Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Химиялық эволюция заңдылығы және литосфераның қалыптасуы Мүжілу қабығы





Органикалық заттарды құрайтын негізгі химиялық элементтер жоғарыда айтылып кеткендей, көміртегі, оттегі, сутегі және азот болып табылады. Яғни олар гидроатмосфераның бастапқы құрамындағы химиялық элементтер. Осы төрт элемент органикалық заттардың 99% құрайды. Осылармен қоса органикалық заттардың құрамына күкірт, фосфор және аздаған мөлшерлерде жиырмаға жуық элементтер кіреді. Болжанып отырғандай, осы ондаған элемент белок - полимерлердің құрамына кіріп, бастапқы мұхиттың жағалауларында органикалық заттардың жиналуы кезінде биологиялық реакциялардың катализаторы болған. Бұл құрамдас элементтер қосылыстардың көптеген түрін құрайды.

Литосфера - жердің қатты қабығы.

Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді. Тау жынысының топыраққа айналуы қабыса және бір мезгілде жүретін екі -мүжілу және топырақ түзілу үрдістерінің нәтижесінде жүреді.

Физикалық мүжілу — бұл тау жыныстары мен минералдың химиялық құрамы өзгермей механикалық майдалануы, үгілуі. Мұндай мүжілудің факторларының бірі болып температураның ауытқуы саналады. Тау жыныстарын құрастыратын минералдардың түстері әр түрлі болады. Сондықтан қара түсті минералдардың көлемі қыздырған кезде, ашық түсті минералдарға қарағанда көбірек ұлғаяды. Салқындатқан кезде олардың көлемі осы қезекпен кішірейеді. Нәтижесінде тау жынысында әр түрлі бағыттағы жарықшалар пайда болады. Бұған тағы да, минералдың көлемдік және ұзындық кеңею коэффициенттерінің әр түрлілігі де ықпал жасайды.

Пайда болған жарықшаларға жиналған су қатқан кезде оның қабырғаларына зор күшпен әсер етеді де, тау жынысын жарады. Тұз кристалдары да тап осындай әсер жасайды. Физикалық мүжілу-үгітілу нәтижесінде тау жынысы әр түрлі іріліктегі сынықтарға бөлінеді. Мұндайда алғашқы тау жынысына тән емес жаңа қасиеттерге — кеуек-тілікке әкеліп соғады, яғни ауа мен су өткізуге ие болған, «үгінді» /рухляк/ пайда болады. Физикалық мүжілумен бірге судың көмір қышқыл газының және ауа оттегінің қатысумен химиялық мүжілу жүреді. Мұндайда химиялық гидролиз, толығу, гидротация жөне тотықсыздану үрдістері өтеді. Химиялық мүжілудің нәтижесінде сыртқы түрі, химиялық құрамы және қасиеттері бойынша алғашқы минералдан өзгеше екінші минералдар пайда болады.


Борпылдақ тау жыныстарына тірі ағзалар қоныстанудан бастап биологиялық мүжілу жүреді. Тірі ағзалар шығарған көмірқышқыл газ бен органикалық қосылыстар минералдың еруіне және гидролизденуіне мүмкіндік жасайды. Одан басқа өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары ыдырағанда, минералды тау жыныстарына талқандағыш әсер ететін крен қышқылы пайда болады. Биологиялық ыдырауда жоғарғы сатыдағы ағзалардан басқа, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырғандар қыналар белсенді рөл атқарады. Тау жынысының талқандалуына дамып келе жатқан, қысымы 10-15 кг/см2 жететін тамыр жүйесі де әсер етеді. Биологиялық мүжілуде топырақ түзіледі, сондықтан да оны мүжілудің негізгі түрі деп санайды.

2 Тірінің тіршілігі мен тіршіліктің пайда болу мәселелері Тірі заттар концепциясы мен оның биосферадағы жаңандық ролі Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар. Тіршіліктің пайда болуы және таралуы Тірі организмдердің таралуы бірінші кезекте өздері мекендейтін ортаның жағдайымен анықталады. Барлық тірі және өлі объектілер, жануарлар мен қоршаған өсімдіктер, олармен өзара тікелей байланыста болатын мекен ортасы деп аталады. Қоршаган орта (немесе коршаған табиғат ортасы) терминінде адамның ықпалы жайылатын табиғаттың сол бөлігі ретінде түсініледі. Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементі - экологиялық фактор деп аталады. Өзінің ықпал ету ерекшеліктеріне қарай ол үш негізгі топқа бөлінеді: - абиотикалық факторлар - бұл өлі табиғаттың тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру жағдайын белгілеу қасиеті (температура, жарық пен басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, ауаның құрамы, атмосфералық қысым, жауын-шашын, жел, су құрамы, топырақ, жер бедері т.б.) - тіршілік факторлары - бұл тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етудің барлық формалары. Әрбір организм басқа жеке дараның (индивидтің) тікелей немесе жанама түрдегі ықпалын бастан кешіреді, өздерінің немесе өзге түр өкілдерімен өзара қатынаста болады немесе оларға тәуелді болып, не болмаса өздері әсер етеді. - антропогенді факторлар - организмдердің мекен ортасына, табиғаттың өзгеруіне, олардың өмір сүруі жағдайына тікелей ықпал жасайтын адам әрекетінің барлық факторлары. Мұндай факторларға жататындар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістері, көлік пен шаруашылықтың өзге салалары. Әсіресе, соңғы жылдары антропогенді түрде табиғатқа әсер ету жылдамдығыарта түсуде.








Date: 2016-06-09; view: 1739; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию