Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Динамикалық қатарды сәйкестендіру әдісі ,Көрсеткіштер





Динамика қатарларының өсу үрдісін анықтау науқандық ауытқуды анықтауға,келешектегі құбылысты болжауға, сондай-ақ басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.Бұл ретте жылжымалы орташа шаманың немесе динамика қатарларының деңгейлерін аналитикалық (талдамалы) теңестіру арқылы егістеу әдістері пайдаланылады.

Жылжымалы орташа шаманың тәсілімен динамика қатарларын тегістеу. Бастапқы динамиканы қатардың орнына қатардың басынан жүйелі түрде жылжи отырып,қатардың элементтерінің орташа мағыналарын есептеуде жаңа қатар құруға болады.

Қатардың шеткі мүшелері тегістеусіз қалуы жылжымалы орташа шаманың динамикасын тегістеу әдісінің кемшілігі болып табылады.мысалы үш мүшелік жылжымалы орташа шамада-бірінші және соңғы мүшелер,төрт және бес мүшелікте –алғашқы және соңғы екі мүше тегістелмейді.

Осы әдістің басқа түріне өсімдік өсіру статистикасында кең қолданылатын уақыт аралығын ірілендіру әдісі жатады.Ауыл шаруашылығы өндірісінің динамикасы ауа райы жағдайларына өте байланысты,ал мұның өзі ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігіне айтарлықтай ауытқуына әкеп соқтырады.Сонымен бірге ірілендірілген жылдар аралықтары (әдетте 3-5жыл) ауа райы жағдайымен байланысты жылдар арасындағы ауытқуды тегістеуге мүмкіндік береді.

Динамика қатарын тік сызықтық теңдеуі бойынша аналитикалық теңестіру. Жылжымалы орташа шама динамикасының қатарын тегістегеннен кейін даму динамикасын сипаттайтын сынық сызық пайда болады.Өатарды аналитикалық тегістеуде дамудың бір қалыпты сызық (тренд) болуы тиіс.Сынық сызық тік немесе қайсы бір басқа сызық бойынша тегістеуге болады.

Егер теориялық талдау осы құбылыс арифметикалық прогрессияда,яғни біркелкі абсолюттік өсіммен дамыса,онда тегістеу үшін тік сызық теңдеу формуласы үйлеседі.Геометриялық прогрессияда даму гипотезасы қолданылған жағдайда жоғары реттегі сызықтарды немесе үлгілік функцияны пайдалану қажет.

Тік сызық теңдеуінің түрі мынадай болады:

 

мұнда: -тегістелген қатардың есептеулі тиіс деңгейлерінің мағынасы;

 

и -тік сызықтың параметрлері;

t -уақыт көрсеткіштері.

 

Құбылыстардың өзгеруін зерттеу, талдауда әртүрлі статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақты, қатысты, орташа шамалармен сипатталады. Осыған қарай өсіңкілік қатарлар үшке бөлінеді: нақты, қатысты және орташа шамалар.

Нақты шамалар өсіңкілік қатар дәрежесі ретінде әрбір уақыт мөлшеріне байланысты қалай өзгергендігін көрсетеді.

Қатысты шамалы өсіңкілік қатар екі уақыттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болады, яғни әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбесін айқындайды. Ол өсу, кему қарқыны ретінде %-пен өлшенеді.

Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі-бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштердің орташа өзгеруін сипаттауды айтады.

Өсіңкілік қатарларды зерттеу және талдау кезінде оның дұрыс құрылғанын, сандық көрсеткіштердің дәлдікті, нақтылықты көрсететіндігін білу кейбір шарттардың орындалуын талап етеді. Оның негізгісі-өсіңкілік қатарлар дәрежелерінің бір-бірімен салыстырмалы болуы.

Аумақтың өзгеруіне байланысты өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға болмайды. Оны салыстыру үшін базалық уақыттағы қатарлар дәрежесі аумақтың өзгергеннен кейінгі жаңа шекарасы бойынша қайта есептелініп, бір жүйеге келтірілуі керек. Мысалы, бір облыстан екінші облысқа елді мекен берілгенде.

Сондықтан қатар біртектес өсіңкілік қатарлар дәрежесі әртүрлі өлшем бірліктерімен берілсе, оларды салыстыруға келмейді. Сондықтан да оларды қайта есептеу арқылы салыстыруға келетіндей етіп, бір өлшем бірлігіне айналдырады.

Өсіңкілік қатарлар дәрежесін дұрыс құру үшін ондағы көрсетілген көрсеткіштердің уақытына қарай белгі бірліктерінің бірдей болуы қажет.







Date: 2016-05-25; view: 1629; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию