Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дизартрияның, анартрияның және моторлы алалияның дифференциалды диагностикасы





Алалиясы бар балаларда фонетико-фонематикалық, лексико-грамматикалық жағынының барлық сөйлеу жүйелері мен байланыс сөйлемінің бұзылуы байқалады, ал дизартрияда сөйлеудің фонетикалық жағы ғана зардап шегеді.Алалия кезінде артикулярлы акт салыстырмалы сақталып, потенциалды мүмкін болады және бірліктерді қиыстыру мен таңдаудың фонематикалық операциялары өнідірісінің бұзылуы айқындалады. Дизартриялық бұзылыстарға артикуляцияланудың болмауы немесе айқын қиындықтары және тек фонетикалық операциялар өндірісінің бұзылуы жатады.

Сөйлеудің фонетикалық жағының қалыптасу ерекшеліктеріне жатады:

- Әр типті бұзылыстардың артуы, артикуляциялы қарапайым және күрделі дыбыстардың ауысуының басымдығы, азғантай дыбыс мөлшерлерінің және дыбыс артикуляциясы бойынша күрделі дыбыстардың бұрмалануы, көп дұрыс айтылмайтын дыбыстар біруақытта дұрыс айтылуы да мүмкін.

Дизартрия кезінде дыбыстық айтылудың біртипті бұзылулары (бұрмалану немесе ауысулар) артады, олардың ішінде бірен-сараны ғана дұрыс айталады, дыбыстар бұрмалануы, артикуляция бойынша қарапайым және күрделі дыбыстарда бұрмаланады. Бұрмаланған дыбыстардың барлығына ақаумен айтудың тұрақтылығы жатады

22. Біріншілік сөйлеу бұзылысы мен ақыл-ой кемдігінің дифференциалды диагностикасы

Бұл жағдайда ақыл-ой кемдігінің сөйлеудің жетіспеуімен бірлесуі жетекші сөйлеу мен интеллектуалды ақауды (осы және басқа дәрежелерде) ажырату қажет. Сөйлеудің айқын жетіспеуі кезінде интеллектуалды дамудың іркілісі байқалады, оның ішінде сөздік-логикалық ойлауы ерекшеленеді.

Сөйлеудің біріншілік бұзылуы мен ақыл-ой кемдігінің дифференциалдық диагностикасында анамнестикалық мағлұматтар маңызды орын алады. ақыл-ойы кем балалар алаликтерге қарағанда моторлы дағдылардың дамуында, заттық әрекеттердің дамуында кідірістері бар. Өмірінің бірінші кездерінен бастап төмен танымдық белсенділігі мен қоршаған ортаға қызығушылықтың жоқтығы байқалады.

Ақыл-ойы кем балалар алаликтерге қарағанда тілдесудің вербальді емес құралдарын аз қолданады (мимика, ым, екпін); олардың эмоционалдық реакциялары кедейлігімен және стереотиптілігімен ерекшеленеді. Ақыл-ой кемдігінде танымдық әрекеттің барлық жақтарының тотальді жетіспеуі байқалады, ал сөйлеудің біріншілік бұзылысында, керісінше, жалпы психикалық және сөйлеу дамуының әркелкілігі орын алады. Ақыл-ой кем балаларда импрессивті және экспрессивті сөйлеудің әркелкі жетіспеушілігі анықталады, ал моторлы алалиялы балаларда сөйлеуді түсіну әрқашан да сақталады.

Ақыл-ойы кем балаларда сөйлеудің кеш пайда болуы (3-4жаста) лексико-грамматикалық жетіспеушіліктің болуымен оның логопедтік килігуінсіз дамуы орын алады. Алалия кезінде кенеттен туындаған сөйлем баяу дамиды; оған сөйлеудің тасымалдық құрылымы мен лексико-грамматикалық жағының өрескел бұзылыстары сипат болады.

Кешенді зерттеу кезінде диагностикалық мәнінде ЭЭГ мәліметтері болуы мүмкін. Ақыл-ой кемдігінде бас миының қыртысының диффузиялық бұзылуы, ал алалия кезінде локальді бұзылуы болады.

Ақыл-ой кемдігінің алалиялық және дизартриялық бұзылыстармен бірлесуі маңызды сипатқа ие. Оқуға деген интеллектуалды мүмкіндіктері бар қүрделі кемшілікті бала оқымайтын адамның жағдайын көрсетеді. Бұл жағдайдағы интеллектуалды дамудың сөйлеумен сәйкес келмеу деңгейі диагностикалық сыны болып есептеледі, және де алалия мен дизартрияның арнайы жиынтықтарымен қоса алғанда.

Барлық жағдайда интеллектуалды диагностиканың нәтижесі баланың біріншілік сөйлеу тілі жетіспеушілігінің дифференциациясы оның оқуымен және коррекциялық қабылдауының әрекетімен қаралады.

 







Date: 2016-05-24; view: 2023; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию