Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ан мен несеп құрамында кездесетін кейбір заттар





(А.Кешни бойынша)

Зат аттары Көлемі процент есебі мен қан плазмасында Несеп құрамындағы заттың қан құрамындағыдан айырмашылығы
Алғашқы несепте Соңғы несепте
Мочевина Несеп қышқылы Глюкоза Калий Натрий Фосфаттар Сульфаттар Белок Креатинин 0,03 0,004 0,1-1,15 0,02 0,32 0,009 0,002 7,0-8,0 0,001 2,0-3,0 0,05 - 0,15 0,35 0,15 0,18 - 0,075 67-70 есе көп 12 есе көп несепте болмайды 7 есе көп 7 еседей көп 16 есе көп 90 есе көп несепте болмайды 75 есе көп

Ересек адам несебінің құрамымен орта есеппен алғанда тәулігіне 30 г дейін мочевина (12 г-нан 36 г-ға дейін) шығарылады. Несеппен шығарылатын азоттың жалпы саны тәулікте 10 г-нан 18 г дейін өзгеріп отырады. Оның мөлшері белоққа бай тамақ ішкенде, ауырғанда, әсіресе белок көп ыдырайтын ауруларда жоғарылайды. Қалыпты жағдайда несеппен глюкоза, белок шығарылмайды.

Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстициальдық сұйықтық болады. Әрбір нефронда бір-біріне тәуелді аса күрделі процестер жүріп жатады. Соның нәтижесінде бүйректе несеп түзіледі.

Нефрон құрылысы - өте күрделі. Ол Шумлянский – Боумен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпиги шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалық бөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы түптеп келгенде бүйрек түтікшелеріне айналады. Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп те атайды. Бұл, бүйректің қыртысы бөлімінде, ал Генле ілмешегі және несеп жиналатын түтіктер ми бөлімінде болады. Әр бөлімнің өз құрылымдық ерекшеліктері болады.

Бүйректің организмдегі ең негізгі қызметі – шығару. Сонымен қатар ішкі орта тұрақтылығын, сілті-қышқыл теңдігін, осмос қысымын, тамырындағы қан көлемін, басқа да ішкі сұйықтық ортаның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ функциональдық жүйе жұмысын орындатуға қатысады. Бүйрекпен шығарылатын несеп құрамы, қасиеті және мөлшері, ондағы пайда болған әртүрлі өзгерістерге байланысты. Осыған сәйкес, ішкі және сыртқы ортаның әртүрлі күрт өзгерістерінің әсерінен пайда болған информация орталық жүйке жүйесіне толып жатқан саны көп әртүрлі рецепторлардан мысалы, ноцицептивтік немесе ауру, қысым, хемо-, волюмо-, термо-тағы да басқа рецепторлардан барады.

Бүйрек вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимптикалық жүйкелерімен қамтамасыз етілген.

Бүйректің симпатикалық жүйкесі кесілсе, несеппен хлорлы тұздардың шығарылу мөлшері көбейеді. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде негізінен Мальпиги шумақтарының қан тамырлары тарылады да, бүйректе несеп жасалуы бір бағытта өзгермейді. Артериола тарылғанда, осы әсерге байланысты несеп шығарылу мөлшері едәуір азаяды. Ал егер де қанды алып кететін тамыр тарылса, сүзілу қысымы жоғарылап, несеп жасалу көбейеді.

Тәжірибелер жүргізіп, мидың қыртыс қабаты бөлімдерін – мидың төртінші қарынша түбін, сопақша ми, көру төмпешігіне мишықты т.б. әртүрлі әдістермен тітіркендіргенде несеп жасалу процесі өзгеретіні аңықталған.

Жүйкесі кесілген бүйректе тітіркендіргіштердің ауырсыну әсері гипоталамус арқылы, ал одан – гипофизге әсер етіп, антидиуретикалық гормон бөлінеді (АДГ).

Бұл гормон рефлекстік механизм қатысуымен бүйректе несептің жасалуын және оның құрамын реттейді.

Адреналин қанды алып кететін артериолаларды тарылтып, шумақ нефрондарында сүзілу қысымын жоғарылатып, кәдімгі диурезді көбейтеді. Адреналин дозасы көп болса, несеп жасалуды едәуір төмендетеді, тұздардың шығарылуын жоғарылатады, эмоция уақытында АДГ бөлінуін төмендетеді. Бүйрек қызметіне, бүйрекусті безінің гормондары да әсер етеді.

Гипофиздің алдыңғы бөлімінің соматотропты гормоны, организмдегі жалпы зат алмасу дәрежесіне әсер ету арқылы диурезді көбейтеді.

Диссимиляцияның, органикалық заттардың көпшілігі шумақтағы сүзілуді көбейтеді. Тироксин де бүйрекке осындай әсер етеді. Инсулин клеткааралық кеңістікте судың ұсталуына әсер етеді, ал ол олигурияға әкеліп соғуы мүмкін.

Несеп бүйректе көп немесе аз мөлшерде үздіксіз жасалады, бірақ оның организмнен шығарылуы белгілі бір уақыт арасында орындалады. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда тәулігіне 2-3 рет, ал балаларда жас ерекшелігіне қарай жиі шығарылады. Несеп шығаратын мүшелерге несепағар, қуық және несеп шығаратын түтік жатады.

Бүйректе жасалынған несеп жинағыш түтіктерден тостағаншаларға өтеді, тостағаншалар толып жиырылуынан, бүйрек түбегі арқылы несепағарға ауысады. Несепағардың толқынды жиырылуынан аз көлемді несеп 2-3 мм/с жылдамдықпен қуыққа құйылады.

Симпатикалық жүйке несеп ағардың перистатикалық жиырылуын күшейтіп, қуық қабырғасы еттерін босаңсытады және несеп шығаратын түтік сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Бұл жағдай қуықта несеп жиналуына мүмкіндік тұғызады.

Парасимпатикалық жүйке әсерінен қуық еттері жиырылып, несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды, соның нәтижесінде қуық несептен босатылады.

 

Дәріс

Date: 2016-11-17; view: 898; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию