Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кірістер есебі және аудитінің жетілдіру жолдары





 

Барлық шаруашылық субъектілер «Бухгалетрлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (28 ақпан 2007 ж №234ІІІ) бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті құруға міндетті [43].

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып – қызығушылық танытқан тұлғаларға толық әрі анық мәліметтермен қамтамасыз ету болып табылады. Яғни, қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелерін және жеке кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайының өзгерісін көрсету.

Қаржылық есептілікті дайындаған кезде субъектілер ХҚЕС басшылыққа ала отырып дайындайды. Қазіргі кезде олар бухгалтерлік есептің негізгі нормативті актілері болып табылады.

Кәсіпорынның сәтті, одан қоса жұмыс істеуінің тоқтамауы үшін оның табысты болуы қажет! Табыс кіріс пен шығыстан құралады. Таза табыстың

көлемі кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі және басшылардың, акционерлер мен қызығушылық танытқан тұлғалардың кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалауға қолданылады.

Әр пайдаланушы кірістер мен шығыстар туралы есепте мынаны түсінуі тиіс: яғни «Таза табыс» терминіне бухгалтердің беретін мағынасы, және оның компания қызметінің нәтижелер көрініс ретінде кемшіліктері мен артықшылықтарын білу қажет.

Таза табыс (Net profit) – «Бөлінбеген пайда» шотында жиналатын және компанияның қызметі нәтижесінде өз капиталының ұлғаюы бойынша пайда болатын таза сома. Таза пайда негізінен, кірістер мен шығыстар арасындағы айырма, яғни кіріс шығыстан көп болған жағдайда. Егер, шығыс кірістен асса онда таза шығын (net loss) орын алады.

Кірістер – компанияның қызмет етуінің қайнар көзі болып табылады. Кіріссіз пайда жоқ, пайдасыз компания жоқ. Оның маңыздылығын ескере отырып, кірісті анықтау бухгалтерлік есептің объектісі ретінде күрделі болып ұсынылатынын мойындауға мәжбүрлік туады. Бұл шығысқа да қатысты.

Ұзақ жылдар бойы бухгалтерлер кіріске анықтама беруге тырысып келеді. Бухгалтерлік есеп стандарттары туралы жағдайда (SFAS – Statements of Financial Accounting Standarts) кіріс «Белгілі бір уақыт аралығындағы кәсіпорынның тауарлар мен қызмет көрсету процессі» деп көрсетеді.

Кейде кіріс қызмет өнімі ретінде танылады, бірақ бұл өнім кіріс деп танылмай тұрып кәсіпорыннан шығып кетуі керек. (Шығып кету концепциясы – outlow concept). Мысалы, 1957 жылы Америка бухгалтерлер ассоцияциясының стандарты (AAA – American Association of Accountands) кірісті былай деп анықтайды: «Кіріс...белгілі бір уақыт аралығындағы кәсіпорынның өз сатып алушыларына берген өнім немесе қызметтің өзіндік құнының ақшалай көрінісі». «Қаржылық есептілікті дайындау мен ұсыну концепциясында» кірістің анықтамасын былай деп түсіндіреді, яғни капитал қатысушыларының салымына байланыссыз, өз капиталының ұлғаюына алып келетін, міндеттемелердің азаюы, активтердің ұлғаюы немесе есеп беу кезең ішіндегі экономикалық ұлғаю.

Кіріс кәсіпорынның пайдасы мен басқа да кірістерді өзінің құрамына қосады. Яғни кіріс пайдаға қарағанда кең мағынаны білдіреді.

ХҚЕС 18 «Пайда» пайданың мағынасын былай деп түсіндіреді «Пайда – өз капитал қатысушыларының салымдарына байланыссыз, өз капиталдың ұлғаюына алып келетін кәсіпорынның қарапайым қызмет нәтижесінде белгілі бір кезең ішіндегі жалпы экономикалық түсім».


Сонымен, кіріс тауарды өткізу, қызмет көрсету және басқа да құзмет жүзеге асыру нәтижесінде пайда болады.

Ең қарапайым түсінік ретінде, кіріс – белгілі бір кезең ішіндегі бүкіл тауарлар мен қызметтердің, сатудан және қызмет көрсетуден түскен бағасына тең.

Кәсіпорын өнімді тауар сатып алушыға жеткізген кезде немесе қызмет көрсеткен кезде белгілі бір ақша қаражат сомасын алады немесе болашақта жақын арада соманың төленуі туралы уәде береді. Мұндай уәделер әдетте

«Дебиторлық берешек» шотында тіркеледі немесе «Алу векселі» шотында тіркеледі. Белгілі бір кезең ішінде ақша қаражаты мен басқа да уәделердің түсуі кәсіпорын кірісін құрайды [44,368б.].

Кәсіпорынның кірістерін көрсету үшін 6 «Кіріс» бөлімінің шоттары арналған. Шоттың кредиті бойынша өнімді өткізуден түскен (жұмыс, қызмет) кірістер жатады; алдағы кезеңде алынған, бірақ есептік кезеңге жататын кірістер жатады; негізгі құралдардың шығуынан, материалдық емес активтер, қаржылық инвестициядан алынған кірістер, оң курстық айырмадан алынған сомалар және басқа да кірістер жатады. 6 «Кіріс» бөлімінде шоттарды реттейтін 2 топ бар: 6020 «Сатылған өнімді қайтару» және 6030 «Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер». Бұл шоттардан есептелінген сомалар кірістен есептелінеді. Есепті кезеңнің соңында 6 «Кіріс» бөлімінің шоттары 5610-«Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады.

1 қаңтар мен 31 желтоқсанға кіріс шоттарында қалдық қалмайды. 6010-«Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түскен кіріс» шоты бойынша кредиттік айналымдар №11 журнал-ордерінде көрсетіледі, 6020, 6030 шоттар тобы бойынша №14 журнал-ордерінде, басқа да кірістер шоттары бойынша №12 журнал-ордерінде көрініс табады.

Кіріс шоттары сияқты шығыс шоттары да есепті кезеңнің соңында 5610-«Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады және жылдың басы мен соңына қалдық болмайды.

Осылайша, кезең ішіндегі номиналды шоттарда 1 қаңтардан 31 желтоқсан аралығында, кредит бойынша тапқан және танылған кірістер мен дебет бойынша апарылған және танылған шығыстар туралы мәліметтер жиналады. Есепті кезеңнің соңында барлық кірістер мен шығыстар жабылуы керек, яғни нольдік қалдық болу керек. Жабылған өткізбелер 5610-«Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шоты бойынша корреспонденцияланады. Бұл шотта дебет бойынша барлық шығыстар жазылады, ал кредит бойынша барлық кірістер жазылады. Осы шотта дебеттікм және кредиттік айналымды салыстыра отырып, есеп кезеңі ішіндегі кәсіпорын қызметінің қаржылық жағдайы анықталады. Олар 5510-«есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоттар тобына көшіріледі. 5610 шоты бойынша кредиттік айналымдар №14 журнал-ордерінде, ал 5510 - №13 журнал-ордерінде көрсетіледі.


Тұтас жылдық кіріске жалғастырылған және тоқтатылған қызметтен алынған кірістер жатады. Жалғастырылған қызметтен алынған кіріске, дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен кіріс, сатып алынған тауарды сатудан, құрылыс-монтаждық, ғылыми-іздеушілік және т.б. жұмыстар алынады. Сонымен қатар, сыйақы түрінде, дивидеттер, гонорарлар, роялтилер, материалдық емес аутивтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды және т.б. сатудан түскен кірістер жатады [45].

Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестік-тердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметім экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау меп тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақтылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін. Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.


ТМД елдерінің озық тәжірибесін есепке ала отырып, қаржылық есептілік аудиті процесін төрт кезеңге бөлуге болады: ақпарат жинау, жоспарлау, аудитті жүзеге асыру мен есеп берудің мүмкіндігі.

Аудитордың назары қаржылық есеп көрсеткіштерінен тері, зерттелетін фирма басшылығы негізге алып жасаган тұжырымдарға бағытталуы керек. Қаржылық есептемені аудиторлық тексеру барысында бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар, ақша қозғалысы, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептерді жасаудың дұрыстығы, есеп саясаты жайлы ақпарат пен түсіндірме хаттың анықтығы белгіленеді.

Аудиторлық түрлерінің тәжірибесі бухгалтерлік есептегі ең маңызды кемшіліктер бастапқы құжаттарды ресімдеу мен өңдеуге және белгіленген стандарттар мен ережелерді бұрмалаған есеп регистрлерін жүргізуге байланысты екендігін айғақтады.

Сонымен бірге кәсіпорынның ішкі экономикалық жұмыстарының есебінде, әсіресе валюталық операцияларды жүргізу барысында көптеген бүрмалаушылықтарға жол беріледі, мысалы сауда-саттық операцияларды атқару кезеңінде және ай соңындағы багамдық айырмашылыктар ескерілмейді.

Халықаралық іс-тәжірибе көрсеткендей, егер тексеру сегменттері ретінде шаруашылық операцияларын атқарған кезде пайда болған шаруашылық операцияларының циклі деп аталатын, есептің жеке объектілері арасындағы өзара байланысты бөлсе, аудиторлық тексеруді жүргізу процесі оңтайлы болады

Бухгалтерия қызметкері күн сайын кәсіпорынның банктегі ағымдағы шотынан сол шоттағы ақша қаражаттарының қозғалысы мен қалдығы жөніндегі барлық мәліметтер, оның ішінде жөнелтілген өнім үшін жасалынған төлем ретінде сатып алушылардан бір күннің ішінде келіп түскен ақша сомасы көрсетілген үзінділерді алады. Банк үзінділеріне растаушы құжаттар тіркеледі. Банк үзінділерін алғаннан кейін бухгалтерия қызметкері үзінді бойынша сатып алушылардан келіп түскен сомаларды оған тіркелген растаушы құжаттарда көрсетілген сомалармен салыстыра отырып, банк үзінділерінде сатып алушылар аударған сомалардың көрсетілуінің толықтығын бақылауды жүзеге асырады [46,259б.].

Сатып алушылармен есеп айырысулардың есебін жүргізуші бухгалтер оперативтік есеп жүргізеді және құжаттық салыстырулар әдісі бойынша сатып алушылардың өнім үшін өз уақытында және толық төлем жасауына бақылау жүргізеді. Банк үзінділері мен растаушы құжаттардың негізінде ол сатып алушылармен есеп айырысу регистрлерінде төлемнің жасалынуы туралы тиісті жазулар орындайды. Сонымен бірге ол төлем жасаудан бас тартулардың есебін олардың келіп түсу мерзімін, сомасын және себептерін көрсете отырып жүргізеді.

Сатып алушылармен есеп айырысу операцияларының есебін жүргізуші бухгалтер ұйымның бас бухгалтеріне сатып алушылардан ақша қаражаттарының келіп түсу жоспарының бір күнге және есепті кезеңнің басынан бастап әрбір сатып алушы және онымен жасалынған келісім шарттың негізінде орындалуы бойынша күңделікті есеп беріп отырады. Бұл есепке ауытқулар бойынша түсіндірмелер тіркеледі. Түсіндірмеде ауытқулар олардың пайда болуының күнтізбелік мерзімдері бойынша ажыратылып көрсетіледі.

Бухгалтерияда ауытқулардың себептері анықталып, олардың пайда болуына кінәлілер айқындалады. Ауытқулар мынадай себептерден болуы мүмкін: өнімнің жөнелтілгендігін растаушы құжаттардың бухгалтерияға уақытында келіп түспеуі; төлемді алу үшін олардың банкке өз уақытында берілмеуі; шот- фактуралардың өз уақытында жазылмауы және сатып алушыға жіберілмеуі; құжат айналымының ұзақтығын жоспарлаудағы жіберілген қателерден; төлеу мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштардың келіп түсуін жоспарлаудағы жіберілген қателер; сатып алушылардың төлем жасаудан бас тартуы; сатып алушылардың төлей алү қабілетінің жоқтығы және басқа себептер.

Ақша қаражаттарының жоспарлы келіп түсулерінен ауытқулардың пайда болу фактілері туралы бас бухгалтер немесе оның орынбасары белгіленген тәртіп бойынша тиісті баяндаушы жазбалар арқылы сатып- өткізу бөлімінің бастығын хабардар етеді. Баяңдаушы жазбада ауытқулар бойынша түсіндірмеден басқа анықталған себептер мен айқындалған кінәлі түлғалар көрсетіледі.

Ауытқулар бойынша алынған мәліметтерге талдау жасай отырып, бас бухгалтер өзінің қызмет бабының шегінде шара қолданады.

Ақша қаражаттарьшың қозғалысы жөніндегі қорытынды есепті, сондай- ақ ауытқуларға түсіндірмелерімен бірге, баяндаушы жазбаны бас бухгалтер ұйым басшыларының күн сайын болатын оперативті мәжілісіне тапсырады.

Сатып алушылармен есеп айырысу операцияларының талдамалық есебі әрбір сатып алушы және әрбір келісім- шарт бойынша төленуге тиісті әрбір шотты есепке ала отырып жүргізілуі керек және ол борыштардың пайда болуы, оларды жою мерзімі мен тәсілдері бойынша мәліметтер алуды қамтамасыз етуге тиісті. Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу операцияларының есебін жүргізуші топтың қызметкері төлем жасау бойынша мәліметтерді енгізген уақытта төленген сомалар мен есепте түрған борыштарды салыстыру әдісі арқылы бухгалтерлік бақылауды жүзеге асырады. Ондай бақылау сатып алушыға берілген жеңілдіктің мерзімінен аспағандығын, борыштың толық және өз уақытында өтелгендігін, дебиторлар баптары бойынша дұрыс емес жазуларды, сатып алушылардыцң бұрын есепке алынбаған дебиторлық борыштарын айқындауға мүмкіндік береді [47,17б.].

Ұйымның бас бухгалтері құжаттық тексеру әдісін пайдалану арқылы жүргізген сатып алушылармен есеп айырысудың талдамалық есебінің регистрлеріне кезеңдік бақылау жөнелтуге санкция беру кезінде есепке алынбай қалған сатып алушының дебиторлық борышының тиісті деңгейінен артып кетуін, сондай- ақ төлету шаралары қолданылмаған, төлем жасау мерзімі өтіп кеткен борыштарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жоғары сапалы өнімді уздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп тусуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыста бар, ол ақша қаражатгарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойьшған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетгі жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының түрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

• кәсіпорын активтерінің қүрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

•кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінін, құрамдық және қүрылымдық динамикасын талдау;

• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыгының абсолютгік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

• баланс өтімділігін талдау;

• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

"Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараггық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрІ бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып.. шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет [48].

 

ОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде біздер жоғарыда айтқанымыздай, ұйымдардың түпкі мақсаты – пайда табу болып табылады. Пайданың жалпы сомасын шығару үшін «табыстар» мен «шығындар» айырымын есептеу қажет. Шоттарды жабу жұмыстары да осы пайданың көлемін белгілі бір мерзімге қарай есептеу үшін орындалады.

Көптеген ұйымдар өз пайдаларын дұрыс есептеу және жан-жақты талдауға ыңғайлы болуы үшін табыстар мен шығындар счетын жекелеген шығын баптары бойынша жіктеп көрсетеді.

Қандай жағдайда болмасын «табыстар» мен «шығындар» термині қатары қоданылып, бұлар капитал мен пайда көлемін анықтайды. Пайда деп- Есепті жылдағы түскен табыстар сомасының жұмсалған шығындар сомасынан артық дәрежесінде айтамыз. Егер шығындар көлемі табыстар көлемінен артық болған жағдайда, ондай ұйымдар зиян шегеді. Қазақстанда пайда көлемін анықтау прцесі екі жағдайдан тұрады: 1) Ең әуелі есепті жылға жататын табыстар сомасы дәлме- дәл анықтау; 2) Осы жылы жұмсалған шығындар сомасымен түскен табыстар сомасының сәйкестігі анықталады.

Ұйымдар тауарлар сатып алуға, көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін ақша төлеген жағдайда онда мұндай ақша қаржылық шығындар болып табылады. Яғни ағындағы жылда жұмсалған мұндай ақшалай шығындар осы жылдың аяғында жұмсалған бухгалтірлік баланста активтер түрінде көрсетіледі. Табыстар категориясы қаржылық қортындының ең маңызды факторларына жатады. Таза пайданың көбеюі және осыған байланысты ұйымның капитал көлемінің көбейіп отыруы түскен табысқа байланысты болады. Қаржылық қорытынды есеп жасаудың халық аралық әдіс намалық ұсынұсына сәйкес табыс категориясы қаржылық нәтиженің қалдықталған қорытынды сомасымен танылады. Яғни түскен табыс деп- жалпы табыспен осы кезенде шығындар айырмасын айтамыз. Менің ойымша курстық жұмысты толығымен ашып көрсеттім деп ойлаймын.

Табыстар тарау жалпы 5-тармақтан және 20 синтетикалық шоттар тізімінен тұрады. Табыстар тарауындағы «Өнімдерді және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыс» тармағындағы шоттарда (бұлардың саны 3) — Сатылған өнімдерге және көрсетілген қызметтерге байланысты түскен табыстарды есепке алу, сатылып кеткен өнімдерді қайтарып алу және сату бағасынан, сатудан шегерілетін шегерімдерді есептен шығару операцияларының есебі жүргізіледі.

«Қаржыландырудан түскен табыс» тармағындағы шоттарда (бұлардың саны 6) — Мұндағы шоттарда қаржылық активтер алуға байланысты (мысалға, депозиттер, қойылған займдар) есептелінген сыйақылар, алынған дивиденттерге (құнды қағаздар бойынша) байланысты дивиденттік табыстар, активтерді қаржылық жалға беруге байланысты алынған табыстар, жал төлемдерін алу мақсатында немесе капитал құнынның өсу қарқынына байланысты басқару билігінде тұрған (меншік иесінің немесе жалға алушының) қозғалмайтын мүліктерден табыс алуға байланысты операцияларының есебі және қаржылық активтер немесе міндеттемелердің әділетті құнының өзгеріске түсуіне байланысты табыс деп танылған сападағы алынған табыстар есебі, сондай-ақ осы тармақтарда көрсетілмеген қаржыландырудан алынған басқалай табыста алудағы операциялар есебі жүргізіледі. «Басқалай табыстар» тармағындағы шоттарда (бұлардың саны 8) — Мұндағы шоттар тобында активтерді (негізгі құралдар, материалды емес активтер, қаржылық активтер) сатудан алынған табыстар, төлеусіз алынған қайтарылмайтын активтер алудан алынған табыстар, мемлекеттік жәрдем (субсидий) қаражатын алудан алынған табыс, құнсызданудан шеккен зиянды қалпына келтіруден түскен табыс, курстық бағам айырымынан түскен табыс, активтерді операциялық жалға беруден алынған табыстар, биологиялық активтердің әділетті құнының өзгеріске түсуі нәтижесінде алынған табыстар, сондай-ақ осы тармақта қаралмаған басқалай табыстар алу операцияларының есебі жүргізіледі.

«Табыс» бөлімінің шоттары: табыстарды есепке алуға арналған және мынадай бөлімшелерді қамтиды:

6000-«Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс»,

6100-«Қаржыландырудан алынатын табыстар»,

6200-«Басқа да табыстар»,

6300-«Қысқартылатын қызметке байланысты табыстар»,

6400-«Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі».

Табыс - ол активтердің түсімі немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есепті кезеңнің ішінде экономикалық пайданы ұлғайту, ол капиталға қатысушы тұлғалардың жарналарымен байланысты үлғайтудан өте жақсы капиталдың ұлғаюына келтіреді.

6000-«Өнімді сатудан жәнө қызметтерді ұсынудан түсетін табыс» кіші бөлімі шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

6010-«Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін табыс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін табыстарді алу-мен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;

6020-«Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6030-«Бағадан және сатудан түсетін жөңілдіктер», онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.

6100-«Қаржыландырудан түсетін табыс» кіші бөлімі қаржыландырудан түсетін табысті есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

6110-«Сыйақылар бойынша табыстар», онда қаржылық активтер бойынша табыстарды алумен байланысты операциялар корсетіледі, мәселен, депозиттер, берілген қарыздар т.б.

Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестік-тердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметім экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау меп тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақтылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін. Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.

Аудитордың назары қаржылық есеп көрсеткіштерінен тері, зерттелетін фирма басшылығы негізге алып жасаган тұжырымдарға бағытталуы керек. Қаржылық есептемені аудиторлық тексеру барысында бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар, ақша қозғалысы, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептерді жасаудың дұрыстығы, есеп саясаты жайлы ақпарат пен түсіндірме хаттың анықтығы белгіленеді.

Аудиторлық түрлерінің тәжірибесі бухгалтерлік есептегі ең маңызды кемшіліктер бастапқы құжаттарды ресімдеу мен өңдеуге және белгіленген стандарттар мен ережелерді бұрмалаған есеп регистрлерін жүргізуге байланысты екендігін айғақтады.

Сонымен бірге кәсіпорынның ішкі экономикалық жұмыстарының есебінде, әсіресе валюталық операцияларды жүргізу барысында көптеген бүрмалаушылықтарға жол беріледі, мысалы сауда-саттық операцияларды атқару кезеңінде және ай соңындағы багамдық айырмашылыктар ескерілмейді.

Халықаралық іс-тәжірибе көрсеткендей, егер тексеру сегменттері ретінде шаруашылық операцияларын атқарған кезде пайда болған шаруашылық операцияларының циклі деп аталатын, есептің жеке объектілері арасындағы өзара байланысты бөлсе, аудиторлық тексеруді жүргізу процесі оңтайлы болады

Бухгалтерия қызметкері күн сайын кәсіпорынның банктегі ағымдағы шотынан сол шоттағы ақша қаражаттарының қозғалысы мен қалдығы жөніндегі барлық мәліметтер, оның ішінде жөнелтілген өнім үшін жасалынған төлем ретінде сатып алушылардан бір күннің ішінде келіп түскен ақша сомасы көрсетілген үзінділерді алады. Банк үзінділеріне растаушы құжаттар тіркеледі. Банк үзінділерін алғаннан кейін бухгалтерия қызметкері үзінді бойынша сатып алушылардан келіп түскен сомаларды оған тіркелген растаушы құжаттарда көрсетілген сомалармен салыстыра отырып, банк үзінділерінде сатып алушылар аударған сомалардың көрсетілуінің толықтығын бақылауды жүзеге асырады.

 

 








Date: 2016-05-14; view: 2173; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.025 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию