Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тұрғындар деңсаулығы қоршаған орта жағдайының индикаторы





Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында адамның экологиялық қауіпсіздігі бірінші орынға қойылған. Бұл қоршаған табиғи ортаға деген антропологиялық қысымның күшеюі экологиялық жағдайың асқынуына әкеп соғуынан туындап отыр. Экологиялық жағдайың асқынуы табиғи ресурстар қорының сарқылуынан, қоршаған ортаның ластануынан, адам мен табиғат арасындағы табиғи байланыстың және эстетикалық құндылықтардың жоғалуынан, адамдардың жай-күйі, денсаулығының нашарлауынан көрінеді. Осымен қоршаған қолайлы ортаға деген құқық қана емес, өмірге, еңбек бостандығына, демалуға деген құқықтарды қамтитын конституциялық құқықтар мен бостандықтардың бұзылуына әкеп соқтырады.

Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына әсері.

Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халык арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматытәрізді ірі калаларда автокөліктерден шыккан улы газдың молаюы байқалады. Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз су - қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп, сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.


Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халык қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ак қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон» қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан елімізде аурулардың аумақка таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортанын табиғат жағдайларының әсер етуін де зерттейді. Адам - табиғат карым-қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса, екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Бұдан адам қоғамының табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі болады. Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты. Жаздың жылы, қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар қолайлы болса, құрғақ, құмды шөлдер мен биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз әсер етеді. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл соңғы экологиялық жағдайларға байланысты. Мысалы, өнеркәсіпті қалаларға қарағанда шеткі ауылдарда ауа аз ластанған. Ал керісінше, орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты қалаларда ауыз судың сапасы жақсы

Билет №32







Date: 2016-06-09; view: 1730; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию