Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Су көздеріндегі судың сапасын бақылау нүктелері ( орналасу ерекшеліктері, бақылау нүктелерінің саны)
1. Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Экологиялық жүйе, немесе экожүйе – тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялы тұрақтылығы аз уақытқа созылса да, қарым-қатынаста болатын құрауыштары бар кез-келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз – тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотопЭкожүйе бір-бірімен қарым-қатынастағы екі негізгі құрауыштан экотоптан немесе биотоптан (жансыз бөлігі) және биоценоздан (жанды бөлігі) тұрады. Экотопқа литосфера, гидросфера, атмосфера кіреді. Биоценоз – биотопты мекендейтін продуценттердің, консументтердің және редуценттердің қауымдастығы, яғни осы тірі экологиялық құрауыштардың нақты тепе-теңдігімен сипатталатын жүйелі жиынтық. Экожүйенің негізгі қасиеттері: 1)зат айналымына қатысу қабілеттілігі; 2)сыртқы әсерлерге қарсы тұруы; 3)биологиялық көбеюі. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекетіне байланысты. Әртүрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттардың және судың қорын пайдалану әртүрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланылатын экожүйелерді қанықпаған деп айтады.Экожүйе деген түсінік белгілі бір дәрежемен, өлшеммен, күрделігімен немесе пайда болу жолдарымен шектелмейді. Сондықтан жай жасанды (аквариум, бидай еккен дала, космос кемесі), сонымен қатар организмдер мен олардың тіршілік ортасынан тұратын күрделі табиғи жүйелер (көл, орман, дала, теңіз, мұхит, биосфера) үшін осы экожүйе деген терминді қолдануға болады. Экожүйенің деңгейлері: 1)микроэкожүйе – кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі оларда тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге аквариум, жайылым, су тамшысы т.б. 2)мезоэкожүйе – орман, өзен, тоған, т.б. 3)макроэкожүйе – мұхит, континент, табиғи зона, т.б. 4)ғаламдық экожүйе – биосфера. 2. Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер. Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген. XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді. Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді. Саналы, ақыл – парасатты тірі жан ретінде адамның пайда болуы тек биосфераны ғана емес, сондай-ақ оның планеталық сипатын да түбірлі өзгеріске ұшыратты: тірі организмнің сыртқы ортаға жай бейімделуінен ақыл – парасатты іс-әрекетке көшуі, табиғи ортаны мақсатқа сай біртіндеп өзгертуге көшу басталды. Адамның саналы іс-әрекетінің табиғатқа тигізген орасан зор әсерін зерттеудің нәтижесінде ноосфера туралы ілім пайда болды. «Ноосфера» деген терминді грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда noos - ақыл-ой дегенді білдіреді екен, яғни ақыл-ойдың тараған сферасы (саласы) деген мәнді білдіреді. Бұл терминді 1927 ж. тұңғыш ғылыми терминологияға енгізген француз ғалымы Э.Леруа болды.Ноосфера туралы ілім В.И.Вернадскийдің еңбектерінде де тұжырымдалған, сондықтан ол бұл ілімнің негізін салушылардың бірі деп саналады. Вернадский ноосфера мәселелерімен 30 жылдардың басынан бері айналыса бастады. Ол «ноосфера» ұғымын адамның ақыл-парасатты қызметімен байланыста қарастырады: 1) адам дүниені өзгертуші аса ірі геологиялық күшке айналған кездегі планетаның күйі; 2) ғылыми ойдың пәрменді көрінісінің түрі және 3) биосфераны өзгертудің басты факторы ретінде. Ноосфера – «парасат сферасы» планетарийі ұғымы – өткен ғасырдың 20-шы жж. аяғында француз философы А. Бергсонның идеялық ортасында пайда болды. Берілген терминді Э. Леруа және П. Тейяр-де-Шарден ойлап тапты. В.И. Вернадский ноосфера идеясын табиғи-ғылыми платформаға ауыстырды. Вернадский бойынша ноосфера (1944 ж.) – бұл жер табиғаты дамуының жоғарғы кезеңі, адам бағыттайтын табиғат пен қоғамның бірлескен эволюциясының нәтижесі; биосфера болашағы, адамның қызметі мен қуатының арқасында жаңа функцияны – планетадағы өмір жағдайларының үйлесімді тұрақтануы функциясын иеленеді. Ноосфера дәуірінің алдында қоғамды терең әлеуметтік-экономикалық қайта құру, оның құнды бағдарлануының өзгеруі болуы тиіс. Қазіргі уақытта біз техносферада өмір сүреміз деп айтуға болады (А.Е.Ферсман). Ноосфера экологиялық идеал, тұрақты дамудың соңғы мақсаты болып саналады. Ақырында адамзаттың тұрақты дамуға қозғалуы ұлттық және жеке байлықтың өлшемі рухани құндылықтар және қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүретін Адамның білімі болғанда ноосфераның қалыптасуына әкеледі. Ноосфера идеясын дамыту бойынша академик Н.Н. Моисеев аса көп күштер салған. Ол өркениеттің пайда болуын және дамуын табиғат эволюциясының ажыратылмас бөлігі ретінде қарастырады. Н.Н. Моисеевтің пікірі бойынша, жаңа өркениетке ұмтылу адамзат қоғамы мен биосфераның коэволюциясы арқылы іске асырылуы тиіс. Коэволюция «табиғат стратегиясын» және «парасат стратегиясын» келістіру ретінде қарастырылады; бұл жерде қоғамның табиғатқа қатысты тәртібінің терең өзгертілуі, адамзаттың экологиялық императивке бағынуы туралы сөз болады. Тұрақты даму тұжырымдамасы 1970-ші жылдары қарқынды басталған ғылыми білімді экологияландырудан және әлеуметтік-экономикалық дамудан логикалық өту болып табылды. 1970-ші жылдары табиғи ресурстардың шектелгендігі, сондай-ақ адамның өмірінің, экономикалық және кез келген қызметінің негізі болып табылатын, табиғи ортаның ластануы мәселелеріне бірқатар ғылыми жұмыстар арналған болатын. 1987 жылы Халықаралық қоршаған орта және даму жөніндегі комиссия (ХҚОДК) «Біздің ортақ болашағымыз» баяндамасында негізгі назардыол кезде «осы уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыру болашақ ұрпақтың өзінің меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін бұзбайтын», «тұрақты даму»қажеттілігіне аударды. 3. Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздерінің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады: · жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық, гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау; · арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау. Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүзеге асады: су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын-ала бақылау және зерттеу жүргізу; алдын-ала таңдалып алынған тіректердегі су нысандарына жүйелі түрде бақылау жүргізу, яғни, су сапасы туралы мәліметтерді жекелеген бөліктерден жүйелі алу және белгілі бір мезгіл немесе кеңістікте алынған мәліметтер; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызығушылығы бар мекемелерді жүйелі ақпараттармен және су көздеріндегі немесе суаттардағы су сапасы, гидрохимиялық режимнің өзгеріс болжамымен таныстырып, су ластануының тез өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен қамтамасыз ету. Әрбір нақты жағдайда анықталатын судың сапасы арнайы заңдылықтар мен зерттеулерден тұрады: · өзін-өзі тазарту процессінің негізгі заңдылықтарын бекіту; су түбінде жиналған ластаушы заттардың су сапасына тигізетін әсерін анықтау; · суаттардағы химиялық заттардың балансын құрастыру; · коллекторлы –дренажды сулар арқылы химиялық заттардың шығарылуын бағалау және т.б. Су сапасын бақылау құрал-жабдықты база және бақылау жүргізу үшін арнайы участокты таңдаудан басталады. Су сапасын бақылаудың мақсаты - алғашқылық мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету. Бақылаудың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін суды жинау немесе су үлгісін алу бойынша жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет.Гидроэкожүйелер сапасының мониторингі мақсатқа сай басқарудың бұрынғы Жалпы мемлекеттік жүйеде, адам үшін, сонымен қатар биота үшін қауіп тудыратын суды тұтыну орындарындағы бақылау тіректерінде жүргізіледі. Бақылаудың негізін кешенділік, жүйелілік, гидрологиялық жағдайлардың сипаттарымен келісе отырып, оларды жүргізу мерзімін анықтау құрайды. Билет №26 Date: 2016-06-09; view: 1361; Нарушение авторских прав |