Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Салық міндеттемелерінің есебі
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2008 жылғы 10 желтоқсанында № 100-ІV Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» (өзгертулермен және толықтырулармен) Салық Кодексі қабылданды.Осы Салық кодексі бойынша салық төлеушілердің міндеттемесі: Салық төлеушінің ҚР-ның салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті. [2] Салық салу объектісі – салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайтын қолдағы бар ақшасымен байланысты мүлкі мен іс-әрекеттері. Салық базасы – салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзгеде сипатамалары. Олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады. Салық ставкасы – салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігі процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленетін салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасы. Салық кезеңі – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекеленген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсмініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.[2]
Салықтың міндеттемелерінің есебі шоттар жоспарының 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» деп аталатын бөлімінде жүргізіледі. Оған кіретін шоттар: 3110 Корпаративті табыс салығы (20%, ал ауыл шаруаш.-10%); 3120 Жеке табыс салығы (10% ЖТС= Еа-ЖЗК-ЕтЕа)*10%); 3130 Қосылған құн салығы (12%); 3140 Акциздер; 3150 Әлеуметтік салығы (11%, Әлеуметтік салык= Еа-ЖЗК)*11%); 3160 Жер салығы; 3170 Көлік құралдарына салынатын салық; 3180 Мүлік салығы; 3190 Өзге салықтар.[4] Корпоративтік табыс салығы. Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 «Төлеуге тиісті корпоративтік табыс салығы» деген пассивті шотта жүргізіледі. ҚЕХС-тің №18 «Табыс салығы» стандартымен жүргізіледі. Корпоративті табыс салығының салық салынатын негізгіобъектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің арасындағы айырмасы арқылы анықталады:
Салық салынатын табыс=Жылдық табыс жиынтығы - Шегерімдер. Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алынуына жататын ақшалай немесе басқа да қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелкей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан мыналарды шығарып тастау керек: - дивиденттер, ҚР заңды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем көзінен ұсталынғандары; - кәсіпорынның меншігіндегі акцияның құны, олардың номиналдық құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары; - мемлекеттік бағалы қағаздарды сатқаннан түскен табыстары; - әртүрліаппатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса; - мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізінде алынған негізгі құралдардың құны; - зейнетақыны қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес алынған инвестициондық табыстар. Салық ставкасы: 15-10% ставка бойынша салық салуға болады. Салық кезеңі:1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл. Салық декларациясын есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді Корпоративтік табыс салығын есептеген кезде: Дт 7710 Кт 3110. Бұл салық жылдың соңында бір рет есептеледі. Жеке табыс салығы. Жеке табыс салығы бойынша есеп айырысу 3120 «Жеке табыс салығы» атты пассивті шотында жүргізіледі. Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және басқа табыстары салық салу объектісіне кіреді. Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарына инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып, өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүлік, құнды қағаздар, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесі; шетелдік валюта; асыл тастар және асыл металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар, құрамында асыл тастар және асыл металдары бар басқа да бұйымдар, өнер туындылары мен антикварианттар. Салық ставкасы: 10%, 5% -тік ставка бойынша салық салынады. Салық кезеңі: салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік айы. Салық декларациясын: тұрғылықты жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай- ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есптеу көрсеткішіқолданылмайды. шот бойынша жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта: Дт3350 Кт3120. Қосылған құн салығы (ҚҚС). ҚҚС бойынша есеп айырысу шоттар жоспарының 3130 «Қосылған құн салығы» пассивті шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебетіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде рәсімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Қосылған құнға салынатын салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады. Бюджетке төлеуге төлеуге тиіс ҚҚС өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін көрсетілген ҚҚС сомасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төленуге тиіс ҚҚС сомалары арасындағы айырма ретінде анықталады. Есепке алуға қабылданатын ҚҚС активтер 1420 – «Орнын толтыруға арналған ҚҚС» шотында екскеріледі. Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті. Егер де ҚҚС саласы шот-фактурасында көрсетілсе: Дт1420 Кт1250,3310,3390. ҚҚС есептеу кезінде 1210 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты дебиттеледі де, 3130 «Қосылған құн салығы» шоты кредиттеледі. Есепке алуға қабылданған ҚҚС сомасы: Дт3130 Кт1420. Салық ставкасы: егер Салық кодексінің баптарында өзгеше белгіленбесе, ҚҚС-ның ставкасы 12%-ті құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады. Салық кезеңі: күнтізбелік тоқсан. Салық мерзімі: 1. ҚҚС-ын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті. 2. Импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС ҚР-ның кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді. ҚҚС-ын төлеуші ҚҚС жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі 2-ші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті. Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында акциздерге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздерге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында (акцизделуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар яғни спирттің барлық түрлері, темекі түрлері, құрамында темексі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады. Акцизделетін тауарлар үшін өндірілетін өнімнің құны да, сатылған өнімнің көлемі де салық салудың объектісі болып табылады. Акциз бойынша есеп айырыу 3140 «Акциздер» пассивті шотында жүргізіледі. Өндірілген тауардың бастапқы бағасы, яғни акциз бен ҚҚС қосылмаған таза бағасы салық мөлшерлемесін анықтаудың негізі болып табылады. Акцизделетін тауарлар меншік иесіне қарамастан есептеледі. Сатып алушыларға шот ұсынған кездегі акциз сомасы шоттар корреспонденциясында былай көрсетіледі: Дт1210 Кт3140. Ал оны бюджетке аударған кезде: Дт3140 Кт1040. Акциз ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) немесе заттай нысандағы өлшем бірдігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Акциз төлеу мерзімдері: 1. Егер Салық кодексінің баптарында өзгеше көзделмесе, акзизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей бюджетке аударылуға қажет. 2. Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді. 3. ҚР-ның аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді. Салық кезеңі: акцизге қатысты күнтізбелік ай. Салық декларациясы: 1. Әрбір салық кезеңі аяқталған соң салық төлеушілер өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі 2-ші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті. 2. Акциз төлеушілер декларациямен бір мезгілде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етеді. Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтардың бірі. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі шоттар жоспары бойынша 3150 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотында жүргізіледі. Әлеуметтік салықтың ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады.Бірақ жұмысшылыр мен қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді, оның ішінде: әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер. Салық ставкалары: егер Салық кодексінің баптарында өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салық 11%-тік ставка бойынша есептеледі. Салық кезеңі: күнтізбелік ай. Салық декларациясы: төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады: Дт7210,7110,8113,8313,8413 Кт3150. Ал сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде: Дт3150 Кт1030. Жер салығы – бюджетке төленетін жер салығының есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелердің» 3160 «Жер салығы» шотында қарастырылған.
Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатында және белгілі бір категорияға жатаындығына қарап қарастырылады.
1-кесте. Салық салу категориялары
Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар декларацияны салық салу объектілерінің орналасқан есептік салық кезеңіненкейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы бапта белгіленген мерзімдерде табыс етеді. Жер салығы есептелгенде: Дт7210 Кт3160. Жер салығы аударылған кезде: Дт3160 Кт1030. Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Салық салу объектілері: ҚР-да мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған, тіркемелерді қоспағандағы, көлік құралдары. Көлік құралдарына салынатын салықтың кезеңі: күнтізбелік жыл. Салық ставкалары: көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есетеу көрсеткіші бойынша алынады. Салық декларациясы: есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді. Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде: Дт7210 Кт3170 Салықтардың барлық түрлері бюджетке аударылған кезде: Дт3170 Кт1030. Мүлікке салынатын салық. Бюджетке төленетін мүлік бойынша салынатын салықтың есебі 3180 «Мүлік салығы» шотында көрініс табады. Мүлік салығын төлеушілер болып заңды тұлға – резиденттерінің меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы), жеке кәсіпкерлердің меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы) жатады. Ал салық салынатын объектісі болып: негізгі құралдар (үй пәтер қорларын қоса алғанда) және МЕА болып саналатындар жатады. Заңды және жеке кәсіпкерлердің балансында тұрған обектілердің бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша анықталған орташа жылдық қалдық құны есептеледі. Салық мөлшерлемесі: 1. салық салынатын объектінің жылдық орташа құнының 0,1 % алынады: коммерциялық емес ұйымдардан, әлеуметтік сферадан, кітапхана саласымен байланысты қызметтерден, мемлекеттік ғылыми кадрларды аттестациялаудан, мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын ұйымдардан. 2. заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 1,5% ставкасы бойынша есептейді. Салық кезеңі: календарлық жыл. Салық декларациясы: есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.[9]
Date: 2016-05-14; view: 1692; Нарушение авторских прав |