Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ішінара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері. Әр түрлі іріктеуде жіберілетін қателер





Жалпы жиынтықтар мен ішінара бақылауда алынатын жиынтық бірліктерін іріктеп алу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі. Бақылауда іріктеліп алынған жиынтық бірліктерінің зерттеуге екінші рет қатысатындығы немесе қатыспайтындығына байланысты қайта іріктеу және қайталанбайтын іріктеу әдістері болып екіге бөлінеді. Егер жалпы жиынтықтармен іріктелініп алынған бірліктер тексеріліп, зерттелгеннен кейін қайтадан жалпы жиынтыққа қосылып, келесі бақылау кезінде екінші рет тексеруге қатысатын болса, ол қайта іріктеу деп аталады. Егер жалпы жиынтықтармен бір рет іріктелініп алынған бірліктер зерттеуден кейін қайтадан жалпы жиынтықтарға қосылмайтын болса, ол қайталанбайтын іріктеу деп аталады.

Сериялы іріктеу тәсілдерінде жалпы жиынтық бірліктерін іріктеп алу кездейсоқ жекедара жүргізілмей, сериялармен, топтармен алынып, әр серияның, топтың бірліктері жаппай бақылауға толықтай алынады және оның қорытынды көрсеткіштері жалпы жиынтық қатар аталады.

Құрама іріктеу қайта немесе қайталанбайтын іріктеу әдісі бойынша жүргізіледі. Құрама іріктеудің көрсеткіштерін есептеу әр түрлі тәсілмен, яғни іріктеу сатылылығына байланысты есептелінеді. Осыған орай іріктеу бір сатылы және көп сатылы болып бөлінеді.

Бір сатылы іріктеу кезінде іріктеуге алынған бірліктер сол мезетте зерттеліп, қорытындылары жасалады, ал көп фазалық іріктеуде бақылауға алынған бірліктердің барлығынан қажетті мәліметтердің қысқа түрде алынуын, одан кейін оның бөліктерін кеңейтілген бағдарлама бойынша қосымша көрсеткіштер жинастырылады. Ішінара бақылау кезінде іріктеуге алынған бірліктердің сандық көлемі жиырмадан аспайтын болса, ол шағын іріктеуге жатқызылады. Мезеттік бақылау кезінде барлық жиынтық бірліктері толығымен қатысады, бірақ белгілі бір уақыт мезеті бойынша ғана қажетті мәліметтер жинастырылады.

Қате дегеніміз нақты факты мен зерттеу көрсеткіштерінің арасындағы сәйкессіздік, айырмашылық. Оның өзі тіркеу қатесі, репрезентативті және өкілдікті болып бөлінеді.

Тіркеу қатесі құбылыстар мен процестерге әсер ететін себептерді дұрыс анықтамау салдарынан туады.

Репрезентативті қате ішінара бақылауда алынған сипаттамалар мен жалпы жиынтықтық сипаттамалар арасындағы айырмашылық. Бұл қате жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі қате жалпы жиынтық бірліктерін кездейсоқ іріктеу принциптері дұрыс жүргізілмегенде пайда болады. Кездейсоқ қате ішінара бақылау мен жалпы жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық.

Оғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу. Статистикалық мәліметтерді талдау-зерттеудің соңғы сатысы

Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестердіңарасындағы өзара байланысты анықтамай тұрып, алдымен сол өзгеріске әсерін тигізетін факторлары мен нәтижелі белгілері арасындағы тәуелділікті анықтайды. Оның өзі құбылыстың ерекшелігіне қарай функционалдық және корреляциялық байланыс болып бөлінеді.

Функционалдық байланыс дегеніміз бір белгі мәнінің өзгеруіне әсерін тигізетін екінші бір белгінің сәйкес келуін, яғни бір факторлы белгінің өзгерісі салдарынан нәтижелі белгі мәнінің өзгеруін айтады. Демек, бұдан осы екі белгінің арасында толық немесе функционалдық байланыстың бар екені көрінеді. Мысалы, шеңбердің көлемі оның радиусының шамасына тура пропорционалды. Оны мына формуладан көруге болады:


S= / R.

Мұнда нәтижелі белгіге – шеңбердің көлемі, ал факторлы белгіге – шеңбердің радиусы алынады. Корреляциялық байланыс дегеніміз қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әр түрлі кездейсоқ факторлардың әсер етуі. Олардың әрқайсысының тигізген ықпалының мәндері белгісіз, яғни нәтижелі және факторлы белгі арасындағы өзара тәуелділік дәлме-дәл көрсетілмеседе және бір шаманың өзгеруінен екінші шаманың орташа мәні өзгеретін болса да, оны корреляциялық байланысқа жатқызады. Статистикада корреляциялық байланыс деп нәтижелі және факторлы белгілер арасында сәйкестіктің болмауын айтады. Корреляциялық байланысқа факторлы белгі мәніне нәтижелі белгінің бірнеше орташа мәні сәйкес келеді.

Корреляциялық байланысты мына теңдеу арқылы да көрсетеді:

Уi=f (Xi)+Ei,

Мұндағы, f (Xi)-корреляциялық байланыста белгілі болған f пен Уi арасында және ерекше алынған немесе бір немесе бірнеше факторлық белгінің әсерінен қалыптасқан нәтижелі белгі бөлігі; Ei- жанама және кездейсоқ факторлардың әсеріне пайда болған нәтижелі белгінің бөлігі.

Байланыстың бағытына қарай функционалды және корреляциялық байланыстар тура және кері болып бөлінеді. Тура байланыста нәтижелі белгі мәнінің бағыты себепті ықпалдар мәндерінің бағытына тура келеді.Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесі неғұрлым жоғары болатын болса, соғұрлым олардың еңбек өнімділігінің дәрежесі де жоғары болады, яғни олардың арасында тура байланыс бар.Егер себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуі салдарынан нәтижелі белгі мәндері кемісе немесе керісінше, себепті ықпалдар кеміген сайын нәтижелі белгі мәндері өсетін болса, онда оны кері байланыс деп атайды. Мысалы, еңбек өнімділігінің артуына байланысты өндірілген өнімнің өзіндік құны төмендейді.

.







Date: 2016-05-25; view: 1433; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию