Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оршаған ортаға әсер ету мониторингі





1.Биогеохимия — биосферада ағзалардың қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттейтін ғылым саласы, геохимияның бір бөлімі. Тірі ағза өз тіршілігінде түрлі химиялық элементтерді бойына сіңіреді, ал ол өлген соң бұл элементтер ыдырайды, шашырайды немесе белгілі бір орынға шоғырланады. Жер бетінде тірі азғалар біркелкі тарамаған, кейбір тіршілік ортасында олардың белгілі бір тобы көп жиылады. Бұған мұхиттар мен теңіздердегі планктон, құрлықтағы қалың орман мен шалғындар, ылғалы мол қара топырақты жерлердегі шірінді мен шымтезек, халықтың бір жерде тығыз, бір жерде сирек орналасуы мысал болады.

Тірі заттың негізгі массасы — өсімдіктерде. Олар жерге түсетін күн энергиясының 1%-ке жуығын сіңіреді. Биогеохимиялық процестердің қарқыны ағзалардың шапшаң көбеюіне байланысты. Тірі дене құрамының негізгі массасы химиялық элементтердің аз ғана тобынан құралады. Бұларға биосфера жағдайында оңай қозғалып, тез қосылыстар түзуші: CO2, NH3 сияқты газдар, су, H+, OH-, NО3- — SО32-, PО43-, Na+, K+ иондары, т.б. жатады. Организмдер тіршілік ортасында белгілі бір элементтер тобының химиялық қосылыстарын ғана сұрыптап сіңіру арқылы геохимиялық функция атқарады. Олардың қаңқасын құруға кальций оксиді қатысады. Организмдердің тікелей қатысуымен диатомит, әктас, көмір, мұнай пайда болады. Жасыл өсімдіктер фотосинтезінен оттек бөлінеді. Микроорганизмдер, темір, марганец, т.б. элементтер қосылыстарының тотығуына да қатысып, оларды тұндырады, сульфаттарды тотықсыздандырып, күкірттің биогендік кендерін түзеді. Тірі организм геохимиялық процестердің сипатын, элементтердің шоғырлану ортасын өзгертіп отырады. Тіршілік ортасы азғалар құрамына да әсер етеді, ал азғалар химиялық элементтердің биогендік шашырауына (миграциясына) себепші болады, олардың (көміртектің, оттектің) изотоптық құрамын да өзгертеді. Адамның атмосфера, биосфера және жер қыртысының изотоптық құрамына тигізетін әсері ұдайы артып келеді.

Биогеохимия — Жердің химиялық құрамын, элементтердің көшу не таралу заңдылықтарын, атомдардың табиғи процестер кезіндегі орналасу мен көшу тәсілдерін зерттейтін ғылым.[1] Геохимия терминін 1838 ж. неміс химигі Х.Ф. Шенбейненгізді. Геохимия жөніндегі алғашқы деректер М.В. Ломоносов пен Д.И. Менделеевтің еңбектерімен байланысты. Геохимия негізін В.И. Вернадский қалады. Ол 1910 ж. Г-ның атом туралы ғылым екенін дәлелдеді. Геохимиядағы кристаллохим. бағыт норвег ғалымы М.В. Гольдшмидтің, энергетикалық және теориялық бағыт А.Е. Ферсманның есімімен байланысты. Американ ғалымы Ф. Кларк 20 ғ-дың басына дейінгі Геохимияның көптеген деректерін жинақтап қорытты. Қазақстанда Геохимия саласындағы зерттеулер 1950 жылдары басталды. Міндеттері:

1. элементтердің таралу заңдылығы, олардың Жердегі, басқа планеталардағы таралу мөлшерінің (кларкінің) элементтердің периодты жүйесіндегі атомдар құрылысымен байланысы;

2. геохимиялық және геологиялық процестердегі атомдар қозғалысының заңдылықтары, жеке элементтердің, элементтер тобы мен кіші топтарының ауыспалы заңдылықтары;

3. радиоактивті элементтердің геохим. процестердегі ерекшеліктері;

4. геохимиялық процестердегі энергия заңдылықтары;

5. кен іздеу мен барлау жұмыстарына қажет индикаторларды табу, оларды геохим. тұрғыдан дәлелдеу;


6. геохимиялық карталар жасау;

7. геохимиялық заңдылықтарды түсіндіруге математикалық тәсілдерді қолдану.

2.Биосфераны қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзарабайланыстылығы мен өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.

Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процессін басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзарабайланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен әдістерінің сипаты тәуелді. Табиғатты тиімді пайдалану және қорғау тәжірибесінде табиғи процестерді және оларды адамзат қоғамы мүддесіне пайдалануды басқаратын заңдылықтарды ескеру қажет. Осындай негіз табиғатты қорғаудың методологиялық принципі болып табылады. табиғат қорғаудың жаратылыстану-тарихи негіздері болған, бірақ жаратылыстанумен табиғаттағы нақты өзарабайланыстар, табиғи кешендер іс-жүзінде ұзақ уақыт ашылмаған. Тек ХІХ ғасырдың соңында К.Маркс пен Ф.Энгельстің идеялары негізінде жаратылыстану ғылымының үлкен жетістіктері мен өндірістік күштердің дамуы арқасында табиғаттың жеке құраушылары арасындағы байланыстарды зерттеу, географиялық орта туралы жаңа кешенді ғылымды жасау біріншіреттік міндет болып қойылды. Бұл ғылымның теориялық негізін салған ірі орыс жаратылыстану зерттеушісі В.В.Докучаев болды. Әсіресе табиғат қорғау теориясына үлкен үлес қосқан атақты орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский. жаратылыстанудың тарихи тәжірибесіне және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, ол ХХ ғасырдың басында Жер биосферасының жалпы шынайы синтетикалық концепциясын қалыптастырды.

Биосфераны қорғау үшін маңызы бар, қоғам мен табиғаттың өзарабайланысынан бірнеше ережелер шығады:


1. барлық табиғат құбылыстарының көптеген әмндері бар;

2. рационалдық ереже;

3. жанамалық қорғау, біреуін басқасы арқылы қорғау ережесі,кешенді міндет.

Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады:

Экономикалық аспектісі – адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады.

Сауықтыру-гигиеналық аспектісі – ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттық жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядерлік және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді.

Тәрбиелік аспектісі – табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады.

Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау.

Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау.

Тұрақты даму саясаты 1972 жылы Стокгольмда Қоршаған орта бойынша БҰҰ конференциясының материалдарында да көрсетілген және 1986 жылы ХБГБ - халықаралық геосфералық-биосфералық бағдарлама (МГБП – международная геосферно-биосферная программа) аясында тұжырымдалған. Ол 1987 жылы ЮНЕП(БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы) дайындаған және Брунтланд Комиссиясының есебі ретінде әйгілі болған «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамада концепция ретінде ұсынылған.Тұрақты даму концепциясын қалыптастыруда Рио-де-Жанейрода өткен (маусым, 1992 ж.) Қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ конференциясы маңызды рөл атқарды, онда 179 мемлекеттің ресми өкілдері қатысты.

Тұрақты даму принциптері. Табиғи даму принциптеріне төмендегілер кіреді:


· жердегі барлық тіршілік иелерін сыйлау және қамқор болу;

· тіршілік сапасын көтеру;

· экожүйелердің өміршеңдігін және алуантүрлілігін сақтау;

· қайта қалпына келмейтін ресурстардың сарқылуының алдын алу;

· экожүйелердің сиымдылық мүмкіншілігінің шегінде даму;

· адам санасын және оның мінез-қылығының стереотиптерін өзгерту;

· өзінің мекендеу ортасын сақтауға қоғамның әлеуметтік мүдделелігін қолдау;

· әлеуметтік-экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық концепцияларының интеграциясын жасау;

· әлемдік деңгейде іс-әрекет бірлігіне жету.

3.Қоршаған ортаның мониторингі-қоршаған ортаны,табиғат ресурстарын,өсімдіктер мен жануарлар дүниесін,олардың жай күйі мен олардағы антропогендік факторлар әсерінен болатын процестерді анықтауға мүмкіндік беретін белгілі бір бағдарлама бойынша бақылау.

Қоршаған орта мониторингі адамдардың денсаулығына,тірі ағзалар тіршілігіне,қауымдастығына,табиғат кешендеріне зиянды және қауіпті жағдайлардың алдын алу,табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын ұйымдастыру мақсатында қоршаған ортаның жағдайын бақылау және болжау.Бақылау әдістері бойынша мониторинг:биосфералық,экологиялық,биологиялық,санитарлық токсикологиялық,халықаралық,аймақтық,ұлттық,жергілікті,ғарыштық болып жіктеледі.

Қоршаған орта мониторингінің технологиялық үрдістерін алгоритм түрінде былайша көрсетуге болады: өлшеу,талдау,сипаттау,модельдеу,тиімді жолын таңдау.

Қоршаған орта жай күйінің мониторингі зерттеу нысандарына байланысты мынадай түрлерді қамтиды:

· атмосфералық ауа жай күйі мониторингі

· атмосфералық жауын шашын мониторингі

· су ресурстарының сапалық жай күйі мониторингі

· топырақ мониторингі

· метеорологиялық мониторинг

· радиациялық мониторинг

· трансшекаралық ластанулар мониторнгі

· реңдік мониторинг

Мониторинг жүйесіне мынадай іс шаралардың негізгі бағыттары кіреді:

· Бақылау нысанын анықтау

· Анықталған бақылау нысанын зерттеу

· Зерттеу нысанының ақпараттық моделін құру

· Өлшеулерді жоспарлау

· Бақылау нысанының жай күйін бағалау және оның ақпараттық моделін анықтау

· Пайдалануға ыңғайлы болатын ақпараттарды дайындау және оны бұқараға тарту.

Билет №22

 







Date: 2016-06-09; view: 1685; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.015 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию