсімдіктерін культивирлеуге болады. Осыған байланысты күлгін эхинацеясы үлкен қызығушылықты туғызады.

Эхинацея тұқымының 5 түрі бар, оның екеуі Мексикада, үшеуі Солтүстік Америкада өседі.

Түр алғаш рет К.Линнеймен 1753 жылы Рудбекия күлгіні – Rudbekia puppurea L. Деген атпен жазылған. 1794 жылы К Moench күлгін және қызғылт гүлдердің, қатты тікенектілігіне, гүл күлтесі жапырақшаларының өткір бізді ерекше белгілерін пайдалану арқылы эхинацеяны жеке бір түрге бөліп алды.

“Эхинацея” атауы – “күлгін” деген сөзден шыққан. Медицинада үш түрі қолданылады: Asteraceae Dumort тұқымдасына жататын ең кең таралған Echinaceae puppurea (L) Moench, E.palliada (L) (Nutt) және E. Angustigolia.

Дәрілік шикізаттың көп мөлшердегі бөлігін табиғаттан жинастыру жолы арқылы алады. Дәрілік өсімдіктердің шикізат қорын дайындау кезінде жеке түрлер бойынша берілген әдістемелік ұсыныстарды, қолданылатын өсімдіктер барлығына дерлік құрастырылған нұсқаулықты сақтаған жөн. Бір жерде өскен өсімдік түрлерінің шикізат қорын қайтадан жинастыру тек 2-3 жыл өткеннен кейін ғана жүргізу қажет, себебі өсімдіктің әрбір популяциясы кезеңдік қайта жинастырудан кейін өзін өзі қалпына келтіру қабілетін сақтай алу қажет. Жинау орнын, өнімді қопаларды дұрыс таңдаумен бірге, шикізаттың өзін жинау бойынша ережені мұқият сақтаған жөн. Өсімдіктің негізгі бөліктері бойынша жинау мен кептіру жөніндегі жалпы қсыныстарды айта кетейік.

Бүршігін жинау. Қабығын жинау. Жапырағын жинау. Гүлдерін жинау. Жер үсті мүшелерін – шөбін жинау. Жемісін (өсімдіктің тұқымы мен жемісі) әбден піскен кезде жинайды. Түйнегін, тамырын, тамырсабағын күзде жинайды. Улы өсімдіктердің тамырын жазда гүлдей кезінде жинайды. Суық сумен жуып алып кептіреді, тез кебу үшін ірілерін бөледі, кепкен тамырларды дорбада (қапта) сақтайды, сақтау мерзімі 3 жыл.

 

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:

  1. Адамзат баласы дәрілік өсімдіктерді қай уақыттан бастап қолданып келеді?
  2. Өсімдіктердің әр түрлі мүшелерін жинау, сақтау, кептіру ережелерін ата.

Әдебиеттер: [1],[2], [4-10]

Лекция







Date: 2016-11-17; view: 2076; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2025 year. (0.816 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию