Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Геоақпараттық жүйелер және қоршаған орта жағдайы туралы мәліметтер жиынтығы
1. Заттардың құрылымы 3 ке бөлінеді. Олар: қатты, сұйық және газ тәріздес. Ал жалпы алғанда, уыттылық дегеніміз – бұл кейбір заттардың тірі организмдегі биохимиялық процестердің және оның физиологиялық қызметінің бұзылуына әкеп соқтыратын қасиеті. Сондықтан уыттылықтың өзі зақымдаушы әсері бар заттардың мөлшерімен, олардың адам немесе жануар организіміне уытты әсер ету көрінісімен сипатталады. Зиянды заттардың утты әсер етуінің мынандай сипаттары бар: 1. Уытты әсер ету механизімі; 2. Зақымдаудың патофизиологиялық процестері мен негізгі белгілерінің сипаты; 3. Белгілі уақыт ішінде уытты әсердің даму үрдісі; 4. Заттың организмге уытты әсер туінің басқа қырлары. Ал уыттылық дозасының (мөлшерінің) мынандай үш түрлі ұғымы қолданылады: 1. Терапевтік емдік дозасы – бұл белгілі бір емдік әсер ететін зат мөлшері. 2. Уыттылық дозасы – бұл организмді өлімге душар етпейтін патологиялық өзгерістер туңызатын зат мөлшері. 3. Өлімге душар ететін доза – бұл зиянды заттың организмді өлімге душар ететін мөлшері. Зиянды немесе улы заттар екі топқа бөлінеді: барлық химиялық заттарға дерлік тән болатын ортақ бағалауға негізделген жалпы зиянды заттар және заттардың физикалық – химиялық белгілері мен олардың уыттылығы арасындағы байланысты көрсететін арнаулы зиянды заттар. Организмдердің уланудың алдын алу үшін уытты заттарды практикалық жіктеудің маңызы зор. Оларды қолданылу мақсаттарына қарай мынадай түрлерге бөледі: 4. Өнеркәсңпте немесе өндірістік ортада пайдаланылатын өнеркәсіптік зиянды заттар (улар). Олардың қатарына органикалық еріткіштерді (дихлорэтан), отынды (метан, пропан, бутан), бояғыштарды (аналин), хладагенттерді (фреон), химиялық реагенттерді (метил спирті), пластификаторларды және т.б жатқызады. 5. Ауыл шаруашылық дақылдарының арамшөптерімен және зиянестерімен күрес жүргізу үшін пайдаланылатын улы химикаттар: хлорорганикалық пестицидтер – гексахлоран, полихлорпинен және т.б, фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, хлорофос, фосфамид және т.б, сынапорганикалық заттар – гранозан, карбамин қышқылдарының туындылары – севин және басқалары. 2.КЛИМАТ (грек. klіma, klіmatos – еңкіштік, Күн сәулелерінің Жер бетіне түсу еңкіштігі) – Жер бетіндегі белгілі бір аймаққа тән ауа райының көпжылдық режимі. К. сол өңірдің негізгі географиялық сипаттамаларының бірі болып саналады. Көп жылдық режим осы өңірдегі ауа райының ондаған жыл бойындағы барлық жағдайлары, олардың ішінде: осы жағдайлардың типтік жылдық алмасуы, кей жылдары байқалған ауа райының аномальдік ауытқулары (құрғақшылық, жауын-шашынды, суық кезеңдер, т.б.) жатады. Бұрын тек жер бетіндегі құбылыстарға ғана қатысты айтылатын климат ұғымы 20 ғ-дың ортасынан бастап атмосфераның жоғ. қабаттарын да қамтиды. К-тың типтік және сирек байқалатын ерекшеліктерін анықтау үшін метеорол. бақылаулардың көп жылдық қатары болуы шарт. Қоңыржай ендіктерде 25 – 50 жылдық қатарлар пайдаланылса, тропиктерде олардың ұзақтығы азырақ болуы мүмкін, кейде (мыс., Антарктидада атмосфераның биік қабаттарында) қысқа мерзімдік байқаулармен шектелуге тура келеді. Мұхиттардың К-ын зерттеу барысында, аралдарда жүргізілетін бақылаулармен бірге тәуліктің әр мезгілінде зерттеу кемелерінен алынған мәліметтер де, кемелерде жүргізілетін тұрақты бақылау материалдары да пайдаланылады. Негізгі К-тық сипаттамаларға мынадай метеорол. құбылыстарды бақылаудың көп жылдық қатарларының статист. өңдеу қорытындылары жатады: атмосф. қысым, желдің бағыты мен жылдамдығы, ауаның ылғалдылығы мен темп-расы, бұлттылық пен атмосф. жауын-шашын. Сонымен бірге Күн радиациясының ұзақтығын, көріну алыстығын, топырақ пен су қоймалары беткі қабаттарының темп-расын, ылғалдың жер бетінен атмосфераға булануын, қар қабатының қалыңдығы мен жағдайын, түрлі атмосф. құбылыстарды және жер беті гидрометеорол. факторларын да (шық, көктайғақ, тұман, күннің күркіреуі, бұрқасындар, т.б.) есепке алуға тура келеді. 20 ғ-да К-тық көрсеткіштер қатарына жер бетінің жылу теңдестігі элементтерінің сипаттамалары да енгізілді. Олар: жалпы Күн радиациясы, радиациялық теңдестік (баланс), жер беті мен атмосфера арасындағы жылу алмасу көрсеткіші, булануға жұмсалатын жылу. Атмосфера К-ының сипаттамаларына негізінен атмосф. қысым, жел, ауаның темп-расы мен ылғалдылығы және радиация мәліметтері жатады. Метеорол. құбылыстардың көп жылдық орташа мәндері (жылдық, маусымдық, айлық, тәуліктік, т.б.), олардың жиынтығы, қайталануы, т.б. К-тық қалып (норма) деп аталады. Осыған сәйкес жеке тәуліктер, айлар, жылдар, т.б. үшін бұл көрсеткіштердің қалыптан ауытқуы анықталады. К. сипаттамасы үшін сонымен бірге кешенді көрсеткіштер де, яғни түрлі коэффициенттер, факторлар, индекстер (мыс., континенттік, құрғақшылық, ылғалдану) пайдаланылады. Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.
3. ГАЖ дегеніміз - табиғи және әлеуметтік- экономикалық геожүйелерді, олардың қүрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым. ГАЖ үлкен көлемді деректерді дұрыс, тез басқара алады. Геоақпараттық жүйелердің ерекшеліктері: 1. Пайдаланушыға қолайлы кеңістіктік деректердің бейнеленуі – кеңістіктік деректерді, сонымен қатар қабылдауға аса қолайлы үшөлшемді өлшеудегі деректерді картографиялау (картаға түсіру); ол сұраныстардың құрылымы мен олардың кезекті талдамасын жеңілдетеді. 2. Деректерді мекеме ішінде интеграциялау – геоақпараттық жүйелер компанияның әртүрлі бөлімдерінде немесе тіпті бір аймақтағы мекеменің түрлі қызмет салаларында жинақталған деректерді біріктіреді. Жинақталған деректер мен олардың бірыңғай ақпараттық массивке интеграциясын ұжымды түрде пайдаланудың, едәуір бәсекелестік артықшылығы бар. Ол геоақпараттық жүйелерді пайдалану тиімділігін жоғарылатады. 3. Дәлелді шешімдерді қабылдау – кеңістіктік деректермен байланысты кез келген құбылыс туралы есеп беруді талдау және құру процесін автоматтандыру, шешімді қабылдау тәртібін жеделдету мен оның тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. 4. Картаны құрудың қолайлы құралы – геоақпараттық жүйелер, ғарыштық және аэрофототүсірім деректерінің мағынасын түсіндіруге (расшифровка) тиімді және белгілі бір жердің құрылып қойған жоспарларын, сызбанұсқаларын (схема), сызбаларын (чертеж) пайдаланады. ГАЖ картамен жұмыс істеу процесін автоматтандыра отырып, уақытша ресурстарды үнемдеп, жердің үшөлшемді моделін құрады. Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін мэліметтерді компьютерлік өндеуден өткізу жүйесін қүру керек. Ол үшін геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) - автоматты жинақтау жүйелерін сақтау, өзгерту жэне геогра- фиялық ақпараттарды ЭЕМ жэне автоматиканың түрлерінде беру мақсаты қойылады. Географиядағы ақпараттық жүйелер тарихы ЭЕМ- да өңделетін басқа ғылым салаларымен көбінде ұқсас болып келеді. Информатикада барлық жинақгалу жүйелері мен ақпараттарды өңдеуді ақпараттық жүйелер (АЖ) немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) деп айту келісілген. ГАЖ-ды құрудың бірінші жұмыстары 60-жылдардың ортасында Канада мен Швецияда басталған. Канадалық ГАЖ (КОІ8) Р. Томлинсонның (1963-1971 жж.) библиографиялық жэне қоршаған ортаның табиғи қорларын тиімді пайдалануға арналып жасалған жұмыстарынан бастау алады. Ал Швецияда О. Саломонссон, Т. Германсеннің (1976) жер кадастріне қажетті ГАЖ құру жұмыстарынан бастау алады. ГАЖ-ды құруға әртүрлі ұйымдар мен ғылыми ұжымдар қатысты. ГАЖ кешенді көп мақсатты ақпараттық жүйе ретінде кұрылды. Билет №28 Date: 2016-06-09; view: 1789; Нарушение авторских прав |