Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Динамикада бақылау 2 page





| өкпе артериясының тромбоэмболиясы

| созылмалы бронхиттың өршуі

| ошақты пневмония

| бронхоэктазды ауру

| жүректің митральды ақауы

218~ Госпитальді (нозокомиальді) пневмония деп.... айтады

| ауруханаға түскен күнге байланысты емес аурухана ішінде дамитын

| ауруханадан шыққанда дамитын

| ауруханада болған мерзімге байланысты емес полирезистентті штаммдар инфекцияға байланысты

| ауруханаға түскеннен 48 және одан да көп сағаттан кейін

| ауруханадан тыс жағдайда, ауыр жүретін және ауруханаға жатқызуға талап ететін

219~ Халықаралық консенсус және Ресейлік терапевттік хаттамаға сәйкес жіктемесіне кіреді... пневмония.

| ауруханадан тыс, ауруханаішілік, иммундық тапшылық бар адамдарда, аспирациялық

| аллергиялық, аспирациялық, жарақаттан кейінгі, кәсіби

| жіті, жітіастыртын, созылыңқы, созылмалы

| хирургиялық емді қажет ететін және қажет етпейтін

| туа пайда болған және жүре пайда болған

220~ Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің орташа-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтративті көлеңкелер, жылдам оң динамика... өте тән.

| ошақты пневмонияға

| саркоидозға

| пневмокониозға

| милиарды туберкулезге

| инфильтративті туберкулезге

221~ Қант диабетімен ауыратын 47 жасар әйел пневмония бойынша ем қабылдауда. Оның дене қызуы 39 C градусқа дейін жоғарылаған және қатты тершеңдік байқалады. ТЖ – минутына 32 рет. ЖСЖ – минутына 108 рет. Қан анализінде: лейкоцитоз – 18 мың, таяқшаядролы – 14, сегментядролы- 52, лимфоциттер -34, ЭТЖ – 48 мм/сағ. Қанынан алтын стафилококк себілді. ЭКГ-да жүрек қақпақшалары таза интактты. Науқаста... асқынуы дамуы мүмкін.

| сепсис

| инфекциялық эндокардит

| инфекциялық-токсикалық шок

| жіті тыныс жетіспеушілігі

| жіті респираторлы дистресс синдром

222~ Қосымша патологиясы жоқ 60 жастағы науқас, жеңіл дәрежелі аурухана-дан тыс пневмония диагнозы бойынша ем алуда. Бірінші топтағы антибактериялық препараттардың ішінде... қолданылғаны тиімді.

| аминопенициллин

| цефалоспориннің екінші туындысы

| макролидтер

| аминогликозидтер

| сульфаниламидтер

223~ Рентген суретте домалақ пішінді қараюларды анықтағанда ажыратпалы диагностика... жүргізіледі.

| өкпенің перифериялық қатерлі ісігі, қатерсіз ісіктер, липома, фибромамен

| 1 дәрежедегі пневмония, саркоидозбен

| өкпе абцесі, плевра эмпиемасы

| 3 дәрежедегі саркоидоз, пневмокониозбен

| пневмония, өкпе абцесімен

224~ Созылмалы обструктивті бронхитпен, ТЖ-ІІІ ауыратын науқастар диспансерлік бақылау жасау үшін терапевтке... шақырылады

| жылына 3-6 рет

| жылына 2 рет

| жылына 1 рет

| жылына 8 ретке дейін

| жылына 1-2 рет

225~ Саркоидозда Лефгрен синдромында... байқалады.

| қызба, түйінді эритема, полиартралгия

| ентігу, жөтел, қызба;

| ентігу, жөтел, шеткі лимфа түйіндері ұлғаюы

| қызба, ентігу, кеуде торы ішіндегі лимфа түйіндері ұлғаюы

| ентігу, жөтел, әртүрлі топтағы лимфа түйіндері ұлғаюы

226~ Кеуде торындағы ауырсыну фонында электрлік осінің оңға ығысуы, жүрекшелік комплекстің Р-pulmonale түрінде өзгеруі, ІІІ –те SI-Q, Т тісшесі инверсиясы, Гис бұтағының оң аяғының толық емес блокадасы, сонымен қатар ЭКГ тісшелері вольтажының төмендеуі (81 % науқастарда| жіті дамуы... байқалады.

| тромбоэмболияда

| бактериалды эндокардитте

| миокард инфарктінде

| инфекциялық миокардитте

| миокардиодистрофияда

227~ Көп жыл бойы өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын 72 жастағы науқас ер адам суықтағаннан соң дене қызуы көтерілуіне, кілегейлі іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданды. Рентгенологиялық оң өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталған. Науқасқа... тағайындау ең тиімдірек болады.


| кларитромицин

| линкамицин

| тетрациклин

| преднизолон

| гентамицин

228~ 23 жастағы ер адам 4 күннен бері дене қызуы 38 С дейін жоғарылауына, сары жасыл қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып үйіне дәрігер шақырды. Ауруын суықтаумен байланыстырады. Объективті: тері қабаты бозарған, ТЖ минутына 20 рет, оң жауырын бұрышынан төмен перкуторлы дыбыс тұйықталған ошақтар, аускультативті майда көпіршікті ылғалды сырылдар.

Бұл науқас үшін ең тиімді... тағайындау жөн.

| азитромицинді 0,5мг күніне 1таблеткадан, 5 күн

| эритромицинді 0,25мг күніне 2 таблеткадан 4 рет, 7 күн

| бисептолды 480 мг 2 таблеткадан күніне 2 рет, 7 күн

| тетрациклинді 0,25 мг күніне 1таблеткадан 4 рет, 10 күн

| цефазолинді 1,0 күніне 3рет бұлшық ет ішіне, 10 күн

229~ Әлсіздік, жүрек айнуы, тәбет болмауы, эпигастрий аймағында тұрақты ауырсыну, салмақ жоғалту... байқалады.

| ойық жараның малигнизациясында

| асқазанның шығыс бөлігінің стенозында

| ойық жара пенетрациясында

| ойық жарадан майда қан кетуінде

| ойық жара перфорациясында

230~ 45 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсына берілетін тамақтан соң жарты сағаттан кейін, дене жүктемесі мен тұлғаны еңкейткенде пайда болып күшейетін семсер өсіндісінің негізі тұсында ашытып ауырсынуға шағымданды. Ауырсыну алмагель қолданғанда толық басылмайды. Сонымен қатар ауамен кекіру, демікпе ұстамасы, жөтел мазалайды. Барий жүзгінімен жасалған рентгенологиялық тексеруде контрастты массаның асқазаннан өңешке қайта өтуі (рефлюксі) анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| Кардия ахалазиясы

| Өңеш ісігі

| Рефлюкс-эзофагит

| Бронх демікпесі

| Созылмалы гастрит

231~ Созылмалы гастритпен тіркеуде тұрған науқаста ауыруының өршуі кезінде ішкен асын құсып тастау, ішінің ауруы, шіріген жұмыртқа кекіру шағымдары пайда болды. Науқастың ауруы... асқынған.

| стенозбен

|пенетрациямен

|перфорациямен

| малигнизациямен

| қан кетумен

232~ Тері жабындыларының бозаруы, құрғақ тері, тырнақ сынғыштығы көрінетін 62 жастағы эпигастрий аймағындағы ауырсыну, қышқыл кекіру метеоризм, іш-қату мен іш-өтуінің кезектесуі мазалайтын науқасқа... тағайындаған мақсатқа лайықты.


| Табиғи асқазан сөлі+ панзинорм+мильгамма

| Сорбифер+алмагель+гепабене

| Домперидон+креон+бифидум бактерин

| Циметидин+панзинорм+но-шпа

| Цизаприд+алмагель+хилак форте

233~ Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру

| Өңештің пептитті жарасы

| Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы

| Созылмалы эзофагит

| Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

234~ Науқас 42 жаста эпигастральді аймағының ауырсынуына, құсуына шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозарған, суық жабысқақ тер бөлінеді. АҚҚ – 100/50 мм с.б.б. Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| Перфорация

| Қан кету

| Стеноз

| Пенетрация

| Малигнизация

235~ Ер адам 38 жаста, жүргізуші, темекі тартады. Шағымдары: ас қабылдағаннан кейін пайда болатын қыжыл, жатқан қалыпта және еңкейген кезде күшейеді, қышқылмен лоқсу, түнде жөтел ұстамалары мазалайды. Эндоскопияда –шырышты қабаты ақшыл қызыл түсті, тегіс,жылтыр, дефекттер жоқ. Мотилиум 10 мг күніне 4 рет қабылдайды. Емдеу тиімділігін бақылау үшін... ең сезімтал диагностикалық әдіс болып келеді.

| Өңештегі рН тәуліктік мониторингтеу

| Манометрия

| Эндоскопиялық зерттеу

| УДЗ

| Рентгенологиялық зерттеу

236~ 12- елі ішек және асқазан ойық жара ауруындағы эрадикациялық терапияның ұзақтығы... күн.

| 14

| 7

| 21

| 28

| 30

237~ Ойық жара ауруының хирургиялық емінің абсолютті көрсеткішіне... жатпайды.

| жиі өршуі

| перфорация

| малигнизация

| декомпенсация сатысындағы стеноз

| қан кету

238~ Рефлюкс-эзофагиттің негізгі диагностикалық әдісіне... жатады.


| рН-метриялық зерттеу

| рентгенологиялық зерттеу

| эндоскопиялық зерттеу

| ультрадыбысты зерттеу

| асқазанды зондтау

239~ 32 жастағы науқас ер адам тамақтан кейін азаятын эпигастриде тамақтан соң 3-4 сағаттан кейін, кейде түнгі және «аш қарынға» қатты ауырсынуға, тұрақты қыжылға, қышқылды кекіруге, жеңілдік әкелетін қышқылмен құсуға, іші қатуына шағымданды.Объективті: перкуторлы және пальпация-лағанда эпигастридің оң жағында ауырсыну. Жасырын қанға нәжіс анализі – оң мәнді. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| он екі ішек ойық жара ауруы

| асқазанның үлкен иінінің ойық жара ауруы

| асқазанның субкардиалды бөлігінің ойық жара ауруы

| гастроэзофагеалды-рефлюксті ауру

| қақпа стенозы

240~ 45 жастағы науқас ер адамды дене жүктемесі мен тамақтан соң төс артында ауырсыну, қыжыл, жеген тамағымен кекіру, тамақты қиналып жұтынуды сезіну мазалайды. Тексергенде: электрокардиограмма: патологиясыз; эндоскопиялық фиброгастродуоденоскопия: өңештің төменгі сфинктері жабылмайды, гиперемия, өңеш кілегейлі қабаты ісінген, бірен-саран эрозиялар.

Бұл жағдайда науқасқа... дәрілік препараттар комбинациясын тағайындаған тиімдірек.

| домперидон және рабепразол

| маалокс және ампициллин
| омепразол және смекта
| омепразол және маалокс
| омепразол және но-шпа

241~ 26 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге дене қызуы 38 С жоғарылауына, іші ауыруына, тәулігіне 8-10 рет қан және кілегей аралас іші өтуіне шағымданып келді. Ауру жіті респираторлық вирустық аурудан соң жедел түрде дамыған. Объективті тексергенде іші аздап үрленген, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, осы аймақта жіп тәрізді тоқ ішек пальпацияланады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| Спецификалық емес ойық жаралы колит

| Крон ауруы

| Жіті дизентерия

| Тік ішек ісігі

| Уиппл ауруы

242~ Науқас Л 35 жаста, бас ауруына, жалпы жағдайының нашарлығына, ауа жетіспеушілігіне шағымданады. Жүрек тұсындағы ауырсыну сезімдері психоэмоционалды жүктеме кезіде күшейеді, іш ауырады, кіші дәретке жиі барады. Бұл жағдайда зерттеу әдістерінің ішінде... жасау қажет.

| шырышты қабатының биопсиясы мен колоноскопияны

| ректороманоскопияны

| іш ағзаларының компьютерлі томографиясын

| ирригоскопияны

| тік ішекті саусақпен зерттеуді

243~ Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Сіздің диагнозыңыз:

| Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен

| Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен

| Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі

| Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен

| Тоқ ішектің қатерлі ісігі

244~... - Крон ауруын жаралы колиттен ажырату белгісі.

| сыртқы және ішкі жыланкөз пайда болуы

| іш өту

| іште ауырсыну

| нәжісте қан болуы

| қызба

245~ 44 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге соңғы тамақты қабылдағаннан соң 12 сағаттан кейін жүрегі айнып, көп рет қайталанған жеңілдік әкелмейтін құсық, эпигастрий тұсында жағымсыз сезім, күрт әлсіздік пайда болуына шағымданып қаралды. Анамнезінде бір апта бойы алкоголь қабылдаған. Объективті қарағанда – жалпы жағдайы ауыр, аузынан алкоголь исі шығады, есеңгірегендік, тері қабатының бозғылттығы байқалады. АҚҚ 60/20 мм сынап бағанасымен, ТСЖ минутына 60 рет. Пальпациялағанда ішінде ауырсыну байқалады, бұлшық еттік қорғаныс реакциясы жоқ, ішперде тітіркену сипмтомы теріс мәнді. Нәжіс формалы күніне бір рет. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| Панкреонекроз

| Экзотоксикалық шок

| Миокард инфарктінің абдоминалді түрі

| Тамақтан болған токсикоинфекция

| Алкоголь суррогаттарымен улану

246~ 52 жастағы әйел адам майлы тағам қабылдағаннан кейін ішінің ауруы, құсу байқалған. Пальпациялауда эпигастрий аймағының ауырсынуы байқалады. Амбулаторлы ем қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарды – ауырсыну сезімдері азайды. Құсу тоқтады. Лабораторлы зерттеулер нәтижесі қалыпты. Бұл жағдайда ауру... аяқталуы мүмкін.

| сауығумен

| перитонитпен

| ұйқы безінде киста қалыптасуымен

| өліммен

| малигнизациямен

247~ 62 жасар науқаста сарғаю, қатты арықтау, эпигастрий аймағының ауырсынуы, жүрек айну мен құсу байқалады. Қан анлизінде ауыр дәрежелі анемия, ЭТЖ 60 мм/сағ. Байланысқан фракциясының көптігінен гипербилирубинемия. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| ұйқы безі басының ісігі

| рак-бауыр циррозы

| созылмалы гепатит холестазбен

| псевдотуморозды панкреатит

| өт жолдарының дискинезиясы

248~ Қан сарысуындағы амилазаның қалыпты деңгейі... құрайды.

| 12-32 мг/мл

| 2-8 мг/мл

| 0 мг/мл

| 4 мг/мл

| 8 мг/мл

249~... - біріншілік бауыр рагін бауыр циррозынан ажыратуға көмектесетін белгі.

| альфа-фетопротеин деңгейінің жоғарылауы

| сарғаю

| аминотрансферазалар деңгейі жоғарылауы

| билирубин деңгейі жоғарылауы

| сілтілі фосфатаза деңгейі жоғарылауы

250~... - созылмалы панкреатитте ұйқы безінің инкреторлы жетіспеушілігінің белгілері.

| қан мен зәрде глюкоза деңгейі жоғарылауы

| есін жиі жоғалтуы

| сарғаю

| бауыр ұлғаюы

| креаторея, стеаторея

251~... - созылмалы панкреатитте ұйқы безінің экскреторлы жетіспеушілігінің белгілері.

| дене салмағы азаюы, креаторея, стеаторея

| есін жиі жоғалтуы

| сарғаю

| бауыр ұлғаюы

| қан мен зәрде глюкоза деңгейі жоғарылауы

252~ Мужчина, 51 жастағы ер адам ауруханаға оң жақ қабырғаастында ұзақ тартып ауырсынуға шағымданып түсті. Тексергенде: сарғаю жоқ, Кер симптомы оң мәнді, субфебрилді температура, ЭТЖ - 30 мм/сағ.

Сіздің болжам диагнозыңыз:
| Созылмалы холецистит, өршуі
| Асқазанның ойық жара ауруы, өршуі
| Созылмалы гепатит, өршуі
| Созылмалы панкреатит, өршуі
| Одди сфинктерінің дисфункциясы

253~ Қараудан кейін науқаста өңеш веналарының кеңеюі, асцит байқалған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| Бауыр цирозы

| Созылмалы гепатит

| Сзылмалы оң жақ қарынша жетіспеушілігі

| Нефротикалық синдром

| Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

254~ Науқас 53 жаста, тәбетінің төмендеуіне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, терісінің қышуына шағымданады.Обьективті: терісінің сарғаюы, қан тамырларының дақтары, перифериялық ісінулер, асцит байқалады. Анамнезінен: ішімдік ішкендігі,15 жыл бойы вирусты гепатит С мен ауырған. Зертханалық нәтиже: билирубин -50, альбумин─2.9%. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| Бауырдың алкогольді циррозы, портальді гипертензия, декомпенсация

| Аутоиммунды генездегі цирроз

| Бауырдың вирусты циррозы, портальді гипертензия субкомпенсация

| Бауырдың вирусты циррозы, портальды гипертензия, компенсация

| Бауырдың холестатикалық циррозы

255~ Науқас 19 жастағы ер адам. Оң жақ қабырға асты ауырлығына, жалпы жағдайының нашарлығына,салмақ жоғалтуына,және буындар ауруына шағымданады. Жалпы жағдайының нашарлаған уақытын айта алмайды. Обьективті: тері жабындылары сарғыш.телеангиоэтазиялар кездеседі. Шынтақ буынының ішкі аймағынды екпе іздері бар. Бауыры қабырғадан 2.5см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды.Биохимиялық қан анализі: жалпы билирубин -34,8 мкмоль/л, тимол сынамасы ─ 7.2ед, ИФА-австралиялық антиген табылған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| Созылмалы гепатит

| Аутоиммунды гепатит

| Бауырдың билиарлы циррозы

| Коновалов ауруы

| Жильбер ауруы

256~ Науқас С., 52 жаста оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға оның оң жақ қолына берілуіне, өт аралас құсуға шағымданады. Объективті: тәбетінің жоғарылауы, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейкоциттер – 9 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Өтті тексеру нәтижесі бойынша: үш порциясындада – сұйықтық, лейкоциттер 4 –ші порцияда лямблиялар анықталған. Бұл жағдайда... тағайындалған мақсатқа лайықты.

| Трихопол

| Гентомицин

| Левомицитин

| Эритрмицин

| Амоксициллин

257~ Науқас 44 жаста, сол қабырға астына иррадицияланатын эпигастрий аймағындағы интенсивті ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне, кекіруге, жүрек айнуға, іш қатуға шағымданады. Осындай ауырсынулар жылына 1-2 рет қайталанып тұрады. 4 жыл бұрын өттас ауруына байланысты операция жасалған, 6 айдан кейін осындай ұстама болған және шамалы сарғаю мен зәрдегі амилаза деңгейі жоғарылау анықталған. Қайта тексерілгенде тас анықталмады. ЖҚА: Л.-6,7*109/л, ЭТЖ-18 мм/сағ. Осы жағдайда... ең ақпаратты зерттеу әдісі болып келеді.

| секретин-панкреозиминді тест

| аминотрансферазалардың белсенділігін анықтау

| 12-елі ішек сөлін зерттеу

| нәжісте майды анықтау

| сілтілі фосфатазаны анықтау

258~ Науқас әйел Е., 74 жаста ОДА дәрігеріне жалпы әлсіздік, бас айналу, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну, тамақтан кейін ауырлық сезімі, сасық иіспен кекіру шағымдарымен келді. Объективті: терісі бозарған, склерасы сарғайған, шамалы спленомегалия, аяқтарының «шұлық» тәрізді сезімталдығының төмендеуі. ЖҚА:Нв -83 г/л; ТК - 1,2; Эр.- 2,5х1012/л; лейк.– 3,2х109/л; тромб. - 150х109/л; ретикулоциттер – 0,2%; билирубин-42 ммоль/л (тікелей емес фракция 33 ммоль/л). Сіздің болжам диагнозыңыз:

| витамин В12-тапшылық анемия

| гемолитикалық анемия

| созылмалы гепатит

| созылмалы атрофиялық гастрит

| теміртапшылық анемия

259~ 54 жасар әйелде тұрақты ағымды бауыр циррозымен ауырады, жағдайы нашарлады, дірілдер, әлсіздік және санасының шатасуы дамыды, сарғаюы ұлғайды. Жағдайының нашарлағанын анықтау үшін... қажет.

| азот көрсеткіштерін анықтау

| билирубина деңгейін анықтау

| бұлшықет тініне қарсы антиденелерді анықтау

| бромсульфалеинді сынамасын жүргізу

| гамма-глобулин деңгейін анықтау

260~ Бауырішілік холестаздың индикаторларына... жатады.

| сілтілі фосфатаза белсенділігің жоғарылауы

| лактатдегидрогеназаның белсенділігің жоғарылауы

| протрмбин белсенділігің жоғарылауы

| аминотрансфераздар белсенділігің жоғарылауы

| ЭТЖ жоғарылауы

261~ Уробилиногенурияның билирубинуриямен бірге байқалуы... тән.

| бауырлық сарғаюға

| бауырастылық сарғаюға

| бауырүстілік (гемолитикалық) сарғаюға

| іркілісті бүйрекке

| бүйрек инфарктісіне.

262~ Мезенхималды қабыну синдромына қандағы... жоғарылауы тән.

| гамма-глобулиндер

| холестерин

| сілтілі фосфатаза белсенділігі

| билирубин

| альбумин

263~ Жильбер синдромын сипаттайтын зертханалық көрсеткішке... жатады.

| қанда конъюгирленбеген (байланыспаған) билирубин жоғарылауы

| билирубинурия;

| трансаминаздар белсенділігі жоғарылауы

| ретикулоцитоз

| гипоальбуминемия

264~ Созылмалы активті гепатитке сәйкес ….

| сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, бірыңғай салалы бұлшық ет антиденесіне оң мәнді реакция

| сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы

| сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі

| сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ-де өзгерістер және трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы

| сарғаю (барлық кезде емес), іштің жоғарғы оң квадрантында ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз

265~ Жіті бауыр дистрофиясына сәйкес ….

| сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ-де өзгерістер және трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы

| сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы

| сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, бірыңғай салалы бұлшық ет антиденесіне оң мәнді реакция

| сарғаю (барлық кезде емес), іштің жоғарғы оң квадрантында ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз

| сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі

266~ Өт жолдарының гипермоторлы, гиперкинетикалық дискинезиясында … тағайындалады.

| атропин

| церукал

| нитроглицерин

| метаклопрамид

| реглан

267~ Цитолиздық синдром айқындығын бағалауға көмектесетін биохимиялық көрсеткіштерге... жатады.

| трансаминазалар белсенділігі артуы

| амилаза белсенділігі артуы
| билирубин деңгейі жоғарылауы

| альбумин деңгейі төмендеуі

| холестерина деңгейі жоғарылауы

268~ … - гепатоциттердің белок түзу қызметі жетіспеушілігінің зертханалық көрсеткіші.

| Альбумин, протромбин, фибриноген деңгейлерінің төмендеуі

| Қандағы аминотрансферазалар деңгейлерінің жоғарылауы

| Қандағы глобулиндердің әртүрлі фракциялары деңгейлерінің жоғарылауы

| Сілтілі фосфатаза белсенділігінің артуы

| Қандағы холестерин деңгейлерінің жоғарылауы

269~ Біріншілік билиарлы циррозға … тән.

| сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы

| сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі







Date: 2016-05-17; view: 719; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.067 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию