Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық белсенділігіне байланысты классификациясы
Дәрістің мақсаты: Қазіргі кездегі дәрілік өсімдіктердің ресурс жағдайы және оларды тиімді пайдалану мәселерімен таныстыру. Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
4. Зәр айдайтын өсімдіктер. 5. Өт айдайтын өсімдіктер
Дәрістің қысқаша мазмұны: Табиғи биологиялық құрамның бір бөлігі болып табылатын өсімдіктер ресурсы экологиялық және антропогендік факторлардың әсерінен қазір күрделі, тіпті орны толмас өзгерістерге ұшырауда. Соның нәтижесінде бүтіндей өсімдіктер кешені, қоғамдастығы толығымен жойылуда. Экожүйенің құлдырауы – өсімдіктер құрылысының анайыланумен, алуан түрлі биологиялық түрлердің жоғалуымен, олардың маңызды функциональды және ресурстық өнімдерінің азаюымен байқалады. Қазіргі уақытта ресми түрде танылып отырған 262 дәрілік өсімдіктердің Қазақстанда жабайы өсетін 124 түрі және 50 қолдан өсірілетін фармакопеялық түрлері бар. 57 жабайы өсетін дәрілік өсімдіктер үшін шикізат қорлары туралы мәліметтер бар, кейбіреуі үшін жыл сайынғы дайындалатын көлем мөлшері де анықталған. Оның ішінде 20-ға жуық түрі сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан емдік түрлеріне жатқызылған. Осыған байланысты шикізат қорының қазіргі жағдайын бағалау өзекті мәселе болып табылады, ең біріншіден дәрілік өсімдіктер, себебі дәрілік шикізат қорын жинастыру кезінде болатын үнемі жер үсті фитомассаның жаттануы олардың бағалық популяциясының құрылымдық өзгеруіне әсер етеді. Дәрілік өсімдіктердің көбі (80 %) таудың экожүйесінде өседі. Тек бұған мия, қызыл мия, адыраспан және басқалар жатпайды. Батыс және Оңтүстік Алтай жоталар жүйесі кіретін Қазақстандық Алтай өзінің бірегей алуан түрлі флорасымен, өсімдіктер әлемі және өсімдіктер ресурсымен ерекшеленеді. Қазақстандық Алтайдың ормандары мен далаларында өсетін дәрілік шөптерді жергілікті тұрғындар әр түрлі ауруларға халық емі ретінде кең қолданады. Бұл әрине түсінікті де. Алтайдың дәрілік өсімдіктерінің көп бөлігінің терапиялық құнды екендігін халық медицинасы ерте заманнан-ақ мойындаған. Date: 2016-11-17; view: 973; Нарушение авторских прав |