Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы:Қан айналымы және жасерекшеліктері





Мақсаты: Қан айналу жүйесінің қай қарыншадан қай жүрекшеге барып құятынын білу.Артерия қан тамырлары,вена қан тамырлары, салалы қан тамырының құрылысы және қасиеттері, атқаратын қызметтері білу.Жүрек бұлшық етерінің физиологиялық қасиеттері.

Жоспары:

2. Қан және лимфа айналудың маңызы

3. Жүрек

4. Жүрек еттерінің негізгі физиологиялық қасиеттері.

5. Қозу

6. Жүректің жиырылуыЖүректің систолалық және минуттық көлемі

7. Кезеген және симпатикалық нервтердің арақатынасы

Жүрек еттерінде де, скелет еттері сияқты қозу, жиырылу, қозу толқынын өткізу қасиеттері болады.

Электрлік, механикалық, температура, химиялық тітіркендіргіштер арқылы әсер етсек, жүрек еттерінде қозу пайда болады.

Жүрек еттерінің жиырылу күші скелет еттеріндегі сияқты тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еттерінің жиырылу биіктігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еттерінің осы қасиетіне Боудичтің жоғарыда айтылған «барлығы немесе жоқ» дегн заңы негізделген. Бұл заңға миокард белгілі бір жағдайларда ғана бағынады. Мысалы, барлығының да өзгеруіне, температура, еттердің созылуы, шаршауы т.б. факторлар әср етеді.

Микроэлектрод техникалық әдіс арқылы ғылымдар, қозбай түрған жүрек ет клеткаларының цитоплазмасы, клетканың ішкі бетімен салыстырғанда теріс зарядталып, сыртқы беті поляризационалады. Мембрананың бұл потенциялының биіктігі 80-90мВ. Қозу уақытында клетка мембранасында потенциалдық айырым бірқатар азаяды. Соның нәтижесінде натрий катионы мембрана арқылы клетканың ішіне кіріп, цитоплазма өзінің теріс зарядынан айрылады, клетка мембранасы деполяризацияланады да оң зарядқа ие болып, потенциал биіктігі 20 – 30 мВ-ке теңеледі. Жүрек ет клеткаларында, скелет еттерімен салыстырғанда әсер потенциалы ұзаққа созылады.

Жүрек еттері минутына 70 рет жиырылса, әсер потенциалы 0,3 секундқа созылады. Ал жүректің жиырылуы жиілесе әсер потенциалы уақыты қысқарады, сиресе, керісінше ұзарады.

Абсолюттік рефрактерлік кезеңнен кейін жүректе қозу аздап көтеріледі. Осы уақытта жүрек өте күшті берілген тітіркендіргішке жауап қайтара алуын салыстырмалы рефрактерлік кезең деп атайды. Бұл кезеңнен кейін өте күшті қозу кезеңі байқалады да, экзальтация кезеңі басталады. Бұл кезеңде жүрек еттері қозу пайда ете алмайтын тітіркендіргіштің (подпорог) күшіне де қозып жауап қайтарады.

Адамның жүрегі қалыпты жағдайда бір минутта 5 литрге жуық қанды, ал бір соққанда 75 мл қанды қабылдап және сонша қанды шығарады. Сонда әрбір минут сайын жүректен организмдегі қанның барлық мөлшері өтіп отыратын сияқты. Ал шынында барлық қан мөлшері бір минутта жүректен ағып өтпейді: қысқа жолмен ағатын қан бірден көбірек, ал ұзын жолменен ағатын қан жүрекке қайта келіп құйып үлгермейді.

Жүрекке келетін нервтерді кесіп тастаса да, жүрк соға береді. Бұдан біз жүректің қызметі мидан импульс келмей қалса да, тоқталмай соға беретінін көреміз. Бөлініп алынған жүректі денедегідей физиологиялық сұйықтыққа салса, жиырыла береді. Мұндай сырттан тітіркендіргіш берілмей өзінен-өзі жиырылуды жүрек еттерінің автоматикалық қасиеті деп атайды.

Екінші атиптік ет тканьдері мен нерв клеткаларының топтасқан жерін атриовентрикулярлық түйін деп атайды. Бұл түйін екі жүрекшелердің арасында орналасады. Осы түйіннен төмен қарай тармақталған қарыншаларды бөліп тұрған пердеге келіп тіркелетін қалың ет шоғыры орналасады, мұны Гис шоғыры деп атайды. Гис шоғыры оң және сол тармаққа бөлініп, қарыншаларды алып жатады. Лимфа тамырлар жүйесі, қан тамырлар жүйесімен қатар алам және жануарлар денесінде сан қилы заттар тасуға қатысатын кең ауқамды күрделі құрылым,оның қызметі де алуан түрлі. Лимфа жүйесі- ұлпааралық сұйықтық құрамындағы су,тұз белок липид, алмасуы кезінде пайда болған әртүрлі заттардың,микроб,денеге енген бояу т.б.,қан аранасына вена жүйесіне өтуін қамтамасыз етеді. Лимфа жүйесіне қарағанда қан жүйесі,оның морфологиясы мен физиологряисы анағұрлым жақсы зерттелген.Лимфа мөлдірлеу, ересек адамда сәл сарғыштау,жаңа туған нәрестеде сүт тәріздес болып келеді.Оның салмағы әртүрлі.Тұтқырлығы қанның тұтқырлығынан аз.Химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас.Тромбоцит болмайды. Сондықтан өте баяу ұйиды.Құрамында К дәрмені өте көп.Липидтер өте көп.

Лимфа түйіндері мен жүйесі әртүрлі қызмет атқарады.

1.Энғергиялық және пластикалық қасиет- қан айналысы кезінде ұлпадағы сіңген су,белок,зат алмасу кезінде түзілген заттар, гормон электролит т.б.,қанға лимфа арқылы түзіледі.

2.Дренаждық қасиет- лимфа жүйесі венамен бірге денедегі ағзаларда басы артық ұлпааралық сұйықтықты сорып алады.

3.Резорциялық қасиет- яғни сіңіру, лимфа капилярлярының эндотелиі өткізгіш сондықтан әдетте қан капиллярларына өте алмайтын көптеген заттар ұлпааралығынан тікелей лимфаға өтеді.а) лимфа капиллярлары жақсы өткізгіш,лоардың түтігі өзігінен бірісе кеңейіп,біресе тарылып сұйықтықты өзіне қарай тартып отырады.б) қан клетка аралық сұйық,лимфа үшеуінің арасында заттар өтуге ыңғайлы.в) лимфа капиллярлары эндотелиі гистолимфалық келердіден әртүрлі заттар өткізуге бейім келеді.

4.Лимфа май алмасу процесіне қатысады.Ішек арқылы сіңу барысында түзілген май мен май қышқылдары лимфа капиллярларына енеді де лимфа жүйесі арқылы жалпы қан айналысына қосылады,ары қарай денеде май қорф болып жиналады.

5.Биологиялық иммунитет және лимфоцит түзу қасиеті- антидене түзетін жасушалар лимфа түйіндерінде жаралады.Лимфоциттер иммундық реакцияға қатысатын лимфокиндер т.б.,заттар бөліп шығарады.

6.Тосқауылдық қасиет- Әртүрлі микроорганизмдер,табиғаты басқа зиянды заттар,ісік жасушалары лимфа түйіндерінде ұсталып одан ары өте алмайды.

7.Лимфа жүйесі липодәрменділер,кальций,фосфор тұздарының алмасуына қатысады.А,К,Е т.б.,липодәрменділер алдымен лимфа жүйесіне енеді де одан ары лимфа ағынамен қанға қарай өтеді.

8.Лимфа жүйесі су алмасу процесіне қатысады.

9.Лимфа ішкі ағзалар қызметінің қан арқылы реттелуіне қатысады.

Лимфаның түзілуі. Лимфа түзілуі ұлпа аралық сұйықтықтың лимфа капиллярларына өтуінен басталады.Қан шығып ұлпа аралық сұйықтыққа өткен су, плазмада еріген кейбір заттар,ұлпааралық зат алмасу кезінде пайда болған заттар одан ары лимфа капилдлярларына өтеді.Лиманың түзілуі көп салалы процесс.Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

Лимфаның ағысы. Лимфа тамырлармен белгілі бір бағытта ағады- ол капиллярлардан лимфа тамырларына,одан әрі мойын және көкірек өзектері арқылы қан тамырлар жүйесінің веналық бөлігіне қарай жылжиды. Осылайша жылжуына тамыр қақпақшалары көмектеседі.

Лимфа айналысының реттелуі. Морфологиялық зерттеулерге қарағанда лимфа тамырларына афференттік және эфференттік жүйкелер тарамдалады.Х1Х ғасырдың аяғында жүйкелерді тітіркендірсе лимфа қозғалысқа келетіні байқалды.Бұл- құбылыстың себебі- лимфа капиллярларындағы лимфа көлеміне байланысты екені анықталды.Лимфа айналысы механикалық жолмен температуралық және химиялық заттармиен әсер ету арқылы өзгереді.Гипотермия (жылудың төмендеуі) лимфа тамырларының тонусын 2,5 есе арттырады.Лимфаның қозғалысқа келуіне әсіресе гипокинезия (қимылдың азаюы) қатты әсер етеді яғни лимфаның жылжуы баяулайды.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:

 

1.Қанның және лимфаның айналуының маңызы неде?

2.Жүрек еттерінің қандай физиологиялық қасиеттері бар?

3.Экстрасистолда дегеніміз не?

4.Жүректегі электрлік қасиет және оның өзгеруі?

5.Жүректің симпатикалық нервтері?

6.Жүрекке кезегеннервтер қалай әсер етеді?

7.Жүректің гуморальдық жолмен реттелуі?

8.Артерия тамырының соғуы?

9.Веноздық пульс дегеніміз не?

10.Салалы қан тамырындағы қан айналысы?

11.Қан қысымы адам ағзасына қалай әсер етеді?

Дәріс

Тақырыбы: Тыныс алу және жас ерекшеліктері

Мақсаты: Тыныс алу органдарының филогенетикалық дамуы, арнаулы тыныс алу прооцесіне қатысатын дене еттерінің дамуымен тығыз байланысты екенін көрсете білу.Ересектер мен жас балалардың тыныс алуындағы ерекшеліктер.

Жоспар:

1.Тыныс алу қозғалысы

2.Көкірек қуысындағы теріс қысымның маңызы.

3.Өкпенің тіршілік сиымдылығы

4.Сырт қы тыныс алу

5.Ішкі тыныс алу жолдары

 

Тыныс алу –ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процестерді айтады.Оттегінің қатысуымен ағазаларда тотығу процессі өтеді.

Тыныс алу бес кезеңнен тұрады:

1.сыртқы тыныс алу- ауадағы газдарды өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығару.

2. өкпе көпіршіктеріндегі газдар мен қан құрамындағы газдаодың алмасуы

3.газдардың өкпеден ұлпаға ұлпадан өкпеге,қан ағынымен тасымалдануы.

4.ұлпа мен қан арасында газдың аламасуы.

5.ішкі тыныс алу- жасуша құрамындағы оргнаникалық заттардың тотығуы.

Сыртқы тыныс алу.

Дем алу және дем шығару механизмі. Сыртқы тыныс алу екі кезеңнен тұрады- дем алу- (инспирация) және дем шығару (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі ағзаларда өзара жымдасып үйолесім тапқан,кезекпен алмасып отырады. Сырт жағынан өкпе висцеральдық және париетальдық плевралық екі қабықпен қоршалған. Висцеральдық плевра өкпе ұлпсымен біте байланысқан. Өкпе түбіріне жеткен кезде париетальдық плевраға айналадыда көкірек қуысын ішкі жағынан астарлап көмкереді, ондағы ұлпамен біте байланысады.

Өкпенің серпімділігі мен серпін күші. Өкпеде серпін ұлпалары өте көп. Сондықтан да ол созылып қайта тартылып алғашқы қалпына келе алады. Ширығуы мен созылуы тығыз байланысты. Өкпе неғұрлым созылғыш келсе серпімділгі соғұрлым жоғары болады.Созылған өкпенің қайта тартылуы бронх етерінің тонусына да байланысты.Плевра қуысында теріс қысымның тағы бір себебі альвеолардың ішкі бетінде сурфактант атты беткі кернеу күші өте төмен заттың болуы. Әрбір альвеоланың ішкі беті осы сурфактантпен майланған. Бұл белок аралас липидтен тұрады. Сурфактанттың қалыңдығы 20-100 нм.

Өкпенің жалпы сиымдылығы. Тыныс алу барысында ауа тыныс жолы арқылы өкпеге кіріп,оттегін берген соң сыртқа шығып отырады.Өкпеге дейін кіріп –шығатын ауаның мөлшері дем алу дем шығарудың тереңдігіне байланысты.Біркелкі тыныштық жағдайда демді ішке жай тартып шығарса өкпеге дейін кіріп-шығатын ауауның мөлшері адамда 500 мл болады.Осы жай дем алғанда тыныс ағзаларына еніп қайта шығатын ауаның мөлшерін қалыпты тыныс ауасы деп аталады. ҚТА тұтасынан өкпе көпіршігіне барып жетпейді,оның 150 мл тыныс жолын толтырады да газ алмасу процесіне қатыспайды.Сондықтан тыныс жолын толтырған ауауны «өлі» кеңістік ауасы деп атайды. Демді әдеттегідей жай ғана ішке тартып қоймай,одан әрі демді әлі келгенше тереңдете түссе,адам ҚТА –сына қосымша 1500-2000 мл ауауны жұта алады. Осылайша қатты дем алғанда ҚТА –сына қосымша жұтылатын ауа көлемін резервтік дем алу ауасы деп атайды. Сөйтіп,демді қатты ішке тартса тыныс жолодарны толтырып өкпеге жететін ауа мөлшері ҚТА (500) мл мен РДАА-нан (1500-2000 мл) тұрады.Мұны дем алу мөлшері деп атайды. Ол 2000-2500 мл –ге тең.

Тыныс алу орталығы,оның орталық жүйке жүйесіндегі орны.

Тіршілік етуіне қажет аса маңызды функцияларды белгілі бір орталықтар реттеп отырады. Сондықтан тыныс алу процесін реттейтін орталықтың орталық жүйке жүйесіндегі орнын анықтау үшін көптеген тәжірибелер жасалынды.Ми бағаны варолий көпіршесінің жоғары жағынан көлденең кесілсе,тыныс алу процесі бұзылмайды,ал варолий көпіршесінен төмен, сопақша мимен түйіскен жермен кесілсе дем алу фазасы ұзарады да, (апнейзис) тыныс алу сирейді. Миды сопақша мидан төменірек оның жұлынымен түйіскен жермен кессе, тыныс алу тоқтап қалады,тыныс алу еттері белгілі бір ырғақпен жиырлу қабілетінен айырылады. Демек, тыныс алу процесін реттеейтін нейрондар тобы,сопақша мида орналасқан.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:

 

1. Тыныс алу дегеніміз не?

2. Тыныс алу қанша кезеңнен тұрады?

3. Сыртқы тыныс алу қандай кезеңдерден тұрады?

4. Сурфактант дегеніміз не?

5. қалыпты тыныс ауа дегеніміз не?

6. резервтік дем алу ауасы дегеніміз не?

7.

Дәріс

Тақырыбы Ас корыту және жас ерекшеліктері

Ас қорыту өте күрделі процесс.Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді де,соңынан химиялық реакцияға түсіп,қорытылып денеге түсетін сатыға жетеді.Физикалық процесінде ас кесектері ұсақталып,бөлшектенеді,химиялық процесте ішек- қарын процестері қатысады.Гидролиз процесінің орналасуына қарай клетка ішіндегі және клеткадан тыс тысқары жердегі ас қорыту болып екіге бөлінеді. Клетка ішіндегі ас қорытуда фагоцитоз,пиноцитоз арқылы клеткаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды. Клеткадан тыс жерде ас қорыту дистанттық және контактілік ас қорыту болып екіге бөлінеді.

Ас қорыту жүйесінің қызметі.

1. Сөл шығару қызметі. Оны ас қорыту,сілекей,ішек-қарын бездері,ұйқы безі,бауыр атқарады.

2. Қимыл функциясын бірыңғ,ай салалы еттер атқарады.

Сілекей- өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің атап айтқанда шықшыт,жақасты,тіл бездерінің сөлі.Адамда сілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады,ауыз іші үнемі дымықылданып, онсыз адам дыбыс шығара алмайды. Сілекей қоймалжың,сұйық зат,құрамында 0,5-1,5 пайыз қрғақ зат бар,қалғаны су. Құрамында органикалық бейорганикалық заттар бар.Сіілекей құрамында микрооргнизмдерді өлтіретін лизоцим ферменті бар. Муцин-гликопротеид,шырышты сілтілі зат,шайналып ұсатылған ас кесегін жұмсартып,шырышпен қоршайды,жұтқыншақты ауртпайтындай етйп сырғанақ күйге келтіреді.Құрамында қанна келіп түсетін жиырма шақты фермент бар, қан ұюын тездейтетін тежейтін факторлар болады.Сілекей құрамындағы заттардың мөлшері әр безде әртүрлі.Шықшыт безінің сілекейінде бейоргникалық заттар көп. Жақ асты безі шырынында оргникалық заттар көп.Тіл асты безі сілекейінде муцин көп. Сілекей қорғаныс қызметінде атқарады.

1. ауыздың шырышты қабығы мен тісті ұдайы дымқыл күйде ұстап физикалық және химиялық заттардың зардабынан сақтайды,ыстық тымақты суытып,суық тамақты жылытып,тағам температурасын реттеп отырады.

2. ауызға түскен,қонған заттарды жуып-шайып,оларды ұдайы тазартып отырады.

3. құрамындағы лизоцим ферментінің әсерінен ауыз ішіндегі бактерияларды жояды.

4. Құрамындағы нуклеазалар,рибонуклеазалар,трансаминазалар,пероксидазалар,вирустың нуклейін қышқылдарын ыдыратып,адам денесін вирустік аурулардан қорғайды.

ауыз ішіндегі салалы қан тамырларды кеңейтетін Кининдер арқылы ауызда микроқанайналысын күшейтедіде лейкоциттер көп мөлшерде қаннан ауыз қуысына шығып,ауыз қуысындағы микробтарды құртады.

5. Сілекей құрамындағы тромбопластин,антигепариндік факторлар заттардың әсерімен қан тез ұйып, ауыздың шырышты қабығына түскен жарақаттар тез жазылып кетеді.

6. Сілекейде,әсіресе шықшыт безі сөлінде фибрин ыдыратқыш заттар мен қан ұюына кедергі жасайтын заттар бар,бұл заттар без өзегінің бітеліп қалуына кедергі жасайды.

7. Сілекейдің қоректік маңызы да бар.

Сілекей құрамын тексеру белгілі бір ауруларды анықтау ісін жеңілдетеді. Мысалы; қарын,12 елі ішектің ойық жарасы,нефрит кезінде сілекейде азот,инсульт кезінде белок көбейеді.

Сілекейдің шығуы,реттелуі. Сілекейдің мөлшері мен құрамы жеген тамақтың физикалық қасиеттеріне байланысты. Сілекейдің құрамы мен көлемі тағам түріне, қасиетіне байланысты,бұл бездердің қызметін орталық жүйке жүйесі реттеп отырады.Сілекей бездерінде парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер тарамдалған.Парасимпатикалық жүйкенің бірінші нейрондарды сопақша мида,оның сілекей шығару орталығында орналасқан. Парасимпатикалық жүйке талшықтары жақ,тіласты және шықшыт бездеріне дейін,бет және құлақ шеке жүйкелеріне ілесіп,сілекей бездеріне жетеді.Симпатикалық жүйкенің бірінші нейрондары жұлынның көкірек бөлімінде,оның 11-У1 сегменттерінің бүйір мүйізінде орналасқан.Сол нейрондардың жүйке талшықтары жоғары мойын жүйке түйнегінен өтіп сілекей бездеріне таралады.Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады.Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шығару болып екіге бөлінеді.Шартты рефлекс бойынша сілекей тағамның өзіне таныс белгілі бір түрін көрген,оның иісін сезген кезде яғни тағамның қатынасынсыз сілекей бөлінеді,шартты рефлекс кезінде ауыз рецепторлары тітіркенбейді,бірақ көз,дыбыс,иіс рецепторлары мен еске алу нейрондары қозады.Рецепторлардан шыққан сигналдар ми қыртыстарына жетіп,одан әрі сопақша мидағы сілекей бөлдіруші орталыққа барып,оны қоздырады.Осы орталықтан кері қайтқан парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер,яғни сөл шығарушы жүйке талшықтары сілекей бездеріне оралады да,ауыздан сілікей бөлінеді.Шартсыз рефлекс тағам ауызға түскен сәтте басталады.Ауыздағы ас көптеген рецепторларды тітіркендіріп,бет,тіл,жұтқындық,үшкіл кезеген жүйкелердің жұлын-миға қарай тебетінталшықтары мидағы сілекей орталығын қоздырадыда,эфференттік талшықтары арқылы сілекей бездерінің сілекей шығару қабілетін күшейтеді. Сілекей шығаруға –ми қыртысы,гипоталамус,лимбиялық қыртыс қатысады.Адам денесінде су азайса сілекей де аз шығады.

Шайнау. - шартты және шартсыз рефлекстер арқылы шайнау еттерінің қатысуымен іске асырылады.Бұл жақ қимылының нәтижесі.Ауызға түскен тамақты шайнауға,жақ еттерімен қатар,тіл және бет еттеріде қатысады.Ас кесегі ауыздағы рецепторларды тітіркендіргенде,олардан шыққан қозу сигналдары афференттік жүйке талшықтарының бойымен сопақша мидағы шайнау орталығына жетедіде торлы құрылым мен көз төмпешіктері арқылы ми сыңары қыртысының қозғалтыш зонасында орналасқан шайнау еттерін жиырушы нейрондарды тітіркендіреді.

 

Дәріс

Тақырыбы Зат және қуат алмасуы және жас ерекшеліктері.

 

Зат алмасуы организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі процестен тұрады: ассимиляция – клеткалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі); диссимиляция – зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сәтте олардан потенциялдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға, айталық механикалық, электр энергиясына, ақырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия клеткада жаңа заттар түзілуіне, клеткалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің, тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жұмсалады. Клеткалар құрылысы мен энергия қорының байырғы қалпына келуі және бүкіл дененің өсіп-дамуы үшін қажетті мөлшерде оларға сырттан қоректік минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт. Тіршіліктің көзі – тағам (тамақ), оның сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттар, олардың арақатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қажет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе белок өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы организм олардан уақытында арылып отырады.

Белок алмасуы

Белок – денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі клетка негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгелдей белоктардан тұрады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, яғни белок – тіршілік көзі деген ұғымның дұрыс екенін көрсетеді. Белок құрымында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Алғашқылары – орны толар, соңғылары – орны толмас амин қышқылдары. Лейцин, изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, трифтофан, лизин, треонин, фенилаланин адам (жануар) денесінде түзілмейді. Бұл орны толмас амин қышқылдары аста жеткіліксіз болса, жас организм өспей қалады, жүдейді, оның өмірі қысқарады.

Date: 2016-11-17; view: 1051; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию