Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық үрдістерін зерттеу әдістері





Ойын, мектепке дейін кезеңнің негізгі әрекеті бола тұра, баланың психикалық дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ойында баланың барлық танымдық және жеке ерекшеліктері өз көрінісін табады, сондықтан аяқ асты ойынының зерттеулері, сонымен қатар, ойынның тәжірибелік қалыптасуын бақылаумен қоса, баланың дамуы туралы нақты көрініс беруі әбден мүмкін.

Ойынды дифференциалды диагностика ретінде зерттеу бала ойынының дамуының негізгі кезеңдерін және олардың ерекшеліктерін білу деген сөз. Жеке айырмашылықтарды ескере отыра, ойынның бастапқы формалараы балада екі жастан кеш емес, және заттық әрекет және сөйлеу арқылы қалыптасады. Ойынның бастапқы деңгейіне үрдісті затты ойын әрекеттері (машинаны итеру) жатады. Үрдісті затты ойын әрекеттері баланың затты әрекеттеріне қарағанда, екі жастан жоғары жас кезеңінд заттың белгілі бір қаситтерін анықтау мақсатында емес, ал осы затты қолданатын адамның әрекетіне еліктеушілік үшін жүзеге асырылады. Осылайша, үрдісті затты ойын әрекеті баланы адамдардың әлеуметтік қатынастарымен таныстырады.

Үрдісті ойын оның келесі деңгейлеріне негіз болып табылады және затты ойын әрекеттерінің құрылуының ауытқушылықтары әдетте заттық әрекеттің болашақ бейнесінің дамымауының көрінісі. Осындай ауытқушылықтар көзі көрмейтін, ақыл есі кеміс, және БМС шалдыққан балаларда кездеседі және уақытылы түзетуді қажет етеді. Көзі көрмейтін балаларда заттық әрекет ауытқушылықтары көз көру қызметінің бұзылуынан пайда болса, ақыл есі кеміс балаларда танымдық қызығушылықтың төмендеуінен, ал БМС балаларынада - моторлық ауытқулардан. Ойын үшін негіздің болмауынан бұл әрекет дамудың бастапқы кезеңінде артта қалады.

Үрдісті ойынның негізінде балаларда сюжетті ойын қалыптаса бастайды, оған маңызды әсер ететін сөйлеу қабілетінің дамуы. Жүзеге асыру (сюжетті ойын сөйлеу қабелітнсіз тіпті мүмкін емес, себебі оның көмегімен бала сюжетті жоспарлайды және бақылайды, ойын кеіпкерлерінің сөздерін жүзеге асырады. Сонымен қатар, бала өзіне белгілі бір рөл таңдамайды, ол кейіпкерлерді өз еркімен бақылайды (режиссер ретінде) және осы бостандық балаға ойын кеіпкерлерін және ойын барысын кез келген қаситтерге толықтыруға мүмкіндік береді. Осы деңгейде орын басушы заттар және әрекеттер пайда болады. Орын басушы зат шынайы бір заттың орнын басады (оны сипаттайды); әдетте балалар пішіні, көлемі, түсі, фактурасы, материалы және т.б. бойынша шынайы затқа ұқсас заттармен орын басуды ұнатады. Сюжетті ойын кезеңі екі жастан төрт жасқа дейінгі кезеңді қамтиды.

Осы кезеңдегі ойын қалыптасуының ауытқулары үрдісті ойынның қалыптаспауымен және сөйлеу қабілетінің бұзылуымен байланысты. Жоғарыда көрсетілген категориялардан (соқыр, ақыл ойы кеміс, БМС балалар), осындай ауытқулар құлағы естімейтін және сөйлеу қабылеті нашар, және де психикалық дамуы артта қалған балаларға тиесілі.

Шамамен төрт жастан бастап балада сюжетті рөлдік ойын қалыптаса бастайды. Енді ауқатты режиссердан, ол өзіне белгілі бір рөл таңдап, осы ойынның бір кейіпкеріне айналады. Алдымен бала рөлді өзіне алады, басқа рөлдерді жансыз (ойыншық, жануарлар және т.б.) кейіпкерлерге таратады, ал кейін ол басқа балалармен бірігіп, рөлдң бөлісу топта жүргізіледі. Сюжетті рөлдік кезеңде оны жүзеге асырудың маңызды шарты болып балалар арасындағы тіл табысу табылады. Бала өз қатынастарын өзімен тең серіктестер құрастырады – ересектермен емес, өзімен теңдермен, және осы қатынастар алдағы өмір бойы дами береді. Жеке айырмашылықтарды ескере отыра, сюжеттік рөлдік ойынар формасын балада бес жастан кеш емес күту керек.


Жоғарыда көрсетілген категориялардан басқа, сюжеттік рөлдік ойынның бұзылуы белгілі бір психикалық ауруларға (шизофрения, ерте балалық аутизм) шалдыққан балаларда кездеседі. Осы балаларға тиесілі рөлді бөлісу, қыбалдау, ойын әрекеттерін бақылау қийындықтары тіл табысу ауытқушылықтарымен байланысты, ал бұл өз алдына эмоционалды қиыншылықтарға әсерінен туады.

Сюжеттік рөлдік ойын жайлап әлеуметтік рөлдерді игеру әрекетіне айналады, жеті жастан кейін – нақты айтқанда, баланың мектепке баруынан бастап, онда ол алғашқы нақты анықталған әлеуметтік рөлге ие болады – оқушы рөлі. Сонымен қатар, көпке дейін ойын әрекеті бәсеңдей қоймас, ол оқу рөлімен пара пар жүреді.

Ойын – күрделі әрекет, және оның құрылуы көптеген факторларға тәуелді, олардың қатарында әлеуметтік мәдени, бұл тек білім алу мен тәрбие емес, сонымен қатар, жалпы әлеуметтік ортаның ықпалы.







Date: 2016-05-24; view: 1654; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию