Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ағымдағы міндеттемелердің есебін жетілдіру жолдары ⇐ ПредыдущаяСтр 9 из 9
Бүгінгі таңда бухгалтерия саласы жақсы дамып келеді. Бухгалтерияда ағымдағы міндеттемелер есебі үлкен орын алады. Ағымдағы міндеттемелер кәсіпорыннның қаржылық, салықтар бойынша, басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша өзге де қысқа мерзімді кредторлық берешектері болып табылады. Оның есебі арқылы кәсіпорынның ұсақ-тиек есептерін ретке келтіріп, әр түрлі қысқа мерзімді қарыздардың өтелгендігін нақты біліп отырасын. Оны қазіргі заманның оңтайлы технологиясы бойынша дұрыс әрі тез есептеуге болады. Оған қаржылық есептің халықаралық стандарттарының кең қолданысқа ене бастауы мен «Алтын», «Парус», «1С:Кәсіпорын» компьютерлік бухгалтерия бағдарламасының барлық шаруашылық субъектілер, кәсіпорын, мекеме, мемлекеттік ұйымдар да орнатып қолдануы дәлел ретінде бола алады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына» көшуі, біздің қарастырып отырған бухгатерлік есептегі ағымдағы міндеттемелер есебін бұрынғыға қараған одан әрі жетілдіріле түсті. ҚЕХС-ның артықшылығы: - стандарт жобалары көпшіліктің талдауынан өткен; - КЕХС бухгалтерлік есепке сәйкестілігін қамтамасыз етеді; - ҚЕХС компанияның біріктірілген есеп дайындау бойынша шоттарын азайтады; - ҚЕХС әр дайым жетілдіріліп отырады; - -ҚЕХС-ның дайындауында әр түрлі елдердің бухгалтерлерінің ең үздік білімі мен жинақталған тәжірибелерінің жалпылауы; - ҚЕХС кейбір елдердегі есепті реттеу ерекшеліктеріне байланыссыз. ҚЕХС-ның ағымдағы міндеттемелерге қатысты бөлімдері: 1) ҚЕХС (IAS) 17 Жалдау; 2) ҚЕХС (IAS) 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақы; 3) ҚЕХС (IAS) 23 Қарыз дар бойынша шығындар; 4) ҚЕХС (IAS) 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер. [3] Қазақстанда «1С:Бухгалтерия» бағдарламасы басқа компьютерлік бухгалтерия бағдарламасынан көрі кең ауқым-ды таралған. Бүгін оның жаңа нұс-қасы «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8» шықты. Оның «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 7.7» көртеген ар-тықшылықтары бар. «Қазақстанға арналған 1С:8.0» - бухгалтерлік және салық бойынша есептерін автоматтандыруға арналған көптеген тағайындалған белгілеуден өткен кең ауқымды бағдарлама. Бағдарламаның негізгі бөлігін түрлі қосымша бизнестерді құруға, жаңартып өзгертуге мүмкіндік беретін «1С:Кәсіпорын 8.0» сан түрлі ыңғайға келетін технологиялық тұғыры алып жатыр. Бағдарламалық өнімнің жинағына «Қазақстанға арналған Бухгалтерия» нұсқасының қолданбалы шешімі кіреді. «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8.0» бухгалтерлік және салық есептерін жүргізуге, сонымен қатар көтерме-бөлшек сауда, көрсетілген қызмет, өндіріс сияқты кез-келген коммерциялық жұмыстарды шешетін ұйымдардың міндетті есептерінің формаларын дайындауға арналған. Бухгалтерлік және салық бойынша есептері ҚР-ында жасап тұрған заңдарымен сәйкестендіре жасалған. Есеп нұсқасында (конфигурация) 22.11.2005 жылынан «Қаржылық есеп беруді ҚЕХС-мен сәйкестендіре құрайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есептің шоттарының жұмыстық жоспарын жасау бойынша негізін бекіткені туралы» №426 ХҚ Бұйрығымен бекітілген нұсқаулығына сәйкес жасалған шот жоспары жүзеге асырылған. Әрбір ұйымдардың есебін бөлек информациялық базаларда құрастырса болады. Сонысмен қатар «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия» бірнеше ұйымдардың бухгалтерлік және салық бойынша есептерін жалпыға ортақ информациялық базасында құруға мүмкіндік туғызады. Егер осы ұйымдардың шаруашылық қызметі бір-бірімен тығыз байланысты болса: ортақ тауарларды, контрагенттердегі (жұмыс серіктестерінің), жұмысшылардың, қоймалардың тізімдерін қолдануға болады, ал міндетті есептерін бөлек қалыптастыруға болады. [9] «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтериясында» ағымдағы міндеттемелер бойынша есептерді мына есеп бөлімшелерде қолданылады: - тауар операцияларының есебі Тауарлар мен қызметтердің түсуі мен іске асуының операцияларының есебі автоматтандырылған. Тауарды сату кезінде төлемге есеп жазылады, ілеспе (накладной) мен шот-фактура ресімделеді. Бөлшек сауда бойынша барлық операциялар сатып алушылармен және жеткізушілермен келісім шарт бойынша сатып алынады. Сатып алушылардан қайтарылған тауарлар мен жеткізушілерге қайтарылған тауарлардың көрсетілімі автоматтандырылған. - банктік және кассалық операциялар есебі Жеткізушілермен, сатып алушылармен және подотчетті тұлғалармен есеп айырысу бойынша, есеп айырысу шотына қолда бар ақшасын салу және ақша чегі бойынша қолда бар ақшаны алу, шетел валютасын иемдену немесе сату бойынша операциялары автоматтандырылған. Операцияларды көрсету кезінде төлемдер сомасы автоматты түрде аванс пен еңбекақы сомасына бөледі. - контрагеттік есептесу есебі Жеткізушілермен және сатып алушылармен есептесу есебін теңгемен де, шартты бірліктермен де және шетел валютасымен де жүргізуге болады. Курстық және сомалық айырмашылықтарды әрбір операция бойынша автоматты түрде есептеледі. Түгендеу нәтижесі бойынша ИНВ-17 «Сатып алушылармен, жеткізушілермен, басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есептесудің түгендеу актісі» және ИНВ-22 «Түгендеуді жүргізу туралы бұйрық» нысандары қалыптасады.[8] - еңбекақы және кадрлық есебі «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерияда» негізгі жұмыс орны бойынша және де бірлестігі де бойынша есептерін қоса алғанда қызметкерлердің қозғалыс есебі жүргізіледі. Сәйкестендірілген қалыптардың (форма) еңбек заңнамасы бойынша қалпына келтірілуі қамтамасыз етіледі. Мына қызметтері автоматтандырылған: - әрбір жұмыскерлерге аударылған еңбекақы аударымын жеке-жеке көрсету мүмкінндік тәсілі; - жұмыскерлердің еңбекақы алуларына дейінгі өзара есеп айырысуларын көрсету; - депонирленген еңбекақыдағы операциялар; - орындалатын қағаздар бойынша операциялар; - базадағы ұйым жұмыскерлерінің еңбекларынан ұсталатын регламенттелген заңнамалық салық пен жарналарынаң есептері; - қажетті регламенттелген есеп берудің қалыптастырылуы. Әр ұйымның кадр қозғалыс есебіне құжаттарды ресімдеу (жұмысқа қабылдау туралы, жұмыстын шығару туралы, ауыстыру туралы бұйрықтар) мен есеп-қисабын (жеке карточка, үлгі Т-2, ұйым жұмысшыларын құрамы бойынша есеп берулер) қосқандағысы автоматтандырылған. Жұмысқа қабылдаудың көмекшісі жаңа қызметтер туралы мәліметті тез арада енгізуге жасалған. Оны енгізгеннен кейін қызметтерді қабылдау туралы бұйрықты бірден басып шығаруға болады (үлгі Т-1). Жұмысшы жұмыстың негізгі орнына ретінде және бірлестік ретінде қабылдана алады. Еңбекақының ерекше нысаны іске асырылған: мерзімді (айлық, күндік және сағаттық тарифтік ставкаларын қолдану бойынша) және кесімді нысан, сонымен қатар олардың нұсқалары – еңбекақының мерзімді-сыйақы және кесімді сыйақы нысаны. Жұмысшының мерзімді еңбекақысын қолданған кезде оны жұмысқа қабылдау ресімдеу кезіндегі жұмыс істеген уақытын есепке алатын кестесі мен еңбекақы мөлшерін көрсетксе жеткілікті. Ұйымның барлық есептеулері 2 үлкен топтан тұрады: - негізгі есептеулер – бұл іс-әрекет кезеңін иеленетін уақытынының жалғасуымен сипатталатын есептеу; - қосымша есептеу – бұл есептеудің 1 күнімен сипатталатын есептеу, мысалы сыйақы, дивиденд. Мәліметтердің информациялық базасында жұмыскерлердің ағымдағы өндірімі туралы, жұмыс кестесінің ауытқулары туралы, бір жолғы есептеулер мен ұсталымдар туралы енгізгеннен кейін жалақымен байланысты есептеулермен бірге оның есеп беруін жеке шығаруға болады. Жалақыға есеп беру үшін «Ұйымның жұмысшыларына еңбекақы есептеу» құжаты қолданылады. Жалақы төлеуді дайындау үшін «Ұйымның жалақы төлеу төлем» құжаты қолданылады.[5]
- ҚҚC есебі Жеткізушілер мен мердігерлермен төленген ҚҚС есебі автоматтандырылған. Резидент еместерден алынған, соның ішіндегі қызметтері бойынша ҚҚС-ның есептелмеген есебі автоматтандырылған. Бүтін ҚҚС-ын бөлек және пропорционалды әдістерімен есеп алуға қабылдайтын әдістерімен салықты анықтауға қолданылады. Кәсіпорынның үлкен де қиын құжат айналымында есеп беру кезеңінің соңында әр түрлі құжаттармен енгізілген информациялық базаның деректерін автоматты түрде өңдейтін ҚҚС есебінің регламенттік (реттеме) операцияларын орындау керек болады. Регламенттік операцияларды орындау үшін «ҚҚС есебі бойынша көмекшіні» мақсатқа сай қолданады. «ҚҚС есебі бойынша көмекшісі» жұмысты жеңілдетеді, көрнекілікті (наглядность) көтереді, іс-әрекеттің тізбектілігін бақылайды. «1С:Бухгалтерия 8» автоматты құжатталуын және сатып алынған зат кітабы мен сату кітабының салық есеп беруінің мамандандырылған түрін басып шығаруға тұжырымын қамсыздандырады. - салық есебі Кескін нұсқасында (конфигурация) ортақ орнатылған салық салу тәртібі сақталады. Салық есебін жүргізу үшін кескін нұсқасында арнайы шот жоспары қосылған. Бұл БЕС 11 «Табыс салық есебі» талабының орындалуы үшін активтер мен міндеттемелердің құндық бағаларының күнделікті және уақыттық айырмасының арнайы көмекші есебі автоматты түрде жүргізіледі. Салық бойынша есептің деректері бойынша салық тіркеулері автоматты түрде қалыртасады және КТС-тың салық декларциясын толтыру үшін деректері автоматты түрде дайындалады.[2]
Орытынды
Қорыта келгенде, мен өзімнің «Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі»-атты курстық жұмысымды жан-жақты қамтып, зерттеу барысында аздаған жаңа мәліметтермен таныс болдым. Сонымен, міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы деп танылады. Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мен ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады. Ал жалпы міндеттеме ағымдық, яғни қысқа мерзімді кредиттік берешек және ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Ағымдағы міндеттемелерге ұйымдар меншігінде бір жылдан артық мерзімде қолданылатын немесе пайдаланатын,ал екінші топта бір жыл ішінде өндірілетін және сатып алынып, жұмсалынатын немесе бір жыл ішінде ақшаға айналатын міндеттемелер саласы көрсетіледі. Бүгінгі таңда еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты, жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес қысқа мерзімді міндеттемелердің ролі арта түсуде. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жұмысын іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзінің қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осылардың барлығын болдырмау үшін міндеттемелер есебін жүргізуде тиімді әдіс–тәсілдерді қолдану, келешекте кездесетін көптеген кемшіліктерге жол бермеуге және оларды тиімді жоюға көмектеседі. Және есепті ҚЕХС-на сүйене отырып, бүгінгі таңдағы «Қазақстанға арналған 1С: Бухгартерия», «Алтын», «Парус» сынды бухгалтерлік бағдарламалармен орындау керек. Сонымен, зерттеу барысында мен көптеген әдебиеттерге сүйене отырып, осы тақырыптың қаншалықты маңызды әрі күрделі екендігіне көзім жетті. Қысқа мерзімді міндеттемелер есебінде қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелердің, салықтар бойынша міндеттемелердің және де қысқа мерзімді кредиторлық борыштардың есебі бір-бірімен байланысты және кезкелген кәсіпорындардың есепптерінде жүргізіледі екен. Курстық жұмысты жазу барысында мен міндеттемелер есебін және қысқа мерзімді міндеттемелерді толық ашып көрсетуге, оларға толығымен сипаттама беруге тырыстым. Пайдаланылған әдебиеттер мен материалдар тізімі:
1. 2007 жылғы ақпанның 28-і, № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2. Қазақстан Республикасының кодексі, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), Алматы-2009ж., «Lem баспасы» ЖШС; 3. Қаржылық есептің Халықаралық Стандарты 2007ж.: - 17 ҚЕХС (IAS) Жалдау «Lem баспасы» ЖШС; - 19 ҚЕХС (IAS) Қызметкерлерге берілетін сыйақы «Lem баспасы»; - 23 ҚЕХС (IAS) Қарыздар бойынша шығындар «Lem баспасы»; - 37 ҚЕХС (IAS) Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер «Lem баспасы» ЖШС; 4. ҚР ҚМ 23.05.2007ж. №185 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есепшоттардың Жаңа үлгі жоспарындағы шоттар; 5. В.Л.Назарова «Шаруашылық жүргізу субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» Алматы-2005, «Экономика» баспасы. – 254б. 6. С.Б.Баймұханова «Қаржылық есеп» оқулығы Алматы-2007ж., «Экономика баспасы» ЖШС. – 295б. 7. Кеулімжаев Қ. Қ., Құдайбергенов Н. А., «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы, Экономика,2006 ж.- 384б. 8. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С. «Бухгалтерлік есеп», «Алматыкітап баспасы»,2012 ж.- 310б. 9. Қаржы есептілігін талдау: Оқулық / Дүйсембаев К.Ш. – Алматы: Экономика, 2011. -165бет. 10. В. П. Проскурина, Бухгалтерлік проводкалар:(ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. №185 бұйрығымен бекітілген, "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының" бөлімдері бойынша бухгалтерлік проводкалар жинағы)
Date: 2016-05-14; view: 1155; Нарушение авторских прав |