Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кірістер есебі мен аудитінің проблемалары





Сатып алу кезең шоттарының және аудиторлық бағыттың өзара қатынасы активтердің келіп түсуін бейнелейтін шоттардың дебетіне жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысуларды сипаттайтын шоттар кредитінің шаруашылық операцияларын тексеру және сонымен қатар аудитті сәйкестігін тексеру және мәнділігі бойынша тексеру сияқты екі түрлі типтік тестті қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Сатып алу кезеңін тексеру
Кәсіпорынның есеп саясаты
Сатып алу кезеңінің аудитінің бағыттары
Сатып алу кезеңінің шоттары
Сәйкестікке тестілеу. Мәнділігіне тестілеу.
2710,2730,2410,2210,2310,1310-1330,1350,1420 шоттарының дебеті 3310,3390 шоттарының кредиті
2710,2730,2410,2210,2310,1310-1330,1350,1420 шоттарының дебеті 2150 шоттарының кредиті  
2410 шоттарының дебеті 2930 шоттарының кредиті  
1. Есеп айырысу жағдайы туралы есептің заңдылығы мен дұрыстығын тексеру. 2. Есеп айырысу-қаржылық тәртіптің сақталуы. 3. Кредиторлық берешектің нақтылығын анықтау
ҚР-да сатып алулар кезеңін реттейтіннормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестігі және келесі кезеңдер бойынша тестімен тексеру   1. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алу, тексеру және қабылдау. 2. Бух. Есепте шаруашылық операциялардың тіркелуі 3. Шикізат, материалдар мен тауарларға қажеттіліктерін анықтау

 

Сызба 1. Сатып алу кезең шоттарының және аудиторлық бағыттың өзара қатынасы активтердің келіп түсуін бейнелейтін шоттар

Ескерту - Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов. Алматы, 2003.

 

Сынақ – сәйкестікке тексеру құжат толтыруда қабылданған тәртіпті орындаудың экономикалық нормативтерінің фактілі берілгендерге сәйкес келуіне бағытталған. Сатып алу кезеңінің аудитінде келесі бастапқы бухгалтерлік құжаттардың толтырылуының дұрыстығына көп назар аударылады:

 

Кесте 7

Сынақ – сәйкестікке тексеру құжат толтыруда қабылданған тәртіпті орындаудың экономикалық нормативтері

Типтік үлгінің № Бастапқы бухгалтерлік құжаттардың атаулары
1. ТМҚ -1а «Сенімхат»
2. ТМҚ -2 «Берілген сенімхаттарды тіркеу журналы»
3. ТМҚ -3 «Кіріс ордері»
4. ТМҚ -4 «Қорларды қабылдау туралы акт»
5. ТМҚ -4а «Қорларды дайындау, сақтау және өндіру үрдісінде жетіспеушіліктер мен жоғалтып алулар туралы акт»
6. ТМҚ -4б Қорлардың сынуы, бүлінуі, бұзылуы туралы акт»
7. ТМҚ -5 «Қорларды есепке алу карточкасы»
8. ТМҚ -7 «Қоймадағы қорлардың қалдығын есептеу ведомосі»
9. ТМҚ -11 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу мен демонтаждауда алынған қорларды кірістеу актісі»
10. Тіз. -3 «Қорлардың түгендеме тізімдемесі»
11. Тіз. -4 «Шығарылған тауарларды түгендеу актісі»
12. Тіз. -5 «Жауапкершілікпен сақтауға алынған (берілген) тауарлы-материалдық қорлардың түгендеме тізімдемесі»
13. Тіз. -6 «Жолдағы қорлардың түгендеме тізімдемесі»
Кесте 7 жалғасы
14. Тіз. -12 «Қорларды түгендеу нәтижесін салыстыру ведомосі»

Ескерту – Самохвалова Ю.Н. Бухгалтерский учет: Практикум: учебное пособие. М.: ФОРУМ, 2009. – 258б.

 

Мәнділігі бойынша тексеру қолданылуын, бақылау сауалдамасы, құжаттар мен жазулардың талдауы, тауарлы-материалдық құндылықтардың бақылануы мен олардың сақталуы туралы мәліметтерінің алынуын аудиторлық тексерудің әдістерінің қарастырады.


Сатып алу кезеңін аудиторлық тексеруі басқа обьектілердің тексеруіне қарағанда көбірек уақыт пен техникалық білімді қажет етеді. Оның себебі:

1. Баланста тауарлы-материалдық құндылықтар оның маңызды бөлігін және үлкен ағымды шотты құрайды.

2. Олар географиялық жағынан жиі орналасқан.

3. Олар табиғаттылығынан әр түрлі болғандықтан (материалдар, отын, химикаттар және т.б.) олардың бағалануы қиындайды.

4. Бағалаудың қолданылатын әдістері жеткілікті, және тауарлы-материалдық құндылықтардың әрбір түріне әр түрлі әдістер қолданылуы мүмкін.

Халықаралық іс-тәжірибе көрсеткендей, егер тексеру сегменттері ретінде шаруашылық операцияларын атқарған кезде пайда болған шаруашылық операцияларының циклі деп аталатын, есептің жеке объектілері арасындағы өзара байланысты бөлсе, аудиторлық тексеруді жүргізу процесі оңтайлы болады. Іс-әрекеттің әр түрлі салаларындағы сан мен бірізділік бірдей болмағанымен, экономиканың нақты секторындағы көптеген компаниялар үшін неғұрлым маңыздылары мыналар:

1. Сатып алу циклі (алу мен дайындау), кредиторлық борыштың пайда болуына экелетін тауарлық-материалдық құндылықтарды дайындау мен айналымнан тыс активтерді жасау және алужөніндегі шаруашылық операцияларды біріктіреді.

2. Өндіріс цикліне еңбек құралдарын (материалдық емес активтер мен негізгі кұралдар), еңбек керек-жарақтарын (тауарлы-материалдық қорларды) және өнімді. Дайындау мен шығару үшін еңбектің өзін (өндірістік-шаруашылық жұмыстарын орындау мен оларға төлеу) өндірістік тұтыну бойынша шаруашылық операциялары кіреді.

3. Өткізу мен табыс табу циклінде дайын өнімді өткізуге, дебиторлық борыштың пайда болуымен және қаржылық қорытындыларды жасаумен байланысты операциялар бар.

4. Қаржылық-инвестщиялыц цикл процестер мен операциялардың активтерді алу, іс-әрекеттің әртүрлі салалары мен инвестициялау, бағалы қағаздарға немесе басқа кәсіпорындарға салу, дивиденд пен пайыз алу жөніндегі сан алуандық сипатталады.

5. Төлеу щіюііпе қолма-қол және қолма-қол емес ақша қозғалысына, дебиторлық және кредиторлық борышты ақшалай төлеу жолымен де, өзара талаптарды есепке алу немесе бартерлік операциялар арқылы да өтеуге байлынысты шаруашылық операциялары жатады [34].


Бақылау жүйесінің тиімділігі көбіне есепті мерзімнің аяқталуына дейін бағаланады, бұл аудиторларға әрбір цикл бойынша бақылаудың сапасын бағалауға, тестілеу процедураларын жүзеге асыруға және жыл соңында орындалатын тексерудін алдын-ала бағдарламасына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Кейіннен аудиторлық жұмыстың ақырғы жоспары жасалады. Сонымен бірге әрбір циклдің жалпы және арнайы бағыттары бойынша тексерістің нақтылы процедураларын анықтайды.

Өткізу циклін бақылау мен кірістерді алу тиімділігін бағалаған кезде мыналардың барысында жүзеге асатын шаруашылық операциялары қарастырылады:

а) тапсырыстарды қабылдау;

ә) кредиттер беру;

б) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

в) тұтынушыларға шот кешірмелерін беру;

г) борышты (мерзімі өткен шоттарды) төлету;

ғ) ақшалай түсім алу.

Шығарылатын өнім тұтынушыларын айқындап алу, қаржыландыру көздерін, ақша алуды, айналымнан тыс актив қорларын сатып алуды, еңбек пен материалдардың дайын өнімге айналуы, оларды өткізу мен кіріс алуды анықтау кіретінін, іс-әрекеттің әрқилы түрлеріне циклдік амал-тәсілді қолдану қолайлы екендігін атап өткен жөн.

Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функционалды және локальдіболады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит ретінде әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс- қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады [35].

Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс- қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.


Қорларға сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудін мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта ресімдеуді, тиеу- тасу жұмыстарын, материалдык ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:

1. Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын

тексеру.

2. Қалыптасқан тауарлық- материалдық корларды басқару жүйесін

талдау.

3. Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.

4. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.

5. Қорлармен жасалатын операцияларды есепте

көрсетудің дұрыстығын тексеру.

6. Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зерттеу.

7. Тауарлық- материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау

жағдайын бағалау.

8. Жабдықтау- дайындау іс- қызметі есебін, басқаруды және талдауды

жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау- дайындау іс- қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%- на жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық- материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі - дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі субъектінің шаруашылық іс- қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық- материалдық қорды басқарудың функциоиалды аудиті аясында не болмаса оның іс- әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады [36].

Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.

Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбеқакы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рүқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бүл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.

Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:

1. Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды ресімдеу дұрыстығы.

2. Өнімді тиеуге арналғган құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

3. Тиелген өнімнің бағасын ресімдеудің дұрыстығы.

4. Банкке тиелген өнім үшін төлем талап- тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.

5. Егер өнім тікелей жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса, өнімді босатуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

6. Дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.

7. Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.

8. Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларынын «Алынатын шоттар» және «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс» шоттары бойынша сәйкестігі.

Өнімді шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында экспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісінше ықпал етіп, оны азайтады.

Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы және елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама- қарсы тексеру, ішкі бақылау жүйесін, бастапқы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалық есеп, қаржылық, статистикалық және жедел есептіліктің тіркелімдерін бағалауды өткізу қажет [37].

ТМҚ түгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу, өнімді ондіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлық құжаттар тапсырылғаны туралы колхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағанында олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар- жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.

Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін, түгендеу тізімдемесіне жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда, комиссия оларды тізімдемеге кіргізуге тиіс. Түгендеу біткен соң тізімдеме салыстырмалы ведомость жасалуы үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде қаралады.

Кәсіпорын қорларының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін қарағанда, өндіріс пен қоймалардағы ескерілмеген шикізат пен материалдардың артық шығуы негізінде, сондай- ақ бұрын пайда болған жасыру, соның ішінде тауарсыз құжаттар бойынша шикізаттар мен материалдарды кіріске алумен байланысты туындаған кем шығуларды жасыру оларды заттай алу, олардан ескерілмеген өнімді өндіру мақсатымен жасалатынын назарда ұстау керек. Шикізаттар мен материалдардың артық шығуы кәсіпорында бұл құндылықтардың әр түрлі сатыдағы қозғалысында: қабылдағанда, сақталғанда, қоймадан цехқа беруде, өндіріске есептен шығаруда және т.б. пайда болуы мүмкін.

Ескерілмеген шикізат пен материалдардың артығын жасау мен иелену тәсілдерінің келтірілген тізбесі, атап айтқанда, көрсетілген тәсілдер Қазақстанның көптеген өндіріс кәсіпорындарында аудит өткізу іс- тәжірибесінде ең жиі кездеседі.

Функционалды аудиттің жұмыс бағдарламасында қоймалар мен материалдық құндылықтардың сақталған жерлерін тексеру оларды белгілеу бойынша қолдануға жарамдылығын; өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау; дабыл берудің, өлшеу шаруашылығының және басқа өлшеуіш құралдардың бар болуын анықтау мақсатымен жеке қарастырылады.

Америкалық бухгалтсрлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік еесптің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит - бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (крмтерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі» [38].

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1. Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;

2. Өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;

3. экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредмторларға олардың салған ақшаларының сақтауына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудын қажетгілігі;

4. компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмаған-дықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;

5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;

6. Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестік-тердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметім экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау меп тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.
Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді кұжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен ісксеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы талдамалы тәжірибе салаларынын рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Х.В. Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты - кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты — кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.

Әкімшіліктік құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағаңда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісім шарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретім, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады [39].

Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс-әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.

Мемлекеттің, аймақтын экономикалык жағдайы белгілі бір салалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәлімеітерді алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар 310 «Бизнесті білу» атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайда бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастыруда қолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында болатын оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудитінің озық ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.

Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақтылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті, отандық өнімдердің, жұмыс, қызмеіті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін артыру үшін қолайлы экономикалық жағдай тудыратын мүмкіндіктері мен белгілі бір өкілеттіліктері болса да елеулі көмек көрсете алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.

Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.

Нарықтық экономика жағданындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп керсетүге мүмкіндік тудырады:

1. Теориялық:.Кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның бақылаушы талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму теңденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен таңдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттары» нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;

2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жекс әдістемелерін
анықтау, бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін,
өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететің факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;

3. Ұйымдастырушылық:бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпаратық базалардың мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу [40].

Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

- бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға кол жеткізу;

- шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептің озық әдістерін анықтау;

- қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;

- бақылаушы-талдамалы жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;

- бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технология-сын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;

- бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭВМ-ді және экономика-лық-математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз байланыстырын мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылык және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша, ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.

Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркепдеуі, қауіпсіздігі және әлауқатының артуы» Жолдауында XX ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экоиомикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтын ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылыктың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі анық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға иивесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микродеңгейіне жылжытуға септілігін тигізеді.

Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегия-лық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуел-сіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.

Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші - кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан, ресурстардың апектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажетгілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажегтіліктерін қанағаттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды. Шешім қабылдаушы, шаруашылық жоспарын дербес жасайтын әрі осыларға сәйкес әрекет ететін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші субъектілер деп аталады. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңда «жеке кәсіпкер» және «ұйым» терминдерінің мәні мен айырмашылығы ашып көрсетіледі, Ал, бұл терминдердің мағынасы республика резиденттері болып табылатын кәспкерлік қызметпен айналысатын барлық заңды тұлғаларды, сондай-ақ ел аумағында тіркелген бейрезидент өкілдіктер мен филиалдарды білдіреді [41].

Ұлттық экоиомиканы реформалау бойынша түбегеилі процестер шаруашылық қызметті басқаруда жаңа ұйымдық және бақылаушы талдамалы құрылымның пайда болуының объективті қажеттілігімен шарттастырылған. Халық шаруашылығын басқару жүйесін қайта құрудың алғашқы жылдарында-ақ жоспарлы экономиканың дәстүрлі бақылау органдары өсу үстіндегі, яғни арта тускен қажеттіліктерді қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушыларды объективті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды кешенді шешуде өзінін қабілетсіздігін көрсетті.

Әміршіл-әкімшілік жүйеде төменгі басқару бұьшының жоғарыда қатаң бағынуы тек жоспарланан тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық операциялардың залдылығын сақтау, яғни оның заңға сәйкес болуын және мемлекет қарауындағы жалпы халықтық ресурстардың сақталуын тексеру бойынша тиісті ревизиялық қызметтерді ғана талап еіті. Ал, нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жургізуші субъектілердің серіктестермен, инвесторлармен, кредит берушілермен, меншік иелерімен, акционерлермен және басқа да пайдаланушылармен деңгеилес байланыстары бойынша шындыққа жанасымды ақпаратарға қажеттілік бірден артады. Бұл арада тек белгіленген параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін жақсарту бойымша ғылыми негізделген ұсынысын әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді [42].







Date: 2016-05-14; view: 949; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.031 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию