Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Анның құрамы, мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері





Қанның құрамы мен мөлшері. Қан – клетка құрылысы жоқ, сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қанның клеткаларынан тұрады. Қанның клеткаларына қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер), қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер), қан пластинкалары сияқты клеткалар (тромбоциттер) жатады.

Қан құрамының 55-60 проценті плазма, 40-45 проценті қан түйіршіктері. Қалыпты жағдайда қанның жалпы мөлшері адамның дене салмағының 1/13 бөлігіндей болады да, ол организмде біршама тұрақты сақталады. Егерде қан тамырларына қанның орнын басатындай сұйықтық жіберіп, қанның сұйықтық мөлшерін көбейтсек, көп ұзамай-ақ қанның мөлшері бұрынғы мөлшеріне қайта келеді. Қандағы артық сұйықтықтың біраз бөлігі дереу бүйрек, тері арқылы шығарылса, ал қалған көп бөлігі тканьге өтеді. Кейіннен сол өткен сұйықтың ыдырау өнімдері сыртқа шығару органдары арқылы біртіндеп организмнен шығарылып тасталынады. Қанның жалпы мөлшерінің 1/3 бөлігі қан тамырларының жарақаттануынан бірден ағып кетсе, организм өліп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда организмге дереу қан немесе қанның орнын басатын сұйық ертінді құю керек.

Судың тұтқырлығы бір өлшеуіш шамаға тең болып алынса, сумен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7 – 2,2, ал қанның тұтқырылығы 5,0 –ге тең болады. Қанның тұтқырлығы ондағы әр түрлі белоктар мен эритроциттердің мөлшеріне байланысты. Егер организмнен әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты су көп шығарылса (іш өткенде, көп терлегенде, қанда эритроциттердің саны көбейгенде), қанның тұтқырлығы артады.

Қанның сыбағалы салмағы 1,050 - 1,060, эритроциттердікі - 1,090, плазманыкі - 1,025 - 1,034 аралығында болады.

Қанның осмос қысымы. Жартылай өткізгіш жарғақ арқылы бөлінген екі ерітіндінің (NaCl) біреуінің ішінде ерітілген заттың конценрациясы (екіншісімен салыстырғанда) көп болса, су концнтрациясы көп ерітіндіге қарай ауысады. Себебі жартылай өткізгіш жарғақ еріткіші, яғни суды өткізеді де, ерітілген затты өткізбейді. Жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (су) өтуіне жұмсалатын күшті осмос қысымы деп атайды. Организмде қан тамырларының қабырғасы жартылай өткізгіш жарғақ қызметін атқарады. Сонда жартылай өткізгіш жарғақтың іш жағында қан, сырт жағында ткань сұйықтығы жатады. Қанның осмос қысымының биіктігі ондағы электролит иондарының сандық мөлшеріне, белок молекулаларына, органикалық заттардың мөлшеріне байланысты болады да, криоскопиялық әдіс арқылы анықталады.

Ерітіндінің қату температурасы – ішіндегі ерітілген заттың концентрациясына байланысты. Неғұрлым ерітіндідегі заттың концентрациясы көп болса, соғұрлым ерітіндінің қату температурасы төмен болады. Еерітіндінің қату температурасының 0 градустан төмен мөлшерін көрсететін шаманы депрессия деп атайды. Сонда химиялық таза судың қату температурасы депрессия көрсткіші деп сптеледі. Адам мен сүтқоректілердің қанның дпрессия көрсеткіші - 0,56 - 0,58, ал бұл шама дене температурасы 370С болғанда, осмос қысымының 7,7 - 8,1 атмосфера санына сәйкес келеді, осы осмос қысымының 60%-і қандағы NaCl ерітіндісінің үлесіне тиеді.

Эритроциттердің және дене клеткаларының осмос қысымы клеткаларды қоршап жатқан сұйықтықтың осмос қысымымен бірдей болады.

Қан мен ткань арасындағы су алмасу процесін реттеуінде қан, лимфа және ткань сұйықтығының осмос қысымының маңызы өте зор. Клетканы қоршап жатқан сұйықтықтың осмос қысымы өзгерсе, ондағы су алмасу процесі бұзылады. Бұл өзгерісті эритроциттерден байқауға болады. Егерде эритроциттерді плазманың осмос қысымынан жоғары NaCl ерітіндісіне салса, онда құрамындағы суынан айрылып, көлемі өте кішірейіп бүрісіп қалады. Мұндай ерітіндіні гипертоникалықерітінді деп атайды. Ал эритроциттерді плазманың осмос қысымынан төмен NaCl ерітіндісіне салса, оларға су кіріп, көлемі үлкейіп ісінеді де, жарылып кетеді. Мұндай ерітіндіні гипотоникалық ерітінді деп атайды.

Эритроциттердің гипертоникалық және гипотоникалық ерітінділерде бұзылып, тіршілігін жоюын гемолиз деп атайды.

Изотоникалық ерітіндіде эритроциттер мен дененің басқа клеткаларының тіршілік процесі сақталады. Изо - бірдей, тоника – қысым. Сонда изотоникалық ерітінді деп – осмос қысымы бірдей ерітінділерді айтады. Изотоникалық кандағы NaCl ерітіндісін физиологиялық ерітінді деп атайды. Жылы қандылар үшін изотоникалық ерітіндіде 0,9% NaCl болады.

Қанның құрымындағы глюкоза, мочевина т.б. органикалық қосылыстар, оның осмос қысымын онша көп өзгерте алмайды, себебі, плазмада тұздармн салыстырғанда, олардың молекулалық салмағы өте үлкен болғанмен, мөлшері аз. Қанның осмос қысымының 1 процентке жуығын плазманың белогы құрайды.

Қан тамырларының қабырғасы электролиттерді жақсы өткізеді, сондықтан олардың концентрациясы қанда, лимфада және ткань сұйықтығында бірдей болады да, осмос қысымын өзгерте алмайды. Ал белоктарды қан тамырларының қабырғасы өткізбейді, өйткені олардың қан тамырларының кі жағындағы концентрациясының арақатынасының шамасына байланысты, су қаннан тканьге, не керісінше, тканьнен қанға ауысып өтіп тұрады. Егер қанда белоктың мөлшері азайса, мысалы ашыққанда, су қан тамырынан тканьге өтеді де, соның нәтижесінде денеде ісік пайда болады. Қанның белогы арқылы пайда болған осмос қысымын – онкотикалық (ісік) қысым деп атайды.

Организмдегі ақырғы қалдық өнімдерді сыртқа шығаратын органдарға бүйрек, тер бездері жатады. Осы органдар осмос қысымын реттеп отырады. Бұл органдар қызметінің нәтижесінде зат алмасу процесіндегі үнемі бөлініп тұратын ақырғы қалдық ыдырау өнімдері де осмос қысымын өзгерпейді. Қанға қарағанда несеп пен тердің осмос қысымы өте тұрақсыз, тез өзгергіш келеді. Тердің депрессия көрсеткіші 0,18 - 0,60, ал несептікі 0,2 – 2,2. Дене қызметі қанның осмос қысымын өзгертеді.

Қанның актив реакциясы. Қанның актив ракциясы гидроксил (ОН/) және сутегі (Н.) иондарының арақатынасымен беріледі. Ол рН деген белгімен белгіленеді. Сутегі көрсеткіші – рН – сутегі ион концентрациясының теріс ондық логарифмы. Қанның бұл реакциясы (рН) орташа есеппен 7,36 – ға тең. Қанның рН 7-ден төмен немесе 8-ден жоғары болып өзгеруі организмнің тіршілігі үшін өте қауіпті.

Буфер системасына және сыртқа шығару органдарына байланысты, организмде қанның актив реакциясы біршама тұрақты болады.

Қанның буфер системасы. Қанның рН реакциясын өзгертпей, тұрақты сақтап тұратын қоспаларды буфер систмасы деп атайды. Буферлік қасиеті бар ерітіндіде әлсіз немесе аз диссоциацияланатын қышқыл және сол қышқылдың сілтілі тұзы болады. Мұндай буферлік қасиеті бар ерітіндіге күшті қышқыл немесе сілті қосса да, ерітіндінің рН ортасы қышқылдық немесе сілтілік жаққа ауыспайды.

Оның себебі, ерітіндіге қосылған күшті қышқыл ертіндідегі әлсіз қышқылды оның негізінен ығыстырып шығарады. Сонда ерітіндіде әлсіз қышқыл тұзы түзіледі. Ал буфер ерітіндісіне күшті сілті қосса, онда әлсіз қышқылдың тұзы мен су пайда болады да, ерітіндінің сілтілі жаққа ауысуынан сақтайды. Буфер системасы қанның рН реакциясын тұрақты сақтайды. Организмде 3 түрлі буфер системасы бар:

1. Бикарбонат буфер системасы.

2. Фосфат буфер системасы.

3. Белок буфер системасы.

1. Бикарбонат буфер системасы – көмір қышқылынан және натрий мен калийдің бикарбонатынан тұрады:

(Н) = К.2СО3)/(ВНСО3)

Мұндағы В – калий мен натрий иондарының белгісі, ал К – тұрақты шама, константа (Н) – сутегі ион концентрациясы. Организмде зат алмасу процесінің нәтижесінде ыдырау өнімдері – біріншіден үнемі сүт қышқылы және басқа да қышқылдар – түзіледі. Олар клеткалардан қанға өтеді де, қандағы бикарбонаттың натрий немесе калий ионын ығыстырады. Соның нәтижесінде сүт қышқылы және басқа да түзілген қышқылдарының тұздары және көмір қышқылы (Н2 СО3) түзіледі. Түзілген көмір қышқылының артығы организмнен шығарылып, қышқыл жаққа қарай ауысқан қанның актив реакциясын бұрынғы қалпына келтіреді.

Қанда неғұрлым көмір қышқылы көбейсе, сутегі ионының концентрациясы артады да, тыныс алдыратын нерв орталығын қоздырады. Сөйтіп, өкпенің желдеткіш қызметін атқарады. Соның нәтижесінде көмір қышқыл газы сыртқа шығарылады. Осыған байланысты көмір қышқылының биокарбонаттарға қатынасы бұрынғы қалпына келді.

Ал егер қанға, зат алмасу процесінің нәтижесінде, сілті көп білінсе, олар көмір қышқылымен нейтралданады. Бұл жағдайда тыныс алу орталығының қызметі төмендейді. Өкпе арқылы көмір қышқыл газы көп шығарылады. Ал қанда түзілген бикарбонаттың артық мөлшері бүйрек арқылы организмнен шығарылады. Мұнда тағы қандағы көмір қышқылының бикарбонаттарға қатынасы алғашқыдай болады.

Организмнің қалыпты жағдайдағы қандағы бикарбонат мөлшері көмір қышқылының 18/ ес көп, сондықтан қанның буферлік сыйымдылығы сілтіге қарағанда, қышқылдылығы көбірек болады. Мұның биологиялық маңызы өте зор, себебі организмдегі зат алмасу процесінің нәтижесінде сілтіге қарағанда қышқыл көп түзіледі. Қандағы бикарбонаттарды қанның сілтілі қоры дееп атайды.

Егер организмде зат алмасу процесінің нәтижесінде қышқыл өте көп түзілсе, қанның сілті-қышқыл теңдігін бикарбонат буфеер систмасы бір қалыпты сақтап тұра алмайды. Мұндай жағдайда фосфат буфер системасы іске қосылады.

2. Фосфат буфер системасы. Бір негізді фосфор қышқыл тұздары натрий немесе калийдің екі негізді фосфор тұзына қатынасымен анықталады:

ВН2 РО4

В2 НРО4

(В- калий мн натрий иондарының белгісі). Мұнда түзілетін бикарбонаттардың мөлшері, зат алмасу процесінің нәтижесінде түзілген көмір қышқылының санына байланысты болады.

Н2 СО3 + В2 НРО4 ВН2 РО4 + ВНСО3

Бір негізді фосфор қышқыл натрий немесе калий тұздары диссоцияланғанда қайтадан сутегі иондары болады, бірақ олардың концентрациясы бос қышқылдағы сутегі иондарының концентрациясынан әлдеқайда аз болады.

3. Белок буфер системасы. Плазмасының белогындағы қышқыл және сілті тобының арқасында қан амфотерлік реакция көрсетеді де, буферлік қасиетке ие болады. Плазма белогы өзінің амфотерлік қасиеті арқасында қанның рН реакциясына қарай, қанның ортасы қышқыл болса сутегі ионын, ал сілтілі болса – гидроксил ионын байланыстыра алады.

Гемоглобин (Нв) белок буфер системасына қатысады. Бұл гемоглобиннің натрий немесе калий тұзына байланысты, гемоглобин көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан, өзінің калий нмесе натрий ионын береді де, өзі Н – ионын қосып алып, әлсіз диссоциацияланатын қышқылға айналады.

ВНв + Н2СО3 Н.Нв + ВНСО3

Белок буфер системасымен салыстырғанда бикарбонат буфер және фосфат системалары қанның тұрақты активтік реакциясын сақтауда маңызы шамалы. Қандағы барлық буферлік қасиеттің 75 процентке жуығы гемоглобин белок системасынан құралады. Буфер системасы тканьдердің рН реакциясын тұрақты сақтап тұрады. Олардың негізгі буфер – белоктар мен фосфаттар. Қанның рН реакциясын сақтауда тыныс алу органының да маңызы зор. Мысалы, өкпе арқылы артық көмір қышқыл газы шығарылады. Организмде қанның рН реакциясын тұрақты сақтап тұрады. Олардың негізгі буфер – белоктар мен фосфаттар. Қанның рН реакциясын сақтауда тыныс алу органының да маңызы зор. Мысалы, Өкпе арқылы артық көмір қышқыл газы шығарылады. Организмде қанның рН реакциясын тұрақты сақтау үшін сілтінің, қышқылдың артығын сыртқа шығаруда ыдырау өнімдерін шығаратын органдарының да ролі өте зор. Сонымен организмнің қалыпты жағдайында қанның сілті – қышқыл теңдігін тұрақты ұстап тұратын қышқыл және сілті эквивалнті екен. Егер адам ұзақ уақыт демалмай, өте ауыр дне қызметімен шұғылданса немесе қатты наукастанса, қанның активтік реакциясы қышқыл жаққа қарай ауысады. Мұндай қанның активтік реакциясының өзгерісін ацидоз деп атайды. Ал кейде керісінше, қанның активтік реакциясы өкпенің қызметі күшейгенде сілтілік жаққа ауысады, оны алкалоэ деп атайды.

Қанның ұюы. Қанның ұюы плазмадағы еріген блок фибриногеннің, ерімейтін фибрин белок жіпшелеріне айналуынан болады. Фибриннің түзілуі тромбин ферментінің қатысуымен жүреді. Қанда оның тек қана активсіз формасы – протромбин болады.

Протромбинді актив фермент тромбинге айналдыру үшін, фермент протромбиназа керек, бірақ ол қанда актив күйде болмайды. Фибрин жіпшелері түзілуі үшін, алдымен плазмадағы тромбоген ферменті активтеліп тромбинге айналып, дайындық қызметі жүреді. Ұю процесінің барлық кезеңдері кальций ионының қатысуымен жүреді.

Фибриноген белогы мен протромбин ферменті бауырда жасалады.

Қанның ұюы - өте күрделі тізбектелген реакциялардан тұратын процесс.

Қанның ұюын 4 негізгі фазаға бөлуге болады

1) протромбиназа ферментінің активтелуі;

2) протромбиннің тромбинг айналуы;

3) белок фибриногеннің фибрин жіпшелеріне айналуы;

4) ұйыған қанның тығыздалуы.

Қанның ұюындағы тромбоциттердің ролі. Қан пластинкалары (тромбоциттер) - ядросыз, өте кішкентай қанның тұрақсыз клеткалары. Тромбоциттердің қызметі қанның ұюына өте тығыз байланысты. Қанның ұюының басталуыны өзі тромбоциттер бұзылған кезд түзілетін актив фермент тромбокиназа әсерінен жүреді.

Ас қорыту органдарының кілегейлі қабығындағы ерекше клеткаларда серотонин деген биологиялық актив зат жасалып қанға өтеді де, ондағы тромбоциттерге сіңеді. Қан тамырлары жараланған жерде бұзылған тромбоциттерден босаған серотонин сол жердегі тамырдың тарылуын қамтамасыз етеді.

Тромбоциттердегі ерекше зат ретрактозим, қанның ұйығандағы қоймалжың затының тығыздалуы үшін, фибрин жіпшелерінің қысқарып жуандауының жылдам жүруін қамтамасыз етеді.

Қанның ұюы – қанда тромбин, протромбин мөлшері көбейсе, қан тамырларының хеморецепторлары тітіркеніп рефлекторлық жолмен қанға оны ұйытпайтын заттар шығарады. Мысалы, бауырда синтезделетін гепарин, тромбопластин, протромбин, тромбин, фибриноген, адреналин, серотонин тағы да басқа қанның ұю процесіне қатынасатын белоктар өзара әрекеттесіп, қанды ұйытпайтын күрделі комплексті қосылыс жасайды. Ұйыған қан – тромб қан тамырын бітеп тастап, организмді өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін, қанды ұйытпайтын системаның өте сирек кездесетін бұзылуы қанның ұю қасиетін толық жояды. Бұл құбылыс гемофилия деп аталады. Гемофилия әке жағынан тұқым қуалайтын, өмірге өте қауіпті ауру.

Қанның клеткалары. Эритроциттер – қанның қызыл түйіршіктері. Олардың құрамындағы гемоглобинде тыныс алу пигменттерінің тобына жататын хромопротеиндер бар. Олар оттегімен өте оңай қосылса және ажыраса алады.

Эритроциттер – ядросы жоқ, екі жағы ойыс келген жоғары дәрежелі қан клеткасы. Эритроциттердің ақ түсті стромасы (скелеті) және қабығы бар. Қабығы - липоид, белок комплексінен түрады да, коллоидтар мен Na, К, Са иондарын өте нашар, ал Cl, HCO3 аниондарын, Н, ОН иондарын жақсы өткізеді.

Эритроциттердің саны 1 мм3 қанда ерлерде 5 - 5,5 млн, әйелдерде - 4,5 – 5 млн. жуық. Жаңа туған жас балаларда эритроциттер саны әр түрлі жағдайларға байланысты көбейіп, азайып тұрады.

Эритроциттер организмде қорғаныш қызметін атқарады. Олардан кейбір микробтарды зарарсыздайтын эритрин деген зат бөлініп алынған.

Гемоглобин организмде оттгін тасушы, көмір қышқыл газын шығарушы пигмент болып табылады. Әрбір гемоглобин молекуласында темір атомы болады. Гем актив - фермент, ал глобин – гемнің белок тасушысы. Гемоглобин сүйек кемігінде эритробласт клеткаларында жасалады.

Бауыр және көк бауырда эритроциттер бұзылып, құрамындағы гемоглобин ыдырағанда, гемнен темірмолекулалары бөлінеді де, әрі қарай тотықтану реакциясы жүріп, гемоглобиннен пигмент билирубин түзіледі.

Кейбір адамдардың эритроциттері екінші адамның қанының плазмасымен қосылғанда агглютинациялануын зерттеу нәтижесінде қан құю арқылы емдеудің ғылыми негізі салынады. Адам қанындағы эритроциттерде екі түрлі желімденетін зат: агглютиноген А және агглютиноген В болатыны, ал плазмада екі түрлі желімдейтін зат: агглютинин α және агглютинин β бар екені аңықталған.

Эритроциттердегі агглютиногеннің, плазмадағы агглютининнің бар-жоғын зерттеп, есептеп барлық адамдардың қанын 4 топқа бөлуге болатыны аңықталған.

Агглютинация жүрсе плюс (+), жүрмесе минус (-) деп белгілеу арқылы, төмендегі таблицада қанның қандай тобын қай топтағы қаны бар адамға құюға болатыны көрсетілген.

 

Плазма тобы (агглютинниндер) Эритроциттер тобы (агглютиногендер)
Жоқ I (0) II (А) III (В) IV (АВ)
I (α) және (β) - + + +
II (β) - - + +
III (α) - + - +
IV (0) (жоқ) - - - -

 

Эритроциттердің агглютинациясы тек агглютиноген А мен агглютинин α, агглютиноген В мен агглютинин β кездессе ғана жүреді. Сонда I топты барлық (I, II, III, IV) топтарға құюға болады. II топты II және IV топқа, III топты III және IV, ал IV топты тек IV топқа ғана құюға болады.

Қан беретін адамды донор, қан қабылдайтын адамды реципиент деп атайды.

Лейкоциттер. Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері, организмде қорғаныс қызметін атқарады. Олардың атқаратын негізгі қызметі: фагоцитоз, қорғағыш денелер жасау, белок алмасу процесі кезінде бөлінген улы заттарды зиянсыздандырып ыдырату.

Дені сау адам қанының бір куб миллиметрінде 6-8 мыңға жуық лейкоциттер болады. Лейкоциттер екі үлкен топқа бөлінеді:

1) түйірлі лейкоциттер немесе гранулоциттер; 2) түйірсіз лейкоциттер немесе агранулоциттер.

Түйірлі лейкоциттер тобына эозинфильдер, базофильдер, нейтрофильдер жатады.

Нейтрофильдер өзін қоршаған ортаға лизосомды ферменттер бөледі. Базофильдер қанды ұйытпайтын системаның құрамына кірітін активті – гепарин өнімін көбейтеді, әрі биологиялық активті-гистамин синтезіне қатынасады. Түйіршік лейкоциттерге – моноциттер мен лимфоцитте жатады. Моноциттер – барлық лейкоциттер санының 4-8 процентін құрайды. Олар сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде және дәнкер тканьдерінде жасалады. Моноциттер макрофагтар деп аталады да, нейрофильдер сияқты қызмет атқарады.

Лимфациттер барлық лейкоциттер санының 25 – 35% - ін құрайды, лимфа түйіндерінде, көк бауырда, кілегейлі қабықта дамып жетіледі. Бұл клеткалар қабыну процесіне ұшыраған организмнің қайта қалпына келуін қамтамасыз ететін реакцияларға қатысады.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:

 

1.Қалыпты жағдайда қанның жалпы мөлшері адамның дене салмағының қанша бөлігін алады?

2.Қан дегеніміз не оның адам ағзаларында алатын орны?

3.Қан қандай қызмет атқарады?

4. Қан қандай компоненттардан тұрады?

5.Қан плазмасы дегеніміз не және оның құрамы?

6.Қанның физика – химиялық қасиеттері бар?

7.Қанның ұюы қандай фазалардан тұрады?

8.Резус – фактор дегеніміз не?

9.Адам қаны қанша топтан тұрады және? Оларға сипаттама бер.

Дәріс

Date: 2016-11-17; view: 1222; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию