Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Атмосфераның ластануын зерттеудің түрлері
1.Оттек айналымы — өсімдіктердің фотосинтез процесі кезінде экожүйенің биоценоздық ортасына оттекті бөлуінен басталатын процесс. Бөлінген оттек аэробтарға, оның ішінде өсімдіктерге (тыныс алу процесінде) түседі. Оттектің бір бөлігі микроорганизмдердің мортмассаны тотықтыруына жұмсалып, басқа бөлігі экожүйенің биоценоздық ортасынан айналымның сыртқы шеңберіне өтеді. Оттек көптеген химиялық қосылыстардың құрамына кіретіндіктен, биосферадағы оның айналымы өте күрделі болады. Оттегі айналымы - фотосинтез процесінен басталады. Оның биологиялық айналымы 250 т/жыл, ал биосферадағы оның жалпы массасы - 1014 т. Оттегі жер бетінде ең көп таралған элемент: оның атмосферадағы (салмақтық %) мөлшері - 23,1% (288 мг/л); литосферада - 47,2%; гидросферада - 86,9%. Гидросферадағы бос оттегінің мөлшері шамамен 4,5 мг/л, осы оттегіні су организмдері өздерінің тіршілігіне жұмсайды. Ауадағы оттегінің мөлшері ұзақ уақыттар бойы биологиялық реттеудің арқасында тұрақты деңгейде келе жатыр. Осы деңгейден ауытқыса, биосфераның жағдайына зор әсерін тигізер еді: мөлшері төмендесе - мұхиттардағы жануарлар әлемі азайып, ал мөлшері көтерілсе - ортаның тотығу қасиеттерінің қауіпті жағдайға дейін өсіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайлардың жер бетіндегі жануарлар мен адамдарға қолайсыз әсері бар. Мысалы, адамдар мен жануарлар биік тауларға шыққанда немесе оттегіні көп мөлшерде пайдаланатын белдемдер мен жасанды құрылғыларда оттегінің жетіспеуін қатты сезеді. Оттегі айналымы мен озонның түзілуі де тығыз байланысты. 2. Вернадский биосфераны жанды және жансыз нәрседен тұратын біртұтас геологиялық қабықша ретінде қарастыру керек деп жазды. Жанды зат бүкіл сфераны қамтиды, оры түзеді және өзгертеді. Ғалым күллі тірі организмдерді "тірі зат " деп атап көрсетті. Осы заманғы зерттеулер бойынша тірі зат массасының жалпы көлемі 2420 млрд т. құрайды. Ал тірі заттың қарапайым құрамында көміртек мөлшері жоғары деп есептеледі. Тірі зат өзінің ұлпасын түзу үшін қажетті элементтерді талғап сіңіреді. Көмңртек атомдары басқа атомдармен қосылып, полимерлер мен басқа да жоғары молекулалы күрделі органикалық қосылыстар түзеді. Түрлі ғылыми деректер бойынша биосфера бұдан 4,5 млрд жыл бұрын қалыптасқан. Оның эволюциясы ұзақ уақыт ішінде мындай басты екі фактордың ықпалымен жүзеге асқан: 1) ғаламшардағы геологиялық және климаттық өзгерістердің; 2) тірі организмдердің мөлшері мен түрлерінің алуан түрлілігі әсерінен. Ерте полеозойда көп клеткалы өсімдіктер мен жануарлар бір мезгілде дерлік қатарпайда болған. Үштік дәуірдің басна қарай жануарлар құрлық бетіне шығып, материктерді "жаулай" бастаған. Оларда денесінің қатты бөлігі - қаңқаның пайда болуы химиялық элементтердің миграйиясын жеделдеткен. Кальций, фосфор, фтор, көмір қышқылының химиялық айналымы күшейген. Кайнозойдың соңында омыртқалылар эволюциясының ақырғы кезеңінде адам пайда болады. Ғалымшардағы тірі ағзалар эволюция барысында бірқатар аса маңызды биогеохимиялық қызмет атқарған, олардың бәрі дерлік осы заманда да биосфераның қалыпты құрылымының сақталуына қызмет етуде. «Тірі заттар» - биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады: 1)Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды. 2) Қозғалыстың белсенділігі. Еркін қозғалу – биосферадағы кез-келген тірі затқа тән белгі. 3) Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау. Тірі затты құрайтын химиялық қосылыстар ақуыздар, ферменттер және т.б. тек тірі ағзаларда ғана тұрақты болады. 4)Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация). 5)Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы. Тірі және өлі заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың жылдамдығынан көрінеді. 6)Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы. Орташа жанару биосфера үшін-8 жыл,Құрлық үшін-14 жыл,Мұхит үшін-33 күн. 7) Биосфераның тірі заты энергияның үлкен қорымен сипатталады. 8) Тірі зат өлі затқа қарағанда біршама жоғары морфологиялық және химиялық көп түрлілікпен сипатталады. 9) Биосферадағы тірі зат мөлшері әр түрлі жеке ағзалар түрінде болады. Тірі зат өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып биосферада белгілі бір биогеохимиялық функциялар атқарады. 1) Энергетикалық функциясы. Биосфералық планеталық құбылыстарын космостық сәулеленумен, негізінен күн радиациясымен байланысын жүзеге асырады. Энергетикалық функция екі биогеохимиялық принциптен тұрады. 1-принцип: биосферада геохимиялық биогендік энергияны көп мөлшерде жұмсау. 2-принцип: өз тіршілігінде геохимиялық энергияны көбейте алатын ағзалар эволюция процесінде тіршілігін сақтап қалады. 2) Газдық: белгілі мекен ету ортаның ауа құрамын атмосферасын өзгерту мен тұрақы ұстау қабілеттілігі. Газдардың миграциясы мен өзгерісін жүзеге асыра отырып, биосфераның газдық құрамын қамтамасыз етеді. 3) Тотығу-тотықсыздану функциясы: тірі заттардың ықпалынан ортаны О2 байытуға байланысты тотығу процесі, сондай-ақ, О2 жетіспеген кезде органикалық заттардың ыдырауына байланысты жүретін тотықсыздану процесі. Тотығу дәрежесі өзгермелі атомдары бар заттардың химиялық өзгерістері. Жер бетінде тотығу мен тотықсызданудың биогенді процестері басым болады. 4) Концентрациялық – шашыранды химиялық элементтерді өз денесінде ағзаның шоғырландыру қабілеттілігі. Қоршаған ортаның биогенді элементтерін тірі ағзаларын жиналуынан көрінеді. 5) Деструктивтік – органикалық заттар қалдығы мен «косты» заттардың ағзалармен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерімен құлдырату немесе бұзылуы (деструкторларға саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады). Өлімнен соң ағзалардың ыдырауымен байланысты процестер. Оның нәтижесінде органикалық заттың минерализациясы жүреді. Нәтижесінде биосфераның биогенді және биокостық заттары түзіледі. 6) Транспорттық – ағзаның белсенді қозғалыс формасы нәтижесінде заттар мен энергияның тасымалдануы. Ауырлық күшіне қарсы, горизонтальды бағытта заттардың тасымалдануы жүзеге асырылады. Тірі заттың кері төменнен жоғары, мұхиттан континенттерге тасымалдауын қамтамасыз ететін бірден бір фактор. 7) Орта өзгерткіштік – бұл функция шамалы мөлшерде интрегративтік функция болып табылады. Орта түзуші функция. Тіршілік процестерінің нәтижесінде ортаның физикохимиялық өлшемдері де өзгереді. 8) Информациялық.
3.Атмосфера ауасының жағдайын бақылау және қадағалау қызметі екі жүйеден тұрады.Біріншісі бақылау мониторингі,екіншісі қадағалау мониторингі. Бірінші жүйе-қала,елді мекендердегі ластану көзінен алыс және жақын жатқан қалалар мен елді мекендерден пайда болған территориялардағы атмосфера ауасының сапасын бақылауды қамтамасыз етсе,екінші жүйе-ластаушы заттарды бақылайды және атмосфераға шығарылып отыратын зиянды қадағалап отырады. Бақылаудың кең тарағана әдісінің бірі-зиянды қоспалардың ғаламдық ағысын ластанған көзден алыс қашықтыққа таралуын,яғни трансшекаралық тасымалдауды бақылайтын арнайы жерүсті бекеттер,ұшақтар арқылы жүзеге асады. Атмосфераның ластануын бақылайтын тіректер сипатына қарай бөлінеді: Тұрақты тіректер-бұл бекітілген бағдарламаға сәйкес меторологиялық параметрлер мен ластаушы заттардың шоғырлануын тіркейтін арнайы құралдармен жабдықталған арнайы павилион; Маршрутты(бағытты) тіректер-бұл бекеттерде жүйелі түрде ауаның ластануын бақылау жұмыстары жүргізіледі; Жылжымалы тіректер-бұл өнеркәсіп қалдықтарының үздіксіз әсері бар аймақтарды ауа байқалымын,түтінді,газдарды алау астында алуға арналған. Билет №24 Date: 2016-06-09; view: 1337; Нарушение авторских прав |