Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биосфералық-ноосфералық үрдістегі ақыл-ой мәні. ҚР-ның «жасыл экономикаға» өту концепциясы





3.Мониторинг бойынша іс-әрекеттің мазмұны (табиғи орта жағдайын байқау, бақылау, бағалау, болжау)

1. Экологиялық токсикология-элементтер мен олардың қосылыстарының улылығы мен канцерогендігін (қатерлі ісік тудыратының), токсиканттардың қоршаған ортадағы әрекетінің биогеохимиялық ерекшеліктерін, олардың таралу және метаболизмі механизмдерін, токсикологиялық әсердің табалдырық әсерін зерттейтін ғылыми бағыт.

Ластануды бағалаудың негізгі әдістері:

1.Организм мен улардың өзара әрекеттесуінің, олардың токсикокинетикасы мен токсикодинамикасының негізгі заңдылықтарын анықтау;

2. қауіптілік дәрежесін анықтау және адамға қоршаған ортадағы химиялық заттардың токсикалық әсер етуін болдырмау;

3. химиялық этиология аурулары, яғни қоршаған ортадағы химиялық қосылыстардың токсикалық әсер етуі салдарынан пайда болатын химиялық ауруларды болдырмау.

2. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі- ноосфера концепциясының негізін қалаушы ретіндегі жасампаздылығы оның тұңғыш адам мен биосфераның бірлігін түсініп негіздегендігінде жатыр. Оның бұл ұлы ашуы өзінің әлеуметтік нәтижесі бойынша жаратылыстанудың әлемдік биіктеріне, қазіргі және келœешек адам өркениетінің жаулап алуларына жатады. Бұл ашылуынсыз ноосфера концепциялары қазіргі кезде түсінікті бола алмайтын еді.

В.И.Вернадский болжап айтқан ҒТР дәуірінің ХХ ғасырға кіруі адамзаттың жаңа эрасы- ноосфераның пайда болуына әкелді. Вернадский пікірі бойынша ғылыми ой биосфераның сапалы, жаңа эволюциялық қалыпқа өту шартының қызметін атқарады.

Ғылыми ойдың адам өзгертіп жатқан биосферада материалды түрде бейнелœенуі еңбек болып табылады. Ой мен еңбектің, еңбек пен ойдың бірлестігі адамзаттың жаңа әлеуметтік болмысын ашады және биосфераның ноосфераға өтуін анықтайды.

Адамзат бірлігімен, ғылыми оймен бірге Вернадский бойынша ноосфераның пайда болуының және оның бар болу шартының маңызды алғы шарттары болып біріктіретін моральды- этикалық негіз бен бұзушы соғыстың жоқ болуы есептелінеді. Биосфераның ноосфераға өту шарттарында халық арасындағы бейбітшілік- бірнеше ұрпақ өмір сүру тарихи периодында ноосфера құрылуының ең басты айқындайтын факторлардың бірі.Ноосфераны ойлап табудағы адамның барлық іс- әрекеттеріне жеке тұлға және барлық қоғамның игілігі үшін адамның жоғарғы ұйымдасқан іс- әрекеті ретінде бірлескен адамгершілікті ой- пікір бағыт- бағдар беру керек.В.И.Вернадский белгілегендей ноосферада жоғарғы әлеуметтік құндылық болып еркен адам тұлғасының дамуы есептелінеді.

«Жасыл экономика» еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. «Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;

2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;


4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады.

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері:

Экономиканың ресурстық секторларында активтерді жаңарту циклі біршама уақыт алады, ал экономикасы табиғи пайдалы қазбаларды өндіруге бағдарланған елдерде таза экономикаға көшуге ондаған жылдар жұмсалады.

Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан да одан тыс қалмайды.Осыған байланысты «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңмен жүзеге асырылады:

2013-2020 – осы кезеңде мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру болады;

2020-2030 – қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым базасында суды ұқыпты пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ынталандыруға және оны кеңінен пайдалануға, сондай-ақ құрылыстарды энергия тиімділігінің жоғары стандарттарының базасында салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту басталады;

2030-2050 – ұлттық экономиканың табиғи ресурстарды олардың жаңартылуы мен орнықтылығы қағидаттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» деп аталатын қағидаттарға көшуі.

«Жасыл экономикаға» көшуді іске асыру мәселелері «жасыл экономикаға» көшу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттелетін болады.

Секторлар бойынша Тұжырымдаманың нақты міндеттерін іске асырудың құралдары, кейіннен түзетіліп, ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, құрғақшылыққа, жердің бүлінуіне қарсы күрес және топырақтың құнарлылығын көтеру, балық шаруашылығын, аквадақылдарды дамыту мен балық ресурстарын молықтыру сияқты мәселелерге жаңадан назар аударылатын «Агробизнес – 2020» Қазақстан Республикасында агорөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, аумақтарды дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы мен басқа да салалық бағдарламалар сияқты, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ескерілетін, қолданыстағы бағдарламалық құжаттар болып табылады.


Сонымен қатар Су ресурстарын басқару жөніндегі 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жоспарланып отыр.

Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар ЖІӨ-ні 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

3. Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру)[1] – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясыныңалдында (1972) “бақылау” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық Мониторинг – экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық Мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.


Қоршаған ортаның Мониторингі

Экологиялық лаборатория. Пестицидтер үшін су үлгілері.

Қоршаған ортаның Мониторингі – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ, Мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды.[2][3] Мониторинг үш деңгейге ажыратылады:

1. Санитарлық-токсикологиялық мониторинг -қоршаған ортаның күйін, табиғат нысандарының зиянды заттармен ластану деңгейін, осы ластаушылардың адамға, жануарлар мен өсімдіктерге әсерін зерттейді.

2. Экологиялық мониторинг -экожүйелердегі, табиғи кешендердегі өзгерістерді, олардың өнімділігін бақылау.

3.Биосфералық бақылау -табиғаттағы ғаламдық-фондық өзгерістерді: радиация деңгейін, атмосферадағы зиянды заттар, шаңның мөлшерін, жылудың тасымалдануын, планетадағы ауа райы мен климаттың т.б. өзгерістерді бақылау.

 


Билет №29







Date: 2016-06-09; view: 1465; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию