Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Галактикалардың мофологиялық классификациясы
Галактикалардың мофологиялық классификациясы—астрономияда кең қолданылатын галактикалардың көрінетін айырмашылығына сәйкес топтарға бөлу. Галактикаларды морфологиялық типтерге бөлудің бірнеше әдістері бар. Олардың арасындағы ең кең танымалы Эдвин Хабблдың ұсынып, Жерар де Вокулер мен Алан Сендидждің толықтырған әдісі. Галактикаларды классификациялауға деген талпыныстар 1845-50 жылдары Лорд Росстың спиралдық өрнегі бар тұмандықтарды байқауынан басталды. Алайда, осы уақытта, барлық байқалған тұмандықтар біздің галактикаға жатады деген теория басым еді. Ал осы тұмандықтардың бір бөлігі галактикадан сырт жататынын 1924 жылы Э.Хаббл дәлелдеп шықты. Осылайша галактикалар галактикалық тұмандықтар сияқты классификациялана бастады. Ертеректегі фотографиялық шолуларда спиралды тұмандықтардың айтарлықтай басым болуы, оларды жеке топқа бөлуге мүмкіндік берді. 1888 жылы А.Робертстің аспанның терең шолуын орындау нәтежесінде, эллиптикалық, құрылымы жоқ, созыңқы келген объектілердің көптеген түрлері анықталды. 1918 жылы Г.Д.Кёртис спиралды мойыны бар сақина тәрездес галактикаларды жеке топқа бөлді. Сонымен қатар, созыңқы, құрылымы жоқ галактикаларды жанынан көрінетін спиралды галактикалар ретінде қарастыруға ұсыныс жасады.
Хаббл реттілігі Хаббл реттілігі—бұл Эдвин Хабблдың 1926 жылы ұсынған морфологиялық классификация [13]. Хаббл Камертоны деп аталатын бұл жүйе 1936 Хабблдың өзі мен жетілдірілді. Хаббл Камертоны деп аталудың себебі–бұл класификацияның сыртқы, схемалық көрінісі осы музыкалық аспаппен ұқсас болуында.
Хаббл, класификациясында барлық галактикаларды көк (В) фильтірінде экспонирленген пластинадағы сыртқы пішініне байланысты, 3 көлемді топқа бөлді.
Эллиптикалық галактикалар тегіс эллиптикалық формаға ие (дөңгелек тәрездестен қатты сығылғанға дейін) ерекшеленетін болшегтері жоқ, жарықтылығы центірінен шеттеріне қарай біртекті әлсірейді. Оларды белгілеу E әрпіне сығылу коэффицентімен анықталатын санды қосумен жүзеге асырылады. Осылайша, дөңгелек галактика E0 белгіленуіне ие болады, ал бірінші жарты ось екінші жарты осьінен екі есе үлкен галактикалар E5 ие.Сығылу индексінің мәні келесі формуламен есептелінеді:
(1.1)
Бұл жерде aменbкөрінетін эллипстің үлкен және кіші жарты осьі. Қатты сығылған эфллипс формалы галактика(E7)деп белгіленеді. Эллиптикалық галактикалар негізінен кәрі жұлдыздардан тұрып, құрамында газдың толқтай жоқ болуы мен ерекшелінеді.
Спиральды галактикалар жұлдыз бен газдан құралған жалпақ дискіден (оның ортасында балдж деп аталатын сфералық нығыздауыш орналасады), сонымен қатар кең сфералық галодан тұрады. Диск жазықтығында көбіне жас жұлдыздардан, газ бен тозаңнан тұратын ашық спираль жеңдер құрылады. Хаббл барлық белгілі спираль галактикаларды қалыпты спиральдарға (Sсимволымен белгіленеді) және бары бар спиральдарға (SB) бөледі, оны отандық әдебиетте тосқауылды немесе қиылысқан деп жиі атайды. Қалыпты спиральдарда спиральдық бұтақтар тангенциалды түрде орталық ашық ядродан алыстап, бір айналым ұзақтығында жайылады. Бұтақтар саны түрліше болуы мүмкін: 1,2,3,… бірақ галактикалар көбіне екі бұталы болып кездеседі. Қиылысқан галактикаларда бұтақтар бар ұшынан тік бұрышпен таралады. Олардың арасында екі бұтаққа тең келмейтін бұтақтар саны кездеседі, негізгі массада қиылысқан галактикалар екі спиральдық бұтақтарға сайкеледі. Спиральды жеңдер тығыз бұралғанына немесе ядромен балдждың мөлшерлері қатынасы бойынша жұмырлануына қарай a, b немеcе символдары енгізіледі. Мәселен, Sa галактикаларына үлкен балдж және қатты бұралған тұрақты құрылым тән, ал Sc галактикаларына кішігірім балдж және жұмырланған спиральды құрылым тән. Sb класс тармағына әлдебір себепке байланысты шеткі класс тармақтарының біріне жатқызуға болмайтын галактикалар кіреді: Sa немесе Sc. Мәселен, M 81 галактикасы үлкен балдж бен жұмырланған спиральды құрылымға ие.
Дұрыс емес немесе тұрақсыз галактикалар —айналу симметриясынан және маңызды ядросынан айырылған галактика. Магеллан бұлттары дұрыс емес галактикаларға тән өкіл болып танылады. «Магеллан тұмандылығы» деген терминде бар. Дұрыс емес галактикалар пішіндерінің алуан түрлі болып келуімен, кішігірім өлшемі мен және тозаң мен жас жұлдыздардың мол болуымен ерекшеленеді. I деп белгіленеді. Дұрыс емес галактикалардың пішіні нақты анықталмағандықтан, дұрыс емес галактикаларды көбіне пекулярлық галактикалар деп атаған.
Галактикалар классификациялау үшін тым көмескі болып табылатындықтан, Хаббл Q символымен белгіледі. 1936 жылы құрылысы спиральды галактикаларға ұқсас, бірақ спиральды құрылымы жоқ Линза тәрізді галактикалар қосылды. S0 белгіленді. Егер линза тәрізді галактикалар жанынан көрініп тұрса, ол эллипстік галактикадан қатты қысылуы мен және күңгірт тозаң қабаты болуымен ерекшеленеді.[14].
Date: 2016-05-25; view: 1588; Нарушение авторских прав |