Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кірістер есебінің аудит бағдарламасы





 

АҚ «Казпочта» Алматы филиалының аудит қызметінің мақсаты - стратегиялық мүдделерге жету мақсатында Директорлар кеңесіне және «Қазпочта» АҚ-ның басшылығына тәуекелділіктерді басқару міндеттерін жүзеге асыруға және бизнес-үрдістерді жақсартуға көмектесу болып табылады.

Қызметтің негізгі міндеттері:

· ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі және тиімділігін бағалау;

· тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі және тиімділігін бағалау;

· Компаниянда корпоративтік басқару үдерісінің жетілуін бағалау.

Аудит қызметі Директорлар кеңесін Компанияда әрекет ететін ішкі бақылау рәсімдерінің нәтижелілігі туралы тәуелсіз және объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ішкі бақылаудың пәрменді тетіктері барлық операциялар (іс-әрекеттер) уақтылы және дәл есепке алынып, алаяқтықтар мен ұрлық-қарлыққа жол берілмеуін және Компанияда мүдделерге жету мақсатында, дұрыс шешімдер қабылдауын қамтамасыз ету үшін керек.

Қызмет Компанияның ішіндегі ішкі бақылау жүйесіндегі кез-келген кемшіліктерді анықтайды, тәуекелділіктерді төмендетуге және ішкі бақылау жүйесін және үрдістерді жақсартуға бағытталған ұсыныстар береді. Ішкі аудиторлар жұмыстың өнімділігі мен тиімділігін арттыруға әкелетін позитивті өзгерістер ұсынады, сондай-ақ, әрбір бизнес-бірлікте қабылданған шараларға лайықты баға береді.
Аудит Қызметінің басшысы тоқсан сайын Компанияның Директорлар кеңесі алдында жалпы корпоративтік басқарушылықты және Компаниядағы корпоративтік қызметтің тәуекелділіктерді басқаруын жақсарту мақсатында жасалған ұсыныстар туралы есеп береді.

Өз жұмысын атқару барысында Қызмет Қазақстан Республикасының заңдарын, Жарғысын, Компания органдарының шешімін, «Қазпочта» АҚ аудит қызметінің ережесін, «Қазпочта» АҚ Ішкі аудитын ұйымдастыру саясатын басшылыққа алады. Қызметтің жұмысы аудиторлар институты жасаған аудиттың халықаралық кәсіби стандарттарына сүйенеді.

АҚ «Казпочта» Алматы филиалының табыстары - ҰҚЕС бойынша №2 «табыс» - деп аталатын стандартына сәйкес есебіне кезеңдегі активтердін көбеюін ақша қаражаттарына, басқа да мүліктерін келіп түсуін, және міндеттемелердің азаюы негізінде капиталдын көбеюін яғни экономикалық пайда табуды айтамыз [8].

Мұндай табыстарға:

- дайын бұйымдар мен тауларды сатудан алынатын табыстар;

- қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

- дивиденттер, ролятилер және пайыз түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.

Бұл жоғарыда аталатын табыстар қатарына шаруашылық субъектінің төлеген сомалары мына жағдайлары жатқызылмайды:

- алдын ала аванс ретіне алынған табыстар;

- алынған несиелерден және қарыздардан қайтарылуы.

Сондай-ақ, қызметтер көрсету жөніндегі мәлімет нәтижесін барынша дұрыс бағалау уақытта табыс жұмсалған шығында мөлшерде ғана табылады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

- негізгі қызметінен алынатын табыстар;

- негізгі емес қызметтен алынған табыстар.

Субъектінің негізгі қызметінен алынған табыстар мен негізгіемес қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметінен алынған табыстарына қосындысы онын жиынтық табысын құрайды. Ал бұл табыс сатылған өніммен, көрсетілген қызметтен алынған қосындасының оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл табыс сатылған өніммен көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланды. Өткізу кұны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.


Шаруашылык субъектісінің табыстары мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:

- табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;

- субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;

- субъекті сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда;

мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдайда. Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде мәміле бойынша табыс танылмайды. Ұқсас тауарлар мен қызметкерді айырбастау кезінде табыс алынған тауарлар меи қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және баталинады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу қүші дұрыс бағаланбайтын болса, табыс берілген тауарлардьщ немесе көрсетілген қызметгердің өткізу құны мөлшерінде танылады [9,520б.].

Қаржы есеп беру кезінде шаруашылық субъекгісі түсініктеме жазбахатында мыналарды ашып көрсетулері тиіс:

а) табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде кызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін айқындау тәсілін.

ә) есепті кезең үшін танылған табыстарды әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде:

- тауарлар өткізу;

- қызметтер көрсету;

- пайыздар (процентгер);

- роляти;

- дивидендтер нәтижесінде туындайтьш табыстарды, олардың ішнде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбір маңызды түріне енгізілген табыстар сомасын.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда табыстардың есебі субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржы шарушылық қызметі есептерінің бас шоттар жоспарындағы жетінші " табыс " - деп аталатын белімнің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл соңында (аяғында) бұл бөлімнің шоттары бесінші "меншікті капитал" бөліміндегі 5510-"жиынтық табыс (зиян)" шотына апарылып жабылады.


Шаруашылық субъектінің табыстары мен шығыстары есептіліктің, сақтық және сәйкестіліктің негізгі халықаралық принциптерін негізге ала отырып танылады.

Әдетте есепті кезең аралығында танылған табыстар мен шығыстардың барлық баптары таза пайданы немесе шығынды анықтауда қолданылады. Осылармен бірге таза пайданы (шығынды) анықтауға төтенше баптар және есепті бағалардағы өзгерістер нәтижелері қолданылады. Осындай екі жағдай бар: маңызды қателерді түзету және есептеу саясатындағы өзгерістер нәтижелері.

Іс жүзінде есепті кезеңдегі таза табысты немесе шығынды анықтауда қолданылатын барлық кіріс және шығыс баптары шаруашылық субъектінің күнделікті қызметі барысында пайда болады. Сондықтан тек кейбір жағдайларда ғана шаруашылық қызмет немесе операция төтенше баптың пайда болуына әкеледі.

Төтенше баптар— кәсіпорынның күнделікті қызметінен айқын ерекшеленетін шаруашылық қызмет немесе операциялардың жүзеге асуы нәтижесінде пайда болатын табыстар немесе шығындар,сондықтан олар жиі және ылғи да пайда болады деп күтілмейді.

Шаруашылық қызмет немесе опсрациялардың төтенше баптардың пайда болуына негіз болатын жағдайлары активтердің экмпроприяциясы немесе жер сілкінісі, басқа да дүлей апаттар.

Төтенше баптардың сипатын және сомасын ашу табыстар және шығындар есебі құрамында немесе қаржылық есеп ескертулерінде жасалған кезде табыстар және шығындар есебінде жасалынуы үмкін.

Тоқтатылған операциялар нәтижелері әдетте күнделікті қызметтен түсетін пайдаға немесе шығынға енгізіледі. Алайда кейбір жағдайларда үзу шаруашылық қызметінің немесе қалыпты емес операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болса және олардың үнемі кайталанып отырылуы қарастырылмаса, үзу нәтижесінде пайда болған табыс немесе шығын төтенше баптар ретінде қарастырылады [10].

Экономикалық қызметке тән белгісіздік салдарынан қаржылық
есептің бірнеше баптары нақты өлшене алмайды. Бұл жағдайда
соңгы мәліметтерді қоса есептегендегі пікірталастарды енгізетін
бағалау үдерісі жүргізіледі. Мысалы, үмітсіз қарыздар, тауарлы -
материалдық қалдықтардың ескіруі, пайдалы қызмет ету мерзімі
немесе амортизацияланылатын активтердің экономикалық пайдасын
тұтынудың күтілетін үлгісінің бағасы талап етілуі мүмкін. Тиімді
бағаларды пайдалану қаржылық есептерді құрудың маңызды белігі
болып табылады және олардың нақтылығының дәрежесін төмендетпейді. Әр түрлі кезеңдердегі қаржылық есептердің сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында, есептік бағалардағы өзгерістердің бұрын кәдуілігі кәсіпкерліктен түскен табыс немесе шығындар есебіне қосылған бағаларға әсері таза пайда немесе шығын құрамына енгізіледі.


Қаржылық есептерді толтыру кезінде қате математикалық дұыс есептемеулер нәтижесінде, есеп саясатын қолдануда, фактілерді ұрыс талқыламау, жалған мәліметтер алу немесе абайсыздық нәтижесінде туындауы мүмкін. Түзетулер, соның ішінде кезекті кезеңдегі әдетте ағымдағы жылдағы таза табыс немесе шығынды анықтауға негізделеді.

Болашақ кезендерге қатысты маңызды қатенің түзетілуі сомалары есеп беруде бөлінбеген пайданың бастапқа сальдосын түзету жолымен жүргізіледі.

Кезекті кезеңнің салыстырмалы мәліметтерін қоса есептегендегі қаржылық есеп беруде маңызы зор қателер сол қате жіберілген есепті кезеңде түзетілгендей етіп ұсынылады. Сондықтан әр ұсынылған есепті кезеңге жататын түзету сомасы оныц таза табысын немесе шығынын қамтиды. Ұсынылған кезеңдердің ең алғашқысының бөлінбеген пайдасының алғашқы сальдосы қаржылық есеп берудегі салыстырмалы мәліметтерге енгізілген кезеңнің, алдындағы кезеңге жататын түзету сомаларына түзетіледі. Өткен жылдардағы қаржылық мәліметтерді баяндау сияқты кезекті кезеңдерге көрсетілген кез келген басқа мәліметтер де басылымдарга қайта шығарылады.

Табысқа кірістірілген қаражатты алу мүмкіндігіне қатысты белгісіздік туындаған жағдайда, алынбаған немесе алынуы мүмкін емес сома алғашқы мәліметтерді түзету ретінде танылады.

Банк өз активтерін жіктейді және соларға қарсы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі анықтаған шарттарына сәйкес қажетті мәжбүрлі шығындарды анықтайды. Мәжбүрлі шығындарды құру банктің шығысы ретінде танылады.

Егер шығынға қосылған соманы банктің төлемеуіне немесе пайдаланбауына қатысты сенімділік пайда болса, онда олар басында мойындалған шығындарды түзету ретінде танылады [11].

Алғашында есептен шығарылған активтердің сомасын қайтару осы есептен шығару жүзеге асырылған баптардың орнын толтырады.

Шаруашылық субъектінің пайдасын макрореттеу оны төмендету үшін қызмет етеді және баланстық пайда мен таза пайдаға қатысты болып келеді. Сонымен қатар жиынтық сомаларына толығымен тәуелді болатын және солармен қатар өсіп отыратын міндетті төлемдер түрі бар. Яғни табыс өскен жағдайда, оған осы үрдіспен өсуіне жол бермей, сәйкесінше шығыстар да өседі. Жәрдемақыға, жарнамаға, амортизацияға, резервтерге, негізгі құралдарды, техниканы және құрал - жабдықтарды сатып алу шығындарының шектен тыс көп болуы банктің таза табысын азайтады.

Микрореттеу мақсаты баланстық және әр уақытта максималдау кезіндегі салық салынатын табыстың азаюы болып табылады. Баланстық табыстың кебеюі таза имидждік ауыртпалықты көтерөді: банк балансын баспаға шығару, баспаға шыққан банктердің кезекті рейтингінде алатын орнының жоғарылау мүмкіндігі - банктің нақтылы жағдайымен тікелей байланысты және оның болашақтағы даму мүмкіндіктерін анықтайтын, экономикалық маңызы зор және өмір сүруін қамтамасыз етуші мәселе.

Табысты макрореттеу әдістері: несие бойынша пайыздарды төмендету, депозиттер бойынша пайыздарды есептеу жолымен қышеткерлердің еңбекақысын төлеу, несиелеу әдісі бойынша құрал - жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды сатып алу және т.б. Сонымен қатар пайданы микрореттеу көп дәрежеде табысты банк операцияларын кеңейтіп және шығынды операцияларын қысқарту жолымен жүзеге асырылады. Оның үстіне әр кезеңдерде бұл операциялар әр түрлі болып келеді. Осылайша, соңғы жылдары Қазақстан Республикасында банктер валюталық операциялар, банкаралық несиелеу, корреспонденттік қатынастар айырбастау орындары, бағалы қағаздар бойынша, жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды алғашында ұлғайтып, кейіннен қысқартты. Табыстар бөлімінде осындай ұлғайту - қысқарту «толқындары» банктердің филиалды дамуыныц, құрылыс және жаңа бөлімшелер ашу саясаты мысалында байқалады.

Табыстар, пайдалар, шығыстар және шығындар шоттарының ерекшеліктері - олардың қаржылық - шаруашылық қызметтің нәтижелері жайында есеп беру шоттары болып табылатындығында. Оларды уақытша шоттардеп атайды, себебі, мәліметтерді тек ағымдағы кезең үшін ғана жинақтауға қолданылады. Әдетте бір жыл болып келетін әр есепті кезеңнің соңында олардың қалдықтары келесі кезеңге ауыстырылады немесе жабылады. Бөлінбеген табыс туралы есеп берудегі бұл кезең аралық көшіру жабылатын өткізбелер көмегімен жүзеге асады; олар әдетте екі мақсатта қызмет етеді: таза табысты немесе шығынды бөлінбеген пайдаға аудару, келесі есепті кезеңді бастау үшін әр уақытша шоттардап нөлдік мөлшерлеме тағайындау. Осылайша, бұл шоттар келесі жылға мәліметтерді уақытша жинақгау қызметтерін атқаруға дайын болады [12,336б.].

Бухгалтерлік баланс шоттары кезең аралығында жабылмайды, сондықтан оларды тұрақты шоттардеп атайды. Демек, бір есепті кезеңнің ақша қаражаты шотындағы ақырғы сальдо кезекті кезеңде де осы шоттың ақырғы сальдосы болуы шарт. Тұрақты шоттағы нөлдік сальдо тек көрсетілген объект бұдан былай кәсіпорын меншігінде болмаған жағдайда орын алады. Баланстың әр шоты бойынша жыл соңындағы қалдық Бас кітапқа кезекті кезеңнің бастапқы қалдығы ретінде аударылып жазылады.

Шотты жабу - оның қалдығын келесі шотта өткізбе жолымен ауыстырып жазуды білдіреді. Мысалға, кредиттік сальдосы бар шот

қалдыққа тең сомаға дебеттеліп және осы қалдық аударылып жазылатын сомаға кредиттеліп жазылады. Жабылу үдерісінде кредиттік сальдо келесі шотқа кредиті бойынша, ал дебеттік — дебеті бойынша аударылады. Жабылатын өткізбелерге есепті кезеңнің соңғы күні қойылып, журналға кәдуілгі «Дебет = Кредит» пішімінде кірістіріледі және дереу Бас кітапқа іркеледі.

Табыстар және шығыстар шоттарын жабу үдерісінде арнайы Салыққа дейінгі табыс» деп аталатын 4999 біріктірілген шоты қолданылады. Қаржылық - шаруашылық қызмет нәтижелері жайында есептің барлық шоттары - табыстар, пайдалар, шығыстар және шығындар осы шотқа жабылады. Кредит және дебеті бойынша қорытынды сомалардың арасындағы айырма кейіннен «Бөлінбеген табыс» шотына аударылатын таза табыс немесе шығын сомасы болып табылады.

Жабылу үдерісі аяқталғаннан кейін қаржылық - шаруашылық қызмет нәтижелері жайында есептің барлық шоттары нөлдік сальдоға ие болады. Содан кейін олар жаңа есепті кезеңде табыстар мен шығыстарды бейнелеуге дайын болады. Баланстың барлық шоттарында келесі жылдың бастапқы қалдығы ретінде аударылатын ақырғы қалдық болады.

Аудиторлық тексеруге кіріскенде ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары өз принциптері мен негіздеріне сәйкес қаржылық есептемелерді ашу және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қабылданған тәсілдер жиынтығын білдіретін есептік саясат бойынша кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққанын немесе шықпағанын анықтап алу керек.

Есептік саясатты қалыптастырудың негізіне шаруашылық операцияларды, активтерді, меншік капиталды, міндетемелерді, қызмет нәтижелерін және т.б. бейнелеуде баламалы тәсілдерге мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары жатады. Есептік саясатты қалыптастыру әрбір стандартта берілетін тәсілдердің біреуін тандауды, оны (таңдалғанын) шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің жағдайына қарай негіздеуді, бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептемелерді ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды білдіреді (немесе үйгарады). Ол қаржылық есептеменің әзірленіп, ұсынылуына әсер ететін маңызды да жауапты процедура болып табылады. Есептік саясатты қалыптастыру ісіне субъект басшысы жауапты. Кәсіпорын-ның есептік саясатымен танысу барысында аудитор қаржылық есептемелерді пайдаланушылардың шешім қабылдауы мен бағалауына елеулі әсері бар бухгалтерлік есептің жүргізу тәсілінің есептік саясатын калыптастыруда тандалғаны толық ашылда ма, міне осыны анықтап алуы керек. Қаржылық есептемелердің құрамында ашылуы тиіс және кәсіпорынның есептік саясатын қалыптастыру барысында қабылданған елелулі жүргізу тәсілдері бар бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес мыналар көрсетіледі:

1) материалдық емес активтер мен негізгі құралдар кұндарының орнын толтыру тәсілі;

2) өндірістік корларды аяқталмаған өндірісті, тауарларды және дайын өнімдерді бағалау;

3) өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табысты мойындау және т.б [13].

Есеп әдістерін білмейінше қаржылық есептемелерді пайдаланушылар мүліктік және қаржылық жағдайда, ақша айналымына немесе кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне шынайы баға бере алмайды.

Жоғарыда айтылғандарға орай кәсіпорынның есептік саясаты бойынша бұйрықта мыналар көрініс табуы керек:

- негізгі кұралдар бойынша тозулардың және материалдық емес активтер бойынша амортизацияның есептеу тәртібі; өндірістік корларды бағалау әдісі (орташа безбенделген өлшенімді кұн, ФИФО, айырыкшалықты сәйкестендіру (специфическая идентификация);

- тауарлы-материалдық қорлардың есеп әдісі (нормативті, қайта бөлістік, тапсырыстық әдістері);

- жанама шығындарды бөлу тәсілі;

- аяқталмаған өндіріс пен дайын өнімді бағалау әдісі; өнімді өткізуге байланысты үстеме шығындарды бөлу әдісі;

- негізгі құралдарды жөндеуді есептеу және қаржыландыру тәртібі;

- дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табысты анықтау әдісі;

- бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары мен формаларын таңдау;

- мүліктер мен міндетемелерді түгендеу тәртібі және т.б. Осы келтірілген кәсіпорынның есептік саясатының ықтимал элементтерінің тізбесі мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Кәсіпорын өз шаруашылығының жағдайына сәйкес келетін элементтерді есептік саясат бойынша бұйрығына (өкіміне) кіргізеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің таңдап алған есептік саясаты бір есептік кезеңнен екіншісіне тізбектілікпен қолданылады.

Кәсіпорынның есептік саясатындағы өзгерістер мынадай жагдайларда орын алуы ықтимал:

1) меншік иелері ауысқанда;

2) кәсіпорынның қайта құрылуы;

3) бухгалтерлік есептің нормативтік реттеу жүйесінде немесе заңдарда өзгерістер болғанда;

4) бухгалтерлік есептің жаңа тәсілдері әзірленгенде [14].

АРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС АҚ «КАЗПОЧТА» АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КІРІСТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ







Date: 2016-05-14; view: 710; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.02 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию