Главная
Случайная страница
Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Арыштық факторлардың қатысуымен мезозой кезеңінің тоқтауы (тежеу) туралы гипотезасы
Мезозой — Жер тарихының, палеозой мен кайнозой арасындағы эрасы және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Мезозой эрасын 1841 жылы ағылшын геологі Джордж Филлипс бөліп көрсеткен. Мезозой эрасы төменнен жоғары қарай триас, юра және бор кезеңдеріне бөлінеді. Триас — ("үш" деген саннан шыққан) Оңтүстік Германиядан табылған пермь кезеңінің үстіңгі жағындағы қабаттардың санына байланысты койылған атау. Құрлықтың бөлігі теңіз деңгейінен жоғары болған. Климаты құрғақ, жылы болған. Бауырымен жорғалаушылардың барлық құрлықта, теңіздерде көп таралуы, ұшуға бейімделген түрлері де болған. Триаста климат өте құрғақ болғандықтан қосмекенділердің басым көпшілігі жойылды, себебі олар сусыз өмір сүре алмады. Өсімдіктерден ашықтұқымдылар басым болды. Триас кезеңінен біздің заманға жеткені – осы күнгі тасбақалар мен гаттериялар. Юра – Франция мен Швейцарияның шекарасында орналасқан қаланың аты.Бұл кезеңді – динозаврлар ғаламшарды «билеушілер» деп атайды. Қазіргі кезде динозаврлардың 250 түрі белгілі. Динозаврлар ішінде денесі зор, алып брахиозавр тіршілік еткен. Оның басы кішкентай, мойны мен құйрығы ұзын, дене тұрқы 30 м, салмағы 50 тонна болған.Юрада жәндіктердің түрі көп таралған және алғашқы құс – археоптерикс пайда болған. Оның үлкендігі қарғадай, қанаттары жақсы жетілмеген, ауызында тістері бар, құйрығы қауырсын мен қапталған, өте ұзын болған.Климат жайлы болғандықтан жабық тұқымды өсімдіктер дамып, тұқыммен көбейе бастады. Бор кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 60 — 70 млн жылға созылған; екі бөлімнен (төмен және жоғары), 13 ғасырдан тұрады. Бұл кезеңде сүтқоректілер, әсіресе, ірі денелі жануарлар тез дами бастады. Теңіздерде алып кесірткелер — мезозаврлар, плезиозаврлар, ихтиозаврлар, құрлықта — динозаврлар, ұзындығы 14 м-ге жететін жылан тәрізділер, әуе кеңістігінде қанаттарының өрісі 8 м-лік өткір тісті жыртқыш құстар өмір сүрді. Бор кезеңінің екінші жартысында жер бетінің физ.-геогр. жағдайының күрт өзгеруіне байланысты ірі жануарлардың жаппай қырылуы басталды. Оның себебі әлі толық ашылған жоқ. Өсімдік әлемінде жабық тұқымдылар (қайың, үйеңкі, терек т.б.) үстемдік ете бастады, гүлді өсімдіктер пайда болды. Бор кезеңінде жауын-шашынның органикалық әлем топтарының геогр. таралуына әсер еткен климаттық белдеулілік жақсы байқалды. Жерортатеңіздік, Бореальдық, Оңтүстік және Тынық мұхиттық палеогеографиялық аймақтар анық бөлінді. Бор кезеңінің шөгінділерімен әктастың, бордың, мұнай-газдың, тас көмірдің, фосфорит, бокситтің ірі кен орындары тығыз байланысты. Бор кезеңінде “Орталық Қазақстан қалқаны” деп аталатын аймақта континенттік жағдай туды. Бордың басында оның палеозойлық іргетасы үстінде жекеленген ірі жайпақ көтермелер — антеклизалар (Орал, Орталық Қазақстан, Алтай, Оңтүстік Тянь-Шань) және оларды бөліп тұрған жайпақ ойпаттар — синеклизалар қалыптасты. Қызылқұм, Торғай, Сарысу және Ертіс маңы ойыстарының төм. бөлігі континенттік, жоғары қарай теңіздік шөгінділермен толды. Каспий ойпатында бор жыныстарының толық қимасы сақталған. Мұнда теңіздік шөгінділер — карбонаттық қабаттар, құмтас, саз, әктас, мергель, фосфорит, олардың арасында мұнай, газ, бор, боксит қабаттары кездеседі. Континенттердің аридтік (құрғақ) аймақтарында қызыл түсті шөгінділер (көбінесе, гипсті және тұзды қабаттар), ал гумидтік (ылғалды) аймақтарында тұщы сулы шөгінділер қалыптасқан.
Date: 2016-06-09; view: 1305; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|