Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ШЖ көрсеткіштері
Ұлттық шоттар жүйесі – ұлттық деңгейдегі макроэкономиканың ұлттың жайлыңқы статисткалық моделі. Экономикалық операциялар секторлар түрінде берілген: қаржылық емес корпорациялар, қаржылық корпорациялар, мемлекеттік басқару ұйымдары, үй шаруашылығы, коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылығына қызмет көрсетушілер, қалған әлем. Алты сектордың ішіндегі бесеуі ішкі отандық экономиканы сипаттайды және олар Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Соңғы алтынша сектор – «қалған әлем» сыртқы болып есептеледі және осы елдің резидент еместерінің және резиденттерінің арасындағы операцияларды бейнелейді. Экономиканың дамуын халық шаруашылығының балансын есептеу үшін ұлттық есеп жүйесі қолданады. ҰЕЖ – сі мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әр бір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. ҰЕЖ – не жататын макроэкономикалық көрсеткіштер: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ). Ұлттық Шоттар өзара байланысты бухгалтерлік шотқа ұқсас баланс-кесте түрінде құрылады. Әрбір шот екі жақты баланс- кесте түрінде берілген экономикалық айналымның белгілі дәрежесін анықтайды. Бұл кестеде операциялар екі рет тіркеледі: бірінші рет ресурстарда, екінші рет пайдаланған кезде кестедегі 2-бөлімнің операция нәтижелері шот ресурстары мен оларды қолдану көрсеткіштерінің айырмасы арқылы анықталатын баланстаушы бап арқылы теңеседі. Баланстаушы баптан алынған мөлшер келесі шоттың ресурсты бөлігіне аударылады. Бұлардың нәтижесінде шоттардың өзара байланысын және Ұлттық Шот Жүйесін түрлендіру қамтамасыз етіледі. Ұлттық шоттар жүйесінің баланстаушы бап тізімі:
Ұлттық шоттар жүйесіндегі баланстаушы бап таза және жалпы көлем негізінде анықталады. Егер негізгі тұтыну капиталының мәліметтері бар болса, онда баланстаушы бап жалпы көлем деп аталады. Егер осы мәліметтер жоқ болса, онда баланстаушы бап таза көлем деп аталады.
Date: 2016-05-25; view: 1165; Нарушение авторских прав |