Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы,Мінездің психофизиологиялық негіздері





Ықылас. Ықылас – көнілдің белгілі нәрселерге қажетті мәлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. Басқаша айтқанда, организмнің тітіркенуге жауап беру даярлығын көрсететін оның сергектік белсенді күйі.

Ықылас ерікті және еріксіз болып екі түрге бөлінеді. Еріксіз ықылас – туа біткен жүйке тетіктері арқылы жүзеге асырылатын құбылыс. Ерікті ықылас адам психикасын мақсатты жұмылдыратын және жанама түрде болатын әлеуметтік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы әлем заттары мен құбылыстарына, не адамның ішкі күйіне, ойына, сезіміне бағыттылады. Ықыластың толықтығынан, тұрақтылығынан, көлемінен адамның іс-әрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тәуелді келеді.

Ықыластың сапасы бірнеше физиологиялық көріністермен сипатталады. Оның белсенділігі, бағыттанушылығы, тереңдігі, орнықтылығы, қарқындылығы, аударақосушылығы болады.

Ықыластың белсенділігі ерікті және еріксіз болып жіктеледі. Ерікті ықылас адамның санасы, өз ырқы арқылы туады. Ол адамның таным-тіршілігі, ақыл-ойы және іс-әрекеті үшін жетекші роль атқарады. Еріксіз ықылас кездейсоқ төтенше тітіркендірістерге шартсыз бағдарлау рефлексі ретінде пайда болады.

Орнықтылығы деп ықыластың белгілі нәрсеге шоғырлануын айтады. Ол тұрақты және тұрақсыз ықылас болып бөлінеді. Дені сау адамның өзінде де ықыластың орнақтылығы құбылмалы келеді.

Ықыластың тереңдігі оның көлемі және таратылуы арқылы анықталады. Оның көлемін ықылас қамтитын нәрселердің саны сиппаттайды. Мұнда ықыластың шашырауы немесе шоғырлануы маңызды орын алады.

Адамдардың тынымды ықыласымен қатар ықылассыздығы байқалады. Ықылассыздықтың бірінші түрі зейін шашыраудан, қажудан кейін білінеді. Ықылассыздықтың екінші түрі, керісінше, жоғары қарқынды, қиын ауыстырылатын және ішке бағытталған болады. Ықылассыздықтың үшінші түрінде әлсіз қарқын, шала ауыстырылатын, селқос жағдай туады.

Эмоция. Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерініңбірі –эмоция. Ол міңезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады.

Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологиялық эмоция - әртүрлі тіршілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция - әр алуан рухани әрекеттерінен туады. Кідірген эмоция – жеке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жағымсыз эмоция – қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция – мұқтаждық қанағатандырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.

Эмоция құбылыстары аффект (долданыс), нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі. Аффекет – айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі. Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның үшінші түрі – заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді, отанды сүю, өшпенділік т.б. елестету немесе ойлау арқылы пайда болады. Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді.

Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және эмоциялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоциялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субъективтік сезінісін айтады.

Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды.

Эмоциялық көрініс әртүрлі. Симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңейеді, организмде тотығу және энергия құбылыстарының қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламиндер, пептидтер және глюкоза мөлшері көбейеді.

Бұлшықет тонусы өсіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық қозу кезінде организмнің бүкіл қосалқы мүмкіндіктері жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар түпті қарқынды іс-әрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері сақталады. Бұлар тек төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады.

Эмоцияның бейнелеуші әрекеті оқиғаларға жалпы баға береді. Организм өзінің бүкіл іс әрекетін бірлестіру арқасында, оған әсер етуші тітіркендіргіштің жағымды немесе жағымсыз жақтарын тез анықтайды.

Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты білінеді. Ол жетекші және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоциялық күйзеліс – мұқтаждықты қанағаттандыратын мінездік мақсатқа бағытталады. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезендерін бағалаудан туады.

Эмоция нығайтушы әрекеті арқылы тәлім және зерде процестеріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратын маңызды уақиғалар тез және ұзақ уақытқа зердеде сақталады.

Эмоцияның реттеуші немесе аударақосушы әрекеті үстемді мұқтаждықты анықтайтын себептердің бәсекесінде айқын көрінеді. Ол үрей мен міндет, үрей мен ұяттың сезімдер таласында байқалады. Мұның ақыры ниеттің күшіне адамның тілегіне және еркіне байланысты болады.

Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы, кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама-қарсылықтан байқауға болады. Мәселен, қуаныш пен қайғы, ашу мен үрей, ынта мен жеркену, ұят пен жек көру, сүйсіну мен күйіну сезімдері белгілі сипаттармен айқындалады.

Эмоцияның пайда болу механизмін теориялар арқылы ұғынуға болады. Эмоцияның алғашқы теориясы Ч.Дарвин ұсынған биологиялық қағида болатын. Ол жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір биологиялық сигналдық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар және ымдау әсерленістері эмоциялық туа біткен көріністерге жатады.

П.К.Анохиннің айтуынша, эмоция тарихи даму сатысында сыртқы жайларға сәйкес мұқтаждықты тез бағалау және қанағаттандыру амалы ретінде қалыптасты. Әдетте, әрбір мұқтаждық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсенді іс-әрекетке демеп отырады. Ал әрбір мұқтаждық мақсат орындалса қанағаттық сезімі туады.

Эмоциялық күйдің қалыптасуына мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. У.Кеннон ұсынған таламустық теория бойынша эмоциялық әсерленіс алғашқыда таламус орталықтарында пайда болып, ми қыртысына ықпалын тигізеді.

Эмоцияны ұғынуда лимбиялық теория жетекші орын алады. Дж.Пейпец клиникалық байқаулардың нәтижесінде, ми қыртысының маңдай бөлігі, гипокамп, күмбез, бадамша, таламус, гипоталамус эмоциялық әсерленісті ұйымдастырады деп тұжырымдады. Д.Линслей электроэнцефалография әдісн қолданып, бұл құрылымдарды ми бағанының торлы құрылымы белсендіретіндігін дәлелдеді. Сөйтіп, ол эмоцияның белсендіріліс теориясын ұсынды.

Эмоцияның екі түрлі ауытқуы байқалады. Гипотимия – абыржу, үрей, торығу, жабырқау күйі. Мұндай жағдайда мотивация әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Гипертимия – көңіл шалқып, қимыл күшейеді, желік пайда болады. Адамдарда эмоция ауытқулары өте күрделі. Мұндай күйлер эмоциялық ышқынуда (стресс) жиі кездеседі. Ол мұқтаждық пен оны өтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда туады. Яғни эмоциялық ышқыну осындай қақтығысуларды жоюға арналған организмнің барлық қорғаныш күшін жұмылдыратын маңызды икемделу әсерленісі. Ол жойылмаған күнде эмоциялық қозу ұзақ уақыт іркіліп, адамның мотивация сезініс саласы бұзылып, әртүрлі аурулар пайда болады.

Эмоциялық стресс – жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы, эндокрин жүйесіндегі ауруларына әкеліп соғады.

Адамдарда мұндай ауытқулар көбінесе әлеуметтік қақтығысуларда өте жиі кездеседі.

Ойлау – адамның жаңа жағдайларға бейімделуі кезінде мақсаттарды жаңаша шешуге арналған ми қыртысының өте күрделі іс-әрекеті.

Психология ғылыми негізінен ойлаудың үш түрін ажыратады: нақтылы, бейнелі және дерексіз-қисынды.

Нақтылы немесе көрнекі - әсерлі ойлау бірінші сигналдық жүйеге тіреледі, әрі екінші сигналдық жүйені де арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашқы сатысы, ол кейін бейнелі ойға алмасуы мүмкін.

Бейнелі ойлау – ойша байымдау немесе елестету және жоспарлау арқылы жүзеге асады. Бұл тілмен тығыз байланысты.

Дерексіз-қисынды ойлау – ұғым, пікір символдық белгілер және басқа дерексіз категорияларды пайдаланады. Мұндай ойлау ең терең және нәтижелі келеді. Алайда ол үшін жеткілікті білім мен дағдырлар қажет.

Ойлау әрекетінің нейрофизиологиялық негіздерін алғашқы ашқан И.М.Сеченов. Оның айтуынша, ойлау – нәрселерді бір-бірімен салыстыратын мидың рефлекстік құбылыстарының анализдік-синтездік әрекетінің нәтижесі. Ойлау процесінің нейрофизиологиялық негізін іс-әрекеті түзетіндігі И.П.Павловтың нақтылы тәжірибелерімен дәлелденді.

И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың еңбектерінде, ассоциация ұғымы организмнің белсенді бейімделу іс-әрекетінің, күрделі нәрселер ортасындағы мінезінің нәтижесі деп саналады. Адам мінезінің физиологиялық механизмдеріне талдау жасағанда, ол екі сигналдық жүйенің, ми қыртысы мен қыртысасты құрылымдардың бірлескен іс-әрекеті екендігі көрінеді. Адам өз еркімен, өзінің шартты рефлекстік әсерленісін тоқтата алады. Ырықсыз сезім мен эмоцияның көптеген көріністері қорғаныш, тағамдық, жыныс рефлекстерін тыяды. Ми бағаны мен торлы құрылымның серпіністері ми қыртысының қалыпты тонусын қамтамасыз етеді.

Тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қалыптасты. Сөз – бейнелеудің екінші сигналдық формасы. Тіл байланыстырушы, ұғындырушы және реттеуші қызмет атқарады. Тілдің байланыстырушы әрекеті – оның адамға тән арнайы қатынас құралы болуы.

Тілдің ұғындырушы әрекеті – дерексіз ойлаудың, түсінудің құралы.

Дәріс №27-28

Тақырыбы:

 

Date: 2016-11-17; view: 674; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию