Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зге қысқа мерзімді міндеттемелер





 

«Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер»Шотттар Жоспарының 3500 шотында орналасқан. Оған кіретін шоттар:

3510 Алынған қысқа мерзімді аванстар;

3520 Алдыңғы кезеңнің кірістері;

3530 Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері;

3540 Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер;[4]

Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін алдын-ала алынған аванс салалары бойынша есеп айырысу есебі «ТМҚ қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарда есептеледі.

1) Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомалары: Дт1030,1010 Кт3510;

2) Ал сатып алушыларға босатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер құнынан алдын ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде: Дт3510 Кт1210;

3) Егер алынған аванс сомасының толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге, сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда: Дт3510 Кт1030. [10]

Алдыңғы кезеңнің кірістер есебі. Кәсіпорынның ағымдағы кезезеңде алған, бірақ бұдан кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары алдағы (болашақ) кезеңдерінің табыстары болып есептеледі. Есепті кезеңдер арасындағы осындай кезеңдерді шектеу ұйымның шаруашылық қызметін дәлме-дәл анықтау, салық салу және қаржылық есеп беруі тиімді етіп жасау үшін қажет болып табылады. Алдағы кезеңгер табыстарының есебі 3520 «Алдыңғы кезең кірістер» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл 3520 шотында кәсіпорынның жалдық төлемдеріне, коммуналдық қызмет төлемдеріне, автокөліктік, жүк және жолаушыларды тасу бойынша төлемдеріне алды ала төленіп қойған төлемдері есептеледі.

1) Ағымдағы (есепті) кезеңде алынған, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын төлемдер: Дт1030 Кт3520;

2) Ақшалардың, материалдық қорлардың кем шығуына байланысты сот органдарының шешімімен жауапты адамдардың мойнынан ұсталуға тиісті сома алдын ала төлегенде: Дт1251 Кт3520;

3) Алдағы кезеңдердің кірісіне жататын тауапты адамдардың қарызын өтеген сомасы: Дт3520 Кт6010, 6160;

4) Есепті кезеңде келіп түскен, алдағы кезеғдерге есептелген жалгерлік төлем сомасы: Дт3250 Кт6130;

5) Авансталып төленетін, есепті кезеңге жататын пәтерақы төлемі, тұрмыстық және басқа да қызметтер сомасына: Дт3250 Кт6280;

6) Байланыс құралдары үшін авансталып төленіп есепті кезеңге жататын сомасына: Дт3250 Кт6280;

7) Қысқа мерзімді жалгерлік шарт бойынша авнсталып есептелген пайыздармен табыстар: Дт1270 Кт3520.[10]

 

Date: 2016-05-14; view: 945; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию