Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
АҚ «Казпочта» Алматы филиалының қысқаша сипаттамасы
Қазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. «Қазпочта» АҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері Байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді. Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады. Пошта саласында жүріп жатқан өзгерістер, тұтастай алғанда компанияның алға жылжуына негіз қалады. «Standard & Poor's» халықаралық рейтингтік агенттігі 2005 жылы «Қазпочта» АҚ-ға ұзақ мерзімді несиелік ВВ+ «Тұрақты» рейтингісін берді. Бұл компанияның тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын екенін дәлелдейді. «Қазпочта» АҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды. Осы уақыт ішінде осындай мемлекеттің шешімін дұрыс қабылдау мен түсіну де келді. Бұл шаралар көптеген стратегиялық маңызды міндеттерді орындауды ұйғарады. Бірінші кезекте қаржыландыру көздерін аймақтық желіні қалалық, аудандық, ауылдық деңгейде дамытуға толық мобилизациялау қажет. Бұл жан-жақты әрі ақпараттық-техникалық жабдықтау деңгейінде стандартты пошта-жинақтау қызметтерінің тізімін сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл қайта жабдықталған пошта байланысы бөлімшелерінде «электронды үкімет» жүйесіне қосылу, несиелеу, тұрғын үй салу жинақтарын жасау үшін теле- және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту есебінен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компанияның даму жоспарын іске асыру пошта-жинақтау қызметтерін көрсету деңгейін көтеруге, пошта жөнелтімдерін тасымалдау жиілігін арттыру, сонымен қатар тұтастай алғанда аймақтық желі мен тораптық бағдарларды оңтайландыратын тораптық бағыттар бойынша пошталық жөнелтімдерді жеткізу мерзімін қысқартуға септігін тигізеді. «Қазпочта» АҚ қызметінің тағы бір оңды нәтижесі клиенттер мен әріптестер жағынан компания қызметтеріне деген жоғары қызуғышылық болып табылады. Пошта – Қазақстан халқының бәріне дерлік қол жетімді бірегей күшті желілік құрылым. Қазпочта ең пәрменді филиалдық желіге ие. Республикада мұндай желіге іспеттес желі жоқ. Қазпочтаның барлық облыстық филиалдарында «K-mobile» мен «K-cell» ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді қабылдаудан жаңа жобаларды іске асыру бойынша бағдарламалық өнімдер сәтті қолданылып келеді. 2006 жылдың мамырында Қазпочта құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті іске асыруға лицензияны алды. Бұл компанияның трансфер-агенттік қызметтерді көрсетудегі жұмысын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ өзінің қызметін құнды қағаздар рыногында белсенді түрде дамытуда. Мұнда негізгі екі бағытты атап өтуге болады. Біріншісі пошта секторында «Казпост-секьюритиз» деп аталатын бірегей жобаны қамтиды. Ол бүгінде Қазпочтада енгізілуде. Мұнда Алматы қаласы Аймақтық қаржы орталығы алаңында құнды қағаздармен түрлі операцияларды жүргізу ұйғарылады. Екінші бағыт «Қазпочта» АҚ құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік желіні дамытуды айқындайды. Осыған байланысты «Самұрық» мемлекеттік холдингінің «Қазақтелеком» АҚ-ның 4,6% жай акциялары мемлекеттік пакетін «Қазпочта» АҚ трансфер-агенттік пункттері арқылы сату тәжірибесі сәтті болды. Қазпочтаның трансфер-агенттік пункттері инвесторлар мен сатушылар арасында байланыстырушы түйін қызметін атқарады. Трансфер агенттік желі арқылы акцияларды сатып алу өтініштері бүкіл Қазақстан бойынша қабылданды. Аймақтардағы инвесторлар акцияларды сатып алу келісімін өздері тұрған жерден-ақ жүзеге асырды. Бұл жобаны іске асыру трансфер агенттік желіні қолданудың инвесторлар үшін де, Қазпочта үшін де тиімді екенін көрсетті. Бұған дейін трансфер агенттік қызмет қор рыногында табысты қызмет түрлеріне жатпайды деп есептелген. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы аумағында ішкі және халықаралық жөнелтімдерді бақылау автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы қазақстандық пошта халықаралық EMS қызметі сапасын сәтті дамытуда. Бұл сертификаттау деңгейінде өз үлесін тигізді. 2006 жыл қорытындылары бойынша «EMS-Kazpost» қола деңгейіне қол жеткзді. Қазіргі кезде «IPS-Light» халықаралық бақылау жүйесі барлық облыс орталықтарында орналастырылған. 2006 жылы EDI форматында жөнелтімдер бойынша мәліметтерді жөнелту арқылы бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырыла басталды. Бұл жұмыс «International Post Corporation» компаниясымен бірлесіп атқарылуда. EMS «Таңертеңгі 10» 10 бағыт бойынша және 4 бағыт бойынша «12-ге дейін жеткізу» қызмет түрлерін көрсету аясы кеңейтілді. 2006 жылдың қазанында Алматыда қазақстандық-эстондық бірлескен кәсіпорын «Электронпост.kz» ашылды. Ол ақпараттық логистика қызметін, соның ішінде пошталық жөнелтімдерді басып шығару мен конверттеуді қамтиды. «Siemens» компаниясының көліктік-сұрыптаушы логистикасымен танысу мақсатында Будапешт қаласы (Венгрия) мен Констанце қаласында (Германия) келіссөздер өтті. Компанияның тәжірибесі біздің республикада Алматы және Астана қалаларында сұрыптау орталықтарын салу кезінде қолданылмақ. Компанияда қолданыстағы өндірістік қорларға ерекше назар аударылады. 2006 жылы пошта-жинақтау инфрақұрылымын дамытуға 2,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл өндірістік объектілердің жан-жақты қамтылуына, жеке желінің компьютерлендірілуіне, пошта жабдықтары мен көлік паркінің жаңаруына септігін тигізді. 2006 жылы ұзақ мерзімді салалық бағдарлама аясында жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Біріншіден пошта байланыс бөлімшелерін күрделі жөндеуден өткізу жобасы. Бюджеттік инвестициялар есебінен 2007 жылы 111 жаңа ауылдық пошта байланысы бөлімшелері салынып, бүкіл республика бойынша қалалық пошта байланысы бөлімшелері күрделі жөндеуден өтті. Барлық пошта байланысы бөлімшелерінің ішкі жабдықталуы да қазіргі заманғы критерийлерге сай келеді – жиһаз, электронды құрал-жабдықтар, компьютерлік техника, пошталық-кассалық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы көрсетілетін қызмет түрлері аясы кеңейтіліп, мыңнан астам жұмыс орны жасалынды. Жобаны орындау шеңберінде «Қазпочта» АҚ 2007 жылдың тамызында электронды сауда алаңын енгізу бойынша жұмыстарын бастады. Оны ұйымдастыру кезінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді екіге бөлу – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді негізде «бизнес – бизнес» ұстанымы бойынша көрсетілетін қызметтер мен тауарлар және қысқа мерзімді «жеке тұлға – тұтынушы» ұстанымына негізделген жеке тұлғалармен ұсынылатын тауарлар мен қызметтер. Бұл механизм қорғалған қызметтер мен тауарларды сату жүйесін құруға мүмкіндік бере отырып, «сатушы – сатып алушы» қарым-қатынастары үрдісін жеңілдетеді. Бұл жаңа қызмет түрі мемлекеттік тапсырманы орындау болғандықтан, ол әлеуметтік сипатқа ие. Электронды алаңды енгізу үшін барлық ауылдық байланыс бөлімшелерін интернеттендіру бағдарламасы құрастырылды. Интернет сауда республика халқына қарапайым дүкендерде болмайтын ерекше тауарларды үйге жеткізумен алуға мүмкіндік береді. Бұл қажетті тауарды іздеуге кететін уақытты үнемдейді. Осыған байланысты Қазпочта негізінде электронды сауда алаңын құру ең ұтымды шешім болды. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Интернет жүйесіне қосылу 45 қоғамдық пункттері ашылды, байланыс бөлімшелері Интернетке қосылуды қажет ететін бағдарламалық қамтумен қамтамасыз етілді. Қазіргі кезде 89 жедел пошта пункті қызмет көрсетеді, Қазпочта бөлімшелері негізінде «бір терезе» ұстанымы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылуда. «Қазпочта» АҚ басқаруды нығайту, персоналды оқыту, пошта байланысын жаңарту, бәсекеге қабілетті пошта-жинақ жүйесі мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын көтеруге бағытталған қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық тізбектерді енгізуге зор назар аударады. Халықаралық сертификатқа ие болып және сапаға деген ұстанымын көпшілікке паш етіп, «Қазпочта» АҚ өзінің күнделікті жұмысымен халықаралық деңгейге сай сапалы қызмет көрсету компанияның барлық басқару деңгейлерінде, өндрістік бөлімшелерінде басымды міндеті екенін, ал тұтынушылардың қанағаттануын көбейту атқарған жұмысының мақсаты мен нәтижесі екенін растайды [15].
Date: 2016-05-14; view: 1207; Нарушение авторских прав |