Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Зекті жөке. Жөке ағаштар тұқымдасы.
Tilia cordate mill Tiliaceal Сипаттама. Биіктігі 25-м-ге дейін жететін ағаш. Діңі жуан, қоңыр түсті, сайлы, қабықты болады. Жас бұтақтарының қабығы қызғылт қоңыр түсті. Жапырақтары жүрек тәрізді, ұзындығы 5-10 см, жапырақ тақтасының үстіңгі беті қою жасыл, астыңғы жағы ақшыл-жасыл түсті, жиектері үшкір түс тәрізді жиектелген. Гүлдері жапырақ қолтығында 3-тен 11-ге дейін қалқанша гүл шоғырын құрап орналасқан. Жөке гүлінің ұзындығы 3-4мм, тостағаншасы жапырақшалы 5 реңсіз күлте, 30 аталықтан, бір аналықтан тұрады. Жемісі көп ұялы, көп тұқымды қауашақ. Маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Таралуы. Қостанайда, Алтайда, Бетпақ далада, Іле, Күнгей Қырғыз Алатауларында, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Еліміздің Европалық бөлігінде, Кавказда, Батыс Сібірде, Батыс Европада, Балканда, Кіші Азияда таралған. Дайындалуы. Дәрі жасау үшін жөкенің гүлдерін /Flores Tiliae/ пайдаланады. Гүлдену кезінде гүл шоғыры мен күлтешелерін жинап, жұқалап жайып, көлеңкелі жерде кептіргіштерде 40-500 температурада кептіруге болады. Жинауды құрғақ кезде, тек күндіз жүргізу қажет. Сыртқы белгілері. Гүлдері қос жынысты, тостағаншасы 5 жапырақшалы, гүл тостағаншалары сопақша, сұрғылт-жасыл болып келген. Гүл тәжі сопақша, жалаңаш, дәмі тәттілеу болады. Сандық көрсеткіштер. Ылғалдылығы 13% -тен, дақтары бар гүл шоғырлары 2% -тен, қарайған дақтары бар гүл шоғырлары 4%-тен, органикаоық қосылыстары 0,3% -тен, минералдық қосылыстары 0,1%- тен жоғары болмауы керек. Химиялық құрамы. Гүлінің құрамында флавоноидтар 4-5%, тилианин, кварцетин, кемпферолдың глюкозидтері, полисахаридтер 7-10%, олардың ішінде глюкоза, рамноза, арабиноза, галактурон қышқылы болады. Бұлардан басқауштерпеноидтар, фенол қышқылдары, С витамині бар. Қолданылуы. Ғылыми медицинада қабынуға қарсы, бүркегіш дәрі ретінде қолданады. Ауыз қуысының ауруларындағ бронхитте қолданады. Дәрі-дәрмектер. Қайнатпа тұндырма. Тері шығаратын, дәрілердің құрамына енеді.
Лекциялық сабақ 5 Date: 2016-11-17; view: 1186; Нарушение авторских прав |