Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ажырату диагностикасы. 5 page
Қынап пен бұтаралықтың эндометриозына қандай клиникалық симптом тән|? Қынап пен аралық эндометриозы сирек кездеседі.Эндометриоидты гетеротопия көк дөңгелек немесе дұрыс емес формалы ошақты «көздер» секілді болады. Етеккір алдында аталған ошақтар көлемі ұлғаяды,ал етеккір кезінде олдардан қою қан шығады. Қынаптың эндометриозында пальпаторлы ауысынатын,контуры анық емес және көгерген шекараларымен «көздер» ісік тәрізді құрылым анықталады. Қынаптық эндометриозда негізгі шағым- қынапта және жамбастың терең жерінде ауырсыну.Ауырсыну циклді түрде болады.Олар жыныстық қатынас кезінде, бір апта бұрын және етеккірден кейін күшейеді. Қынаптағы аурысыну қышынумен қатар жүреді, қынаптан қоңыр түсті бөлініс шығуы мүмкін. Бұл бөліністер етеккір алдында бір апта бұрын және етеккірден кейін болады. Ішастардың эндометриозына тән клиникалық симптомдар қандай? Ішастар эндометриозы жатыр-тік ішектік және байлам аппараттарының лапароскопиясы кезінде анықталуы мүмкін. Бұл эндометриоз «кіші» формасына жатады.Негізгі симптомы — бедеулік,кенеттен ауырсыну синдромы, етеккір қызметінің бұзылысы болмайды, сонымен қатар гонадотропиндер мен қандағы жыныс стероидтарының құрамы өзгермейді. Экстрагенитальды эндометриоздың орналасуы қалай көрінеді? Экстрагенитальды эндометриоз — көбіне кіндік және операциядан кейінгі тыртық бойының алдыңғы қабырғасында және аралығында ораналасады. Гинекологиялық операциядан кейін пайда болады. Тыртық бойын және кіндікті қарағанда көкшіл құрылымдар анықталады.Етеккір кезінде олардан қан кетуі мүмкін.Экстрагенитальды эндометриозға науқаста жүйелі түрде ауырсыну болып,сыртқы жыныс мүшелерін пальпацияда ауырсынса және ісік тәрізді құрылым анақталса,сонымен қатар қанды бөліністер болғанда күдік тууы мүмкін (табл. 7.2-кесте). Көбіне тік ішек пен тоқ ішекке таралады.Бұл кезді жүйелі түрде іш,бел аймағында ауырсыну,іш қату, тік ішектен қан кету болады.Қуықтың эндометриозы кезінде клиникалық көрініс ауырсынумен, дизуриямен және гематуриямен көрінеді. Таблица 7.2-кесте. Симптомы эндометриоза при различных локализациях имплантатов(MacLavertyC.M., ShawR. W., 1995)[U30] Эндометриоз диагностикасында анамнездің рөолі қандай? Эндометриоз диагностикасында анамнез маңызды роль атқарады.Аурудың пайда болуы мен етеккірмен асқынуына мән беріледі.Анамнез жинау барысында анасы жағынан отбасылық анамнезге көп көңіл бөлу керек. Бастан өткізген гинекологиялық және акушерлік операцияларға назар аудару керек.(кесар тілігі, фиброматозды түйіндерді алу), жатыр перфорациясына байланысты операция,жатырдан тыс жүктілік және тағы басқа. Эндометриоз диагностикасындағы клиникалық көріністің ролі қандай? Эндометриоз диагностикасында ауру ағымының клиникалық көрінісі маңызды роль атқарады. (жағдайының нашарлауы, анемизация,ауырсыну синдромының айқын болуы,ұзақ етеккір, гинекологиялық зерттеулер,арнайы инструментальды,лабораториялық зерттеу әдістері жасалады(УЗИ,КТ, МРТ). Қазіргі уақытқа дейін эндометриоз диагностикасы қиындық туғызған.Тек аурудың клиникалық белгілері анық көрінгенде ғана диагноз қою қиындық туғызбайды. Ол үшін эндометриоздың клиникалық көрінісін,әйел жасына қарай клиникасы айқын немесе күңгірт болатынын да ұмытпаған жөн (менархе басталғаннан 12-14 жас) және (50-60 жасқа дейін).Эндометриоздың диагностикалық маңызы зор клиникалық белгісі –- етеккір циклымен байланысты ауырсыну синдромы: іштің төменгі жағының тартып және бір ай бойы белінің ауырсынуы,ауырсыну етеккір алдында күшейеді және кенттен ауырсынумен жүретін етеккір басталады. Эндометриоз диагностикасында УДЗ-дің рөолі қандай? УДЗ — эндометриоз диагностикасындағы маңызды әдістердің бірі.Аталған тәсіл орнын,эндометроидты кистаның көлемін ңолардың етеккір кезіндегі динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.Бірақ бұл әдіс ішастардағы имплантантты анықтамайды,бірақ аденомиоз,эндометроидты киста мен аталған патологиялық процесстің орналасқан орныны анықтай алады. Аденомиозға күдік туғанда етеккір циклының қай фазасында УДЗ жасалады? Аталған зерттеуді ішкі эндометриоз кезінде етеккірдің екінші фазасында етеккірге бірнеше күн қалғанда жасаған жөн. Бұл кезде дигностиканың бастапқы этапында эндометридің базальды қабатына мән берген дұрыс.Эхография жасағанда тарнсвагинальды сканирлеуге берген жөн. Аденомизда УДЗ-ң қандай белгісі тән? Ішкі эндометриоздың УДЗ-гі тән белгісі: • миометриде эхогендігі жоғары бөліктердің пайда болуы; • эндомеридің базальды қабатының қалыңдығы бір деңгейлі болмауы; • жатырдың алдыңғы алрты өлшемі жатыр қабырғасының қалыңдығына сай келмеуі; • алдыңғы фронт құрылымының шекарасының эхогендігінің жоғарылауы және алыс фронттың төмендеуі; Аденомиз диагностикасындағы гистеросальпингографияның ролі қандай? Ішкі эндометриоз кезінде ГСГ 83%-ға дейін нақты анықтайды. ГСГ контрасты ерітіндінің сулы ерітіндісімен етеккірдің 7-8 күндері жасалады, себебі бұл күні жатыр денесінің кілегей қабаты контрасты заттың эндометроиды жолға енуіне кедергі болмайды. Ішкі эндомериозға ренгенологиялық ерекшелігі «шекаралық көлеңкенің» болуы жатады. Аденомиздың негізгі гистероскопиялық белгісі қандай? Гистероскопия етеккірдің 8-10 күндері немесе бөлек диагностикалық қырумен жасалады. Ішкі эндометриозда жатыр қабырғасының алдыңғы және артқы қабырғасының релефі дөрекі,эндометри жолы қою-қызғылт түсті. Кольпоскопияның мақсаты қандай? Кольпоскопия кезекті бпорциялы биопсия жатыр мойнының эндометриозы диагнозын нақтылау үшін жасалады. Лапароскопияға көрсеткіш қандай? Қазіргі таңда сыртық эндометриоз дигностикасының басты әдісі лапароскопия болып табылады. Лапароскопия — етеккірге 3-4 күн қалғанда немесе етккірдің екінші фазасында іш қуысы мүшелерін оптикалық жүйе көмегімен қарау. Процедура тұық манипулятормен ішекті, қуықты,жатырды,түтікшені,аналық бездерді,тік ішек-жатыр байламын және жалпақ байламды пальпациялап зерттеуге болады.Эндометриоз диагностикасында лапароскопиялық зерттеудің гистологиялық нәтижелері маңызды,өйткені көзге көрінер көрінбес зақымдалған аймақтардың ошақтарын морфологиялық зерттеу жасайды,себеі 24% науқаста эндометриоз белгілері болмайды. КТ көрсеткіш қандай? КТ патологиялық процестің қасиетін,орналасуын,басқа мүшелермен қатынасын,сонымен қатар кіші жамбас қуысының анатомиялық жағдайын нақтылайды,соның ішінде ретроцервикальды зонаның эндометроидты инфильтратында және параметрияда. МРТ көрсеткіш қандай? МРТ патологиялық процестің қасиетін,орналасуын,басқа мүшелермен қатынасын,сонымен қатар кіші жамбас қуысының анатомиялық жағдайын нақтылайды, Эндометриоз диагностикасында ісіктің қандай маркерлері қолданылады? СА-125 деңгейін анықтау.Зерттеу барасынд а эндометриоз ісіктік процеске ұқсас болғандықтан ісіктік маркерлер қолдану ұсынылған, бастысы СА- 125.Оны бірінші рет Bast (1981) аналық безінің ісігіне антиген ретінде қарастырған. Бірақ СА-125 концентрациясы эндометриозы жоқ әйелдерде де варияцияланады,бірақ аурудың бастапқы сатысында диагностикалық мақсатта қолдануға тиым салған. Қандай да болмасын қанда маркерлердің болуы, қазіргі уақытта эндометриоздың болуын түсіндірмейді. Аденимозды қандай аурулармен ажырату керек? Жатыр эндометриозы (аденомиоз) жатыр миомасынан ажырату керек(субмукозды миоматозды түйіннен). Кілегей асты миомасында етеккір ретсіз,ациклитикалық,яғни метроррагия қасиетіне ие.Субмукозды миома анемия болады,себебі тұрақты және ұлғаятын қан кетуге байланысты.Аденомиоз кезінде анемия етеккірден кейін қайтадан қалпына келеді.Диагностикалық әдіс ретінде гистеросальпингография және гистероскопия жасалады.Бұл ауруды эндометрий обырынан ажырату үшін цервикальды өзектен және жатыр денесінің кілегей қабатынан диагностикалық мақсатта қыру жүргізіліп,гистологиялық зерттеу жасалады. Аналық безінің эндометриозын қандай аурулардан ажырату керек? Аналық безінің эндометриозын қабыну процеске бейім, қатерсіз және қатерлі ісік тәрізді құрылымдардан,жатыр қосалқыларының туберкулезінен ажырату керек. Жатыр мойны эндометриозын қандай аурулардан ажыратамыз? Жатыр мойны эндометриозын жатыр мойнының эктопия сияқты цилиндрлік эпителийінен,эндоцервициттен,ЖМҚІ ауруларынан ажыратамыз. Ретроцервикальды эндометриозды қандай аурулардан ажыратамыз? Ретроцервикальды эндометриозды эндометриодты түзілістің жай өсуімен,өсуге бейімділігінің болмауымен,тіннің қанауымен және <көгерген көз >белгісінің болуымен ажыратамыз.Ретроцервикальды эндометриозды тік ішек қынап рагімен,аналық без рагінің III-IV стадиясында ажырату диагностикасын жүргізгенде еске түсіру керек,мұндай наукастарда қан формулаларында анық өзгерістер болатынын,жиі асцит дамитынын,науқастың жалпы жағдайына және басқа рак патологиясы белгілеріне көңіл аудару керек. Эндометриоз кезінде қандай ем қолданылады: Эндометриоз емі комплексті,ажыратылған болу керек: Оларға: -хирургиялық емдеу әдісі,лапаротомия және лапароскопиялық жолмен ену, -консервативті емдеу әдісі:гориональды,қабынуға қарсы,десенсибилизацияланған және симптоматикалық терапия. Эндометриозды емдеу әдістерін таңдаудағы басты критерийлер қандай? Есептеу қажет: -науқас жасы және репродуктивті қызметке қатынасы; -локализациясы,таралуы және патологиялық процестердің ауыр ағымы; -қабыну процесімен байланысы,оның салдары (тыртықты жабысқақ процестер) ГПЭ және жатырда және аналық безде деструктивті өзгерістер; -экстрагенитальды аурулармен байланысы. Эндометриозды хирургиялық емдеудегі көрсеткіштер қандай? Эндометриозды хирургиялық емдеуде іске асырылады: -аденомиоздың түйінді формасында; -жатыр миомасының диффузды формасымен байланысында,ГПЭ; -аденомиоздың III –ші дәрежесі; -аналық бездегі эндометриодты кистада; -ретроцервикальды эндометриозда; -жатыр мойнының қынаптық бөлігі және қынапта,аралық эндометриозында; -эндометриоздың <кіші> көлемінде. Эндометриоз кезінде қандай операциялар іске асырылады: Аденомиоз кезінде қынапүстілік ампутация іске асырылады,жатыр қосалқыларынсыз цервикальды каналдағы шырышты қабықшаларды жоюмен.Жатыр мойнының эндометриозы кезінде радиохирургиялық әдіс жасалады.Аналық бездің эндометриодты кистасын лапаротомия және лапароскопиялық жолмен алып тастайды.Эндометриоздың кіші формасы кезінде электрокоагуляция жасалады немесе каутеризация,ал эндометриодты гетеротопия процесінде лапароскопия.Ретроцервикальды эндометриоз кезінде зақымдалған тіндер ажыратылады және оларға әсер етіледі немесе криодеструкция өткізіледі,тіркескен аденомиоз,ретроцервикальды эндометриоз кезінде және жатыр мойны зақымдалуында жатырдың экстирпациясы өткізіледі.Міндетті түрде хирургиялық емнің эффективтілігіне байланысты ағымы 3-6 айдан аз емес уақытта қайталанудың алдын алу мақсатында операциядан кейін гормонотерапия қабылдайды.Одан басқа,физиотерапия,электрофорез йодпен және мырышпен синусоидалған модульденген токтар,анальгезиялық құралдар және препараттар,простагландиндер синтезін тоқтататын (индометацин),транквализаторлар,витаминдер,ине рефлекс терапиясы,ультрадыбыспен емдеу,гипосенсибилизацияланған құралдар тағайындалады. Эндометриозда медикаментозды ем қандай мақсатта тағайындалады? Науқаста эндометриозды заманауи емдеу жолы хирургиялық емдеу комбинациясынан,эндометриодты ошақтарды алып тастауға бағытталған және гормонмодульденген терапиядан тұрады.Гормональды терапия эстрогендер синтезін төмендетуге бағытталған.Сондықтанда эндометриоз емінде әртүрлі терапия жолымен әсер етулер қолданылады,соңында бір мақсатты анықтайды-ол,гипоталамо-гипофизарлық –аналық без жүйесінің төмендеуі және эндометриодты гетеротопия тінінде атрофиялық өзгерістер дамуы.Гормональды препараттарды қабылдау ұзақтығы процестер таралуы және терапияның эффективтілігі бойынша анықталады.Препараттарды қабылдау симптомдар шақырады, КС-ке ұқсас:қызу көтерілу,терлеу,ұйқының бұзылысы және емді бітіргеннен кейін аяқталады. Эстраген гестаген препараттарының әсер ету механизмі қандай? Бұл препараттар гонадотропты гормондар лақтыруын,аналық безде стероидтар синтезін тоқтатып,эндометрийде пролиферативті процестерді басады.Эндометрийде және эндометриодты гетеротопияда циклдік процестердің әсер етуі тоқтатылады,ал ұзақ және үздіксіз қолдануда регрессивті өзгерістер дамиды,эндометрий ошақтарының облитерациялануына және склероздануына алып келеді. Эндометриоз емінде қандай эстроген-гестаген препараттарының қабылдайды? Көпфазалы КОК,үздіксіз режимде 6-12 ай бойы және одан да көп уақыт қабылдайды.Дәлелденген медицина бойынша КОК-ң құрамында диеногест(жанин) бар. Эндометриоз емінде қандай гестаген препараттарын қабылдайды? Келесі прогестиндерді қабылдайды-олар медроксипрогестерон,дидрогестерон,диеногест.Емін үздіксіз 6-12 ай бойы қабылдайды. Эндометриоз емінде антигонадотропинді әсер ететін қандай препараттар қолданылады? Қазіргі күнде антигонадотропинді әсер ететін синтетикалық туынды 17-а-этинил-тестостерон- даназол қолданылады,гонадотроптың овуляторлы тастауын тежейді,ол эстрадиол рецепторларын,прогестерон және аналық бездегі андрогенді тежейді.Даназолды 400-800 мг күніне (2800 мг аптада),6-8 ай бойы қабылдайды.Препарат кемшілігі андрогенге тәуелді жағымсыз әсер көрсетеді.ХХ ғас-ң 80- –шіы жылдары гестрино туындылары 19-норостероидтар кең қолданылған, жоғары антигонадотропты белсенділік көрсеткен,оны аз мөлшерден -2,5 мг 2 рет аптасына(5 мг) қабылдайды.Бұл препарат эндометриодты гетеротопия тінінде көбірек интенсивті инволютивті өзгерістер тудырады. Эндометриоз емінде қандай агонис ГнРГ препараттары қолданылады,олардың әсер ету механизмі қандай? Агонист ГнРГ гипофиздің алдыңғы бөлігінде <гонадотропты >зона рецепторларын тежейді,гонадотропин секрециясын бөгейді.Нәтижесінде аналық бездегі жыныс гормондары азаяды,қанда деңгейі постменопаузаға дейін түседі.Препараттардан ұзақ әсер ететіндер қабылданады: -трипторелин (диферелин) -3,75 мг бұлшық етке күніне 1 рет,28 күнге, -гозерелин-3,8 мг іштің алдыңғы қабырғасының тері астына 1 рет,28 күнге, -бусерелин-мұрынға спрей,тәуліктік дозасы 900 мкг мұрынның шырышты қабықшасын ашу үшін(күніне 3 рет,2 рет басып), Агонист ГнРГ-мен емдеу ұзақтығы 3-6 ай.Эффективтілігі бойынша агонист ГнРГ 2 мг диеногестті (визаин) үздіксіз қолданғанда қатынасы салыстырылып дәлелденген. Эндометриоз емінің болжамы қандай? Болжамы қолайлы,бірақ ауыр түрінде фертильності қалыптастыру мәселесін тудыруы мүмкін,пре және постменопаузада радикальды хирургиялық емдеу өмір сапасын қамтамасыз етеді. Эндометриоз профилактикасы қандай? Иммунды гемостаз бұзылысы және гормональды фон негізінде жатыр қуысынан тыс эндометрий элементтерінің имплантациясы және орын ауыстыруы эндометриоздың патогенезінде басты мәні болып табылады: -ішкі жыныс органдарының созылмалы процесінде уақытында емделу, -қаламаған жүктіліктің алдын алу максатында заманауи контрацепция қолдану, -әртүрлі диагностикалық және емдік процедураларды жүргізуде(диагностикалық қыру,гистеросальпингография,жатырды зондтау,жатыр қуысын ашу операциясы,кесір тілігі және т.б.)қатаң түрде дәрігерге қаралу, -жатыр қуысының шырышты қабатын қырудан кейінгі жатырлық қан кетуді емдеуге бағытталған гормональды препараттар қолдану, -босану жолдары жарақатының алдын алу (жатыр мойны,қынап қабырғасын,аралықтың жыртылысын мұқият тігу), -жатыр мойнының диатермоэксцизиясы және диатермокоагуляциядан кейінгі аурулардың алдын алу, - жатыр мойнының диатермоэксцизиясы және диатермокоагуляцияны жүргізуге қатаң көрсеткіш -жыныс гормондарының метоболизмінің коррекциясы және уақытында шығуы.
Тест сұрақтары Бір немесе бірнеше дұрыс жауаты таңдаңыз. 1.Генитальды эндометриоз дамуында қауіп факторлары болуы мүмкін: 1. Тұқымқуалайтын предрасположенность; 2. Жыныс мүшелерінде аномалиялар дамуы; 3. Ановуляция; 4. Етеккір қанының рефлюксі; 5. Инвазивті әдістер. 2.Аденомиоздың диффузды формасының ең ақпаратты УЗ-белгілері: 1.жатырдың шар тәрізді формасы; 2.алдыңғыартқы өлшемдерінің азаюы; 3.бугристая поверхность матки; 4.мометриидегі дөңгеленген анэхогенді қосылыстар 5 мм –ге дейін; 5.ортаңғы деформация М-эхо. 3.Перитонеальды эндометриоздың негізгі клиникалық дамуы: 1.мол және ұзақ етеккір; 2.жамбас ауырсынуы; 3.етеккірге дейін және кейінгі жұғынды қанды бөліністер; 4.бедеулік; 5.галакторея. 4.Ішкі эндометриоздың айқын клиникалық көрінісі: 1. етеккірге дейін және кейінгі жұғынды қанды бөліністер; 2.дизуриялық жағдай; 3.жыныс жолдарынан мол және ұзақ бөліністер; 4.етеккір ауырсынумен; 5.созылмалы жамбас ауруы. 5.Аденомиоз-бұл: 1.жатырдың шырышты қабатының қабынуы; 2.эндометрий гиперплазиясы; 3.жатыр мойны эктопиясы; 4.эндометрий полипі; 5.ішкі эндометриоздың III дәрежелі таралуы. Есептер 6.Науқас 41 жаста,операциядан кейінгі тыртық аймағында ауырсыну және етеккірден кейін және оның уақытында қанды бөліністер болуына шағымданып әйелдер консультациясын алу үшін дәрігерге қаралды.Одан басқа науқаста іштің төменгі жағында,әсіресе сол жағында етеккір кезінде күшеюмен болатын ауырсыну мазалайды.Объективті қарау кезінде операциядан кейінгі тыртық бойы прощупываются плотные,ауырсынумен түйіндер.Тыртық және тері үсті көгерген түсті.Қынаптық тексеру кезінде анықталды:жатыры anteflexio-anteversio қалыпты өлшемде,жазық,ауырсынусыз.Оң жақ қосалқылары анықталмайды.Жатыры сол жақ және артынан пальпацияда ауырсынумен өлшемі 6х7х7 см тұрады,қозғалысы шектелген,концистенциясы тугоэластикалық,жоғарысы жұмсақ.Жыныс жолдарынан бөліністер шырышты,аздаған.Диагноз қандай?Дәрігердің тактикасы қандай болады? 7.Науқас,35 жаста,етеккір басталуға 2 күн қалғанда әйел консультациясын алу үшін дәрігерге қаралды,етеккірге дейін және кейін жұғынды қанды бөліністер,етеккір уақытында ауырсынумен және мол қанды бөліністер болуына шағымданды.Қынаптық тексеру кезінде анықталды:жатыр мойны таза,цилиндр формалы.Жатыры шар тәрізді формалы,ірі қалыпты,ауырсынусыз.Қосалқылары аймағы ауырсынусыз, анықталмайды. Диагноз қандай?Дәрігердің тактикасы қандай болады?
Глава 8 8-ТАРАУ Әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері 8.1. Жатыр мойнының обырырагі Сабақтың мақсаты: студенттерге жатыр мойны рагінің патогенетикалық аспектілерін,жіктелісін, клиникалық көрінісін,диагностикасын,ажырату диагностикасын,емін және профилактикасын үйрету. Студент білуі керек: жатыр мойны обырыныңрагінің таралуының бес сатысын, гистологиялық формасын, метастаз беру жолын, TNM жүйесі бойынша халықаралық жіктелісін, емін, жатыр мойны рагінің обырының профилактикасын, биопсия техникасын және оны жүргізу құралдарын білу қажет. Студент жасай алуы қажет: анамнез жинау, науқасты қарау, қынаптық тексеру жүргізу және жатыр мойнын айна көмегімен қарау, қынаптық және ректовагинальды тексерулер, атипиялық клеткаларға, тазалық дәрежесіне, флораға жұғынды алу. Кольпоскопиялық көрінісін анықтаймыз, қалыпты көп қабатты жалпақ эпителий түрінде, жатыр мойнының қынаптық бөлігін жапқан, күдік туған аймаққа прицельді биопсия алу мақсатында. Жиналған анамнез бойынша,объективті тексерулер,диагноз қоюда қосымша зерттеу әдістерін жасау,ажырату диагнозын жүргізу,науқасқа ем жүргізу жоспарын құруды. Сабақ өткізу орны: оқу бөлмесі, гинекологиялық бөлімше, мүмкіндік болса, -онкологиялық бөлімше немесе онкодиспансер, кіші операция бөлімі. Безендірілуі: таблицалакестелер, плакаттар, муляждар, эхограмма, слайд, ауру тарихы,кольпоскоп,биопсия жүргізу құралдары, жұғынды алу,фильмдер көрсету,компьютермен презентациялар. Сабақ жүргізу жоспары. - Ұйымдастырылған сұрақтар,тақырыпты негіздеу. -Студенттердің білім деңгейін бақылау. -Оқу бөлмесі.Компьютерлік презентацияларды қолдануда тақырыпты теориялық оқу. -Бөлімшеде науқастардан курация жинау және қарау,жұғынды алу,кольпоскопиялық тексерулер,жатыр мойнынан биопсия алу жүргізу кезінде қатысу,ситуациялық есептерді шешу. -Оқу бөлмесінде сабақты талдау,сұраққа жауап беру.Үй жұмысы. Жатыр мойны рагі обыры дегеніміз не? Жатыр мойны обыры рагі(ЖМРО)- – бұл жатыр мойнының қатерлі ісігі. Жіктелісі МКБАХЖ-10 бойынша жіктелісі С53. Жатыр мойнының жаңа түрдегі қатерлі ісігі. Эпидемиологиясы қандай? Жатыр мойнының рагі обыры таралымы бойынша қатерлі ауру әйелдер арасында сүт безі рагінен обырынан кейінгі екінші орында және 100 мың әйелдер ішінде 8-11 жағдайы диагностикаланады. Қазіргі уақытта жыл сайын әлемде жатыр мойны рагімен обырымен ауыратын 500 мың науқас анықталады және оның ішінде, 200 мың әйел жыл сайын осы аурудан өледі. Жатыр мойны обырынырагінің науқас жасына байланысты таралу жиілігі қандай? Жатыр мойны рагінің таралу жиілігі 40 жастан жоғары әйелдерде тез өседі және 25 жастағыларға қарағанда, 20 рет жиі диагностикаланады. Жатыр мойны рагінің таралуы жиі 40-60 кездеседі (63,5%). Преинвазивті кезінде жатыр мойны рагі обыры ауруының шыңы 25-40 жас аралығы. Жатыр денесі рагінің обырының жіктелісі қандай? Әлемде жатыр мойны рагінің оборының екі жіктелісін қолданады: FIGO жүйесі бойынша (Халықаралық федерация акушерия және гинекология)және TNM жүйесі бойынша, клиникалық тексерулер негізінде таралуы тіркеледі, диагностиканың барлық түрлері енгізіледі. (табл.8.1-кесте). Таблица 8.1-кесте. Жатыр мойны рагінің обырының жіктелісі (TNM және FIGO)
Date: 2016-06-06; view: 1200; Нарушение авторских прав |