Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Табиғи ортадағы ластанудың фондық мониторингі





1. Улылық, уыттылық — кейбір химиялық элементтердің, қосындылардың және тіршілік заттектерінің организмдерге (адамға, жануарларға, өсімдіктерге, тағы басқа) зиянды әсер ету қабілеті. Уыттылықтың мынадай параметрлерін ажыратады: орташа қауіпті дозасы – тәжірибеге алынған организмдердің 50% - ын өлімге душар етеді; өте қауіпті дозасы – эксперимент жүргізілетін ағзаларды түгел өлімге ұшыратады. Организмдерді өлімге душар ететін дозасы ЛД аз заттардың барлығы уытты заттар болып есептеледі. Мәселен, класикалық у – цианды калий менстрихнинде ЛД100 және 0,5 мг/кг болады; жуық (пороговая) доза – организмнің тіршілік әрекеті көрсеткіштерінің айқын, бірақ қайтымды өзгерістерін туғызатын мөлшер. Уытты заттардың мөлшерін токсодозамен көрсетеді. Уыттылық – 1/токсодоза болады. Ауыр металдар организмге тән болғандықтан, олар ксенобиотиктер тобына жатпайды. Алайда организмдегі мөлшері көбейгенде олар уытты әсер етеді. Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.

УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.
Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты.
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

2. Елдің негізгі табиғи байлығы – оның жер ресурстары, әрі ол елдің экономикалық және әлеуметтік игілігінің негізі. Жалпы елдің жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану мен қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгілеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр.

Облысымызда да жер қорын тиімді пайдалана отырып, топырақтың құнарлығын сақтау, жер ресурстарын қорғау, нарықтық экономика жағдайында қоршаған ортаны басқа да шаралармен бірге қорғау, жер ресурстарын экономикалық, техникалық ұйымдастыру-шаруашылық және құқықтық шаралармен біріктіре отырып аумақтық бағдарлама жасақтау қажеттігі көтеріліп отыр. Осы көтеріліп отырған мәселелер Батыс Қазақстан облысы жер қатынастар Басқармасының негізгі мақсаттар қатарынан орын тауып келеді.

Басқа да табиғат қорғау іс – шаралары кешенінде Батыс Қазақстан облысының жерлерін ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығынын арттыру және жер ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық 2007-2009 жылдарға арналған осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылдың 10 шілдесіндегі №1149 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы 2005 жылғы 5 қаңтардағы №3 қаулысы мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» туралы Жолдауын аймақтық шеңберде жүзеге асыру бағытында әзірленді.


Бағдарлама жер ресурстарын басқару саласында жерді тиімді пайдалануды бір-біріне тығыз байланысты экономикалық, техникалық, ұйымдық-шаруашылық және құқықтық шараларға негізделіп жасалған.

Бағдарламада атқарушы органдар мен шаруашылық құрылымдарының жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғауда іс-әрекеттерін үйлестіру белгіленген.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі мәселелер 2005 жылдың 10 желтоқсанында өткен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 24-4 сессиясында «Батыс Қазақстан облысының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың» аймақтық бағдарламасында ерекше орын алды.

Энергетикалық ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға әсері. (Энергетикалық дағдарыс)
Энергетикалық және шикізат проблемалары бұл бәрінен бұрын адамзатты отынмен және шикізатпен сенімді түрде қамтамасыз ету проблемасы. Бұдан ертеректе қорлармен қамтамасыз етудің белгілі бір шиеленіскен кездері болған. Бірақ бұндай проблема табиғат қорлары құрамы жасақталмаған аудандар мен елдерге қатысты болатын. Ғаламдық көлемде бұл проблема бірінші рет 70-жылдары туды деуге болады. Оның өзінің бірнеше себептері бар. Оларға мұнайдың, табиғи газ бен отын және шикізаттың кейбір басқа түрлерінің барланған қорының айтарлықтай шектеулігі, өндірудің кен - геологиялық жағдайларының нашарлауы, өндіру және тұтыну аудандары арасындағы териториялық алшақтықтың артуы жатады. Демек қазіргі дәуірде минералдық қорларды бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде тиімді пайдаланып ұдайы өндіру қажет. Жер қойнауындағы және Жер мен жер төңірегі кеңістігіндегі әнергия мен шикізаттың жалпы мөлшерінің молдығы соншалық теория жүзінде олардың сарқылуы жөнінде айтылатын ойлар баршылық. Табиғат байлығын игеру қарқыны, табиғи ортаның ластануы, табиғат пайдаланудың болашағы туралы әр түрлі теориялар туғызды.
Олардың ішінде әсіресе көп тарағаны табиғат байлығының сарқылатыны туралы, өнеркәсіпке шикізаттың жетіспеушілік туралы оның ішінде минералдық шикізат пен отын қорының жетіспеушілігі туралы жорамалдар. Бұл теорияға дәлел ретінде ашылған минералдық шикізаттың таусылуы, жердің құнарлығының кемуі, ормандардың кесіліп жойылуы, тұщы су қорының азаюы, т.б. факттер келтірілген.
Энергетикалық ресурстарды өндіру және пайдаланудың қоршаған ортаға теріс әсерлері олар: климаттық, ғаламдық жылынуы, ауаның, жер бетінің, судың ластануы, өсімдіктерге, жануарларға, адамның денсаулығына келтіртін зияндар.
Қалыптасқан жағдайда энергетика өндіру саласында экологиялық мәслелерді шешудің жолы – экономиканың барлық салаларында, шаруашылықта, тұрмыста энергия үнемдеу, энергия үнемдеуші технологиялар қолдану, энергия өндірудің қалпына келетін, сарқылмайтын, қоршаған ортаға зиянсыз көздерін пайдалану олар:
- энергия өндіру және пайдаланудың қоршаған зиянды әсерлерін азайту: шығатын газдарды тазарту, катализаторлар қолдану, қалдықтарды қайта пайдалану т.б.
– балама энергия көздерін: күннің, желдің қуатын т.с.с. сарқылмайтын, қалпына келетін, экологиялық зиянсыз энергия көздерін пайдалану.


Генофонд дегеніміз бір популяциға тән гендердің жиынтығы. Генофондтың өзгеруі ғаламдық-экологиялық мәселе. Оған әсер ететін факторлар принципиальды мәні жоқ кездейсоқ өліммен сипатталатын ортаның өзгеруі, нашақорлық, алкоголизм, темекі, сыра алкоголизмі, радиация т.б. Осы аталған фаторлар гендік кодқа әсер ете отырып, генетикалық әлсіреу тудырып ауру деңгейін ғана көтеріп қоймай, өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді. Жаңа туған сәбилерде физиологиялық –психологиялық ауытқулар орын алады, сол себепті ақыл есі кем ұрпақтың дүниеге келуіне ықпал етеді. Ол демографиялық дағдарысқа әкеледі.Аталған факторлардың ішінде сыра алкоголизмінің әсері күшті. Себебі сыра құрамында токсикалық заттар бар, олардың ішінде эндокринді жүйеге әсер ететін ауыр металлдардың тұздары көп кездеседі. Ер адамдардың ағзаларында аталық жыныс гормондары тестостеронның жасалуы мен бөлінуін тежейтін заттар бөлінеді. Сыра дайындауда қолданылатын хмельдің құрамында эстрагондар болады, ол химиялық құрамы жағынан эстрагеол деп аталатын аналық жыныс гормондарына жақын. Сол себепті ер адамдардың ағзасында аналық жыныс гормондары жинақталады. Сыра көп ішетін ер адамдарда көкірек бездері өзгереді, жамбас сүйектері кеңейеді. Эстрагондар ер адамдарда басқа ер адамдарға деген жыныстық қызығушылық тудырады. Ал әйел адамдарда ісік аурулары көбейеді.


3. Ықпал ету көлемі бойынша мониторинг кеңістіктік және уақыттық болып жіктеледі. Ақпаратты талдау сипатына қарай базалық(фондық), әлемдік,аймақтық және ерекше қауіпті аймақтардың (импактылы) мониторинг болып бөлінеді. Базалық(фондық) мониторингі – адамның тікелей немесе жанама түрде әсер етуі арқылы өзгеріске ұшырайтын табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау, қадағалау.

Билет №31







Date: 2016-06-09; view: 1533; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию