Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырыбы: Қазақстан флорасындағы татымды (тағамдық) өсімдіктер.
Жоспары: 1.Пияз. Шнитт пиязы.Жұпар пиязы. 2.Сарымсақ. 3.Бұрыш –жалбыз. Лекция мақсаты: Татымды (тағамдық) өсімдіктер мен таныстыру. Лекция мәтіні: Пияз. Жер жүзінде пияздың 400-ден астам түрі кездеседі, солардың ішінде пияздың әр алуан мәдени түрлері және сарымсақта бар. Пияздың түрлері мен сорттарының қашаннан көп өсірілгені сонша, Көне Римде пиязды өсіру үшін арнаулы бақша болған. Антик дәуірінде пияздың әр алуан түрлерінің емдік қасиетін өте жоғары бағалаған. Пияз жауынгерлерге күш береді, оларды жау жүрек етеді, жарақаттарынан айырады. Порей-пиязында көміртегі көп, сондықтан да ол тым ащы емес әрі минералдық заттары да мол, құрамында калийдің болуы себепті порей-пиязын бүйректегі тасқа қарсы, сарп ауруына, подаграға және семіруге қарсы пайдаланған жөн. Порей-пиязы бауырдың қызметін жақсартады. Оны атеросклерозаға, шаршап шалдыққанда да ұсынады. Басты пияздың ішек құртына қарсы емдік қасиеті бар. Пияздағы заттар атеросклероздың ұлғаюын тежейді, зат алмасуға және қандағы холестериннің бір дәрежеде болуына ықпал етеді. Қант диабетіне 1-2 жуашықты бұқтырып, пісіріп немесе шикілей қосымша жеу керек. Пияз асқорыту мүшелерінің жұмысын реттейді, тәбет ашады, асқазан сөлінің бөлінуіне әсер етеді, осының көмегімен ішек пен асқазан астындағы бездің қорыту ферменттері жасалады. Пияз қабығынан жасалған сулы тұндырманың да емдік қасиеттері бар, ол организмді әр түрлі қалдықтардан арылтуға көмектеседі. Басты пиязды халық медицинасында несеп айдайтын деру ретінде қолданады. Пияздың жаңа сөлі қатпаға, геморройға жақсы әсер ете алады. Қытайда батун-пиязды асқазан ауруларына, тер шығару және ауруды басу дәруі ретінде, сондай-ақ іріңдікке де қолданады. Басты пияздың суы мен ботқасын күйікке, үсікке жағады. Пияздың сөлімен (оған майсана майын қосып) немесе пияз қабығының тұндырмасымен шаш түбін ысқылау, оны нығайтуға әсер етеді: пияздың сөлін меңді, сепкілді, безеулерді кетіруге пайдаланады. Көк пиязда аса бағалы. Оның бойындағы кальций, фосфор, темір тұздары қан азайғанда профилактика үшін қажет, ал кальций тіс ауруларына пайдалы. Пиязды емдік мақсатқа қолданудың көптеген әр түрлі және қарапайым рецептері бар. Жөтелге: ұсақ туралған пиязды эмальды ыдысқа салады, оған қант қосады да біраз уақыт жауып қояды. Жиналған сөлін бір ас қасықтантәулігіне 4-5 рет ішеді. Созылмалы тонзилитте пияздың су қосқан сөлімен тамақты шаяды. Тұмауға: үйде ингаляция жасау қолайлы. Бұл үшін стаканның түбіне 1-2 ас қасық үгітілген пиязды салады. Стаканды воронка тәрізді қалың қағаз бен жабады даыстық су құйылған ыдысқа қояды. Содан соң воронканың жіңішке жағын мұрынға тақап, демді ішке тартады. Осы процедураны тәулігіне 3-4 рет қайталау керек. Іріңде не сыздауық шыққанда теріні жұмсарту әрі ірің мен сыздауықтарды пісіру үшін оларға кесіліп пісірілген пияз тартады. Үгіліп сары маймен араластырылған не езіліа піскен пиязды күйген жерге тартады. Сонда бадырайған тыртық қалмайды. Басты пияз – шыққан жері Орта Азия мен Ауғанстан. Ол суыққа төзімді. Пияздың басқа бірқатар түрлерінде жабық жапырақшаларына қарағанда ашық жапырақшаларының саны басым келеді. Жапырақтары іші қуыс, тікелей жуашықтан таралады. Екінші жылы гүлді сағақтары көтеріліп, 1,5 м дейін жетеді де шар тәрізді жай шатырланып бітеді, жас кезінде қап кигендей болып көрінеді. Кейде шоқ гүлдерде гүлден басқа ұсақ үлпілдек жуашықтар өседі. Мәуесі – құрғақ үш қырлы, үш ұялы қауашақ. Дәндері екі-екіден ұяда орналасқан, пияздың барлық басқа түрлері сияқты, хитин қабығымен қапталған, сондықтан суда өте баяу бөртеді. Тұқым арқылы өсіргенде, суды нашар өткізетіндіктен оны себер алдында суға салып жібітеді, мұның өзі пияздың көктеуін 3-4 тәулікке тездетеді. Себілгеннен кейін 2-3 аптада көктей бастайды. Оңтүстік аудандарда бір жылдық дақыл кең тараған. Тұқымды топыраққа себеді не 50-60 тәулікте көшет өсіреді, сөйтіп сол жылы-ақ ірі жуашықтар алады. Көк жапырақты пияз алу үшін оны көктемде және жазда ашық топыраққа, ал қыста және ерте көктемде – парниктер мен теплицаларда өсіреді. Пиязды ерте көктемде отырғызады. Сондай-ақ аяз түскенше жуашықтың тамыр жүйесі 10-15 см өсіп, ал жапырақтары өспеуі үшін, пиязды қыркүйекте-қазан айында қысқа қарай отырғызады. Өнімді тез алу үшін ерте көктемде пиязды полимер пленкасымен бүркейді. Басты пияздың вегетативтік жолмен өсіп-өнетін түрінің бірі – шалот-пиязы. Шалот-пиязының шыққан жері – Солтүстік-Шығыс Африка. Шалоттың жапырақтары үлпілдек, ал жуашығы онша ащы емес, көпұялы. Порей – пиязы – шыққан жері Жерорта теңізі, екі жылдық циклмен өніп-өседі. Жуашығы сәл ісінгендеу. Жапырақтары жайпақ, ұзынша, ұзындығы 60 см-дей. Жуан жалған-сабақ (аяқ) түзейді. Екінші жылы ірі шоқ гүлді қуатты сабақ пайда болады. Порейді құнарлы тыңайтылған топырақта өсіреді. Қазақстанда аудандастырылған сорттардың ішінде Болгарский сортының сабағы жуан, ұзындығы 60-70 см, диаметрі 5-7 см, дәмі нәзік, тәтті; Карантанскийдің жапырақтары желпеуіш тәріздес, қысқа, мықты сабағы бар, қысқы суыққа өте төзімді келеді. Шнитт-пиязы. Көкті ең ерте береді, өзінің дәмімен де көзге түседі. Бұл көп жылдық дақыл, қысқа төзімді. Мұны дәмі онша ащы емес жіне анағұрлым нәзік көк пияз алу үшін өсіріледі. Шнитт-пияздың жуашығы ұсақ, сопақша, көптеген құрғақ жапырақшалармен бүркелген. Вегетациялық кезең бойына жуашықта вегетативтік бүршіктердің қалыптасу процестері жүріп жатады, сондықтан пияздың бұл түрі әсіресе көп тармақтануымен ерекшеленген. өсімдік үш-төрт жылдығында 100 тармақ шығады, сөйтіп ол тығыз мықты бұта түзейді. Бір бұта да жас та, кәрі де тармақтар болады, сөйтіп екінші жылдың өзінде-ақ жуашықтың жартысы сабақшалар түзейді. Ал екінші, әсіресе үшінші жылданбастап, сабақшалардың саны мықтап көбейеді, мұның өзі пиязды жапырақтары 20 см-ге жетісімен-ақ қырқуды қажет етеді. Қырыққанда, жапырақтармен қатар өсе бастаған сабақшалардың жартысын кеседі; олар өте ұсақ (биіктігі 30-32 см), биязы, аса сөлді және де өнімнің сапасы кемімейді. Батун-пиязы – басты пиязға тұқымдас, соның жақын түрі, оны кейде суыққа төзімділігіне қарай-қысқы пияз деп те атайды. Шыққан жері – Қытай. Шатол-пиязға қарағанда батун-пияздың жуашығы білінер-білінбес цилиндр формалы, ол түтік тәрізді жапырақтары бар жалған сабаққа ауысады. өсімдік бірінші жылы бұтақтанып, көптеген түйнек жуашықтар түзейді. Екінші жылы гүлді сабақ береді. Тұқыммен, бұтаны бөлумен өндіріп-өсіреді. әртүрлі топырақта өсе береді. Бірақ бір жерде екі жылдан артық өспейді. Батун-пияздың тыныштық кезеңі онша ұзақ емес 1,5-2 ай), ал желтоқсанда теплицаға көшіріп отырғызуға болады. Көк пияз өсіру үшін үш жылдық өсімдікті пайдалану керек, өйткені жаппай сабақтанатын болғандықтан одан әрі өсіру тиімсіз. Қабатты пияз – жабайы күйінде Алтайда өседі. Суыққа өте төзімділігінен солтүстік аудандар үшін үлкен маңызы бар. Қабатты пияздың жапырақтары түтік тәрізді, батун-пиязға қарағанда аса биязы. Жер астындағы жуашығы батунға қарағанда ірірек келеді және басты пияздікі сияқты құрғақ жапырақшалары бар, бірақ құрғақ солғын сағақ түземейді. Қабатты пияздың негізгі ерекшелігі – гүлді сабақтарының құрылымында: сабақтың ұшында гүлдер мен дәндерінің орнына 2-4 қабатты ауалық жуашықтар (түйнекшелер) құралады, ірілеу бірінші қабатта болады. Кейде гүлдің шанақтары түйнекшелер арқылы өркендейді, бірақ кейіннен ашылмай, солып қалады. Тамыры түкті: жер астындағы жуашығының немесе түйнекшенің алғашқы жылдың аяғында 40-50 жіңішке тамырлары болады. Мұның тамыр жүйесі басты пиязға қарағанда күштірек өркендейді. 3-4 жылда ұзындығы 1,5 м жетеді, ал көлденеңі 70 см дейін созылады, айта кету керек, тығыз топырақта жоғары қабатқа жақын өседі, ал жеңіл топырақта – аса тереңдеп кетеді. Күзгі-қысқы кезеңде тамыр жүйесі толық солмайды, тек 50% солады, сондықтан жердің тоңы жібісімен-ақ пияз көктеп өсе бастайды. Жоғарыда атп өткендей, бұл суыққа төзімділігімен де бағалы, көк күйінде 70С дейінгі шамалы аяза, ал қардың астында – 500С аязға шыдайды, сірә, бұл тамыр жуашығында құрғақ заттардың, әсіресе сахарозалардың көп болуынан шығар. Қабатты пиязды бір жылдық және көп жылдық дақыл ретінде өсіріледі. Бұл өте пайдалы, өйткені ауалық жуашықтар өте нашар сақталады – тек төмен температурада (00С шамасы) сақтап, қыс түсісімен қарға көміп тастайды. Ауалық жуашықтарды қысқа қарайда отырғызуға болады, тек ол тамыр жайып, ал жуашықтары өспеуі керек. Слизун-пиязы – аязға төзімді түрі, сондықтан солтүстік аудандар үшін өте бағалы. Жапырақтары етті, шырынды, жуан. Жуашығы өте қысқа, түбі нашар дамыған көгентамыр болып саналады, онда айнала жуашықтар орналасқан. Тамыр жүйесі 15-20 жіңішке тамырлардан тұрады, олар 60 см тереңдікке кететін қуатты тамыр түгін құрайды. Ерте көктемде (сәуір айының ортасында) өсе бастайды. Бүкіл вегетациялық кезең бойына бұтақтайды, екінші жылы 3-4 бұтақ өркендейді, солардың ішінен өткен жылғылары гүлді сабақ шығарады. Слизуннің жеке бұтақтары жеңіл тамырланады да дербес өмір сүре бастайды. Көктемде пленка астында жақсы көктеп шығады. Жұпар-пияз – Азия еледрінде көбірек белгілі, шырынды, биязы (сызықтық) жапырақтары бар. Бұл көп жылдық, қысқа төзімді (-5-60С аязға төзеді) дақыл. Жуашығы цилиндр тәрізді, ол жалған сабақтың жалғасы сияқты. Түпте шырынды ақ жапырақшалар тығыз орналасқан, олардың арасында вегетация процесінде үздіксіз өсіп отыратын вегетативтік бүршіктер дамиды, жұпар-пияз сондықтан кешеуіл күзге дейін бұтақ жаяды. әрбір бұтағында 5-6 жапырақтан болады. Бірінші жылы 3-4 бұтақ өркендейді, екінші жылы 12, үшінші жылы 18-20 бұтақ өседі. Екінші жылы пайда болған жаңа бұтақьар сабақтанады. Гүл шоғыры (шатыры) борпас келеді. Жапырақтарын вегетациялық кезең бойына, олардың сапасы қыркүйек айында жақсы болса екі ретке дейін қырқуға болады (бұл тамыздың орта шеніне келеді). Жұпар-пияз пленка астында жақсы өседі, неғұрлым сапалы өнімді 10-12 тәулік ерте береді. Пияздың ең көп тараған ауруы – жалған ақұнтақ (пероноспороз). Ауру маусым айында жапырақтарда, одан кейін сабақшаларда сәл ақшыл-сұрғылт бозамық пайда болудан басталады. 2-4 тәуліктен кейін зақымданған жерлер сарғаяды, одан соң, қарақошқыл-көк басып, екінші рет зақымдануы нәтижесінде қараяды. Мұндай жапырақтар тағамға жарамайды. Сабақтардың зақымдануы дән мен ауалық жуашықтардың түсімен кемітеді, өйткені зақымдану алдында сабақшалардың дәндері жақсы қалыптасады да, қоректік заттар дәндер мен жуашықшаларға ағып кетеді. Пияздың зиянкестері – жуа шыбыны, жуа (тамыр) кенесі басты пиязды, батун-пиязды, қабатты және шнитт-пиязды зақымдайды, ал жұпар-пияз бұлардан зақымдалмайды. Жуа шыбындары мамырдың орта шенініде ұшып келеді де жаз бойына 3-4 қайталайды, ең қауіпті кезең – мамыр, маусым, өйткені вегетацияланушы пияз оларды қатты еліктіреді. Шыбын өзінің жұмыртқасын ең алдымен басты пияздың учаскесіне салады, 5-6 тәуліктен кейін личинкалар жуашықты кеміріп, түп жағына орналасады. Зақымдалғанөсімдік солады да 2-3 апта ішінде қурап қалады. Ұсақ, ақшыл жуа кенесі түпте және құрғақ жапырақшаларда өседі. Пияздың көгі витамин ретінде жыл бойына, әсіресе көктемде, жетіспейтін витаминдердің орнын баатын басқа көкөністердің жоқ немесе аз кезінде өте қажет. Батун-пиязды бір жылдық дақыл ретінде бұқтырма егіспен өсіріп, шілдеден бастап қатты суық түскенше (қазанның аяғына дейін) пайдалануға болады. Шнитт-пиязының көгін өте қысқа мерзімде – мамырдың ортасынан маусымның ортасына дейін ғана пайдаланады. Қабатты пияздың да көгін осы мерзім ішінде пайдалануға болады. Пияздың жапырақтарын тұздап және кептіріп ұзақ сақтауға бодлады. Жапырақтарын тұздау үшін: сәбізбен қосып турап (100 г сәбізге 1 кг пияз қосады), оған 4-5 % тұз ерітндісін құяды да 0+50 сақтайды, түсі, дәмі бұзылмайды, мұны балық және ет тағамдарына қосуға, тұздық ретінде пайдаоануға болады. Шнитт-пияздан басқа барлық пияздардың көктерін ақжелкен мен аскөктің жапырақтарымен, тамыржемістерімен қосып кептіреді. Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып отырады. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. 2006 жылы француз ғалымдары сарымсақтың қасиетіне қатысты өз зерттеулерінің нәтижесін жариялаған болатын. Бұл зерттеу Францияның солтүстік-шығысындағы әйелдер арасында жасалған көрінеді. Тәжірибе көрсеткеніндей, сарымсақты көп қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны басқа сарымсақты сирек қолданатын әйелдерге қарағанда аз болыпты. Парсылықтар геморойды сарымсақтың түтінімен булап емдеу әдісін қолданады. Шағындау темір құтының түбіне қатты қыздырыл-ған кірпішті салып, одан кейін үстіне ұсақ етіп кесілген сарымсақты салады. Сарымсақ күйіп, түтіндей бастағанда сырқат құтының үстіне отырып емделеді. Бұл әдіс қажетінше қайталанады. Ежелгі римдіктер сарымсақтың қасиетін танып, оны легионерлерге күнделікті тамаққа қосып беріп отырған. Ертеде кейбір елде сарымсақты тұмар ретінде тағып, аурудан сақтанған. Сарымсақтың негізгі қасиеті оның құрамындағы эфир майы мен фитонцидте. Қолқаны қаритын эфир майы 2-3 метр аумақтағы микробтарды жойса, ондағы фитонция түрлі аурулардың таяқшасын 5 минутте өлтіреді, астың қорытылуын жақсартады. Асқазан, ішек, жүрек ауруларының да бірден-бір емі – сарымсақ. Ол қан айналымын реттейді, аурудың асқынуына жол бермейді. Қарапайым сарымсақтың халықтық медицинада мың сан ауруға ем.
Сарымсақ – тағамдық және шипалық бағалылығы жағынан пияздан кейінгі екінші өсімдік. Сарымсақ дақыл ретінде 6000 жылджан астам уақыттан бері белгілі. Көне Египетте оны күш береді, ержүрек етеді деп есептеп, тұмар етіп таққан. Бұл өсімдік перғауын Тутанхамонның атақты мазарынан табылған және көне шумерлер рационының негізгі элементінің бірі болған. Көне Египетте, көне гректер мен римдіктер сарымсақты эпидемия (тырысқақ, оба) аурулары кезінде кең қолданған. Химиялық құрамы жағынан сарымсақ басты пияздан анағұрлым бай, онда көмртегі, азоттық заттар, минералдық тұздар, витаминдер көп. Оның үстіне сарымсақ фитонцидтерінің анағұрлым күшті бактерицидтік әсері бар. Сарымсақтың өткір иісі оның бойындағы амин қышқылы “аллининге” байланысты. Сарымсақтың иісін кетіру үшін жас ақжелкенді шайнау керек. Термикалық өңдеуден кейін (ыстық суға қайнату) немесе сорпа пісірген және асты бұқтырған кезде сарымсақтың өзіндік иісі жойылады. Айта кету керек, шығыс халықтары сарымсақтың С витаминіне бай көк жапырақтарын да қолданады. Сарымсақтың, порей-пиязы сияқты, жайпақ науа тәріздес төменгі жағы сүйірлеу жапырақ алақандары бар. Сарымсақтың бірнеше құрғақ үлпілдек қабықшамен қапталған күрделі жуашығы көптеген (30 тарта жапырақша) бөліктерден тұрады. Гүл шоғында (гүл сабақтарының биіктігі 1,5 м жетеді) кейде гүлдердің орнына “ауалық жапырақтар” да шығады. Бір жылдық дақыл ретінде өсіреді. Екі түрі – сабақтанбайтын (сабақсыз) және сабақтанатын (гүлді сабақтар түзейді) болады. Сабақтанатыны күздік, оны күзде, суық түсерден 5-6 апта бұрын отырғызады. Жаздық түрін көктемде топыраққа отырғызады. Жаздық түрін көктемде топыраққа отырғызады, ол күзге таман жуашықтар түзейді. Көктемде отырғызу үшін жуашықты –1-30С сақтайды. Аса ірі күрделі жуашықтардан алынған жарнақшаларды отырғызады. Қазақстанның солтүстік аудандарында сарымсақты аяздан сақтау үшін топырақтың үстіне қалыңдығы 5-6 см етіп бір қабат шірінді немесе шымтезек төгеді. Ол қысты күні қарды тоқтатады, ал көктемде жердің тез жіпсуінен сақтайды, топырақтың қатқақтануына кедергі болады. Сарымсақтың сабақтанатын түрінің сабағын қырқу керек, сонда өнімнің сапасы жақсарады. өнімді жапырақтары солған кезде жинайды. Аса пісіп кеткен сарымсақ нашар сақталады. Жапырақтар жуашықтан 3-5 см биіктікте солады. Бұрыш-жалбыз. Жалбыздыцң хош иісін көне гректер мен римдіктер жоғары бағалаған, оның иісінде жақсылықтың нышаны бар: көңіл көтереді, ұнамды әңгімеге жол ашады деп есептеген, сондықтан бұлар, атақты қонақтар келер алдында бөлмеге жалбыз суын бүрку римдіктерде дәстүрге айналған-ды. Рим тарихшысы Плиний Үлкен өсімдіктің ой қызметін келелендіретін қасиеті бар деп есептеп, жас жалбыздан жасалған венокты басына үнемі киіп жүретін болған. Бұрыш-жалбыз – көп жылдық қалың бұталы, тамырлы, шөпті ерінгүл тұқымдас өсімдік. Көгентамыр буындарынан жіңішке бқтақты қосалқы тамырлар таралады. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, қысқа сағақты, екі жағынан майлы безшелермен көмкерілген, осы безшелер эфир майларын бөледі, дәмі тілді қуырарлық ащы болғандықтан да аты – “бұрыш” жалбыз деп аталған. Гүлдері ұсақ, қызғылт-күлгін түсті. Аталық мүшелерінің тозаң қабы нашар дамиды, сондықтан өсімдік көбіне тұқым бермейді. Мәуесі құрғақ, тостағаншаға орналасқан төрт жаңғақшадан тұрады, сирек піседі. Бұрыш жалбызының екі түрі бар: қара, жапырақтары мен сабағы қоңырқай, қызғылт-күлгін реңді және ақ, сабағы мен жапырақтары ашық-жасыл түсті. Ақ түрі ерте гүлдейді, нәзік хош иісті майымен көзге түседі, бірақ аяз бен қуаңшылыққа төзімсіз. Жалбызды бұрын капуста, қияр, картоп, басты пияз егілген жерге еккен жөн. Вегетативтік жолмен өніп-өседі: атпа бұтақтар, яғни көгентамырдың бүйір тармдары отырғызылатын жақсы материал болып табылады. Жалбызға аурулардың ішіндегі ең қауіптісі – тот, ол ылғалды жылдары және азот тыңайтқышының тым көп болуынан пайда болады. Ауруға шалдыққан жапырақтарды қырқып тастау керек. Жалбыздың жапырақтарын, сондай-ақ жапырақ жегіш – қалқан тұмсықты көк қоңыз зияндайды. Профилактикалық шаралар - өсімдіктің қалдықтарын жою және өсімдікті қырыққан кезде сабақ-жапырақшаларды қиып тастау керек. Жалбыздың жақсы сорты - №549. қысқа неғұрлым төзімді және онша тотықпайтын дақыл. Қолданылатын әдебиеттер тізімі: а) негізгі: 1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956. 2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942. 3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана.1948. 4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999. 5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946. 6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С. 7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С. 8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С. Осымша 9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955. 10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966. 11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969. 12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с. 13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997. 14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С . Лекция №9 Date: 2016-11-17; view: 778; Нарушение авторских прав |