Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
«Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» пассивті шотының синтетикалық есебі 3000 шотының бөлімшесінде жүргізіледі. Оған кіретін шоттар: 3010 Қысқа мерзімді банк қарыздары; 3020 Уәкілетті органның және Ұлттық банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар; 3030 Қатысушылардың дивидетттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторылық берешек; 3040 Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі; 3050 Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері.[4] Несиенің объективтік қажеттілігі алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін 3000 «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне енгізілген 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері» атты пассивті шоттары пайдаланылады. Банктердің несиелерін есепке алу. Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі. Коммерциялық несиені шаруашылық субъектілері сатылған тауарлар, өнімдер, қызметтер үшін ақша төлеу мерзімін созу түрінде бір-біріне береді. Банк несиесін өндірісті кеңейту үшін және ағымдағы қызметі үшін төлем қаражаттарының көзі ретінде пайдаланылатын ақша қарызы (ссудасы) түрінде несие мекемелері береді. Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті заңдармен белгіленеді және субъект пен банк арасындағы несие шартымен реттеледі. Онда несиелендіру объектілері, несие берудің шарттары мен тәртібі, оны өтеудің мерзімдері, міндеттемелерді өзара қамтамасыз етудің нысандары (кепіл), пайыздық ставкалар, оларды төлеудің тәртібі, тараптардың құқы мен жауапкершілігі, құжаттардың тізбесі және оларды тапсырудың мерзімділігі және т.б. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі. Банктердің несие берулеріне және басқа банктік операцияларын жүргізуіне тек ресми статусы бар және ҰБ-тың олардың ашылуына, банктік операцияларын жүргізуіне арнайы лицензиясымен айқындалған шешімімен ғана жүргізуге құқығы болады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі. Несиелер мерзімділік, қайтарымдылық, төлемдік шарттарымен коммерциялық, келісімшарттық негізінде беріледі. Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрінде банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесін оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, онда кәсіпорынның берген өтінішінің оң шешімін береді. Шарушылық субъектілер кредит алу мақсатымен және пайдалану мерзіміне байланысты банктің сұрау талабы бойынша келесі құжаттарды ұсынады: - кредитке тапсырыс; - қарыз алушының құқық мәртебесін растайтын құжаттар; - жүзеге асыратын жұмысының лицензиясы; - кредит алатын тапсырысты беретін күнінде қарыз алушының бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарыздарының жоқтығын растайтын салық инспекциясынан салыстырып тексеру актісі. Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және олардан кепілдік мүліктерін талап етуге құқықтары бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді. Кепілдеме жазбаша түрде ұсынылады және ол несиені пайызымен бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Бұл жерде қарызы да, проценті толығымен өтелгенге дейін сақталады. Қарыз алушының банкіне банк кепілшісінің белгісімен кепілдеменің қабылдағаны жөніндегі көшірмесі ұсынылады. Кепілдеме кредит берілгенге дейін ұсынылады. Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қол тәртіпте беріледі немесе есеп айырысу шотына аударылады.[1] Шаруашылық субъектілерін несие алу үшін несиенің қамтамасыз етілгендігі мен қарыздың қайтарылуы шындық екендігін растайтын құрылтай құжаттарының, есептеулердің, бухгалтерлік және статистикалық есеп берудердің көшірмелерін қоса тіркеп, банкке өтініш жібереді. Бір жылға дейінгі мерзімге берілетін қысқа мерзімді несиелер және бір жылдан астам мерзімге берілетін ұзақ мерзімді несиелер болады. ҚР аумағындағы және шетелдегі ұлттық және шетелдік валютадағы түрлі несиелер туралы ақпаратты жинақтауға 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» шоты арналған. Қысқа мерзімді несиелер кәсіпорынның айналым қаражатын қалыптастыру көздерінің бірі болып табылады. Қысқа мерзімді кредиттеудің көр түрлері бар: - тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді істеуге берілетін несие. - овердрайфт несиесі – клиенттің шоттарынан қаражатты шегеру дебеттің қалдық шоты бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы. - овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында 1 түнге берілетін банкаралық несиенің түрі. - онколбдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша берілетін қысқа мерзімді несие. - ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып берілетін несие. - лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға беру несиесі. - рамбустық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат дайын өнімді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланатын несие.[6] Бухгалтерлік жазбалар: 1. Алынған банк несиелері кассаға немесе есеп айырысу шотына келіп түсті: Дт1010,1030 Кт3010 2. Жабдықтаушы мердігерлерге қарыз сома банк несиесінің есебінен төленеді: Дт3310 Кт3010 3. Жабдықтаушы мердігерлергеалдағы уақытта алынатын материалдық қорлар үшін банк несиесінің есебінен берілген аванс: Дт1610 Кт3010 4. Көрсететін қызметі немесе орындайтын жұмысы үшін жабдықтаушы ұйымға банк несиесінің есебінен берілген аванс: Дт 1610 Кт3010 5. Есептелген салық бойынша ұйымның бюджетке қарыз сомасы банк несиесінің есебінен аударылды: Дт3110-3190 Кт3010 6. Вексельге алынған банк несиелері: Дт1030,1010 Кт3010 7. Кәсіпорынның банк мекемелерінен алған несиелері бойынша қарызы есеп айырысу шотынан өтелінді: Дт3010 Кт1030.[10] 3010 шотының жекелеген субшоттарында вексельді (дисконтты) есепке алу операциялары бойынша банктермен есеп айырысулар ескеріледі. 1. Берілген вексель үшін банктен нақты алынған ақша қаражаттарының сомасы Дт1040,1050 Кт3010/дисконттық вексельдер 2. Вексельге қысқа мерзімді қарыз берілген кезде банк ұстап қалған дисконт сомасына (банктік%) Дт7310 Кт3010 3. Банк авизосының (хабарламасының) негізінде вексель бойынша төлем менрзімі басталғанда Дт3010 / дисконттық вексельдер Кт1130 Қысқы мерзімді несиесінің талдамалы есебі оларды берген банктер бөлігінде қарыз түрлері бойынша жүргізіледі. 3010 шотының кредиті бойынша жинақтаушы есеп №4 журнал-ордерде жүргізіледі.
Қарыздар қызметкерлердің міндеттемелеріне кәсіпорындар арқылы беріледі. Қызметкерлердің өтініші негізінде субъект банк несиесін алады: 1. Банктен алынған несиенің нақты сомасына: Дт1040,1050 Кт3010/қызметкерлер үшін несие 2. Қызметкерлерге қарыз беру Дт1250/қызметкерлер үшін несие Кт1040,1010 3. Несие үшін % Дт7310 Кт3380 4. Субъект қызметкерлерінен келіп түскен кезекті төлемдердің сомасы (осы қарызды өтеу тәртібіне қарай) Дт3350,1010,1040 Кт1250/қызметкерлер үшін несие 5. Берілген қарыздың бір бөлігін шаруашылық субъектісі өзінің таза кіріс есебінен өтей алады Дт5410,5430 Кт1250/қызметкерлер үшін несие 6. Банктік несиелерін өтеу Дт3010/қызметкерлер үщін несие Кт1040,1050 7. Пайыз төлеу (%) Дт3380 Кт1040,1050 [10] Қолданыстағы банк заңдарына сәйкес ҚР Ұлттық банкі ҚР ақша-несие саясатын жүзеге асырудың бір құралы ретінде қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгілейді. Қайта қарждыландырудың ресми ставкасын Ұлттық банктің басқармасы ақа нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша 0 мен 3, инфляция децгейі мен инфляциялық күтімдердің жалпы жағдайларына байланысты белгіленеді. Қайта қаржыландыру ставкаларының мәселесі айыппұлдың, өсімақының және өзге шегерімдердің анықталған сомаларына бастау алады. Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу. Нарық экономикасы жағдайында шаруашылық субъектісі несиені тек банктен ғана емес, сондай-ақ ел ішіндегі және шетелдегі басқа шаруашылық субъектілерінен ала алады (заңға сәйкес). Қарыз негізінен келісім-шарттың негізінде бір тарап (қарыз беруші) екінші бір тарапқа (қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын береді. Мұндай қарыз берушілермен есеп айырысу жағдайы туралы ақпараттарды жинақтау үшін 3020 «Банктен тыс мекемелердің қысқа мерзімді несиелері», 4020 «Банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді несиелері» шоты көзделген. Міндеттемені қамтамасыз етудің кепілі ретінде үшінші тұлғаның кепілдігі, кепілге салудың шарты, сақтандыру полисі және т.б. болады. Кепілдеме кепілгер кәсіпорыннан несие берушіге (несие беруші кәсіпорындарға) борышкерден (несие алушы кәсіпорыннан) алынуға тиісті соманың уақытында төленуін қамтамасыз ету үшін беріледі. Кепілдемені банктер, кәсіпорындар және мекемелер бере алады. Кепілдеменің мәні: борышкер-кәсіпорын несие бойынша өзінен алынуға тиісті төлемдерді мерзімде төлей алмаған жағдайда банктер, кәсіпорындар немесе ұйымдар несиені төлеуді өз мойындарына алады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін қызметтеріне аталған жағдай кеңінен қолданып жүр. Кепілдемеге байланысты кепілдік ролін атқарған кәсіпорындардың ортақ жауапкершілігі емес, жәрдем ету (қосымша) жауапкершілігі туындайды. Кепілдік ролін атқарған кәсіпорынның жауапкершілігінің көлемі, әдетте, қарыз алушы кәсіпорынның алған қаржысы бойынша өтелмеген сомасының шегінде шектеледі. Кепілгер, әдетте, несие беруші кәсіпорынның қарыздарын несие алушы кәсіпорын дер кезінде қайтара алмау қауіптігінен шығуы мүмкін, яғни кепілдік болған кәсіпорын шығынды жабуға раналған кепілдеме сомасынан процентті несие алушы кәсіпорыннан ұстап қалады. Яғни, бұл кепілдік шартты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады. Кредиторлардың талабын қанағаттандыру үшін кепілдік келісім-шартының рәсімделуін реттеуші ретінде Қазақстан Республикасының №254-1 30 маусым 1998 жылы шыққан «Жылжымалы мүлік кепілдігінің тіркеуі туралы» заңы негізгі құжат болып табылады. Осы заңға сәйкес кредитор (кепілдік ұстаушы), егер де қарызданушы өз міндеттемесін орындай алмаса, кепілдікке қойылған мүліктен берілген несиенің құнын ұстап қалуға құқылы. Кепілдікке қойылған мүлікке деген талап білдірушілердің талабын қанағаттандыру үшін олардың кезектілігін белгілеп, кепілдіктегі мүлік қозғалысын тіркейді. Кепілдік заңы бойынша кез келген міндеттемені орындауының мүмкіндігін қамтамасыз етеді (банкі несиені бергенде, құрал-жабдықты, қаражатты уақытша пайдалануға алғанда, салып-сатуда, жалғанда, жүкті тасымалдағанда т.б.). Кепілдік бұйымы (нәрсесі) кәсіпорынның мүліктік айналысынан алынбауы мүмкін (ғимарат, қондырғы, өндіріс құралдары, бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, мүліктік құқығы айналасынан алынбауы мүмкін мүліктік құқықтары т.б.), бірақ оларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өндіріп алуға (төлетуге) болады.[2] Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлікке мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т.б. Кепілдіктің түрлері кепілсалымы және ипотека болып бөлінеді. Кепілге салу кезінде кепілдікке салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін. Ипотека жағдайында кепілге салынған мүліктік кепілге берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында болуы мүмкін. Ипотека несиелік келісім-шарт бойынша негізгі қарыздың сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе ипотекалық келісім-шарт бойынша қарастырылған басқа міндеттемелері толық не ішінара бөлігін орындауды қамтамасыз етеді. Жалпы қысқа мерзімді қарыздар шетелдік және ұлттық валюталарда көрсетіледі. 1.Қысқа мерзімді қарыз берушіден қаражаттардың келіп түсуі Дт1050,1030,1010,1060 Кт3020 2.Алынған қысқа мерзімді қарыздар бойынша есептелген пайыздар Дт7310 Кт3020 3.Алынған қысқа мерзімді қарызды қайтару, өтеу Дт3020 Кт1050,1040,1010,1020 4.Қарыздар бойынша % төлеу Дт3020 Кт1050,1040,1010,1020. [10] 3020 шоты бойынша талдамалы есеп қарыз берушілер мен қарыздары өтеу мерзімдері бойынша жүргізіледі. Жинақтамалы есеп 3020 шотының кредиті бойынша №4 журнал-ордерде жүргізіледі. Дивидендтер бойынша есеп айырысу есебі. Дивиденттер дегеніміз -акционерлердің иелігінде болатын акциялардың саны (сомасы) мен түрлеріне қарап, жыл сайын олардың акционерлерінің арасында табыс түрінде бөлінетін акционерлік қоғамның табысының бір бөлігі. Дивиденттер бойынша есеп айырысулар есебі үшін 3030 «Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты пайдаланылады. 3030 «Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында жай және артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлік қоғамның (АҚ) есеп айырысуы есептелінеді. Жай акциялар бүкіл акционерлік қоғамның шығарған акциясынң бір бөлігін құрайды (75% және одан жоғары). Жай акцияның иелері жалпы жиналысына қатысуға, дивиденд алуға құқығы бар. АҚ жойылған кезде акциялардың иелері, осы акциялары үшін салынған қаражаттарын олардың номиналдық бағасы бойынша қайтарып алуға құқылы, бірақ артықшылығы бар акциялардың иелерін қанағаттандырғаннан кейін ғана болады. Және осы 3030 шоттында артықтышылығы бар акциялар бойынша акционерлік қоғамның есеп айырысуы есептелінеді. Оның үлесі жалпы жарғы капиталының 25%-нен аспауы керек. Артықшылығы бар акциялардың иелері бірінші кезекте дивиденд алуға құқылы, сондай-ақ акцияға салған қаражаттарын, егер АҚ жойылса, номиналдық бағада қайтарып алады. Артықшылығы бар акциялардың иелері 10% деңгейінде, дивидендтің алдын алуға құқығы бар. Артықшылығы бар акциялар бойынша бұндай кепілденген дивенд төлемдері акцияны шығармастан бұрын олардың жобасында қарастырылды және дивидендті төлеудің осындай тәртібі де онда тіркеледі. Артықшылығы бар акцияларға төленетін дивидендтердің мөлшері жай акцияларға төленетін дивидендтерден кем болмауы тиіс, егер де ондай қаражаттар болмай қалса, онда ол резервтік капиталдың есебінен төленеді. Егер де АҚ артықшылығы бар акциялардың басымдылығы анықталса, бірақ ол оның жарлығында жазылмаса, онда қоғамның барлық акциясы біртектес категориядағы акциялар болып саналады. Қоғамның дивиденд бойынша қарызын бухгалтерлік есепте көрсету үшін: директорлар кеңесінің дивидендтерді төлеу туралы шешімі оған негіз болып табылады. Егер де акционерлік қоғамда дивиденд төлеудің нәтижесінде олардың жарғылық капиталы азаятын болса, онда дивидендке жарияланған капитал толық көлемде төлеуге рұқсат етілмейді.
Жай және артықшылығы бар акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтерге келесі бухгалтерлік жазба жазылады: 1.Акционерлердің бөлінбеген пайда есебіне жай акция бойынша дивиденд есептелді. Дт5510,5520 Кт3030 2.Артықшылығы бар акциясы есептелді: - бөлінбеген пайда есебіне; - резервтік капитал есебіне(бөлінбеген пайданың жетіспеушілігінен). Дт5510,5520;5410,5460 Кт3030; 3.Төлемақыдан жай және артықшылығы бар акция бойынша табыс салыған ұсталды. Дт3030 Кт3120. Сондай-ақ, жай және артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлерге дивиденттерді төлеген кезде, есеп айырысулардың талдамалақ есебі әрбір акционер бойынша есеп айырысу шоттары жөніндегі айналым тізімдемесінде жүргізіледі.
Date: 2016-05-14; view: 1301; Нарушение авторских прав |