Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кірістер есебін ұйымдастыру мен талдауы
«Сатылған өнімдердің өзіндік құны» бабында сатылған өнімдерге жататын өнімдер өндіруге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты нақтылы жұмсалған шығындар көрсетіледі. Өзіндік құнды қалыптастырудың тәртібі бухгалтерлік есеп жүргізудің тиісті ережелерін қолдану арқылы анықталады. Егер ұйым дайындалған өнімдер есебін алдын ала қабылдаған нормативтік өзіндік құндағы бағамен жүргізсе, онда нақтылы және нормативтік өзіндік құн айырымы табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есепте жеке жолға жазылады. «Өнімдерді сатудан түскен табыс» бабында бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарының «Табыстар» тарауында көрсетілетен дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер, т.с.с.) сатудан түскен түсім көрсетіледі. Табыс көлемі осы ұйым және сатып алушылар (тапсырыс берушілер) немесе осы ұйымның активтерін пайдаланушылар арасында жасалған келісім-шартта көрсетілген баға арқылы анықталады. Егер баға келісім-шартта көрсетілмесе және бағаны көрсетудің мүмкіндігі болмаса, онда осы жылға бағаны қолдану өткен кезеңдерде ұқсас өнімдер мен тауарлар т.б. сатуда қолданылған бағамен салыстыру арқылы қолданылынуы мүмкін. Табыс көлемі, сонымен қатар, жасалынған келісім шартқа сай ұйымның қойған бағаны кеміту, бағаны қосу, сомаларын есептеу аркылы, сондай-ақ шетелдік валюта (шартты ақша бірлігі) сомасына эквивалетті теңгемен есеп айырысудағы сомалық айырымның (көбеюі, не азаюын) қосымша немесе үстеме қосып есептеу арқылы да анықталады. Сатылған өнімдердің құны түскен табыстардың (сату көлемінің) құрамдас бөлігіне немесе түскен түсімнің жиынтығына байланысты. Түскен түсім дайын өнімдерді, материалдық босалқыларды, артық негізгі құралдарды, басқада активтерді сатудан түседі. Ұйымдар үшін сатудан түскен сомалар сатылған өнімдердің өзіндік құн сомасын, операциялық сатуға байланысты шығындарды жабуды және міндетті түрде табыс келтіруді қамтамасыз етуі керек. Сатылған өнімдердің өзіндік кұны мен сатудан түскен артық айырманы (міндетті түрде сатудан түскен сома жоғары болуы керек) жалпы табысдеп атайды. Егер ұйымдар жеткілікті жағдайда жалпы табыс түсірмесе, онда мұндай ұйымдар таза пайда келтіре алмайды және алдағы кезеңде жұмсалатын шығындарды қаржыландыра алмайды [16]. Халықаралық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде ағымдағы жұмсалған шығындар мен осы кезеңде түскен табысты немесе түскен табыс пен жүмсалған шығындарды салыстырып отыру үшін сату принципіқолданылады. Сату принципі деп - тауарлар мен көрсетілген кызмет және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылардан түскен ақшаны немесе бұларға койылған талапты айтады. Сатып алушыларға қойылған талап деп - бұлардан түсетін ақша қаражаттарына берілген төлеу счеттарын айтамыз. Табыстар мен шығындар ұйымдағы материалдық және қаржы қозғалысы нәтижесінде болатындығын есте сақтау керек. Жұмсалған шығындар ұйымның активті қаражаттарын азайтып отыратындығын естен шығармаған жөн. Сату өрісіндегі бухгалтерлік есеп әдіснамасына сай (есептеу әдісі, сатудан түскен табыс) сатылатын тауарлар жөніндегі құқық сатып алушының меншігіне өткен кезде есепке алынған табыс нақтылы түскен табыс болып бағаланады. Егер сатылған тауарлар, өнімдер, жұмыстар мен қызметтер үшін сатып алушылардан түсетін ақша, осы және келесі есепті кезеңдер ішінде түспесе де, табыстар мен шығындарды теңестіріп отыру ережесіне сай, сатылған тауарлар сатып алушыларға жеткізілген сәтте анықталған (есептелген) тауарлардың құны - түскен табыс болып есепке алынады. Қойылған осындай ережелер мен талаптар негізіне сүйенсек, онда осы есепті кезең ішінде сатудан түскен табыс пен сатудан түскен ақшалар сомаларының арасында айырма болуы ықтимал. Табыс - ұйымдардың белгілі бір мерзім аралығында өндірілген өнімдерін, көрсететін қызметін сипаттайтын динамикалық үрдіс. Мұның негізінде сату үрдісі пайда болды. Қолда бар тауарлар немесе дайын өнімдерге деген басқалардың сатып алуы жөнінде тапсырысы осы ұйымға түспеген кезеңге дейін сату үрдісі болмайды. Яғни сату үрдісі өз бетінше қалыптаспайды және табыс пен сату үрдісі бірімен-бірі тығыз байланыста болады. Сатудың түпкі мақсаты - түскен табысты анықтап, пайда мен еккен зиянды тиісті есепті кезеңдерге жатқызу болып табылады. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай табыс: 1) сатып алушылардан ақшаның түскен кезеңімен бірге есептелінген табыс; 2) ақша түскенге дейінгі есептелінген табыс; 3) ақша түскеннен соң есептелінген табыс кезеңдеріне бөлініп қаралады [17]. Бірінші мысал Жүк тасымалдаушы ұйым басқа ұйымға жүк жеткізіп беру қызметін атқарғандығы үшін осы күні 30,0 мың теңге ақша алды. Бұл операцияның негізінде жүк тасымалдаушы осы ұйымның кассадағы ақшасы 30,0 мың теңгеге көбейіп, табысы да артты. Яғни: «Касса» 30,0 «Сатудан түскен табыс» 30,0 Екі жақты жазу принципі орындалып, түскен табыс пен түскен ақша бірдей уақытта есепке алынады. Екінші мысал. К дүкені қаңтар айында М атты сатып алушыға 120,0 мың теңгенің жиһазын сатып, осы айда бұл жиһазды М атты сатып алушыға жеткізіп берді. Яғни: «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» 120,0 «Сатудан түскен табыс» 120,0 Мұнда да екіжақтылық принцип орындалып, түскен табыс пен ақша бірдей уақытта есепке алынды. Үшінші мысал. Қаңтар айында К дүкені О атты сатып алушыға құны 210,0 мың теңге тұратын жиһазды несиеге сатты. О атты сатып алушы 30 күн ішінде есептесуді өз міндетіне алды. Сонда: «Алынуға тиісті шот» 210,0 «Сатудан түскен табыс» 210,0
Кесте 1 7010 “Сатылған тауарлардың өзіндік құны” шот бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы
Ескерту - Жуков В.Н. Основы бухгалтерского учета. - СПб.: Питер, 2012. – 336б. Сонымен, ұйымдардың табысын қалыптастыру өнім өндіруге, тауарлар мен көрсетілген қызметке жұмсалған шығындарға тікелей байланысты болады. Немесе шығындар табыстың қарама-қайшылығы болып табылады. Өз кезегінде шығындар сомасы активті қаражаттарды азайтып, пассивті көбейтеді. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде ақша төлеу жөніндегі кейбір операциялар шығынға жатпайтындығын ескерген жөн. Мысалға, меншік иесі мен акционерлер өзіне тиеселі қаражатын алған жағдайда капитал сомасы азайып, бұл сома азайған шығындарға ешқандай да әсер етпейді. Табыстар тарау жалпы 5-тармақтан және 20 синтетикалық счеттар тізімінен тұрады. Табыстар тарауындағы «Өнімдерді және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыс» тармағындағы счеттарда (бұлардың саны 3) — Сатылған өнімдерге және көрсетілген қызметтерге байланысты түскен табыстарды есепке алу, сатылып кеткен өнімдерді қайтарып алу және сату бағасынан, сатудан шегерілетін шегерімдерді есептен шығару операцияларының есебі жүргізіледі. «Қаржыландырудан түскен табыс» тармағындағы шоттарда (бұлардың саны 6) — Мұндағы шоттарда қаржылық активтер алуға байланысты (мысалға, депозиттер, қойылған займдар) есептелінген сыйақылар, алынған дивиденттерге (құнды қағаздар бойынша) байланысты дивиденттік табыстар, активтерді қаржылық жалға беруге байланысты алынған табыстар, жал төлемдерін алу мақсатында немесе капитал құнынның өсу қарқынына байланысты басқару билігінде тұрған (меншік иесінің немесе жалға алушының) қозғалмайтын мүліктерден табыс алуға байланысты операцияларының есебі және қаржылық активтер немесе міндеттемелердің әділетті құнының өзгеріске түсуіне байланысты табыс деп танылған сападағы алынған табыстар есебі, сондай-ақ осы тармақтарда көрсетілмеген қаржыландырудан алынған басқалай табыста алудағы операциялар есебі жүргізіледі. «Басқалай табыстар» тармағындағы счеттарда (бұлардың саны 8) — Мұндағы шоттар тобында активтерді (негізгі құралдар, материалды емес активтер, қаржылық активтер) сатудан алынған табыстар, төлеусіз алынған қайтарылмайтын активтер алудан алынған табыстар, мемлекеттік жәрдем (субсидий) қаражатын алудан алынған табыс, құнсызданудан шеккен зиянды қалпына келтіруден түскен табыс, курстық бағам айырымынан түскен табыс, активтерді операциялық жалға беруден алынған табыстар, биологиялық активтердің әділетті құнының өзгеріске түсуі нәтижесінде алынған табыстар, сондай-ақ осы тармақта қаралмаған басқалай табыстар алу операцияларының есебі жүргізіледі [19]. «Қызметі тоқтағандыққа байланысты түскен табыстар» тармағындағы шотта (мұның саны 1) — Қызметі тоқтағандыққа байланысты сатылған активтерден немесе міндеттемелер бойынша есеп айырысудан алынған табыстарға байланысты операциялар есебі жүргізіледі. «Үлестік қатысу әдісімен есептегендегі ұйымдардың пайдадағы үлесі» тармағындағы шоттарда (бұлардың сны 2) — Үлестік қатысу әдісімен есептегендегі қауымдастырылған ұйымдардың пайдадағы үлесі және осы әдіспен есептегендегі бірлескен ұйымдардың пайдадағы үлесі жөніндегі операциялар есебі үргізіледі. Кесте 2 Өзге дебиторлық қарыз есебі бойынша операциялардың шоттар корреспонденциясы
Ескерту - Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет. – М.: Инфра-М, 2010. – 656б.
АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2012, 2013, 2014 жж. аралығындағы ақша қаражаттар айналымының кезеңін есептеу келесі кестеде көрсетіледі: Кесте 3 АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2012, 2013, 2014жж. аралығындағы түскен табысты талдау, теңге
Ескерту - АҚ «Казпочта» Алматы филиалы жылдық есебі негізі
Кесте мәліметтерінен АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2012ж. ақша қаражаттар айналымының кезеңі есепті жыл үшін 47 күнді құрады, 2013ж. 29 күнге тең болды, ал 2014ж. 59 күнді құрады. Бұдан 2012, 2013жж. аралығында АҚ «Казпочта» Алматы филиалы шоттарына ақша қаражаттарының келуінен бастап шығуына дейін 47 күннен 29 күнге дейін, яғни 18 күнге қысқарса, ал 2012ж. 59 күнге дейін жетіп, 2014ж. салыстырғанда +30 күнге көбейгенін көруге болады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның 2012, 2013 жж. ақша қаражаттар жеткіліктігінің потенциалын көрсетсе, 2014ж. кәсіпорынның ақша қаражаттарының жетіспеушілігін танытады. Сонымен қатар егер кәсіпорынның кредиторлық берешегінің маңызды көлемі бар болса, онда кәсіпорын өте қауіпті жағдайға ұшырайды, «Көксу аудандық ауылшаруашылық колледжі» кредиторлық берешек көлемі мысалға, 2012ж. көбейсе, яғни жыл басында 8709503тн. болса, ал жылдың аяғында 41455743тн. құрады, бірақ 2012ж. азайды, яғни 2013ж. басында 41455743 тн. болса, ал жыл соңында 30548104 тн. құрады. Бұл көрсеткіш 2014ж. АҚ «Казпочта» Алматы филиалы қаржылық тепе-теңдігін сақтап, төлемқабілеттілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының нақты қозғалысын ашып көрсету үшін, ақша қаражаттарының келу және шығуының уақыт жағынан дәл болуын бағалау үшін, алынған қаржылық нәтиженің көлемін ақша қаражаттар жағдайымен байланыстыру үшін, ақша қаражаттарының келу мен шығуының барлық бағыттарын ерекшелеп, талдау керек. Төлем қабілеттілігінің ішкі және сыртқы талдаудың мақсаттары үшін кәсіпорындардың ақша қаражаттары қалай және қай көздерден алынғанын және олардың шығысының негізгі бағыттары қандай екенін білу керек.Бұл талдаудың басты мақсаты- кәсіпорынның жоспар бойынша шығыстарын жүзеге асыру үшін қажетті белгілі мерзім мен көлемдегі ақша қаражаттарды табу мүмкіндігін бағалау. Бұл үшін қаржылық қорытынды есептіліктің формасы - ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есебі қолданылады. Қорытынды есеп құрамында үш негізгі бөлім бар: операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы [22,125б.]. Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары талабына сай қаржылық қорытынды есеп құрамына енгізілетін қосымша үлгінің бірі «Ақша қозғалысының қорытындысы үлгісі» болып табылады. Негізінен бұл үлгі баланс және табыстар мен жұмсалған шығындар жөніндегі қорытындының жекелеген баптарын ақшалай өлшеммен өлшеп көрсетуге арналған. Ақша қозғалысын қорытындылауға арналған қорытынды есептің осы түрінің негізгі мақсаты- сыртқы және ішкі пайдаланушыларға ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде ақпараттар даярлап беру. Белгілі бір есепті кезең аралығындағы ұйымның ақша қаражатының жағдайы мен қозғалысына ағымдағы инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесі тікелей әсер етеді.Осы кезең ішінде ұйымның ақша қаражаты өрісінде болған біршама өзгерістер жан- жақты түсіндірілуі керек. Сонымен қатар ұйым әкімшілігі ақша жөніндегі қорытынды есеп көрсеткіштерін өтеушілік коәффициентін шығару және дивиденттік төлемдерді анықтау, қосымша алынған инвестициялардың ұйымның жалпы жағдайына тигізген әсерін бағалау үшін де қолданылады. Кәсіпорынныың операциялық қызметі- бұл табысты алумен байланысты кәсіпорынның негізгі жарғылық қызметі.Операциялық қызмет шегіндегі ақша қаражаттарының ағымы өнімді (тауарды, қызмет көрсетуді) сатудан түскен табысты алумен, сонымен қатар сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарды алумен байланысты.Ақша қаражаттарының шығуы жабдықтаушылардың және басқа контрагенттердің шоттары бойынша төлемдермен, қызметкерлерге еңбекақыны төлеумен, бюджеттен тыс мекемелерге жасалған аударымдарымен, салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысумен байланысты. Кәсіпорынның операциялық қызметпен несие бойынша пайыздарды төлеу де байланысты болады. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есебінің ақпаратын қолданғанда маңызды көрсеткіштің бірі операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттар қозғалысының өзгерісінің нәтижесі болып табылады.Қаржылық талдау тәжірибесінде операциялық қызметті таза ақша ағыны деп аталады. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ұзақ мерзімде қолдануға болатын мүлікті сатып алу мен өткізумен байланысты болады, сонымен қатар ол негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, басқа кәсіпорындарға ұзақ мерзімді қаржылық салымдардың келуі мен шығысын, облигацияны және басқа да ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды шығаруды және басқа да айналымнан тыс активтерді қамтиды [23,105б.]. Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның капиталы,займдарымен қоса банк несиелерінің көлемі мен құрамындағы ақша қаражаттар қозғалысының өзгерісімен байланысты.Қорытынды есептің берілген бөліміндегі меншікті капиталдағы өзгерістер акцияны әмиссиялаумен немесе жарғылық капиталды басқа да ақшалай нысанда кеңейтумен,сонымен қатар алынған әмиссиялық табыспен байланысты болады. Бірақ ұлттық тәжірибеде қаржылық қызметтің құрамынан алынған қаржылық қорытындының салдарынан меншікті капиталдың өзгерісі есептелмейді, себебі қаржылық қорытындыны қалыптастырумен байланысты шығыстар мен табыстар операциялық қызметте есептеледі. Халықаралық есеп жүргізу тәжірибесінде ақша қозғалысы есебін жасауда екі- тікелей және жанама әдіс қолданылады.Бұл әдістерді қолдану арқылы дайындалып тапсырылатын ақша қозғалысы жөніндегі ақпараттар мазмұнын сипаттауға болады. Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған қшаның жалпы айналымдағы ағыны тікелей және жанама әдістерді қолданып жасаған ақша қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп мәліметтерін өзгертіп отырады. Тікелей әдісті қолданғанда ақша қаражаттарының келуі мен шығуының абсолютті сомалары салыстырылады.Тікелей әдістің ерекшелігі мынада: ол кәсіпорынның ақша қаражаттарының келуі мен шығуының жалпы сомаларын бағалауға мүмкіндік береді, кәсіпорынның үш қызметінің шегіндегі ақша қаражаттарының ең көлемді келуі мен шығуын қалыптастыратын баптарын сипаттайды. Тікелей әдіспен ақша қаражаттарын талдау кәсіпорынның өтімділігін бағалауға мүмкіндік береді, себебі ақша қаражаттар шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысын бөлшектеп ашады және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша төлемдерді іске асыру үшін, инвестициялық қызметі және қосымша төлемдер үшін қаражаттардың жеткіліктігі жөнінде оперативті нәтижелерді шығаруға көмектеседі.Бұл әдісті қолданғандағы алынған ақпарат ақша ағымдарын болжау үшін қолданылады.Бірақ бұл әдістің маңызды кемшілігі бар, ол алынған қаржылық нәтиженің және кәсіпорын шотындағы ақша қаражаттарының өзгерісі арасында байланысты көрсетпейді [24,205б.]. Ал жанама әдіс алынған қаржылық нәтиженің көлемін таза ақшалай ағымының көлеміне айналдыру мақсатында таза пайданы түзетуді көздейді.Бұл үшін кәсіпорынның ақша қаражаттары мен оның пайдасының жағдайына бухгалтерлік баланстың активтері мен пассивтерінің әрбір бабы бойынша өзгерістердің әсерін орнату керек. Мысалға, қысқа мерзімді міндеттемелердің көбеюі ақша қаражаттарының шығуына әсер етпейді, сондықтан оны таза пайдаға қосу керек, ал қысқа мерзімді міндеттемелердің азаюы кезінде таза пайдадан алып тастау керек. Таза пайданың сомасын айналым қаражаттарының баптарының өзгерісіне қарап түзетеді, яғни егер дебиторлық берешек баптарының төмендеуі байқалса,таза пайданы көбейту қажет, және егер берілген аванстар және өндірістік қорлардың және т.б. сомасының жоғарылауы байқалса, азайту қажет. Таза пайданы түзетудің нәтижесінде операциялық, қаржылық және инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының нақты келуі (шығуы) орнатылады. Талдамалы кәсіпорынның пікірі бойынша өзінің ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есебін тек тікелей әдіспен жүзеге асыру тиімді болғандықтан, ол жанама әдісті қолданбайды. АҚ «Казпочта» Алматы филиалы талдамалы кезеңдер аралығында тікелей әдісті қолданып жасаған ақша қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп мәліметтерін талдау үшін төмендегі кестелер берілген.
Кесте 4 АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2012ж. ақша қаражаттарының қозғалысын талдау (тікелей әдіс), теңге
Ескерту - АҚ «Казпочта» Алматы филиалы жылдық есебі негізінде
Кесте мәліметтерінен АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2012ж. операциялық қызметтен түскен табысы жыл басында 2042255тн. Құраса, ал жылдың аяғында 314474819тн. тең болды, яғни +312432564тн. өсті. Ал осы қызмет негізінде ақша қаражаттарының есептен шығарылуы жыл басында 4960тн. болса, ал аяғында 29581694тн. болды, яғни 29576734 тн. өсті. Кәсіпорынның операциялық қызметінің шегіндегі ақша қаражаттарының ең көлемді келуі алынған аванстар есебінен болды. 2012ж. алынған аванс сомасы 1000000 тн. бастап 162335600тн. дейін өсті. Ол жалпы түскен ақша қаражаттарының сомасының 52 % құрайды. Талдамалы кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолданудың негізгі бағыттары жабдықтаушылар мен мердігерлерге төлеуге, аванстарды беруге, бюджетпен есеп айырысуға және басқалай төлемдерді іске асыруға негізделінді. 2012ж. аяғында ақша қаражаттарының есептен шығарылуының көлемінің өсуіне басқалай төлемдер себеп болды, оның сомасы жыл аралығында 0тн. бастап 27964878тн. дейін өсті, және ол шыққан ақша қаражаттарының 95 % үлесін құрайды. АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2012ж. инвестициялық қызмет пен қаржылық қызметпен айналысқан жоқ, сондықтан осы қызметтерден ақша қаражаттары келіп түспей,есептен де шығарылған жоқ. 2012ж. ақша қаражаттарының көбеюі АҚ «Казпочта» Алматы филиалы тек операциялық қызметінің белсенді жұмыс істеуінің нәтижесі болды. Оның нәтижесі жыл басында 2037295тн. құраса, ал жылдың аяғында 284893125тн. болды. 2012ж. АҚ «Казпочта» Алматы филиалы тікелей әдіспен ақша қаражаттарын талдау арқылы кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша төлемдерді іске асыру үшін және қосымша төлемдер үшін қаражаттардың жеткіліктігі жөнінде келесі көрсеткіштер арқылы оперативті нәтижелерді шығаруға болады: 2012ж. басында түскен ақша қаражаттарының сомасы 2042255 тн. тең болғандықтан, есепті кезеңде кәсіпорын 4960 тн. тең өзінің міндеттемелерін өтей алды, ал 2012 жылдың аяғында «Көксу аудандық ауылшаруашылық колледжі» «Көксу аудандық ауылшаруашылық колледжі» «Көксу аудандық ауылшаруашылық колледжі» өзінің 29581694тн. тең міндеттемелер сомасын 314474819 тн. тең келіп түскен ақша қаражаттарымен өтеп, талдамалы кезеңнің аяғында 284893125 тн. таза пайда сомасын тапты. Осы көрсеткіштер кәсіпорынның өзінің операциялық қызметін іске асыру үшін оның алынған пайданың көлемі жеткілікті болғанын көрсетеді, осы себептен кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен өтімділігінің жоғары деңгейде болғанына сенуге болады [26,335б.]. Кесте 5 АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2013ж. ақша қаражаттарының қозғалысын талдау (тікелей әдіс), теңге
Ескерту - АҚ «Казпочта» Алматы филиалы жылдық есебі негізінде
Кесте мәліметтерінен талдамалы кәсіпорындағы 2013ж. операциялық қызметтен түскен табысы есепті кезеңнің басында 314474819тн. құраса, ал есепті кезеңнің аяғында 551814192 тн. тең болды, яғни +237339373 тн. өсті. Ал осы қызмет негізінде ақша қаражаттарының есептен шығарылуы есепті кезең басында 29581694тн. болса, ал аяғында 65445728тн. болды, яғни 35864034тн. өсті. Кәсіпорынның операциялық қызметінің шегіндегі ақша қаражаттарының ең көлемді келіп түсуі есепті кезеңнің басында алынған аванстар есебінен болса, есепті кезеңнің соңында дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату есебінен болды. Алынған аванстар сомасы жалпы түскен ақша қаражаттарының сомасының 52% құраса, дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатудан түскен сома 51% құрады. Талдамалы кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолданудың негізгі бағыттары: 1.Жабдықтаушылар мен мердігерлерге төлеу; 2.Аванстарды беру; 3.Бюджетпен есеп айырысу және басқалай төлемдерді іске асыру. 2013ж. аяғында ақша қаражаттарының есептен шығарылуының көлемінің өсуіне басқалай төлемдер себеп болды, оның сомасы жыл аралығында 27964878тн. бастап 63913600тн. дейін өсті, және ол есептен шығарылған ақша қаражаттарының есепті кезеңнің басында 95%, ал есепті кезеңнің соңында 98% тең үлесін құрады. АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2013ж. инвестициялық қызмет пен қаржылық қызметпен айналысқан жоқ, сондықтан осы қызметтерден ақша қаражаттары келіп түспей,есептен де шығарылған жоқ. 2013ж. ақша қаражаттарының көбеюі АҚ «Казпочта» Алматы филиалы тек операциялық қызметінің жоғары дәрежеде жұмыс істеуінің нәтижесі болды. Операциялық қызметінің жиыны есепті кезеңнің басында 284893125тн. құраса, ал есепті кезеңнің аяғында 486368464тн. болды. 2013ж. АҚ «Казпочта» Алматы филиалы өзінің операциялық қызметінің нәтижесінде ақша қаражаттарының келіп түсуінің көлемін төлемдердің көлеміне қарағанда жоғары болуын қамтамасыз етілуін келесі көрсеткіштер арқылы көруге болады: 2013ж. басында түскен ақша қаражаттарының сомасы 314474819тн. тең болғандықтан, есепті кезеңде кәсіпорын 29581694тн. тең өзінің міндеттемелерін өтей алды, ал 2013 жылдың аяғында «Көксу аудандық ауылшаруашылық колледжі» өзінің 65445728тн. тең міндеттемелер сомасын 551814192тн. тең келіп түскен ақша қаражаттарымен өтеп, талдамалы кезеңнің аяғында өсімнің тұрақтылығын 486368464 тн. теңестірді. Осы көрсеткіштер кәсіпорынның өзінің операциялық қызметін іске асыру үшін әрі қарайғы дамуын көрсетіп, бұл жұмысының оң нәтижесін сипаттайды [28,792б.]. Кесте 6 АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2014ж. ақша қаражаттарының қозғалысын талдау (тікелей әдіс), теңге
Ескерту - АҚ «Казпочта» Алматы филиалы жылдық есебі негізінде
Жоғарыда келтірілген кесте мәліметтерінен АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2014ж. операциялық қызметтен түскен табысы жылдың басында 2563661тн. құраса, ал жылдың соңында 102904655тн. тең болды, яғни +100340994 тн. өсті. Ал осы қызмет негізінде ақша қаражаттарының есептен шығарылуы жылдың басында 0 тн. болса, ал соңында 94205818 тн. болды, яғни +94205818 тн. өсті. Кәсіпорынның операциялық қызметінің шегіндегі ақша қаражаттарының ең көлемді келіп түсуі жылдың басында басқалай түскендердің есебінен болса, жылдың соңында тауарларды сату есебінен болды. Басқалай түскендердің сомасы жалпы түскен ақша қаражаттарының сомасының 100% құраса, тауарларды сатудан түскен сома 99,7% құрады. Талдамалы кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолданудың негізгі бағыттары: 1. Тауарлар мен қызметтер үшін қоюшыларға төленген ақшалар; 2. Төленген еңбекақылар; 3. Корпоративтік табыс салығы; 4. Бюджетке төленетін басқалай төлемдер; 5. Басқалай төлемдер болып табылады. 2014ж. соңында ақша қаражаттарының есептен шығарылуының көлемінің өсуіне тауарлар мен қызметтер үшін қоюшыларға төленген ақшалар себеп болды, оның сомасы жыл аралығында 0 тн. бастап 76142819 тн. дейін өсті, және ол есептен шығарылған ақша қаражаттарының есепті кезеңнің соңында 81 % тең үлесін құрады. 2014ж. АҚ «Казпочта» Алматы филиалы өзінің операциялық қызметінің нәтижесінде ақша қаражаттарының келіп түсуінің көлемін төлемдердің көлеміне қарағанда жоғары болуын қамтамасыз етілуін келесі көрсеткіштер арқылы көруге болады: 2014ж. басында түскен ақша қаражаттарының сомасы 2563661тн. тең болса,бірақ міндеттемелер сомасы 0 тн. тең болды, ал 2013 жылдың аяғында «Көксу аудандық ауылшаруашылық колледжі» келіп түскен ақша қаражаттары 102904655тн. болса, міндеттемелер сомасы 94205818 тн. тең болды, талдамалы кезеңнің аяғында операциялық қызметінен түскен таза пайданың сомасы 8698837 тн. болды. Осы көрсеткіштер кәсіпорынның өтеу қабілеттілігі мен төлем қабілеттілігінің бар болғанын және өзінің операциялық қызметін іске асыру үшін оның алынған пайданың көлемі жеткілікті болғанын көрсетеді. АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2014ж. басында инвестициялық қызметінен түскен ақша қаражаттарының жиыны 0 тн. болса, жылдың аяғында 965690тн. тең болды. Талдамалы кезеңде есептен шығарылған қаражатарының сомасы 0 тн. тең болды [30,103б.]. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің шегіндегі ақша қаражаттарының көлемді келіп түсуі жылдың аяғында түскен басқалай ақшалардың есебінен болды. Түскен басқалай ақшалардың сомасы жалпы түскен ақша қаражаттар сомасының 100% құрайды. АҚ «Казпочта» Алматы филиалы 2014ж. қаржылық қызметпен айналысқан жоқ, сондықтан осы қызметінен ақша қаражаттары келіп түспей, есептен де шығарылған жоқ. 2014ж. ақша қаражаттарының көбеюі АҚ «Казпочта» Алматы филиалы операциялық және инвестициялық қызметінің табысты болуының нәтижесі деп есептеуге болады. Операциялық қызметінің жиыны жылдың басында 2563661тн. құраса, ал жылдың аяғында 8698837тн. болды. Ал инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы 965690 тн. тең болды. Кәсіпорынның осы екі қызметінен түскен таза пайдасы 9664527тн. құрайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда табыстардың есебі субъетілердін бухгалтерлік есебі мен қаржы шарушылық қызметі есептерінің жұмыс шоттар жоспарындағы алтыншы "табыс" - деп аталатын бөлімнің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа операциялардаи алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. «Табыс» бөлімінің шоттары: табыстарды есепке алуға арналған және мынадай бөлімшелерді қамтиды: 6000-«Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс», 6100-«Қаржыландырудан алынатын табыстар», 6200-«Басқа да табыстар», 6300-«Қысқартылатын қызметке байланысты табыстар», 6400-«Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі». Табыс - ол активтердің түсімі немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есепті кезеңнің ішінде экономикалық пайданы ұлғайту, ол капиталға қатысушы тұлғалардың жарналарымен байланысты үлғайтудан өте жақсы капиталдың ұлғаюына келтіреді. 6000-«Өнімді сатудан жәнө қызметтерді ұсынудан түсетін табыс» кіші бөлімі шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 6010-«Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін табыс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін табыстарді алу-мен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі; 6020-«Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6030-«Бағадан және сатудан түсетін жөңілдіктер», онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі. 6100-«Қаржыландырудан түсетін табыс» кіші бөлімі қаржыландырудан түсетін табысті есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 6110-«Сыйақылар бойынша табыстар», онда қаржылық активтер бойынша табыстарды алумен байланысты операциялар корсетіледі, мәселен, депозиттер, берілген қарыздар; 6120-«Дивидендтер бойынша табыстар», онда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша табыстарды алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6130-«Қаржылыжалдау бойынша табыстар», онда активтерді қаржылық жалдауға берілген табыстарды алумен байланысты операциялар керсетіледі; 6140-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын табыстар», онда капитал құнының немесе сол және басқаның есуінен жалдау төлемдері немесе табыстарды алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер,ғимарат, немесе олардың бөлігі) жылжымайтын мүліктен табыстарды алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6150-«Қаржылық аспаптардың әділ құнын өзгертуден түсетін табыстар», онда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден табыстарды алумен байланысты операциялар немесе табыс ретінде оның өзгеруін тани отырып, әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі; 6160-«Қаржыландырудан түсетін басқа да табыстар», онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін табыстарды алумен байланысты операциялар көрсетіледі. 6200-«Басқа да табыстар» кіші бөлімі басқа да табыстарды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 6210-«Активтердің шьіғуынан алынатын табыстар», онда мынадай активтерді, мәселең негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін табыстарды алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6220-«Өтеусіз алынған активтерден алынатын табыстар», онда өтеусіз алынған активтергө байланысты операциялар көрсетіледі; 6230-«Мемлекеттік субсидиялардан алынатын табыстар», онда мемлекеттік субсидиялардан табыстарды алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6240-«Құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын табыстар», онда қаржылық есептілік стандартгарының талаптарына сәйкес пайда жәнө залал туралы есепте кіріс рөтінде танылатын активтердің құнсыздануынан залалды қалпына келтірумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6250-«Бағамдық айырмадан түсетін табыстар», онда есептерде валю-талардың әр түрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып, есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижссін де туындайтын бағамдық айырмадан табыстарды алумен байланысты операциялар ескеріледі. Ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар, шетелдік қызметке бағамдық айырманы қоспағанда, олардың туындау кезеңінде табыс немесе шығыс ретінде танылады [31]; 6260-«Операциялық жалдаудан түсетін табыстар», онда активтерге опе-рациялық жалдауға берілген табыстарды алумен байланысты операциялар корсетіледі; 6270-«Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін табыстар», онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін табыстарды алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6280-«Басқа да табыстар», онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да табыстарды алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6300-«Қысқартылатын қызметпен байланысты табыстар» кіші бөлімі қысқартылатын қызметке байланысты табыстарды есепке алуға арналған және мынадай шоттар тобын қамтиды: 6310-«Қысқартылатын қызметпен байланысты табыстар», онда міндет-темелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулардан алынатын табыстарге байланысты операциялар көрсетіледі. 6400-«Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды 6410-«Қауымдастырынан ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерінен қауымдастырылған ұйымдардағы пайда-ның үлесі ескеріледі; 6420-«Бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі. Есептік кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5510- "Есептің жылдық пайдасы" шотына апарылып жабылады. Жіберілген материалдық емес активтер, негізгі құралдар, инвестициялар, қаржылық инвестициялар және басқа да активтер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқа да қарыздарымен байыланысты операциялар бірінші бөлімнің 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз» бөлімшесінің 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» немесе 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» активті инвентарлы шоттарында көрініс табады. Ал ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз есебі 2 бөлімнің 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз» 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» немесе 2180 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» активті инвентарлы шоттарында жүргізіледі. Бұндай операциялардың жүргізілуі өткізілген өнім, тауар, көрсетілген қызмет пен орындалған жұмыс үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздарына ұқсас келеді [32]. Date: 2016-05-14; view: 1284; Нарушение авторских прав |