Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экономиканың дамуына мемлекеттің араласу қажеттілігі мен шегі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жуйесі болып табылады. Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шенберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызды, өндірістік мамандардыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр турлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарамақайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шенберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалық сасатты жүргізу), нарық пен ісәрекеттің қарамақайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет кушүн талап етті. XV-XVII ғғ. капиталдың алғашқы жинақталу кезінде меркантилистер мектебінің өкілдері мемлекет белсенді экономикалық саясат жүргізуі керектігін дәлелдеді. Олардың пікірінше, ақшалай байлыққа мемлекеттің билігі арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ерте (ақша) меркантилизм теориясы (оның өкілдері ағылшын У. Стаффорд, италияндық Г. Скаруффи) мемлекет ақшаны елдің ішінде ұстауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру керектігін ұсынды. Ондай шаралардың ішінде ақшаны шекарадан шығаруға тиым салу, валютаны сатуға мемлекеттік монополияны белгілеу бар. XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап кейінгі меркантилизм (мануфактуралық) гүлдене бастады (бұл кезеңнің өкілдері Т. Мен – Англия, А. Серра – Италия, А. Монкретьен - Франция). Бұл сауданың өркендеу кезеңі болғандықтан, мемлекеттің маңызды міндеті белсенді сауда балансы жүйесін құру болып табылды. Белсенді сауда балансын қалыптастыру және сыртқы нарықты жаулап алу үшін үкімет сырттан әкелінген тауарларға кедендік баж салуды және экспортқа шығатын тауарлардың өндірушілеріне сыйақы беруді реттеуге міндетті болды. Осы мақсатпен өнеркәсіптің дамуына жағдай туғызуға ұсыныстар жасалды. Меркантилистер идеясы мемлекеттік саясаттын теориялық базасы болды. Олардың негізгі бағыты протекционизм. Уақыт өткен сайын меркантилистердің ұстанымдарына сыни көзқарастар көбейіп, оның орнына саяси экономияның классикалық мектеп өкілдері А. Смит пен Д. Рикардоның экономикалық либерализм бағытындағы жаңа көзқарастары жан-жақты дәлелдене бастады. Смит экономиканың еркін де табиғи қызмет етуін «көрінбейтін қол» принципімен, ал мемлекеттің орны «түнгі күзетшімен» теңестірді, осылайша, протекционизмнің орнына еркін сауда теориясы келді. Д. Рикардо Смиттің идеясын жалғастыра отырып, мемлекет қоғамның өндіргіш күштерін дамытуға мүмкіндік беретін экономика саясат жүргізуге тиісті деп ұйғарды. Смит және Рикардо фритредерстваның теориясын мен практикасының негізін салушылар болды. Date: 2016-01-20; view: 1588; Нарушение авторских прав |