Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер
Шоттар жоспарындағы Ағымдағы міндеттемелердің 3200 «Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» синтетикалық шотына мына шоттар кіреді: 3210 Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер; 3220 Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер; 3230 Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер; 3240 Басқа да ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер; Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі. Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі 3220 «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. БЕС-тің №26 «Зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған шығындарды есепке алу» стандартында жүргізіледі. Меншік нысанынан қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнтақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім бағасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін. Жарналар белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен, жарғыларымен және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік актілермен белгіленген еңбекақының барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға материалдық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларға және зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры құжаттарын жұмсау тәртібі туралы нұсқауда, белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.[5] 1) Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептеген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі жақты жазу жазылады: Дт3350 Кт3220; 2) Ал бұл есептелген жарналар қорға аударған уақытта: Дт3220 Кт3010; 3) Кәсіпорынның 3220 шотының қалдығында ұйымның зейнетақы қорына аударым қаражаттарын уақытылы төлемегені үшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Уақытылы зейнетақы қорына аударылмаған жарна үшін есептелмеген өсім сомасына бухгалтерияда мына түрдегі жазу жазылады: Дт7210 Кт3220; 4) Ал бұл соманы кәсіпорын тиісті қорға аударған уақытта: Дт3220 Кт3010. Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-нан кеш қалмауы керек. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым айының үшінде шыққан нөмірі 4-1 санды «Мемлекеттіе емес ерікті зейнетақы қорлары туралы» заңына сәйкес ҚР-ның азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізетін заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбекақысынан ұсталыгып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәптіпке сәйкес жүргізіледі.[6]
Date: 2016-05-14; view: 1887; Нарушение авторских прав |