Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ағымдағы міндеттемелердің пайда болу жолдары
Ағымдағы міндеттемелерді бағалау және өлшеу кезінде келесі принциптерді есепке алу қажет: 1)ағымдағы міндеттемелерді қарызға алынған таурлар мен қызметтердің әділетті нарықтық құн бойынша тіркейді; 2) пайыздардың өз мерзімінде төленуі міндеттемелерді шығару күніндегі нарықтық пайыздық қойылымына негізделген; 3) қысқа мерзімді міндеттемелердің баланс күніндегі қалдық құны – бұл эмисся негізіндегі нарық пайызының қойылымына дейін дисконтталған қолма- қол қалған төлемдердің нақты құны. Пайыздық қойылым міндеттемелердің негізінде өзгермейді. Қысқа мерзімді міндеттемелер қысқа мерзімді болып сыныпталған ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға болады. Қандай да болмасын заңды ұйымдар тек қана өз меншігіндегі қалыптасқан активтер саласымен шектеліп қана қоймай, бұлар сыртқы көздерден: банктерден несие, басқалардан қарыз салалар мен сауда алуға толық құқылы. Сыртқы көздерден алынған қаражаттарды – қарастырылған қаржы көздері деп те атайды. Мұндай келтірілген көздер негізгі үлкен екі топқа: ұзақ және ағымдағы яғни қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлінеді. Бірінші топқа ұйымдар меншігінде бір жылдан артық мерзімде қолданылатын немесе пайдаланатын, ал екінші топта бір жыл ішінде өндірілетін және сатылып алынып, жұмсалынатын немесе бір жыл ішінде ақшаға айналатын міндеттемелер саласы көрсетіледі.[6] Әр түрлі көздерден алынған қаржылық қаражаттар екі үлкен топтан тұратын: Ұзақ мерзімді және ағымдағы активтерге салынады. Өндірістік процесте бір жылдан, артық уақыт пайдаланатын активтерді ұзақ мерзімді, ал жыл ішінде пайдаланатын және ақшаға айналатын активтерді ағымдағы активтер деп те атайды. Ең әуелі активтерді ағымдағы (өтеушілігі жоғары) және ұзақ мерзімді (өтеушілігі төмендеу) болып екіге бөлінеді. Өтеушілігі жоғары активтерге ақшалар, нарықтық құнды қағаздар, депозиттер, алдағы кезең шығындары (мысалы жал төлемі), төленбеген счет- фактуралар, дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, шикізаттар мен басқа да материалдарды қаражаттар жатады. Есеп тәжірибесінде ұйым ақшалары валютаның ағымдағы құнымен бағаланды, нарықтық құнды қағаздар – бастапқы құнымен немесе сату бағасынан төмен бағамен, депозиттер мен алдағы кезең шығындары – бастапқы құнымен, төленбеген счеттардағы сомалар күмәнді қағаздар резервін шегергеннен кейін қалған құнымен, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс табиғи жағдайдан пайда болған, кем шыққан сомаларды шегергеннен кейін қалған құн бойынша және ағымдағы нарықтық құнының төменгі дәрежесімен бағаланады. Өтеушілігі төмендеу активтерге ғимараттар, құрылғылар мен жабдықтар, аспаптар, орнатылған жабдықтар, тасымалдау құралдары, тағы басқа ұзақ мерзімді активтер жатады. Өтеушілігі төмендеу активтер бұларға есептелетін амортизациялық тозу сомасын шегергеннен кейін қалған бастапқы құнымен бағаланады. Пассивтерге тән жекелеген баптарды бағалауға тоқталайық. Өз қызыметі үшін ұйымдар қаржыландыру көздерін көбейтуді мақсат тұтатыны белгілі. Қаржы көздері негізгі құралдарды алуды, құрылыс салуды, ұзақ мерзімді басқа активтер алу мүмкіндігін, сондай-ақ шикізаттар және материалды құндылықтар басқада ағымдағы активтер алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Біздер қаржы көздері (пассивтер), меншікті капитал ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелерден тұратындығын білеміз. Меншікті капитал деп- осы ұйымға заңды және құқылы тұлғалардың салған ақшасын айтамыз. Меншікті капитал үшін салынған ақша түптің түбінде акция ұстаушыларға дивидент түрінде қайтарылады. Ал меншікті капитал - ұйымның алған жалпы міндеттемесінің белгілі бір бөлігі болып есептеледі. Ұзақ мерзімге есептелініп алынған міндеттемелер ұзақ мерзімділік болып танылған. Қысқа мерзімді міндеттемелер есеп жүргізу ережесіне сәйкес бір жыл ішінде жабылады. Бухгалтерлік баланста сырттан алынған міндеттемелердің көлемі жеке көрсетіледі.[7]
Date: 2016-05-14; view: 805; Нарушение авторских прав |