Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ысқа мерзімді кредиторлық берешек





 

«Қысқа мерзімді кредиторлық берешек » бір жылға дейін мерзімнен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған. Ол 3300 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» синтетикалық шотында есепке алынады. Оған кіретін шоттар:

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек»

3320 «Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

3330 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

3340 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»

3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек»

3370 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі»

3380 «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар»

3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер». [4]

3310 «Жеткізушілермен мердігерлеге қысқа мерзімді берешек». Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісім- шарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының есебі 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. Бұл шоттың кредитінде тиісті материалдық қорлар, шығындар бойыша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақша қаражаты» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша есеп №6 журнал–ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактурасының акцептелуі, материалдық-құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

Келіп түскен шот-фактуларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі» журналына тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақытылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналға жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттары, кіріс ордерлері, материалды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық–құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазып отырады.

Фактураланбаған жабдықтар есебі. Кейбір жағдайларда келіп түскен материалдық құндылықтардың құжаттарының (шот-фактуралар) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған, яғни шот–фактуралармен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушылар бойынша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрлі М-7 «Материалды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот–фактуралармен рәсімделмеген материалдар, сондай-ақ қабылдау кезінде артық шыққан тауарлы материалдық құндылықтарға да жазылады. Фактураланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторно етіліп нөмірі 6-журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары немесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерне әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы ТМҚ-дың құқын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты аламдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп, жолдағы ТМҚ айдың аяғында тиісті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылар мен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. [5]


Жабдықтаушылар және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:

- құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған) материалдық қорлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыс бойынша есеп айырысудан;

- фактураланбай қалған жабдықтар бойынгша есеп айырысудан;

- мерзімінде төленбеген есеп айырысулардын.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі:

1) Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алынған тауарлы-материалдық қорлар үшін акцептелген шот-фактурасына:

Дт1310,1330 Кт3310;


2) Ал бұл тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығы сомасына:

Дт1420 Кт3310;

3) Жабдықтаушылардың шот-фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай: Дт3310 Кт1010/1030;

4) Шот-фактура бойынша кәсіпорынның жабдықтаушыларға тауарлар-ды сатып алу барысыында төленген қосылған құнға салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды сату барысында есептелінген бюджетке төленетін қосылған құнға салынатын салықтың сомасынан шегерілгенде:

Дт1420 Кт3130.[10]

3320 «Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында бір жылға дейін мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге кредиторлық берешек көрініс табады.

3330 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында бір жылға дейін мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады.

3340 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек еспке алынады.

Осы аталған 3320, 3330, 3340 пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Олардың талдамалық есебі әрбір еншілес серіктіктестіктерге сәйкес корреспонденциялаушы шоттар бойынша машинограммада немесе тізімдемеде жүргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.

Еншілес (тәуелді) кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған материалдары мен сатып алынған тауарларына мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:

Дт1310, 1330 Кт3320, 3330, 3340.

Ал еншілес (тәуелді) кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған дайын өнімдері, негізгі құралдары және материалдық емес активтеріне бас кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде:


Дт1310, 2700 Кт3320, 3330, 3340.

Еншілес (тәуелді) кәсіпорынға бас кәсіпорынның өтеген қарызына:

Дт3320, 3330, 3340 Кт1010.

Бас кәсіпорын мен еншілес (тәуелді) серіктестіктер арасындағы есеп айырысуларды салыстырып, тексеру актілері негізінде дебиторлық қарыз сомасының кредиторлық қарыз сомасымен жабылуына мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:

Дт3320, 3330, 3340 Кт1220, 1230, 1240.

3320 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3330 «Ассоциацияланған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және 3340 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын шоттарда талдамалық (аналитикалық) есеп жеке серіктестіктер бойынша жүргізіледі.

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотында мұнда қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар мен еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады.

Еңбекақы – қызметкерлер мен жұмысшылардың орындаған жұмыс көлемі мен белгілеген еңбек шарты және лауазым нұсқасына байланысты төлем.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі мамандар бөлімінде жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттары пайдаланылады:

- жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгігі түрі Т-1;

- еңбек кітапшасы;

- жеке карточка үлгі түрі Т-2;

- ғылыми қызметкерлерді есепке алу карточкасы №Т-4;

- басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;

- демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-6;

- жұмыстан шығарылуы жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-8.

2-сурет. Еңбекақының жіктелуі

Еңбекақының нысаны бойынша
мерзімді
кесімді
нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақы.
жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады.
жұмыс сағ. саны х 1 сағ.ақысы
өндірілген әр дананың өнім саны Х ақысы
Жай мерзімді
Мерзімді сыйақылы
тікелей
үдемелі
жанама
келісімді
аккордтsық

Ескерту: кесте авторымен құрастырылған

 

Кесімді еңбекақы негізгі құжаты болып табылатындар:

- кесімді еңбекақы наряды;

- жұмысшы орындау ведомосты;

- маршруттық беттер;

- орындаған жұмыс туралы акт.

Мерзімді еңбекақы төлеуге есепке алу табелі табел і негізі болып табылады.

Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары (категориялары) бойынша табельде алфавит бойынша реттік нөмірі санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақытыны бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде ьабыстан ұсталатын ұсталымдары және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізімдемесі деп аталады.

3350 шоты бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі №10 және №10-1 журнал-ордерінде көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, табельдер және тағы басқа да алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлердің санаттары (категориялары) бойынша топталады. Бұл топтау журнал-ордерлердің үлгілі түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ол кестесінің сол жағында дебиттелінетін шоттар нөмірлері, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлердің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады.

1) Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы сомасы бөлу (тарату) тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға былайша жазылады: Дт7100, 7210, 8112, 8212, 8312, 8412 Кт3350;

2) Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептелгенде:

Дт3350 Кт3220, 3110, 3120, 3150;

3) Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленгенде:

Дт3350 Кт1030.[10]

3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек» шотында қысқа мерзімді жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;

Жалагерлік-бұл активтердің иеленушісі (жал беруші) өзге тұлғаға (жал алушыға (белгіленген мерзімге төлем үшін активпен пайдаланудың эксклюзивті құқығын беру туралы контракт. Жал алушының басты мақсаты – ай сайын, тоқсан сайын немесе аванстық түрде жалгерлік төлемді аудару табылады. Бұл жерде контрактіде активті жұмыс жағдайда сақтайтын тұлға (Жал беруші және жал алушы) анық белгіленеді. Жалгерліктің есебін ұйымдастыру үшін 17 ҚЕХС «Жалгерлік» қолданылады. 17 ҚЕХС стандартында жалгерліктің келесідей жетістіктері көрсетілген:

1) Жалгерлік арқылы ақшалай мәселелер шешіледі, өйткені жалға алынған активтер 100 құны қаржыландырылады.Ал банктік несиелер арқылы активтердің 80 құны ғана шегеріледі.Сонымен қоса жалгерлік бойынша тұрақты пайыздар қолданылады, ал несиелерде қалқымалы қойылымдар қойылады.

2) Операциондық жалгерлік жал алушыға қарыздық шектеулер бар кездерінде баланстық есепкелікке қарамастан қаржыландыруды жүргізуге мүмкіншілік береді.

3) Жабдықты жалгерлікке алған кезде уақыт және ақшалар үнемделеді, себебі жабдықты сатып алу үшін тапсырыс береді және оны іске қосу үшін қосымша жұмыстар жүргізіледі.

4) Жалгерлік арқылы тұрақты қолдануда тиімсіз болатын активтерден құтылуға мүмкіншілік бар.

5) Қысқа мерзімді жалгерлік арқылы активтердің ескеруінен құтылуға болады.

6) Жалгерлік арқылы табыс салығын төлеген кезде салықтық жеңілдіктерге ие болуға болады.

7) Жал алушы үшін өнеркәсіптік жабдық диллер мен дистрибютерлер жал беруші болса, өткізудің мөлшерін көбейту мақсатында қолданылады.Ал несиелік институттар және коммерциялық жал берушілер үшін жалгерлік қосымша қаржылық қызыметтердің түрі болып табылады.

Жалгерліктің негізгі кемшіліктері:

1) Жалға берілген активтердің 100 құны қаржыландырылуы пайыздық төлемдердің жоғары болуын көрсетеді.

2) Қысқа мерзімді жалгерлік арқылы ескіруден сақталады, бірақ оның пайыздық төлемдері ұзақ мерзімді жалгерліктен жоғары болады.

3) Мерзімдік жалгерлік кезінде жабдық қажет болған кезде оның жергілікті екеніне кепілдік жоқ.

4) Ұзақ мерзімді жалгерлік кезінде бекітілген қойлым жал алушыны – кредиторды зияндық тәуеклдігіне алып келеді, егер пайыздық құрылым көтерілсе.

Қаржылық төлемдердің сомасы және активтердің есептелген амортизациясы жалгерлік төлемге тең болмайды. Себебі жалға алынған активтердің құны және онымен байланысты міндеттеме барлық мерзімдер үшін бір-біріне сай келмейді. Жалгерлік мерзімнің басы-бұл келесі деталдардың ең ерте датасы, жалгерлік бекіткен дата немесе жалгерліктің талаптарын, міндеттерін қабылдаған дата. Жалгерлік мерзімі - бұл жаргерліктің келісім-шартын бұзуға болмайтын және осы мерзімді жалға алушы активті жалға алу келісім шартты бекіткен күні. Жалгерлік кезінде қарастырылған пайыздық қойылым-минималдық жалгерлік төлемді анықтау үшін жалгерліктің басындағы мүліктің дисконтталған құны және жалға алынған активтердің ағымдағы құны бойынша жалгерліктің басындағы кепілдік берілмеген қалдық құнды анықтайтын дисконттың қойылымы.

Жалгерлік төлемдері бойынша міндеттеме 2 түрлі бағалауды қарастыру керек:

- ағымдағы құны бойынша;

- дисконтталған құн бойынша;

3360 – бұл пассивті шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды қысқа мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық (аналитикалық) есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.

1) Жалгерлік бойынша міндеттемелер жал алушының бухгалтерлік есебінде келесідей түрде көрсетіледі (келісілген баға бойынша):

Дт2410 Кт3360;

2) Бірінші айға жалгерлік төлемдер:

Дт3360 Кт1030;

3370 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі»,мұнда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3380 «Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар» шотында алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төленуге тиісті пайыздар, төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады.

1) Төленуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде:

Дт7310 Кт3380;

2) Есеп айырысу шотынан есептелген пайыздар сомасы төленген кезде:

Дт3380 Кт1030.

3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады, яғни негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған және тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.

Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге арналған резервтер көп уақыттарда өндірісі маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде құрылады. Бұларда жөндеуге жұмсалатын шығындар жыл бойы бірдей емес мөлшерде жүзеге асырылады. Ай сайын резерв жөндеудің барлық түрлеріне смета бойынша жұмсалатын шығындардың жылдық сомасының 1/12 бөлігі мөлшерінде жасалады.

1) Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу үшін арналған резерв сомасын құру барысында ай сайын апарылатын шығындар сомаларына:

Дт7110, 7210 Кт3390;

2) Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың төлем-ақысымен байланысты нақты шығындар, өнімнің өзіндік құнына қосылмайды, керісінше оның жүргізілуіне қарай:

Дт3390 Кт8310,3310.

Жылдың аяғында пайдаланбаған резервтер сомасы сторно етіледі (шегеріліп тасталады). Сондай-ақ бұл шотта басқа да жасалған резервтер есептеледі.

 







Date: 2016-05-14; view: 2484; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.027 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию